Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Тесты / 7-9 сыныптар үшін физикадан деңгейлік тапсырмалар

7-9 сыныптар үшін физикадан деңгейлік тапсырмалар

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

7-сынып

I тарау. Физикалық шамалар.

1нұсқа

«А» деңгейі

1.Ұзындығы 30 мм сым темірді қарындашқа қатарластырып 30 орам ораған.Сымның диаметрі қандай?

2.Ұзындығы 650 мм,ені 600 м және биіктігі 150 мм параллелипед пішінді дененің көлемін табыңдар

3. Көлемі V=1м³ болатын текше жасау үшін қырлары L=1мм болып келетін N=10 кішкене текшелер керек.Егер оларды қатар орналастырса ұзындығы

қанша болар еді?

«B» деңгейі

4.S=1м² беттегі барлық шаршы сантиметрді кесіп алып,бір-біріне қатарластырып қойса,оның ұзындығы қандай болады?

5.Егер көлеміV=1мм³ болатын текшенің біреуін қою үшін t=1 уақыт кететін болса,онда көлемі V=1м³ болатын текше жасау үшін қанша уақыт керек болады?

6.Бір буда жіңішке сым,қарындаш және торкөз дәптер болса,сымның көлденең қимасының диаметрін жуықтап қалай табуға болады?

«C» деңгейі

7.Көлемі V=3·10-³мм³ май тамшылары су бетіне жұқа қабат болып S=300см² ауданға жайылады. Қабықтың қалыңдығы май молекуласының диаметріне тең болса, молекуланың диаметрі қандай болады? ( h=d ).

8. Кішкене шардың орташа көлемін мензурканың көмегімен қалай табуға болады?

9. Майы бар жабық бөтелкенің ішінде ауа көпіршігінің көлемі бөтелке салқындағанда арта

ма, әлде кеми ме?


2 нұсқа «А» деңгейі

10. Электронды микроскспта зат молекуласының көрінерлік диаметрі d1=0,5мм болса және микроскоп молекуланы N= 200000 есе үлкейтсе, онда берілген зат молекуласының нақты диаметрі неге тең болғаны?

11. Ұзындығы ℓ1=0,5мкм -ге тең бактерияларды қатарластырылып орналастырғанда ℓ=1см ұзындыққа қанша бактерия сияр еді?

12. Жас бамбук тәулігіне ℓ=86,4 см-ге өсетін болса, ол секундына қанша өседі?



«В» деңгейі

13. Диаметрі d=1 мм металл сымды қарандашқа қатарластырып орағанда N=40 м орам болған.Сымның ұзындығы неге тең?

14. Вакуумде заттарды тозаңдата бүрку жолымен бұйым бетін h=0,001 мкм қалыңдықта хроммен қаптауға болады.Хром атомының өлшемін d1=0,0001 мкм деп алып, қапталған пленкадағы атом қабаттарының санын анықтаңдар.

15. Судың V1=1 см³ көлеміндегі молекулалар саны N1=3∙10²² .Қалыпты жағдайда V2 = 1см³ газдағы молекулалар саны бұдан шамамен 1100 есе кем болады. Осы санды екі мәнді цифрға дейінгі дәлдікпен анықтаңдар.


«С» деңгейі

16. Көлемі V =0,002 мм³ бір тамшы майдың диаметрі d= 2·10־ мм болса, ол су бетіне ауданы қандай жұқа қабат болып жайылады?

17. Ені 600 мм, ұзындығы 650мм, биіктігі 150мм, ал ішіндегі қуысының ені 300мм, ұзындығы 550мм еменнен жасалған параллелипед пішінді дененің көлемі қандай?

18. Егер 6 тәулік бойы мұз тәулігіне 5 мм қалыңдыққа өсіп отырса, қалыңдықтың өсуінің уақытқа байланысты графигі қандай болады.Мұздың бастапқы қалыңдығы

0 =1см =10мм.


3 нұсқа «А» деңгейі

19.Өлшегіш сызғыштың көмегімен біртекті ұсақ заттардың мысалы; бидай дәнінің, бұршақтың диаметрін анықтауға болады.

20.Әлемдегі кез-келген цирк аренасының диаметрі 13 м-ге тең.Цирк аренасының ауданы қандай?

21.Ауданы 1м² парақтан қиылып алынған әрқайсысының ауданы 1см² болатын қиындылардан тұратын жолақтың ұзындығы қандай?

«В» деңгейі

22.Дөңгелектің радиусы 3см болса,оның ауданының қандай екенін анықтаңдар.

23.Гранит калоннаның биіктігі 4м, ал ауданы – жақтары 50 және 60см болып келген тік

бұрыш калоннаның көлемін анықтаңдар.

24.Түнде ауаның температурасы -6°С,ал күндіз +4°С болды.

Ауаның температурасы қанша градусқа өзгерді?


«С» деңгейі

25.Бөлме термометрінің түтігіндегі сынап бағанасының биіктігі артты. 1) осы кезде сынап молекуласының саны артты ма? 2) термометрдегі әр сынап молекуласының көлемі өзгерді ме?

26.Майлы сұйықтың су бетінде жұқа қабат түзіп жайылатыны белгілі бір қалыңдықтан ары қарай май қабаты жайылуын тоқтатады.

27.Құралсыз көзбен аспанның екі жарты шарынан шамамен 6000 жұлдыз көруге болады. 1мм³ ауада (қалыпты жағдайда) 2,7∙10¹6 молекула бар болса, бұл молекула жұлдыздар санынан неше есе артық?


II тарау.Механикалық қозғалыс.Жол. Орташа жылдамдық.

1 нұсқа

«А» деңгейі

28.Бірқалыпты қозғалған материалдық нүкте t1=2с мезеттегі координаты x1=4см, ал t2=4с мезеттегі координаты х2=-2см болса, оның жылдамдығы қандай?

29.Мотоцикл жолдың бірінші S1=30км бөлігін υ1=15 м\с орташа жылдамдықпен, ал қалған екінші S1=40км бөлігін t2=1 сағатта жүріп өтті.Мотоциклдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

30.Қайықтағы адам оны тынық сумен салыстырғанда υ1=1,2м\с жылдамдықпен еседі.Егер су ағысының жылдамдығы υ2=1,5 м\с болса. Қайықтың жағамен салыстырғанда және су ағысына қарсы қозғалғандағы жылдамдығы қандай?


«В» деңгейі

31. Ұзындығы ℓ1=250м пайыз бірқалыпты қозғалып, көпірден t-2минут ішінде өтті.Егер көпірдің ұзындығы ℓ=360м болса, поездың жылдамдығы қандай?

32. Екі дененің қозғалысы мына теңдеулермен берілген: x1=6t; x2=70+3t. Олар қанша уақыттан кейін кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді?

33. Дене координаттары x1=0; y1=1м болатын нүктеден координаттары x2=3м;

y2=-2 м болатын нүктеге орын ауыстырды.Сызбада дененің орын ауыстыруын және оның координаттар осьтеріндегі проекцияларын табыңдар.

«С» деңгейі

3hello_html_4e2347d4.gif4. График бойынша нүктенің υ м/с

hello_html_f716972.gift= 8 секундта жүрген 40

жолын анықтаңдар.

hello_html_f716972.gif30

hello_html_f716972.gifhello_html_4c0d539e.gifhello_html_m37d303df.gif20

hello_html_7436e1ba.gifhello_html_f716972.gif10

hello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gifhello_html_3c80bc03.gift

2 4 6 8 10 12

35. Моторлы қайық А және В бекеттерінің арасын өзен ағысымен t1=2,5 сағатта, ал сал t1=11,5 сағатта жүріп өтеді.Моторлы қайық ағысқа қарсы осы аралықты қанша уақытта жүріп өтер еді?

36. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып бара жатқан поездың вагонына перпендикуляр бағытта тиген оқ оны тесіп өтеді. Вагонның қарама-қарсы қабырғаларындағы саңылаулар бір-бірімен салыстырғанда 3,5 см-ге ығысқан.Вагонның ені 3 м болса, оқтың жылдамдығы қандай болғаны?



Механикалық қозғалыс.Жол.Жылдамдық.

Орташа жылдамдық тақырыбы бойынша берілген есептердің

11 нұсқасының «А» деңгейі

37.Автомобиль алғашқы 5 км жолды 25 км/сағ орташа жылдамдықпен, келесі 15 км жолды 50 км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтсе, барлық жолдағы автомобильдің орташа жылдамдығы қандай?

38.Мотоциклдің жылдамдығы υ1=72 км/сағ, ал қарсы соққан желдің жылдамдығы υ1=4м/с. Желмен байланысқан санақ жүйесінде мотоциклдің жылдамдығы қандай болады?

39. 36км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедші жарты сағатта қанша жол жүреді?


«В» деңгейі

40.Екі дененің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: x1 = 5t ; x2 = 150 - 10t. Олар қанша уақытта кездеседі және әрқайсысы қанша жол жүреді ?

4hello_html_m6949ec68.gif1.Өзенмен жүк таситын теплоход ағыспен υ1 = 35км/сағ жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы υ2 = 15км/сағ жылдамдықпен жүретін болса, өзен ағысының жылдамдығы қандай?

hello_html_m3c762359.gif100 х,м ІІ

hello_html_m48fbce89.gif 80 І

4hello_html_m13f5c56.gif2.Екі дененің қозғалыс графигі бойынша 60

қозғалыстың уақытқа тәуелділігі x(t) 40

теңдеуін жазыңдар. Графиктердің корди – 20

нhello_html_27fe1989.gifаттар остерімен қиылысуы нені көрсетеді? -10 10 20 30 t,с

-20

«С» деңгейі -40

43.Әрқайсысының ұзындығы 350 м екі пойыз бір-біріне қарама-қарсы бірдей 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Екі пойыз кездескен соң ең соңғы вагондары ажырағанға дейін қанша уақыт кетер еді?

44.Бірдей уақытта А қаласынан 10 м/с жылдамдықпен машина, ал В қаласынан оған қарама-қарсы 18 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Екі қаланың арасы 108км. Олардың жүрген жолдарының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.Әрқайсысының жүрген жолын, кездескенге дейінгі уақытын анықтаңдар.

45. Егер судың ағысының жылдамдығы υ1=2 км/сағ болса, онда 2,5км қашықтыққа барып қайту үшін катер қанша уақыт жұмсар еді? Катердің тынық сумен салыстырғандағы жылдамдығы υ2=10 км/сағ.


Механикалық қозғалыс.Жол.Жылдамдық.

Орташа жылдамдық тақырыбы бойынша берілген есептердің

111 нұсқасының «А» деңгейі

4hello_html_m424527c0.gif6. Спортшы конькимен 1500 м қашықтықты

1hello_html_7b36dc2.gifhello_html_m157d1879.gifhello_html_65ef1b7d.gifhello_html_m12c0c97c.gif мин 52,5 с-та жүгіріп өтті.Оның орташа 8

жылдамдығын есептеңдер. 7

47. Самолет 750 км/сағ орташа жылдамдықпен 6

ұшып келеді.Ол 6 сағат ішінде қандай қашық – 5

тықты ұшып өтеді? 4

48. Суретте екі бірқалыпты қозғалыс жол – 3

дарының графигі берілген.График бойынша 2

hello_html_7436e1ba.gifқай қозғалыстың жылдамдығы артық екенін 1 1 2 3 4 5 t,с

анықтаңдар.


«В» деңгейі

49. Жылдамдығы 0,5 м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 15 км жүреді.

50. Трактор алғашқы 5 минутта 600 м жол жүрді.Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағ ішінде қандай жол жүреді?

51. Автомобиль алғашқы 5 минутта 600 м жол жүрді.Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағат ішінде қандай жол жүреді?


«С» деңгейі

52.Жарылыс техникасында баяу жылдамдықпен жанатын бикфорд бауы қолданылады.Бауды жаққаннан кейін 300 м қашықтыққа жүгіріп үлгеру үшін жіптің ұзындығын қандай етіп алуға болады?

53. Бір велосипедші 6м/с жылдамдықпен 12 с бойы қозғалды, ал екіншісі осы жол бөлігін 9 с ішінде жүріп өтті.Екінші велосипедшінің осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай?

54. Шаңғышы тауға көтерілерде 5,4 км/сағ орташа жылдамдықпен 3 км жол жүрді.Таудан түсерде 10 м/с жылдамдықпен 1 км жол жүреді.Шаңғышының барлық жолдағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.


3-тарау.Күш және масса

Тақырыптары бойынша берілген есептердің

1 нұсқасының «А» деңгейі

55. Массасы 45 кг бала су бетіндегі массасы 1,5 тонна қайықтан 1,5 м/с жылдамдықпен жағаға қарай секірді.Қайық қандай жылдамдыққа ие болды?

56. Шойын шардың V=125 см³ көлемдегі массасы m=800 кг.Бұл шар тұтас па әлде қуыс па?

57. Серіппе 150 Н күштің әсерінен 23 мм ұзарады.Серіппенің қатаңдығы қандай?


«В» деңгейі

58. Көлемі 2 см³ заттың массасы 27,2 г, ондағы атомдар саны 8,2∙10²² болса, заттың бір атомының массасы қандай?

59. Жүк көтергіштігі 5 т болатын машинаға өлшемі V=0,003м³ кірпіштің қаншасын тиеуге болады? ρκ=1800 кг/м³;

60. Телемұнараның биіктігі 108 м, ал массасы 305 т. Осы телемұнараның макетінің биіктігі 108 см болса, оның массасы қандай болар еді?


«С» деңгейі

61. Массасы 860 г шыныдан жасалған текшенің толық бетінің ауданы 300 см² болса, шынының тығыздығы қандай болғаны?

62. Сумен толтырылған ыдыстың массасы 70 г.Осы ыдысқа массасы 15 г металл кесегін салғанда жалпы оның массасы 83,5 г болды.Металдың тығыздығы қандай?

63. Көлемі 5,4 м³ бакты керосинмен толтыру үшін өнімділігі минутына 20 кг болатын насосты пайдаланса осы бакты қанша уақытта толтыруға болады? ρκ=0,8 г/см³;


Күш және масса

тақырыбы бойынша берілген есептердің

11 нұсқасының «А» деңгейі

64. Көлемі 2 л өсімдік майының массасы m=1840 г.Майдың тығыздығы қандай?

65. 3 Н күш әсер еткен кезде 6 см ұзарған серіппенің қатаңдығын табыңдар.

66. Массасы 2 кг ыдысқа көлемі 6 л бензин құйылған.Ыдысты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?


«В» деңгейі

67. Көлемі 15∙10 м³ заттың массасы 110-ға тең болса, осы заттың 1 м³-нің массасы қандай?

68. Гипстен жасалған плитаның іші қуыс болады, массасы 5 кг, көлемі 0,0042 м³ плитаның ішіндегі қуыстың көлемі қандай?

69. Мензуркадағы көлемі V1=110 мл суға шыны тығын салғаннан кейін судың көлемі V2=180 мл болған.Тығынның массасы қандай? ρш=2,5∙10³ кг/м³.


«С» деңгейі

70.Массасы 3кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бір қалыпты сүйрегендегі үйкеліс коэффициенті 0,3 ке тең болса, серіппе қаншаға ұзарады?

71.Темірден және алюминийден жасалған заттардың көлемдері бірдей. Егер темірдің массасы алюминийдің массасынан 12,75 г артық болса, осы заттардың массалары қандай?


hello_html_7182561f.gifhello_html_m47406ec2.gifρ1=7,8 г/см ³; ρ2=2,7 г/см³;

72.Қабырғаға сүйеулі тұрған сүймеге әсер

ететін күштерді атаңдар және оны салып көрсетіңдер.


hello_html_5dee238a.gif

Күш және масса

ІІІ нұсқасының «А» деңгейі

73.Бальза- ең жеңіл ағаш. Оның 100 см3 көлемінің массасы 12 г. Бальза ағашының тығыздығын

есептеңдер.

74.Машина 3 т жүк тасымалдауға арналған.Әрқайсысының ұзындығы 2 м, ені 80см және қалыңдығы 2мм болыпкелген темір текшелерінің қаншасын тиеуге болады?

75.Салмағы 800 Н адамның массасы қандай?


«В» деңгейі

76.Көлемі 1м3 және тығыздығы 240кг/м3 тығыннан жасалған пластинаны көтере алар ма едіңдер.

77.Өзара әсерлесу кезінде арбашалардың жылдамдықтары ∆υ1=20м/с, ∆υ2=60м/с болып өзгерді.

Үлкен арбашаның массасы 0,6 кг. Кіші арбашаның массасы неге тең?

78.Динамометр серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5мм ұзарды. Серіппені 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықтаңдар.


«С» деңгейі

79.Қозғалмай тұрған массасы 30кг үрлемелі қайықтан массасы 45кг бала жағаға секірді.Қайық 1,5м/с жылдамдыққа ие болды.Баланың жылдамдығы қандай?

80.Динамометр көмегімен ағаш кесегі стол үстімен жылжиды. Динамометрдің көрсетуі 4Н болса,стол беті мен кесек арасындағы үйкеліс күші неге тең?

81.320 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9 мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе амортизаторы 9мм жиырылды. 1,60 Н күштің әсерінен серіппе қанша мм-ге қысқарады?


Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

1 нұсқа «А» деңгейі

82.Бізді қоршап тұрған ауа барлық денеге р=100 Па қысым түсіреді. Өлшемдері 50x90 болатын ауданға ауа қандай күш түсіреді?

83.Ауданы S1= 200 см2 гидравликалық таптауыштың поршені 20 кН күшпен әсер етеді. Кіші поршеннің ауданы S2=6см2. Кіші поршень таптауыштағы сұйыққа қандай күшпен әсер етеді.

84.Биіктігі 35 см, ұзындығы 55см және ені 25см аквариумға ернуінен 3см төмен су құйылса, онда оның а) түбіндегі қысым ; ә) құйылған судың салмағы қандай?


«В» деңгейі

85.10 балдық желдің алдындағы тосқауылға түсіретін қысымы Р=1100 Па. Желдің ауданы 30м2 тосқауылға түсіретін қысым күші қандай?

86.Цилиндр ыдысқа сынап,су және бензин құйылған. Сұйықтардың көлемдері бірдей. Сұйық деңгейлерінің биіктігі 15 см болса,сұйықтардың ыдыс түбіне түсіретін жалпы қысымы қандай?

87.Ауданы 3см2 гидровликалық таптауыштың кішк поршені күштің әсерінен 15см төмен түсті. Үлкен поршеннің ауданы 9см2. Кіші поршенге 200 Н күш әсер еткендегі поршен көтерген жүктің салмағын және жүктің қандай биіктікке көтерілгенін анықтаңдар.


«С» деңгейі

88.Текше тәрізді ыдыс сумен толтырылған. Оның ішіндегі судың массасы 65 г болса,судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай?

89.Баллонның ішіндегі қысым манометрмен өлшенеді. Су деңгейлерінің айырмасы ∆ Һ= 25см.

Атмосфералық қысым Р0 = 760мм сын. бағ.Баллондағы қысым қандай?

90.Цилиндр тәрізді қатынас ыдыстың ішінде су бар. Қатынас ыдыстың үлкенінің көлденең қимасының ауданы кішісінікінен 3 есе үлкен. Кіші ыдысқа биіктігі 25 см бензин құйылады. Сол кезде үлкен ыдыстағы су қандай биіктікке көтеріледі. Кіші ыдыстағы су қанша төмендейді?


Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

11 нұсқасының «А» деңгейі.

91.Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

92.Гидровликалық престің кіші поршені F=600 Н күштің әсерінен 33 см төмен түсті. Осы кезде үлкен поршень 23 см-ге көтерілді. Үлкен поршенге қандай күш әсер етеді?

93.Барометр тау бөктерінде 98650 Па, ал тау шыңында 90300 Па қысымды көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?


«В» деңгейі

94.Массасы 3 кг кір тасының табанының диаметрі 3см болса, ол үстел үстіне қандай қысым түсіреді?

95. Қалыпты атмосфералық қысымға тең болу үшін , су бағанының биіктігі қандай болу керек?

96. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?


«С» деңгейі

97.U тәрізді ауыздары ашық түтікшеге біртіндеп су құйылады. Түтікшенің бір жағында сынап бар. Сынап деңгейлерінің айырымы Δh=15мм. Су қандай биіктікке дейін құйылған?

98. Бензиннің ыдыс түбіне және бүйір беттеріне түсіретін қысым күші тең болу үшін ішіне толтырыла бензин құйылған радиусы 6см цилиндр ыдыстың биіктігі қандай болуы керек?

99.Бірдей үш қатынас ыдыстың ішіне жартылай су құйылған. (суретте) ыдыстың сол жағына Н1=25см,ал оң жағына Н2=30см биіктікке бензин құйылды. Сол кезде ыдыстың ортасындағы су деңгейі қанша биіктікке көтеріледі?

Қысым. Сұйықтар мен газдардың қысымы.

111 нұсқасының «А» деңгейі

100.Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі. 101.Шегенің көмегімен 105 Па қысым түсіруге бола ма? Шеге ұшының ауданы 0,1 мм2болса, шеге басына қандай күш түсіру керек.

102.Екі бірдей ыдыс түтікпен қосылған. Біреуіндегі қысым 0,008 Па газ бар, ал екіншісі бос. Кранды ашса екі ыдыстағы қысым қандай болады?

«В» деңгейі

103.Гидравликалық престің кіші поршенінің ауданы 10 см2. Оған әсер ететін күш 200Н. Үлкен поршенінің ауданы 200см2. Үлкен поршенге әсер ететін күш қандай?

104. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

105. Аквариум сумен толтырылған. Ұзындығы 50 см, биіктігі 30 см аквариум қабырғасын су қандай орташа күшпен қысады?

«С» деңгейі

106. Көлденең қимасының ауданы 16 см2 квадрат (текше) тығынға керосинның әсер ететін күшін анықтаңдар. Керосин деңгейімен тығынның арақашықтығы (h) 400 мм.

107. Егер ұшақтағы барометр 100641 Па, ал жер бетіндегі қысым қалыпты болса (105 Па),ұшақ қандай қашықтықта ұшып барады?

108. Көлемі 4*0,3*0,25 м темірбетонплита суға жартылай батырылған. Оған әсер ететін Архимед күші неге тең?

V тарау. Архимед күші

тақырыбы бойынша берілген есептердің

І нұсқасының «А» деңгейі

109. Көлемі 0,4 м3 болатын дене суға жартылай батырылған. Денеге әсер ететін архимед күші қандай?

110. Су астындағы массасы 35 кг, көлемі 0,015 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

111. Судағы денеге 2500мН Архимед күші әсер етеді. Осы денені сынап қандай күшпен кері итереді?

«В» деңгейі

112. Қалқып жүрген ағаш білеуше 0,8л суды ығыстырып шығарады. Білеушенің салмағы қандай?

113. Көлемі 8дм3 тастың массасы 20 кг. Осы тасты судың түбіне толық батырмай ұстап тұратын күш қандай?

114. Егер архимед жасаған тәжірибеде патша тәжінің ауадағы салмағы 28,2 Н , ал судағы салмағы 26,4 н болса, тәж таза алтыннан жасалған ба?

«С» деңгейі

115. Салмағы 0,22 Н болатын темір кесегі,салмағы 0,01 Н болатын қосақтаса жіпке байланып, толығымен суға батырылған. Егер жіптің керілу күші Ғк=0.07 Н болса, тығынның тығыздығы мен көлемі қандай? Ауаның кері итеру күші ескерілмейді.

116. Іші қуыс темір шардың ауадағы салмағы 2,62 Н және керосиндегі салмағы 2,20 Н болса, шардың ішіндегі қуыстың көлемі қандай? Суреті бар.

117. Массасы 300 г альюминийден жасалған денені керосинге батырғанда оныңғ салмағы қандай болады?

Архимед күші

Тақырыбы бойынша берілген есептердің

ІІ нұсқасының «А» деңгейі

118. Суда қалқып жүрген ағаш білеуше 0,75 м3 суды, ал толығымен суға батырса, ол судың 1м3 көлемін ығыстырып шығарады. Білеушеге әсер ететін кері итеретін күштерді анықтаңдар.

119. Толығымен керосинге батып тұрған тығынға 50 Н архимед күші әсер етеді. Тығынның көлемі қандай? шпен ығыстырар еді?

120. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай кү

«В» деңгейі

121. Дененің салмағы 8 Н, ал көлемі 500см3 болса, дене суға бата ма?

122. Массасы 60 кг бала суда тұр. Егер бала денесінің су бетінен жоғары тұрған бөлігінің көлемі 3дм3 болса, баланың бүкіл денесінің көлемі қандай?

123. Әрқайсысының көлемі 1,3 м3 болатын 6 бөренеден жасалған салдың көтеру күші қандай?

«С» деңгейі

124. Динамометрге мыс пен күмістің қоспасы ілінген. Олардың ауадағы салмағы 2,35 Н, ал судағы салмағы 2,11 н болса, қоспадағы мыс пен күмістің массаларын анықтаңдар?

125. Теңізде мұз қалқып жүр. Мұздың 200м3 көлемі судың бетінде болса, оның жалпы көлемі және суға батып тұрған бөлігінің көлемі қандай?

126. Іші қуыс альюминий шар суда тепе-теңдік қалыпта қалқып тұр. Егер қуыстың көлемі V1=16,75 см3 болса, шардың көлемі қандай?


Жұмыс. Қуат. Энергия.


1 нұсқа

«А» деңгейі

127. Ат арбаға 450 Н күш түсіріп, оны 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартса, ат 2 сағатта қандай жұмыс істейді?

128. Массасы 100т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 9 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

129.Иіндіктің ұштарына Ғ1 = 2 Н және Ғ2 = 20 Н күштер әсер етеді.

Иіндіктің ұзындығы 1,2 м болса, оның тіреу нүктесі қай жерінде орналасады?


«В» деңгейі

130. Пайдалы қуаты 10 кВт су насосы 15 м тереңдіктен 1,5 ішінде көлемі қандай суды көтеріп шығарады?

131. Иіндіктің иіндерінің қатынасы 10:2 . Онымен жүгі бар жәшікті 15 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек?

132.Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,5 м, ал ұзындығы 12 м. Массасы 150 кг жүкті жазықтық бойымен көтеру үшін 230 Н күш керек болса,көлбеу жазықтықтың ПӘК-тің анықтаңдар.


«С» деңгейі

133.Жерде жатқан массасы m=150 кг, ұзындығы ℓ= 2 м біртекті сырықты тік жоғары қою үшін қандай жұмыс істеу керек?

134.Массасы 12 кг, ұзындығы 50 см сырықтың екі ұшына массалары m1 = 30 кг және

m2=5 кг жүк ілінген. Сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек?

135.Массасы 50 т жүкті 0,5 м биіктікке көтеру үшін ПӘК-і 75% болатын гидравликалық таптауышты пайдаланады. Кіші поршеннің бір жүрісі 0,3 м –ге тең.Егер үлкен поршеннің ауданы кіші поршеннің ауданынан 80 есе артық болса, онда кіші поршен қанша жүріс жасауы керек?


Жұмыс. Қуат. Энергия.


11нұсқа

«А» деңгейі

136.Массасы 6 кг тас ,биіктігі 3 м үйдің төбесінен Жер бетінен 18 м биіктіктен құлайды. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

137.Массасы 105 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып, 12 м биіктікке көтерілсе ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

138. Массасы 25 кг құмы бар жәшікті жылжымайтын блоктың көмегімен 250 Н күш жұмсап 12 м биіктікке көтерсе, қондырғының ПӘК- і қандай болғаны?


«В» деңгейі

139.Массасы 9г оқ қалыңдығы 7 см қабырғаны тесіп өтіп, өзінің жылдамдығын 800 м/с-тен 500 м/с шамасына дейін кемітеді. Үйкеліс күшінің жұмысын және үйкеліс күшін есептеңдер.

140. Шығыр валының диаметрі 25 см, ал дөңгелегінің радиусы 0,8 м.Шығырдың дөңгелегіне қандай күш түсіру арқылы, салмағы 100 Н суы бар шелекті құдықтан көтеріп шығаруға болады?

141.Қуатын 25 кВт-ға дейін арттыра отырып, насостың қозғалтқышы 110 м3 мұнайды 5 м биіктікке 10 мин ішінде көтерсе, қондырғының ПӘК-і қандай?


«С» деңгейі

142.Қозғалытқыштың қуаты 32 кВт болатын машина жүк тасу кезінде өзінің жылдамдығын 12 м/с жеткізсе, қуаты 25 кВт машина жылдамдығын 8 м/с-қа жеткізген.Егер осы екі машинаны трос арқылы тіркесе,олардың жылдамдығы қандай болар еді.

143.Біліктің массасы 12 кг, шкивтің массасы 22 кг. | АВ| = 1,2 м ; | ВС | = 0,6 м және А және В подшивниктерге қандай күштер әсер етеді.

144.Домкрат бұрандасының қадамы 10 см, тұтқа иіні 52 см.. 90 Н күш түсіре отырып, 28 кН жүкті көтеру үшін домкраттың ПӘК-і қандай болуы керек?


Жұмыс. Қуат. Энергия.


111 нұсқа

«А» деңгейі

145. Еденде массасы 20 кг жәшік тұр. Жәшікті биіктігі 1,5 м машинаның кузовына көтеру үшін қандай жұмыс атқару керек?

146. Әр минут сайын насос 10 л суды 2,1 м биіктікке шығарады. Бұл жұмысты жасау үшін насостың двигателі қандай қуат жұмсайды.

147.Рычагтың кіші иіні 5 см, ал үлкен иіні 30 см. Кіші иінге 12 Н күш әсер етеді.Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?


«В» деңгейі

148.Спортшы велосипедпен қозғалған кезде әр педальға 750 Н төмен бағытталған күшпен әсер етеді.Егер әр педальды диаметрі 36 см болып келген, дөңгелек деп есептесек,бұл күштің жұмысы неге тең?

149. Бала иығындағы массасы 10 кг рюкзагыменүйінің төртінші қабатына 25 с ішінде көтерілетінін байқады. Егер бір қабаттың биіктігі 3 м болса, бала қандай қуат өндіреді?

150.Жіптің бос ұшына 250 Н күш жұмсап, қозғалмайтын блоктың көмегімен массасы 24,5 кг құмы бар шелекті 10м биіктікке көтереді. Қондырғының ПӘК-ін есептеңдер.


«С» деңгейі

151.Электромагнитті ажыратқаннан кейін көлемдері бірдей екі шойын шар ( біреуі қуыс, екіншісі тұтас) Жер бетіне бірдей уақыт ішінде бірдей жол жүріп түсті. Бұл түсу кезінде ауырлық күшінің жұмысы және өнген қуат бірдей ме?

152.Өзендегі су шығыны 500 м3/с. Биіктігі 10м плотинадан құлап аққан судың қуаты қандай?

153.Массасы 50 г доп қандай биіктіктен еркін түскенде оның потенциалдық энергиясы 2 Дж-ге өзгереді. Кинетикалық энергиясы қалай және қаншаға өзгереді?











































8-СЫНЫП


1тарау. Жылу құбылыстары.

Жану жылуы.

А деңгейі

1.Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

2.Көлемі 4л бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

3.Көлемі 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Осы бензин толық жанғанда, 230 МДж энергия алуға бола ма?

4. Бакта 40л бензин бар.Осы бензин толық жанғанда, қанша жылу мөлшері бөлінеді.

5.Егер массасы 10 кг ағаш көмірі жанғанда 340 МДж ээнергия бөлінетін болса,онда оның меншікті жану жылуы неге тең?

6. 210·108 Дж жылу алу үшін қанша дизель отынын жағу керек?

7.Жер жырту кезінде трактор 30кг дизель отынын пайдаланған. Осы кезде қанша энергия бөлінеді?


В деңгейі

8.Массалары 25 г табиғи газ бен 25 г суток жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін табыңдар және энергияларын салыстырыңдар.

9. 12 кг шымтезек пен 5 кг антрацит толық жанғанда, қайсысынан көп жылу бөлініп шығады?

10.Көлемі 3л бензин мен көлемі 2 л керосинді араластырған. Осы қоспа толық жанған кезде қанша жылу бөлінеді?

11.Көлемі 3л бензин жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін алу үшін қанша тас көмір жағу керек?

12. Көлемдері 1,5 л және 0,5 л бензин мен спиртті араластырған. Осы отынды жаққанда бөлініп шығатын толық жылу мөлшері қандай?

13. Қысқа құрғақ қарағай ағашынан көлемі 2м3 және массасы 1,5 т тас көмір дайындады. Дайындалған отындар толық жанғанда пештен қанша жылу мөлшері бөлінеді?

14. Массасы 2кг бензин толық жанғанда, массасы тура осындай құрғақ ағаш жанғандағыдан қанша жылу мөлшері артық бөлінеді?


С деңгейі

15.Меншікті жану жылуы 4,2·106 Дж/кг, массасы 1,5кг отынды жағып 1,89 ·107 Дж жұмыс атқаратын трактордың Пәк-тін анықта .

16.Іштен жану двигателі 2,3·105 кДж-ге тең пайдалы жұмыс істеді және бұл кезде массасы 2кг бензин жұмсады. Двигателдің пайдалы әсер коэффициентін есептеңдер.

17. Тепловоз 1 сағ ішінде 8000000 кДж жұмыс өндіреді.Осы уақыт ішінде ол массасы 800 кг дизельдік отын жағады,оның меншікті жану жылуы 4.107 Дж/кг. Двигательдің ПӘК-ін анықтаңдар.

18.Алғашқы трактордың екі бу двигателі болды.Ол сағатына меншікті жану жылуы 30·106 Дж/кг болып келген 5 кг отын жақты. Егер оның двигателінің қуаты 1,5 кВт шамасында болса, трактордың ПӘК-ін есептеңдер.

19.ПӘК-і 25 % автомобиль 3 сағ ішінде 24 кг бензин жұмсайды. Бұл кезде двигатель қандай орташа қуат өндіреді ?

20.Қуаты 36кВт іштен жану двигателі 1 сағ жұмыс істегенде 14 кг бензин жұмсайды. Двигательдің ПӘК-і қандай?

21. Бу турбиналарының біреуі пайдалы жұмыс атқару үшін отын жанған кезде бөлінетін энергияның 1/5 –ін, екіншісі 1/4-ін пайдаланады. Қай турбинаның ПӘК – і артық ?


Д деңгейі

22.Су қайнатқыштағы суға 0,6 кг қайың ағашын жағып, оның жылуының 25% суды қыздыруға жұмсалса, онда массасы қаншалық суды 10ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыруға болады?

23.Спиртовкада массасы 175 г су 15ºС –тан 75ºС- қа дейін қыздырылды. Спиртовканың спиртімен қоса есептегендегі бастапқы массасы 163 г болса,оны қыздырудың аяғындағы массасы 157 г болды. Қыздырғыш прибордың ПӘК-ін табыңдар.

24.ПӘК – і 25% массасы 1,5 т кірпіш пешке ағаш отын жағып температурасын 10 С –ден 70 С-қа дейін қыздыру үшін қаншалық ағаш отын керек болады ?

25.Массасы 0,5 кг мыс ыдыста 10ºС температурада алынған 2л суды қыздырады. Массасы 50г, ПӘК-і 50 % спирт жағып,суды қаншалық температураға дейін қыздыруға болады.?

26.»Жигули» автомобилінің қозғалтқышының қуаты 50 кВт. Егер ол 100 км/сағ жылдамдықпен жүргенде 100 км жолға 14 л бензин жұмсайды.Оның қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.

27.Қыздырғыш аппаратта 800г керосин жағылады.Осы керосин арқылы аппаратқа қойылған қанша литр суды 10ºС-тан 100ºС-қа дейін қыздыруға болады. Суды қыздыруға бөлінетін энергияның 40% жұмсалады .

28.25ºС температурада алынған 200 г суды қайнату үшін жұмсалатын спирттің массасын табыңдар. Спиртовканың ПӘК- і 25%.

Жылу мөлшері.

А деңгейі

29.Оқушы бала суды 15ºС-тан қайнағанша ( 100ºС ) қыздырғанда оның ішкі энергиясы 178,5 кДж-ға көбейгенін байқады. Қыздырған судың массасы қандай еді?

30.Массасы 20 г алюминий кесегі суыған кезде оның ішкі энергиясы 1 кДж-ға азайды. Осы мәліметтер негізінде алюминийдің температурасы қанша градусқа өзгергенін табыңдар.

31.Массасы 1,5 т кірпіш пеш 30ºС-тан 20ºС-қа дейін суығанда айналасындағы денелерге қандай жылу мөлшерін береді?

32.Массасы 100 г қорғасын кесегінің ішкі энергиясы 280 Дж- ға арту үшін, оның температурасын қаншаға көтеру керек болады?

33.Термос сыйымдылығы 3л қайнаған сумен толтырылған. Бір тәуліктен кейін судың температурасы 77ºС-қа дейін төмендеген. Судың ішкі энергиясы қаншаға өзгерді?

34.Массасы 5 кг қыздырылған тас суда 1ºС-қа суынып, оған 2,1 кДж энергия береді.Тастың меншікті жылу сыйымдылығы неге тең ?

36.Массасы 20 кг болат бұйым станокта өңделгеннен кейін 50С-қа қызды. Бұйымның ішкі энергиясы қанша Джоульге артты?

37.Стакан ( 250 см3 ) қайнаған су 14º С-қа дейін суығанда қандай жылу мөлшерін береді?

38. Мыс паяльник 20ºС- қа дейін суығанда 30,4 кДж энергия бөлінді. Егер паяльниктің массасы 200 г болса,ол қандай температураға дейін қыздырылған ?


В деңгейі

39.Массасы 100 г металл кесегінің температурасы 20º С-тан 24º С-қа өзгергенде онда оның ішкі энергиясы 152 Дж –ға артты. Осы темір кесегінің меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

40.Массасы 100 г қалайы кесегінің температурасы 32 ºС- қа дейін суығанда одан 5 кДж энергия бөлінді. Алюминий кесегінің суығанда одан 5 кДж энергия бөлінді. Алюминий кесегінің суығанға дейінгі температурасын табу керек.

41. Массасы 200 г алюминий кастрюльді, ішінде 1,5 л суы бар 20º С температурадан 100º С температураға дейін қыздырып суды қайнатқан. Сонда қандай жылу мөлшері жұмсалған?

42.Массасы 800г алюминий кастрюльді, ішінде 5л суы бар 10º С температурадан 100º С температураға дейін қыздырып суды қайнатқан. Сонда қандай жылу мөлшерін алған?

43.Массасы 65 кг душтың темір багына құдықтан алынған 200 л су құйылды. Олар күн қызуымен қызып, судың температурасы 4º С-тан 29º С-қа дейін көтерілді. Бак және су қандай жылу мөлшерін алды.

44.Ұзындығы 100 м, көлденеңі 6 м, тереңдігі 2 м бассейіндегі су 15º С температурадан 25º С температураға дейін қызған кезде алған жылу мөлшерін есептеңдер.

45.Мөлшері 250 см3 қайнаған су 14º С-қа дейін суытқанша қанша жылу мөлшерін береді?

46.Массасы 4 кг кірпішті 63 С-қа қыздырғандағы энергияға тең болса, кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

47.Қуаты 75 Вт қозғалтқыштың винтінің қалағы 5 минут бойы ішінде 5л суы бар колориметрдің ішінде айналады.Осы кезде су үйкелістің әсерінен қызады.


С деңгейі

48.Шелекке температурасы 9º С, массасы 5 л су құйылды. Шелектегі судың температурасы 30ºС болу үшін оған қанша қайнаған су құю керек?

49.100º С температураға дейін жонылған мыс бұйымды суыту үшін, температурасы 15º С массасы 420 г суға батырған. Жылу алмасу кезінде судың температурасы 18º С-қа жетті. Мыс бұйымның массасын табыңдар.

50.Масссасы 300г болат бұйымды жоғары температураға дейін қыздырып,оны суғару үшін температурасы 10º С массасы 3 кг машина майына батырған. Оларда жылулық тепе-теңдік орныққаннан кейінгі температура 30º С болса, болат бұйымның бастапқы температурасын табыңдар.

51.Бала сыйымдылығы 200 см3 стаканның төрттен үш бөлігіне қайнаған су ,қалған бөлігіне суық су құйды.Егер суық судың температурасы 20º С болса, онда суда қандай ортақ температура қалыптасады.

52. Массасы 200 г мыс жез калориметрге құйылған 150 г судың температурасы 12º С .Осы суға 100º С температураға дейін қыздырылған массасы 0,5 кг темір кірді ( гир) әкеп салды.Калориметрде орныққан температураны табыңдар.

53. Массасы 200 г суды 10º С – тан 60º С –қа дейін қыздырғанда қанша жылу жұмсалатын болса, сондай жылу арқылы массасы 500 г мысты қанша градусқа қыздыруға болады?

54.Массасы 1 кг мыс кесегі 500 м биіктіктен құлап түседі. Егер оның механикалық энергиясының барлығы жылу энергиясына айналатын болса, онда мыс кесегі қанша градус температураға дейін қызады?

55: Массасы 140 г алюминий калориметрге оған 15 С температурадағы 250 г су құйды. Одан кейін суы бар калориметрге массасы 100 г ,100 С температураға дейін қыздырылған қорғасын кесегін салды. Онда 16 С ортақ температура қалыптасты. Жылу балансының теңдеуін жазыңдар және қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.

56.Масссасы 800 г алюминий шәйнекте, массасы 1,8 кг температурасы 20º С су бар. Шәйнекке қайнаған суда қыздырылған массасы 1;2 кг металл кесегін салды. Сонда шәйнектегі судың температурасы 25º С-қа көбейетін болса, онда металл кесегі қандай заттан жасалғанын табыңдар.


Балқу жылуы, булану жылуы.


А деңгейі

57. Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша энергия жұмсалады?

58. Балқу температурасындағы 100 г темірді сұйыққа айналдыруға керекті энергияны анықтаңдар.

59. Балқу температурасындағы массасы 5 кг қалайының , немесе 1,5 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.

60. Балқу температурасындағы 11 кг қорғасынның немесе 2 кг мұздың қайсысын балқытуға көп энергия жұмсалады. Осы энергияларды есептеңдер.

61. Температурасы 100º С, массасы 10 г су буы конденсацияланғанда, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді ?

62. Қайнау температураларындағы: а) массасы 500 г спиртті; б) массасы 10 г суды буландыру үшін қанша жылу жұмсалады?

63. Температурасы 57º С, массасы 200 г сынапты буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері жұмсалады?

64. Қайнау температурасындағы аммиакты буландыруға 364 кДж энергия жұмсалған. Буланған аммиактың массасын табыңдар.


В деңгейі

65. 32º С температурада алынған массасы 100 г қалайыны балқыту үшін қандай жылу мөлшері керек болады?

66. 10º С температурада алынған 2 л су қатқанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?

67. 20º С температурада алынған массасы 24,5 кг алюминийді балқыту үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

68. 20º С температурада алынған көлемі 15 л суды 0º С температурадағы мұзға айналдырғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?

69. Температурасы -20º С мұздан температурасы 20º С , массасы 5 кг су алу үшін қанша энергия керектігін есептеңдер.

70.Қалыпты қысымдағы температурасы 100º С, ал массасы 8 кг су буы конденсацияланғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерімен қанша мұзды ерітуге болады?

71.27º С температурадағы массасы 0,5 кг қорғасын кесегін балқыту кезінде қанша энергия алады?

72.Температурасы 100º С су буы конденсацияланып,пайда болған су 0º С-қа дейін суынады.Су буының массасы 1 кг болса, қандай жылу мөлшері бөлінеді?

73. Темірден жасалған бұйым 800º С –тан 0º С температураға дейін суып, 0º С темперратурадағы 3кг мұзды толық ерітті. Темір бұйымнан бөлінген энергияның бәрітек мұзды ерітуге ғана жұмсалатын болса, темір бұйымның массасы қандай еді?


С деңгейі

74. Массасы 300 г қалайыны балқытты. Егер олардың бастапқы температурасы 32º С болса, қалайыны қыздырып және балқыту үшін қанша жылу мөлшері кетті?

75. -5ºС температурада алынған массасы 100 г мұзды балқытып және алынған суды 20ºС температураға дейін көтеру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?

76. Сыйымдылығы 1,2 л кофейникті температурасы 15ºС сумен толтырып, плитаның үстіне қояды. Плитадан алғаннан кейін булану нәтижесінде кофейниктегі судың көлемі 50 см3 азайса, суды қыздыруға және қайнатуға қанша жылу мөлшері жұмсалған?

77.Бастапқы температурасы 10ºС , көлемі 0,5 л су чайникте қайнап буланған. Қандай жылу мөлшері жұмсалған?

78. 0ºС температурадағы мұзды еріту үшін, массасы тура осындай мұздың температурасын 1ºС-қа өзгертуге қарағанда қанша есе артық энергия қажет болады?

79. температурадағы массасы су буы конденсацияланғанда және пайда болған су 20 С-қа дейін суынғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады?

80. Температурасы 14 С судан көлемі 5 л дистильденген су алу үшін қанша жылу мөлшері керек болар еді?

81. температурасы 0 С массасы 100 г мұзы бар калориметрге, 100 С температурадағы бу жіберілді.Егер мұздың бәрі еритін болса, калориметрде қанша су болады.

82. 0 С температурада алынған қорғасынды 1 кг нефт жағып, соның жылуы арқылы балқытты.Егер қыздырғыштың ПӘК-і 80% болса, онда қанша қорғасынды балқытуға болады?

83. -10 С температурада алынған, массасы 200 кг қардан 20 С температурадағы су алу үшін, ПӘК-і 40% қазанға қанша ағаш жағу керек болады?


Жылу машиналарының ПӘК-і.

А деңгейі

84. 18,9 МДж жұмысты орындау үшін 2 кг дизель отынын жағатын трактордың ПӘК-ін анықтаңдар.

85. Машинаның қозғалтқышында 0,23 ГДж пайдалы жұмыс өндіру үшін 20 кг бензин жұмсалды.Осы қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.

86. Тракторға 1,89·107 Дж жұмысты орындау үшін, меншікті жану жылуы 4,2·106 Дж/кг болатын 1,5 кг жанармай керек болды.Трактор қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар.


В деңгейі

87. Ең бірінші шынжыр табанды тракторды 1888 жылы конструктор А.Ф.Блинов жасады.Оның екі бу қозғалтқышы болды.Ол бір сағатта меншікті жану жылуы 30·106 Дж/кг болатын отынның 5 кг-ын жұмсады.Егер қозғалтқышының қуаты 1,5 кВт болатын болса, оның ПӘК-ін есептеңдер.

88. Бу трубиналарының жұмысын жетілдіру үшін біреуінде отын жанғанда бөлінетін энергияның 1/5 бөлігін, екіншісінде энергияның 1/4 бөлігін пайдаланады.Қайсы трубинаның ПӘК-і көп болады?

89. Іштен жану қозғалтқышының пайдалы жұмысы 2,3·104 кДж болды.Осы кезде 2 кг бензин жұмсады.Бұл қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар.


С деңгейі

90. ПӘК-і 25% автомобиль 3 сағат жол жүргенде 24 кг бензин жұмсады.Осы жүрісте автомобиль қандай орташа қуат өндірілді?

91. Қуаты 36 кВт іштен жану қозғалтқышы 1 сағат уақытта 14 кг бензин жұмсайды.Қозғалтқыштың ПӘК-ін табыңдар.

92. Қозғалтқышының ПӘК-і 25% автокөлік 3 сағат жүргенде 35 л бензин пайдаланды.Осы кездегі автокөлік қозғалтқышының орташа қуатын табыңдар.

93. Қуаты 36 кВт іштен жанатын қозғалтқыш 1 сағат ішінде 20 л бензин жақты.Қозғалтқыш ПӘК-ін табыңдар.


Термодинамикалық жұмыс.

А деңгейі.

94. Тұрақты 2 МПа қысымдағы газ 2 л-ден 12 л-ге дейін ұлғая отырып, қанша жұмыс жасайды?

95. Тұрақты 300 Па қысымда көлемі 1 л-ден 3 л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын табыңдар.

96. Тұрақты 304 кПа қысымда көлемі 3 л-ден 10 л-ге дейін ұлғайған газдың жасаған жұмысын табыңдар.

97. Газ изобаралық ұлғайғанда 600 Дж жұмыс жасалды.Егер газдың қысымы 4·105 Па болса, онда газдың көлемі қаншаға өзгерген?


В деңгейі

98. Газдың көлемі 0,3 м3 –тен 600 л-ге дейін ұлғайғанда, 400 Дж жұмыс жасалған.Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?

99. Газ ұлғайғанда 400 Дж жұмыс жасалған.Процесс барысында тұрақты қысым 4·105 Па –ға тең және өзгермеген болса, газдың көлемі қанша шамаға өзгерген?

100. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа –ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған.Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.

101. Белгілі бір көлемдегі газ 1,2·105 Па қысымның әсерінен изобаралы ұлғайып, 1,8 кДж жұмыс жасады. Егер газ ұлғайғаннан кейінгі көлемі 45 л болса, оның бастапқы көлемі қандай еді?



Термодинамиканың бірінші заңы.

А деңгейі

102. Газға қандай жылу мөлшерін бергенде оның ішкі энергиясы 45 кДж-ға артып және сонымен бірге ол 65 кДж жұмыс жасайды?

103. Газға 20 кДж жылу мөлшерін бергенде, ол 30 кДж жұмыс жасады да, сонымен бірге оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді?

104. Газ 135 кДж жылу мөлшерін алып, 100 кДж жұмыс жасады.Сонда оның ішкі энергиясы қаншаға өзгереді.

105. Газбен 75 кДж жұмыс жасалды.Осы кезде оның ішкі энергиясы 25 кДж-ға артты.Газ қандай мөлшердегі жылу мөлшерін алды немесе берді?



Ауаның ылғалдылығы

В деңгейі

106. Егер 20 м3 көлемде 100 г су болатын болса, онда ауаның абсолюттік ылғалдылығы неге тең болады?

107. Теңіз жағасында ауаның температурасы 25ºС, осы кездегі салыстырмалы ылғалдылық

95%.Қандай температурада тұманның пайда болғанын байқауға болады?

108.Су буының қысымы 14ºС-де 1 кПа-ға тең.Бұл қаныққан бу бола ма?

109. 25ºС –дегі қанықтыратын су буының тығыздығы 23 г/м3-ке тең. Бұл қаныққан бу ма? Әлде қанықпаған бу ма?

110. Сыйымдылығы 5л жабық ыдыстың ішінде массасы 50 мг су буы бар . Бұл қандай температурада қаныққан болады.

111. Егер ауаның температурасы 18º С, ал оның шық нүктесі 10º С болса, онда оның салыстырмалы ылғалдылығы қандай болады?

112. 0º С –де эфирдің қаныққан буының қысымы 24,7 кПа-ға тең, ал 40 С –де 123 кПа-ға тең. Осы температурадағы бу тығыздығының мәндерін салыстырыңдар.


С деңгейі

113. Ауаның 1 м3 көлемінде қалыпты жағдайда 2,41 г су болады. Бұл мөлшер, осы 1 м3 көлемдегі су буының қаныққан жағдайымен салыстырғанда оның қандай бөлігін және қанша процентін ұстайды.

114. Кеште ауаның температурасы 2ºС кезіндегі салыстырмалы ылғалдық 60%.Егер ауаның температурасы түнде-3ºС-ке дейін, -4ºС-ке дейін, -5ºС-ке дейін төмендесе онда қырау түсе ме?

115. Цилиндр ыдыста ауданы 10 см2 поршень астында температурасы 20ºС су бар.Поршень су бетіне тиіп тұр. Поршень 15 см орын ауыстырғанда судың қандай массасы буға айналады.

116. Сыйымдылығы 2 л жабық ыдыста температурасы 20ºС қаныққан су буы бар.Температура 5ºС-қа дейін төмендесе ыдыста қанша су бөлініп шығады?

117. 16ºС температурада 4 м3 ауада 40 г су буы бар.Салыстырмалы ылғалдықты табыңдар.

118. Бөлменің температурасы 11ºС, салыстырмалы ылғалдық 60% болса, көлемі 100 м3 бөлмеде қанша ылғал болғаны?


ІІ-тарау. Электр құбылыстары.Электр тогы.Электр зарядтары.Кулон заңы.

І нұсқа. А деңгейі

119. Электроскоптың өзекшесіне қуыс металл шар орнатылған. Бұл шарға шұғамен оралған эбонит таяқшасы бекітілген.Таяқшаны (өзекшені) суырып алғанда шар ішінде шұға қалып қойған. Неліктен осыдан кейін электроскоптың тілшелері ажыраған?

120. Оттегі атомының ядросын 8 электрон айналады. Оттегі атомының ядросында неше протон бар?

121. Электроскопты разрядтайтын металл өткізгіште пайда болатын ток пен гальвани элементтерінің полюстерін қосатын өткізгіште аққан токтың айырмашылығы неде?

122. Фарды жарықтандыру үшін велосипедке қондырылған ток көзінен электр шамына тек бір ғана өткізгіш сым жүргізілген.Екінші өткізгіш сым қайда?

123. Өлшемдері бірдей өткізгіш екі шардың зарядтары 5 мкКл және -3 мкКл. Шарларды түйістіріп, одан соң оларды үлкен қашықтыққа ажыратқаннан кейінгі зарядтары қандай болады?

124.Екі бірдей нүктелік заряд вакуумде 0,1 Н күшпен әрекеттеседі.Арақашықтары 6 м болса, зарядтардың шамалары қандай?

І нұсқа. Вдеңгейі

125. Жіңішке жібек жіпке бірі зарядталмаған, екіншісі зарядталған бірдей екі шар ілінген.Шарлардың қайсысы зарядталғанын құралсыз қалай анықтауға болады?

126. Атмосферасы жоқ ауасыз кеңістікте, мысалы Айда, жақын орналасқан зарядтар өзара бір-біріне әсер ете ала ма?

127. Сутегі атомы мен сутегінің оң ионының қайсысының массасы үлкен?


128. Электрофор машинасының разрядтағыш шарларының арасында пайда болытын ұшқын электр тогы болып табыла ма?

128А. 2·10-8 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді?

129. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын екі есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 2 есе кеміткенде ше?


І нұсқа.С деңгейі

130. Бір-бірінен 40 см қашықтықта бірдей екі шар орналасқан.Олардың біреуіндегі заряд 9·10-9 Кл, ал екіншісіндегі -2·10-9 Кл.Шарларды бір-біріне тиістіріп қайтадан сол қашықтықта орналастырады. Тиістіргенге дейінгі және тиістіргеннен кейінгі олардың әсер күшін табу керек?

131. Судың бірдей екі тамшысының біреуінде артық электрон бар. Тамшылардың өзара тебілу күші олардың бір-біріне тебілу күшіне тең. Тамшылардың радиустары қандай?

132. Вакуумда өзара 30 см қашықтықтағыдай күшпен әрекеттесетін екі бірдей электр зарядының диэлектрлік өтімділігі ε болатын май ішіндегі арақашықтығын табыңдар.

133. Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді? 3 есе кеміткенде ше?

134. Зарядтары бірдей 4·10-8 Кл екі заряд, қалыңдығы 1 см слюда қабатымен бөлінген.Олар бірімен-бірі 1,8·10-2 Н күшпен әсерлеседі.Слюданың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

135. Ауада жібек жіпке ілінген масссы 2 г қозғалмайтын шариктің заряды 3·10-8 Кл. Оның астына 10 см қашықтықта екінші бір аттас заряд 2,4·10-7 Кл қойылған. Жібек жіп қандай күшпен керіледі?


Электр зарядтары.Кулон заңы.

ІІ нұсқа. А деңгейі.

136. Электроскоп өзекшесіне, үстіне сауыттан жіңішке шүмек арқылы құм төгіліп тұратындай етіп, қуыс металл шар орнатылған.Бұл жағдайда неліктен электроскоптың жапырақшалары бір-бірінен ажырайды?

137. Егер электр машинасының разрядтағыш шарларын изоляторға бекітілген жалпақ металл тіліктеріне қоссақ, машина жұмыс істеп тұрғанда астыңғы тілікке себілген бидай жармасы қозғалысқа келе ме? Металл тіліктердің арасында электр тогы бар деп айта аламыз ба?

138. Зарядтары q және q/2 бірдей екі шар түйістіріліп, одан кейін ажыратылған. Шарлардың әрқайсысының зарядтары қандай болады?

139. Шамалары бірдей 10·10-9 Кл екі заряд қандай қашықтықта 9·10-3 Н күшпен әсерлеседі?

140. Аспандағы екі бұлттың электр зарядтары сәйкесінше 20 Кл және 30 Кл. Бұлттар арасында орташа қашықтық 30 км болса, онда олар бір-бірімен қандай күшпен әрекеттеседі?

ІІ нұсқа. В деңгейі

141. Зарядталған электроскоптың шарына саусағымызды жақындатсақ (шарға тигізбей-ақ), оның жапырақшалары неліктен бі р-біріне тартылады?

142. Теріс зарядталған май тамшысы А пластинаға қарай баяу қозғалып келеді. а) Тамшының қозғалысын тоқтату үшін не істеу керек? ә) Тамшыны жоғары қарай қозғалуға мәжбүр ету үшін не істеу керек?

143. Сутегі немесе басқа зарядтардың атомы электрон зарядының 0,5-ке тең зарядын жоғалта ала ма? Электрон заряды қаншаға тең?

144. Жер мен бұлттың арасында пайда болған найзағай электр тогына жата ма? Бұлттар арасындағы найзағай ше?

145. Екі бірдей нүктелік зарядтар вакуумда 0,1 Н күшпен әсерлеседі.Зарядтардың арақашықтығы 6 м. Осы зарядтардың шамасын табыңдар.

146. Керосинде тұрған 1,3·10-9 Кл заряд, өзінен 0,005 м қашықтықта тұрған екінші зарядпен 2·10-4 Н күшпен әсерлеседі.Сондағы екінші зарядтың шамасын табыңдар.Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2.


ІІ нұсқа. В деңгейі

147. Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың арақашықтығын неше есе өзгерту керек?

148. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі.Әр шардағы артық электрондардың санын табыңдар.

149. Ауада тұрған екі заряд 0,05 м қашықтықта бір-біріне 1,2·10-4 Н күшпен әсерлеседі, сол екі заряд қайсыбір ток өткізбейтін сұйықтың ішінде 0,12 м қашықтықта тұрып 1,5·10-5 Н күшпен әсерлеседі.Сол сұйықтың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

150. Екі бірдей нүктелік заряд вакуумда тұрып, 0,1 м қашықтықта қандай күшпен әсерлессе, скипидарда 0,07 м қашықтықта сондай күшпен әсерлеседі.Скипидардың диэлектрик өтімділігін табыңдар.

151. Екі нүктелік заряд q1 және q2 бір-бірінен r арақашықта тұр.Егер олардың арақашықтығы

r=50 см –ге азаятын болса, онда өзара әсер күші екі есе көбейеді. R қашықтықты табыңдар.

152. Заряды 1,8·10-8 Кл өткізгіш шарик, сондай екі шарикпен жанасты.О шариктердің біреуінің

заряды -0,3·10-8 Кл, ал екіншісі зарядталмаған.Шариктер арасында зарядтар қалай бөлінеді? Олардың біреуінен 5 см қашықтықтағы екіншісінің вакуумдағы өзара әсер кү ші неге тең болады?


Электр зарядтары. Кулон заңы.

ІІІ нұсқа. А деңгейі

153. Электроскопқа орнатылған қуыс металл шарға су тамып тұр. А өткізгіші арқылы бюреткадағы су қандай таңбалы зарядпен зарядталғанын қалай анықтауға болады? (Тәжірибеге дейін электроскоп зарядталмаған).

154. Жіпке ілінген гильза алдымен зарядталмаған металл таяқшамен жанасқан.Таяқшаға зарядталған шарды жақындатқанда гильза өзінің бастапқы қалпынан ауытқыған. Неліктен?

155. Қолда бары: зарядталған электроскоп пен металл таяқша.Таяқшада электр тогы болу үшін не істеу керек?

156. Зарядтары q және 4q аттас зарядталған бірдей екі шар бір-біріне тиістіріліп қойылып, одан соң олар қайта ажыратылып қойылған.Олардың әрқайсысының заряды қала өзгереді?

157. Бірдей екі металл шар зарядтары q1=-6·10-8 Кл және q2=15·10-8 Кл, бір-бірінен 10 см қашықтықта тұр.Шарлар арсындағы өзара әрекеттесу күші қандай?


ІІІ нұсқа. В деңгейі

158. Оң зарядталған электроскоп шарына, заряды сондай және қарама-қарсы таңбалы металл өзекше жақындатса (шарға тигізбей) жапырақшалардың өзгерісі қандай болады?

159. Егер электр машинасының зарядталған шарларының біріне жіпке ілінген мақтаны жақындатса, онда мақта екі шардың арасында тербеле бастайды.Неліктен тербелетінін түсіндіріңдер. (Мақта жіпке ілінбесе де тербеледі)

160. Литий атомының құрамында 3 протон бар екені белгілі.Литий атомында жалпы қанша бөлшек бар? Оларды атаңдар.

161. Сутегінің оң және теріс иондары қосылыс кезінде сутегі атомын түзеді.Осы иондардың өзара әсерлесуі кезінде ток пайда бола ма?

162. Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әсерлеседі.Әр зарядтың шамасы қандай?

163. Зарядтары 3,3·10-8 Кл екі заряд, слюда қабатымен бөлінген.Олар 5·10-2 Н күшпен әсерлеседі. Слюда қабатының қалыңдығын табыңдар. Слюданың диэлектрик өтімділігі 8.

ІІІ нұсқа. С деңгейі

164. 1·10-8 Кл және 2·10-8 Кл нүктелік зарядтар вакуумда бір-бірінен 1 м қашықтықта бекітілген.Зарядтарды қосатын түзудің бойында, олардың әрқайсысынан бірдей қашықтықта-3·10-9 Кл заряды бар кішкене дене орналастырылған.Сол денеге әсер ететін күштің модулі мен бағыты қандай болады?

165. q және 4q зарядпен аттас зарядталған бірдей екі металл шар бір-бірінен r қашықтыққа тұр.Шарлар бір-біріне тиістіріліп қойылды.Өзара әсер күші бұрынғыдай болып қала беруі үшін, оларды қандай х қашықтыққа ажыратып қою керек?

166. Зарядтары бірдей 5·106 Кл екі нүктелік зарядты керосинде тұрғандағы әсер күші 0,5 Н болу үшін ол зарядтарды бір-бірінен қандай қашықтыққа орналастыру керек? Керосиннің диэлектрик өтімділігі 2-ге.

167. Бірдей теріс заряды бар екі дене ауада бірін-бірі 0,9 Н күшпен тебеді.Егер олардың арақашықтығы 8 см болса, әрбір денедегі артық электрондардың санын табыңдар.

168. Зарядталған шариктер 2 м арақашықтықта тұрып, 1 Н күшпен бір-біріне тебіледі. Шариктердегі жалпы заряд 5·10-5 Кл.Бұл заряд шариктер арасында қалай бөлінген?

169. Зарядтары 90 нКл және 10 нКл екі заряд бірінен-бірі 4 см қашықтықта орналасқан.Егер өзара әсер күштері тең және күш бағыттары қарама-қарсы болу үшін үшінші зарядты қай жерге орналастыру керек?


Электр өрісінің кернеулігі

І нұсқа. А деңгейі

170. Өрістің бір нүктесінде тұрған 3 нКл зарядқа 0,6 мкН күш әсер етеді.Осы нүктедегі өріс кернеулігін табыңдар.

171. Электр өрісінде тұрған 5 нКл зарядтың өріс кернеулігі 2 кН/Кл. Электр өрісі зарядқа қандай күшпен әсер етеді?

172. Электр өрісінің бір нүктесінде тұрған 1,5 нКл зарядқа 3 мкН күш әсер етеді.Өрістің осы нүктесіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

173. Кернеулігі 2·102 Н/Кл электр өрісіне 10-7 Кл әкелді.Осы зарядқа қандай күш әсер етеді?


І нұсқа. В деңгейі

174. Өрістің бір нүктесінде тұрған 10-7 Кл зарядқа 4·10-3 Н күш әсер етеді.Осы нүктедегі электр өрісі кернеулігін табыңдар және егер осы нүкте өрістен 0,3 м қашықтықта болса, сол өрісті тудырып тұрған зарядты анықтаңдар.

175. Радиусы 30 см металл шарға 6 нКл заряд берілген.Осы шардың бетіндегі өріс кернеулігін табыңдар.

176. Керосиннің ішінде 10-10 Кл нүктелік заряд тудырған өрістен белгілі бір қашықтықта тұрған нүктенің электр өрісінің кернулігі 5 Н/Кл.Өрістің осы нүктесімен зарядтың арақашықтығын табыңдар.Өрістің осы нүктесіне қойылған 3·10-6 Кл зарядқа, өріс таапынан әсер ететін күшті табыңдар.

177. Біртекті электр өрісінде электрон 3,2·1013 м/с2 үдеумен қозғалады.Егер электронның массасы 9,1·10-31 кг болса, өріс кернеулігін табыңдар.


І нұсқа. С деңгейі

178. Керосин ішінде орналасқан екі зарядтың 6·10-7 Кл және -2·10-7 Кл олардың арақашықтығы 0,4 м.Зарядтың центрлерін қосатын түзудің ортасында орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.

179. 6·10-9 Кл және 2·10-8 Кл екі зарядтың өрісінде, осы зарядтарды қосатын түзудің бойында, бірінші зарядтан 0,03 м қашықтықта орналасқан нүктенің өріс кернеулігін табыңдар.Зарядтардың арақашықтығы 0,05 м, олар орналасқан ортаның диэлектрик өтімділігі 2.

180. Екі заряд берілген, олардың екіншісі біріншісінен модулі бойынша 4 есе артық, олар бірінен-бірі а қашықтықта орналасқан.Егер зарядтар аттас заряд болса, кеңістіктің қандай нүктесінде зарядтарды қосатын түзудің бойында өріс кернеулігі нөлге тең болады?

181. Екі аттас 0,27 мкКл және 0,17 мкКл зарядтар бірінен-бірі 20 см қашықтықта тұр.Зарядтар арасындағы түзудің қай нүктесінде өріс кернеулігі нөлге тең болады?


Электр өрісінің кернеулігі

ІІнұсқа А деңгейі

182. Электр өрісінің қайсыбір нүктесін негізделген 0,33*10-7Кл зарядқа 1*10-5 Н күш әсер етеді.Өрістің осы нүктедегі кернеулігін табыңдар.

183. Электр өрісінің кернеулігі 2*103Н/Кл –ге теңнүктеде орналасқан 12нКл зарядқа қандай күш әсер етеді.

184. Өрістің қандай да бір нүктесінде 2нКл зарядқа 0,4мкН күш әсер етеді. Өрістің осы нүктесіндегі кернеулікті табыңдар.

185. 3*10-8Кл заряд кернеулігі 6*104Н/Кл-ға тең өріс нүктесіне орналастырылған. Зарядқа әсер ететін күш қандай?

ІІІ-нұсқа В деңгейі

186. Өрістің 5*10-9 Кл зарядқа 3*10-4Н күш әсер ететіндей нүктесіндегі кернеулігін табыңдар. Егер қарастырып отырған нүкте зарядтан 100 мм қашықтықта болса, өрісті тудыратын зарядтың шамасы қандай болады. Орта-ауа.

187. Зарядтан 9 және 18см қашықтықтағы нүктелерде орналасқан 36 нКл заряд өрісінің кернеулігін табыңдар.

188. Жер бетіндегі өріс кернеулігі 130Н/Кл. Өрісті жердің заряды тудырады деп, срл зарядтың шамасын есептеп шығарыңдар.

189. Кернеулігі 1*104 Н/Кл өрістегі электрон қандай үдеумен қозғалады.


ІІІ- нұсқа. С деңгейі

190. Әрқайсысы 0,1 мКл зарядтар бір –бірімен 6 см қашықтықта орналастырылған. Зарядтардың әрқайсысынан 5 см қашықтықтағы нүктенің өріс кернеулігін табу крек?

а)екі оңзаряд үшін б)бір заряд оң, екіншісі теріс жағдайлар үшін шығару керек

191. Модулі жағынан біреуі екіншісінен 4 есе артық екі заряд бір-бірінен а қашақтақта орналастырылған. Егер зарядтар әр аттас болса, онда өрістің қай нүктесінде кернеулік нөлге тең болады.

192. Екі нүктелік зарядтар 3,35 және -6,6 нКл бір-бірінен 5см қашықтықта орналасқан. Оң зарядтан 3 см және теріс зарядтан 4 см қашықтықтағы нүктедегі өріс кернеулігін анықтау керек.

193.Кернеулігі 1,3*105 Н/Кл вертикаль төмен бағытталған біртекті электр өрісінде массасы 2*10-9 г сұйық тамшысы тепе-теңдік жағдайда тұрып қалды. Тамшының зарядын және ондағы басы артық электрондардың санын табыңдар.


Электр өрісінің жұмысы,

потенциал, потенциал айырымы

1- нұсқа. А деңгейі

194. 20нКл заряд потенциалы 700В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді. Потенциалы 100В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғанда ше?

195. 1*10-6Кл заряд өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшірілген. Егер зарядты көшіргенде істелінген жұмыс 6*10-6 Дж-ға тең болса, бұл нүктелердің арасындағы потенциалдар айырмасы қандай болады.

196. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарады.Заряд неге тең?

197. Біртекті өріс кернеулігінің бірсызығы бойында жатқан екі нүктесінің арасындағы кернеу 2кВ-қа тең. Осы нүктелердің арақашықтығы 10см. Өрістің кернеулігі қандай?

198. Бір күш сызығының бойында бірінен –бірі 3 см қашықтықта жатқан нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымы 120В-қа тең. Егер өрістің біртекті екені белгілі болса, өріс кернеулігін табыңдар.



Электр өрісінің жұмысы , потенциал, потенциал айырмасы

ІІнұсқа. А деңгейі

199. 2нКл зарядтың электр өрісінің бір нүктесіндегі потенциалдық энергиясы 6мкДж. Осы нүктедегі потенциал неге тең болады?

200. Өрістің бір нүктесінде 200В потенциалға дейін зарядталған дененің потенциалдық энергиясы -0,5 мкДж . Оның заряды қандай?

201. 5 нКл зарядты өрістің потенциалы 300 В нүктесінен потенциалы 100В нүктесіне көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды?

202. Ауада ьұрған бір-бірінен изоляциаланған екі өткізгіштің электрлік потенциалдары 110В және -110В. 5*10-4Кл зарядты осы екі өткізгіштің біреуінен екіншісіне көшіргенде электр өрісі қандай жұмыс істейді.

203. Цинк атомының ядросының заряды 4,8*10-18Кл. 10 нм қашықтықта цинк атом ядросы жасаған электр өрісінің потенциалын табыңдар.

204. 2 нКл зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесәіне көшіргенде электр өрісі 15 мкДж жұмыс жасайды. Бұл нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы қандай?


ІІ нұсқа. В деңгейі

205. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарының бағытымен -25нКл зарядты 2см –ге жылжытқан. Өрістің жұмысын, заряд пен өрістің өзара әсерінің потенциалдық энергиясының өзгерісін, орын ауыстырудың бастапқы және соңғы нүктьелерінің арасындағы кернеуді табыңдар.

206.Тыныш тұрған электронды үдету үшін 1000В потенциалдар айырмасын бергенде электрон қандай жылдамдық алады. Электронның массасы 9,1*10-31кг.

207. Бірдей екі заряд берілген (q 1 =q 2 =q=+2Кл).Олар бірінен – бірі r 1=50 м қашықтықта орналасқан. Оларды r2=25см қашықтыққа дейін жақындату үшін, қандай жұмыс атқару керек.

208. Радиусы 10 см шар берілген. Сол шардың бетінен ι = 5см қашықтықтағы электр өрісінің потенциалы φ1=10В-қа тең. Шардың потенциалын табу керек.

209. Электронның жылдамдығы 10-нан 30Мм/с –ке арту үшін, ол қандай потенциалдар айырмасын жүріп өтуі керек ?

210. Электр өрісінде қозғала отырып, электрон бір нүктеден одан потенциалы 1 В жоғары екінші нүктеге ауысты. Электронның кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Потенциалдық энергиясы ше?


ІІ нұсқа. С деңгейі

211. Радий атомының ядросынан массасы 6,67*10-27кг,а-бөлшегі 2*107м/с жылдамдықпен ұшып шығады. Бөлшектің энергиясын және бөлшекке осындай энергия беретін потенциалдар айырмасын табыңдар.

212. Электрон үдетуші өрісте потенциалы 200 В нүктеден 300 В нүктеге орын ауыстырған. Электронның кинетикалық энергиясын, өріспен өзара әсерлескендегі потенциалдық энергия өзгерісін және алған жылдамдығын табыңдар.

213. Бірдей потенциалдар айырмасын жүріп өткен а бөлшек пен протонның кинетикалық энергиялары мен алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.Протонның массасына қарағанда а бөлшектің массасы 4 есе , ал заряды 2 есе артық.

214. Электрон электр өрісінде қозғала отырып, өзінің жылдамдығын υ1 =1*107м/с-тан υ2=3*107м/с-қа дейін арттырады. Электронның орын ауыстыруының бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырмасын табу керек.Электрон зарядының өзінің массасына қатынасы мынаған тең: е/m=1.76*1011Rk/ru7

215. Өріс 17*10-9 Кл зарядтан жасалған. Ал соған аттас 4*10-9Кл зарядты алып, алдыңғы зарядтан 0,5 м қашықтықтағы нүктеден, екінші бір 0,05 м нүктеге көшіргенде өріс қандай жұмыс жасайды.


Өткізгіштің электр сыйымдылығы.

Жазық конденсатордың сыйымдылығы

А деңгейі

216. Өткізгішке 1*10-8 Кл заряд беріліп, оны 100В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің электр сыйымдылығын Фарад (Ф), микрофарад (мкФ),пикофарад (пФ) есептеңдер.

217. Электрленген металл таяқшаның зарядының шамасын анықтаңдар, ол таяқшаның электр сыйымдылығы 0,05 пФ, потенциалы 3 кВ.

218. Конденсатордың паспортында былай жазылады: «150 мкФ,200В». Осы конденсаторға қандай ең үлкен электр зарядын беруге болады?

219. Егер өткізгішке 10-8Кл заряд берілсе, онда оның электр потенциалы 100 В-қа көбейеді. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңдар.

220. Конденсатордың электр сыйымдылығы 5пФ.Егер астарларының арасындағы кернеу 100 В болса, онда оның әр астарындағы зарядты табыңдар.

221. Егер конденсатордағы заряд 4нКл және сыйымдылығы 2000пФ болса, онда оның астарларының арасындағы кернеу қандай болады.


В деңгейі

222. Арасында ауа бар жазық конденсатор екі пластинадан тұрады. Егер әр пластинаның ауданы 10-2м2, олардың арақашықтығы 0,5*10-2 м болса,осы конденсатордың сыйымдылығын табыңдар, егер осы конденсаторды глициринге (ε=56,2) оның электр сыйымдылығы қалай өзгереді.

223. Сыйымдылығы 1400пФ конденсатордың бір-біріне қабаттасқан екі пластинасының аудандары 1,4*10-3м2,пластиналар арасындағы диэлектрик слюда (ε=6).

224. Жазық ауалық конденсатор екі квадрат пластинадан тұрады, олардың арақашықтығы 10-3м. Конденсатордың сыйымдылығы 1 Ф-қа тең болса, бұл пластинаның әрқайсысының ұзындығы қандай болады?

225. Жазық конденсатордың пластиналары аудандары 36 см2 екі жалпақ металл пластинадан тұрады, олардың ортасында қалыңдығы 0,14 см слюда пластина тұрады. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең болады?Егер конденсатордағы кернеу 300 В-қа тең болса, ондағы заряд қандай болады?

226.Жазық конденсатордың әр пластинасының ауданы 520 см2. Конденсатордың сыйымдылығы 46 пФ болу үшін оның пластиналарын ауада бір-бірінен қандай қашықтықта орналастыру керек?

227. Бір конденсатордың сыйымдылығы 200пФ, ал екіншісінікі 1мкФ.Конденсаторлардағы бір ғана тұрақты кернеу көзінің полюстеріне қосқан кезде оларда жинақталған зарядты салыстырыңдар.


С деңгейі

228. Сыйымдылығы 200пФ конденсатор жасау үшін қалыңдығы 0,2 см (ε=2) парафинделген қағаздың екі жағына да алюминий фольгадан жасалған дөңгелектерді желімдеп жапсырады.Бұл дөңгелектің диаметрі қандай болу керек?

229. Бірінші конденсатордың сыйымдылығы 0,5 мкФ, ал екіншісінікі 5000пФ. Осы конденсаторларда бірдей заряд қорын алу үшін оларға түсірілген кернеулерді салыстырыңдар.

230. Ауа конденсаторларының пластиналары арасындағы кеңістікке қатты диэлектрикті енгізгенде конденсатордың кернеуі 400В-тан 50В-қа дейі кеміген. Диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі қандай?

231. Жазық конденсатор кернеуі U=200 В, ток көзі арқылы зарядталды. Сонан соң конденсатор осы ток көзінен ажыратылды. Егер пластиналардың арақашықтығын бастапқы d1=0,2мм-ден d2һ0,7 мм-ге дейін арттырсақ және пластиналар арасындағы кеңістікті слюдамен толтыратын болсақ, онда олардың арасындағы кернеу қандай болар еді. Слюданың диэлектрлік өтімділігі ε=7-ге тең.

232. Конденсатордың пластиналарының жұмыстық ауданын 2 есе азайтса, ал олардың арақашықтығын 3 есе кемітсе, конденсатордың сыйымдылығы неше есе өзгереді?

233. Жазық ауа конденсатордың ішіндегі электр өрісінің кернеулігін табу керек. Егер оның заряды 0,5 мкКл, ал пластиналарының ауданы 500 см2.

Ток күші. Кернеу Кедергі.

А деңгейі

234. Электр шамының қыл сымынан 5 мин сайын 540 Кл электр заряды өтеді. Шамдағы ток күші қандай қандай болады.

235. Ұзындығы 0,9 км, көлденең қимасының ауданы 10мм2 алюминий сымының кедергісі 2,5 Ом. Оның меншікті кедергісін табыңдар.

236. Электр дәнекерлегішіндегі ток күші 500 мА. Осы дәнекерлегіші арқылы 2 мин сайын қанша заряд ағып өтеді.

237. Ұзындығы 2 м, қимасының ауданы 0,18 мм2 , никелин сымының кедергісін табыңдар.

238. Электр шамы арқылы 10 мин.уақыт ішінде 380 Кл электр мөлшері өтетін болса, ондағы электр тогының шамасы неге тең болады?

239. Өткізгіштен 50 Кл электр зарядтары ағып өткенде жасалатын жұмысты есептеңдер. Ал өткізгіштің ұштарындағы кернеу 120 В.

240. Өткізгіштен 50Кл электр зарядтары ағып өткенде, 800 Дж жұмыс жасалатын болса, онда тізбек бөлігіндегі кернеу неге тең болады?

В деңгейі

241. Прожектордың электр шамындағы ток күші 2 А. Егер ол 1 мин. Ішінде 45,6 кДж энергия жұмсайтын болса, прожекторға түскен кернеу неге тең болады?

242. Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 240 Кл зарядты тасымалдағанда 16 мин. Уақыт ішінде 1200 Дж жұмыс жасалды. Тізбектегі кернеуді және ток күшін табыңдар.

243. Ұзындығы 1,2 м, қимасының ауданы 0,4 мм2, кедергісі 1,2 Ом өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

244. Кедергісі 180 Ом реостат жасау үшін , қимасының ауданы 0,1 мм2, никелин сымының қанша метрін алу керек.

245. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 5В. Осы өткізгіш 40 с уақыт ішінде 500Дж жұмыс жасайтын болса, ондағы ток күші неге тең болады?

246. Ұзындығы 1000м, кедергісі 1,1 Ом болу үшін мыс сымның қимасының ауданын қанша етіп алу керек?

247. Ұзындығы 3м, қимасының ауданы 0,25мм2, кедергісі 6 Ом болатын константан сымының меншікті кедергісі неге тең болады?


С деңгейі

248. Бірнеше орам мыс сымының қимасының ауданы 0,03мм2, ал ұзындығы 200м. Осы сымның кедергісін және массасын табыңдар.

249. Адам баласы үшін қауіпсіз ток 1мА деп есептеледі. Осы токта 1с ішінде өткен зарядтың шамасын табыңдар. Осындай ток пайда болуы үшін 1с ішінде өткізгіштің қимасынан қанша электрон өтуі керек.

250. Массасы 1 кг металдан ұзындығы 1 км сым дайындау крек. Егер осы сымды мыстан жасасақ кедергісі ма, әлде күмістен жасасақ кедергісі көп болама? Қанша есе?

251. Ұзындығы 100м, кедергісі 1 Ом өткізгіш дайындау керек. Алюминий, мыс сымдарының қайсысының массасы аз болады.

252. Ұзындығы 3 м, ішкі диаметрі 3см, қабырғасының қалыңдығы 1 мм темір трубаның кедергісін табыңдар.

253. Мыс сымның кедергісі 1 Ом, массасы 1 кг. Осы сымның ұзындығын, қимасының ауданын табыңдар.

254. Массасы 10 кг алюминий сымның диаметрі 2 мм болса, оның кедергісі неге тең болады?


Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

А деңгейі

255. Электр утюгі кернеуі 220 В жүйеге қосылған. Егер утюктің қыздырғыш элементінің кедергісі 48,4 Ом болса, ондағы ток күші неге тең болады?

256. Кедергісі 0,25 Ом өткізгіште ток күші 30А болу үшін, өткізгішке қандай кернеу түсіру керек.

257. 120 В кернеу кезінде ток күші 0,5 А болатын электр шамының кедергісін табыңдар.

258. Кедергісі 20 Ом өткізгіштегі ток күші 0,4 А болса, өткізгіштің ұштарындығы кернеуді табыңдар.

259. 0,06 В кернеу кезінде, ток күші 30 А болатын, амперметр орамасының кедергісін табыңдар.

260. Егер шамның цоколындағы жазу 6,3В, 0,22 А болатын болса, онда электр шамының кедергісі неге тең болады.


В деңгейі

261. Ұзындығы 12 м, қимасының ауданы 0,1 мм2,220В кернеу түсіп тұрған өткізгіштен 4 А ток жүреді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісін табыңдар.

262. Тұтынушыға ток келтіретін мыс сымының ұзындығы 60 м. Онан өтетін ток 160 А болғанда, кернеудің түсуі 8 В-қа тең болса, осы сымның қимасының ауданын табу керек.

263. Ұзындығы 100м, қимасының ауданы 0,04 мм2, мыс сымға түскен кернеу 6,8 В. Осы мыс сымға түскен кернеуі 6,8 В. Осы сымнан өткен токты табыңдар.

264. Ұзындығы 140 см, көлденең қимасының ауданы 0,2мм2, болат сымнан өтетін ток 250 мА. Осы сымның ұштарына түскен кернеуді табыңдар.

265. Электр қыздырғыштың спиралы никелин сымнан жасалған. Оның қимасының ауданы 0,1 мм2, 220 В кернеу түскенде жүретін ток 4 А. Спирал жасалған сымның ұзындығын табыңдар.

266.Электр тогын жеткізу линиясының ұзындығы 200 км. Оған арнап қимасының ауданы 150 мм2, алюминий сым дайындаған. Линиядағы ток 150 а. Линиядағы кернеу түсуін табыңдар.


С деңгейі

267. Ұзындығы 300 м, мыс өткізгіштің ұштарына 36 в кернеу түсіріледі. Егер мыстағы өткізгіштің электрондар шоғыры 8,5*1028м-3 болса, өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының орташа жылдамдығы қандай болады.

268. Диаметрі 0,1 мм мыс сымның ұзындығы 1 м болғанда оның кедергісі 2,23 Ом-ға тең. Мыстың меншікті кедергісі қандай

269. Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм1 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай болады

270. Кернеуі 220 В желіге: а)30 Ом,5 А; б)2000 Ом, 0,2 А; деген жазуы бар реостатты қосуға бола ма?

271. Диаметрі 1,5 мм ұзындығы 14,2 м өткізгіштің ұштарындағы кернеу 18 В, ал оның бойымен 2,25 А ток өтеді. Осы өткізгіштің меншікті кедергісі неге тең.

272. Кедергісі 0,2 Ом, массасы 0,2 кг мыс өткізгіштің ұзындығын және көлденең қимасының ауданын табыңдар.


Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.

А деңгейі

273. Кедергісі 9,5 Ом электр шамы, кедергісі 12 Ом реостат және ұзындығы 4 м қимасы 0,4мм2 мыс сым тізбектей қосылған. Тізбектің кедергісін табыңдар.

274. Кедергілері 2,3,4 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Қосылған өткізгіштердің жалпы кедергісін табыңдар.

275. Кедергілері 540,270 және 135 Ом үш резистор параллель қосылған. Тізбектің жалпы кедергісін табыңдар.

276. Бірдей төрт сым резисторды параллель жалғағанда олардың жалпы кедергісі 200 Ом болып шықты. Әр резистордың кедергісін табыңдар.

277. Кедергісі 8 Ом сымды тең төрт бөлікке бөліп, оларды өзара параллель жалғаған. Осы қосындының кедергісін табыңдар.



В деңгейі

278. Егер өткізгішті (изоляциясы жоқ) ортасынан бүктеп ширатып қойса, оның кедергісі неше есе өзгереді

279. Кедергісі 240 Ом-ға тең, 120 В-қа есептелген электр шамын 220 В желіден қоректендіру керек. Көлденең қимасы 0,55 мм2 болатын қандай ұзындығқтағы нихром өткізгішті шаммен тізбектей қосу керек.

280. Жалпы кедергісі 120 Ом болу үшін, 300 Ом өткізгішке кдергісі қандай өткізгішті параллель қосу керек.

281. Тізбектеліп қосылған екі өткізгіштің жалпы кедергісі 5 Ом, ал параллель қосылған 2 Ом және 4 Омдық кедергілерден тұрады. Тізбектегі ток күші 0,3 А. Әр бір өткізгіштегі кернеуді және жалпы кернеуді табыңдар.


С деңгейі

283. Электр тізбегі өзара тізбектеп жалғанған ұзындықтары тең, бірдей материалдан жасалған төрт сымнан тұрады. Бірақ олардың көлденең қималары әр түрлі : 1мм2,2мм2,3мм2,4мм2. Тізбектің ұштарындағы кернеу 100 В. !Әрбір өткізгіштегі кернеуді анықтау керек.

284. Кабель әрқайсысының қимасы 0,6 мм2 екі қабат тарамнан және қимасы 0,85 мм2-лік төрт мыс тарамнан тұрады. Ток күші 0,1 а болғанда кабельдің әрбір километріндегі кернеудің түсуі қандай.

285. 3 В кернеумен 0,3 А ток күшіне лайықталған төрт шамды параллель қосып, 5,4 В-қа тең кернеу көзінен қоректендіру керек. Шамдарға тізбектеп қандай кедергілі релстат қосу керек.

286. Әрқайсысы 6 кОм үш резистор арқылы қандай кедергілер алуға болады.

287. Кернеуі 120 В тізбекке екі кедергі қосылады. Олар тізбектеп жалғанса, ток 3 А, параллель жалғанса ток 16 А болады. Кедергілердің шамалары қандай.


Токтың жұмысы мен қуаты.

Джоуль-Ленц заңы

А деңгейі

288. Өткізгіш арқылы 40 Кл заряд ағып өткенде электр тогы 200 Дж жұмыс жасайды. Осы өткізгішке түсіп тұрған кернеуді табыңдар. (Жауабы : 5В)

289. Генератордың қысқыштарындағы кернеу 380 В, тізбектегі ток күші 5 А. Генератордың қуатын табыңдар. (Жауабы: 1,9 кВт)

290. Қуаты 25 Вт ток 10 мин. Ішінде жасайтын жұмысын табыңдар. (Жауабы: 15кДж)

291. Шам 110 В кернеудегі желігі қосылған. Шамның қылынан өткен зарядты табыңдар. (2 Кл)

292. Шам 6,3 В кернеумен жұмыс істеген кезде ондағы ток күші 0,5 А. Осы шамның қуатын табыңдар. (Жауабы: 3,15 Вт)

293. Егер 30 В кернеуде тұрған өткізгіш арқылы 75 Кл электр заряды өтсе, ондағы токтың жұмысын табыңдар. (2,25 кДж)

294. Кедергісі 20 Ом және тізбектегі ток күші 6 А электр қыздырғышта 2 мин. уақыт ішінде қанша жылу бөлінеді. (Жауабы: 86,4кДж) .

295. 110 В кернеуде 1 А ток тұтынатын электр шамының қылмысында 2 мин ішінде қанша жылу бөлінеді.

296. Кедергісі 100 Ом, реостат тізбегінен 2 А ток өткенде, 2 сағат уақыт ішінде қандай жылу мөлшері бөлінеді. (Жауабы: 1,44МДж)

297. Кернеуі220 В резеткаға қосылған электр плитадан, 3,5 А ток өткенде 690 кДж жылу бөлініп шығады. Плитка желігі қанша уақыт бойы қосылған. (Жауабы: 15 мин).


В деңгейі

298. Қалта фонарына арналған шам астында 3,5В, 0,28 А деп жазылған. Жұмыс режиміндегі кедергі мен тұтынылатын қуатты табу керек.

299. Электрлік құралда 5 А ток күші 45 мин уақыт ішінде 162 кДж жұмысжасады. Осы құралдың кедергісін табыңдар.

300. Кедергісі 10 Ом өткізгіштің ұштарына 12 кернеу берілген. Осы өткізгіштен 20 с ішінде қанша электр заряды өтеді. Осы кезде қандай жұмыс істеледі.

301. Бір электр шамы 127 В кернеу жүйесіне қосылған. Ал екінші шам 220 В кернеу жүйесіне қосылған. Екеуінен де 1 Кл заряд ағып өткенде шамдардың қайсысында көп жұмыс істеледі.

302. Электр шамы 127 В кернеуге лайықталған, Тұтынатын қуаты 50 Вт. Осы шамды 220В кернеуге қосу үшін оған қандай қосымша кедергі жалғау керек.

303.Кедергісі 3Ом және 6 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған. Бірінші резистордан өтетін ток 2А. 10 с уақыт ішінде екі резистордан қандай жылу мөлшері бөлінеді.

304. Кедергісі 6Ом және 10 Ом екі резистор тізбекке параллель қосылған.Егер екінші резисторға түсетін кернеу 20 В-қа тең болса, онда 2 мин уақыт ішінде әрбір резисторда қандай жылу мөлшері бөлінеді.


С деңгейі

305. Көтергіш кранның электр двигателі 380 В кернеумен жұмыс істейді. Оның орамындағы ток күші 20 А. Егер массасы 1 т жүкті кран 50 с ішінде 19 м биіктікке көтеретін болса, қондырғының ПӘК-і қандай болады.

306. Электр плитасын жөндегенде оның орамасы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлігіндей қысқарған. Плитаның қуаты неше есе өзгерген.

307. 120 В кернеуге есептелген 25 Ваттық шамды кернеуі 220 В электр желісіне қосқанда, ол шамның қуаты қандай болады.

308. Кернеуі 120 В ток көзіне кезекпен бірдей уақыт бойы кедергілері 20 және 40 Ом екі өткізгішті қосты.Қай жағдайда электр тогының жұмысы аз болады және қанша есе аз.

309. Электр плитасының қылы жанып кетті. Оны қайта жалғағаннан кейін біраз қысқарған. Белгілі бір уақыттағы плитадан бөлінетін жылу мөлшері қалай өзгереді.

310. Көлемі 1,5 л суды ПӘК-і 80 % қуаты 600 Вт электр шәйнекте 200С-ден 1000С-қа дейін, қыздыру үшін қанша уақыт керек болады.

311. Электрқыздырғыштың кедергісі 160 Ом қыл сымын ыдыстағы массасы 0,5 кг,температурасы 200С суға салып, оны 220 В кернеу жүйесіне қосқан. Егер қыздырғыштың ПӘК-і 80% болса, су қанша уақыттан кейін қайнайды.


Әр түрлі ортадағы электр тогы

А деңгейі

312. Электролит арқылы 1 сағат бойы 1 А ток жүреді. Катодта бөлінген күмістің массасын табыңдар. Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118 кг/Кл.

313. Ток күші 1,6 А болғанда 10 мин ішінде электролиттік ваннаның катодына 0,316 г күміс бөлініп шықты.? Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.

314. 10 мин ішінде ванна 0,67 г күміс бөлініп шығады. Ваннамен тізбектеліп қосылған амперметр 0,9 А көрсетті. Амперметрдің көрсетуі дұрыс па?

315. Ішінде күміс тұзы бар электролиттік ваннадан 1 мА ток жүреді. 1 с ішінде қанша күміс бөлініп шығады.

316. Электролит арқылы 1,5 А ток күші өткенде, 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?


В деңгейі

317. Никель тұзы толтырылған электролиттік ваннаға ішінде хром тұзы бар ванна тізбектей қосылған. Тізбекті ажыратқаннан кейін бірінші ваннада 10 г никель бөлінген. Екінші ваннада қанша хром бөлінеді.

318. Алюминийді өндіргенде ток күші 40 КА болғанда, 5 В кернеумен жұмыс істейтін ванна қолданылады. 1т алюминий өндіру үшін қанша уақыт қажет және бұл жағдайда энергия шығыны қандай?

319. Техникалық норма бойынша электролиттік ваннадағы кернеу 0,4 В болса, 1 т мысты бөліп шығару үшін жұмсалатын энергия шығыны қандай болады.

320. Электролиттік ваннадағы кернеу 10 В, ал қондырғының пайдалы әсер коэффициенті 80 % болса, 1 кг алюминий алу үшін қанша энергия жұмсалады.

321. Күкірт қышқылынан электр тогын өткізгенде 50 мин уақыт ішінде 3 г сутегі бөлінді. Электролиттің кедергісі 0,4 Ом болса, оны қыздыруға кеткен токтың қуатын табыңдар.

322. Азот қышқылы күміс тұзынан электр тогы 2 сағ бойы өткенде ваннадағы кернеу 2В, оның кедергісі 5 Ом болса, бөлініп шыққан күмістің массасын табыңдар.(к=1,118*10-6кг/Кл)



3 тарау. Жарық құбылыстары

І нұсқа.А деңгейі


323. Сәуленің түсу бұрышы 200С. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш неге тең?

324. Үйдің ішінде суретке түсіргенде не себептен ақ түсті экран қолданылады

325. Суландырылған таза шыны арқылы біз нәрсені жақсы көреміз. Шыныға демалсақ көрініс кенет төмендейтіні неліктен?

326. Матаның құрғақ бөлігіне қарағанда , сулы бөлігі қоңырқай болып көрінеді?

327. «Зенит» маркалы фотоаппараттың оптикалық күші 18 дптр. Фотоаппарат обьективінің фокус аралығы неге тең?

328. Қалта фонарының шамы жарқырағанда энергияның қандай түрленуі болады?

329. Жарық көзі жалғыз болса да, неліктен көлеңкесі мүлдем қараңғы болмайды?

330. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыш 500С-қа тең. Сәуле айнаға қандай бұрышпен түседі?

331. Автомобиль жарығының шоғы тұманда және шаңды ауада неліктен жақсы көрінеді?

332. Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы 50 см болса, айнаның фокус аралығы қандай?


В деңгейі.

333. Фокус аралығы 5 см және -2м линзаның оптикалық күші қандай?

334. Дене ойыс айнадан 3Ғ қашықтықта орналасады?

3hello_html_m36c9b856.gif35. Жинағыш линзадан нәрсеге дейінгі қашықтық 35 см, ал алынған кескін 25 см қашықтықта болса, линзаның фокус аралығы және оптикалық күші неге тең?

3hello_html_4cf5cde1.gifhello_html_m46321507.gif36. Өлшеулер дененің көлеңкесі оның

биіктігіне тең екенін көрсетті. Күннің

hello_html_4c0d539e.gifкөк жиектен биіктігі қандай? ( Жауабы:450 ) .

337. Кескін жинағыш линзадан 2м қашықтықта орналасқан. Линзаның фокус аралығы 60 см болса, алынған кескін линзадан қандай қашықтықта орналасқан?

338. Оптикалық күштері 4 дптр және –дптр көзілдірікті киетін адамдардың көзі туралы не айтуға болады? Фокус аралығы қандай?


С деңгейі

339. Қисықтық радиусы 40 см ойыс айнадан 2 есе ұлғайған нақты кескін алу үшін денені қандай қашықтыққа орналастыру крек?

340. Фокус аралығы 30 см болатын жинағыш линзадан 1,5м қашықтықтағы заттың экранда кескіні алынған. Зат линзадан қандай қашықтықта орналасқан. Линзаның үлкейтуі қандай?

341. Ойыс айнаның қисықтық радиусы 0,4 м, кескін мен айнаның арақашықтығы 1,5м болса, нәрсе айнадан қандай қашықтықта орналасқан?

342. Нәрсе мен кескіннің арақашықтығы 145 см. Линзаның үлкейтуі 3 есе болса, линзаның фокусы арқылы қандай?

343. Фокус аралығы 10 см ойыс айнаның алдында 15 см қашықтықта шам орналасқан. Шам жалының биіктігі 3 см болса, шамның нақты кескін алу үшін қайда орналастыру керек?

344. Май шам шашыратқыш линзадан 13 см қашықтықта орналасқан. Линзаның оптикалық күші және үлкейтуі қандай? Кескін линзадан 0,5 м қашықтықта алынған.


Жарық құбылыстары

2 Нұсқа. А деңгейі

345.Сендер қазір жарық көзі болып табыласыңдар ма? Қандай?

346. Жарық сәулесі суы бар шыны ыдыстан өтеді. Қырына көлбеу түседі. Сәуле неше рет сынады?

347. Шырақ жанып тұрғанда энергияның қандай түрленуі болады?

348. Жарық бөлме ішіне бірдей түсіп тұрса да неліктен қабырғадағы түс қағаздарының бірі ашық түсті, ал екіншісі қоңырқай түсті болып көрінеді?

349. Айна мен оның бетіне түскен сәуленің арасындағы бұрыш 300. Сәуленің шағылу бұрышы неге тең?

350. Шам жанып тұрған бөлмедегі кітап қандай жарықтың көзі болып табылады?

351.Терезеге күн сәулесі тікелей түспесе де бөлме неге жарық болады?

352. Сулы мата арқылы жарыққа қарасақ , оның суланған бөлігі құрғақ бөлігіне қарағанда, жарығырақ сияқты болып көрінетіні неліктен?

353. Жарықтың физикалық денелерге тигізетін химиялық әсері қандай?

354. Неліктен фотосуретті «ақ» бұлтты күннің өзінде фотоаппараттың түсіру уақытын ашық күндегі уақыттан аз етіп алады?

355. Оптикалық күші 500 дптр-ға тең линзаның фокус аралығы қандай?


ІІ нұсқа.В деңгейі

356. Ашық күні биіктігі 1,8 м шыршаның жерге түскен көлеңкесі 90 см, ал қайыңдікі Н қандай?

357.Ашық күні тік қойылған бір метрлік сызғыштың көлеңкесі 50 см, ал ағаштікі -6м. Ағаштың биіктігі неге тең?

358. Кескіннен ойыс айнаға дейінгі қашықтық 0,5м, ал айнадан кескінге дейінгі қашықтық 1,5м болса, айнаның қисықтық радиусы неге тең?

359. Фокус аралығы 205 см жинағыш линзамен нәрсенің арақашықтығы 45 см болса,сызықтық үлкейтілуі неге тең?

360. Түскен және шағылған сәулелердің арасындағы бұрыштың ¾ бөлігі 700С-қа тең. Сәуленің шағылу бұрышы неге тең?

361. Кескіннен жинағыш линзаға дейінгі қашықтық 45 см, ал линзадан берілгеннәрсеге дейінгі қашықтық 15 см болса, линзаның фокус аралығы мен оптикалық күші неге тең?


ІІІ нұсқа.С деңгейі

362. Фокус аралығы 10см ойыс айнаның алдында 14 см қашықтықта шам орналасқан. Айнадан экранның қашықтығы 6 см болса, шам жалынының биіктігі қандай болар еді?

363. Қисықтық радиусы 10 см дөңес айнаның алдында 30 см қашықтықта дене орналасқан. Дене мен оның кескінінің өлшемін салыстырыңдар.

364. Ойыс айнаның жәрдемімен экранда дененің 2,5 есе кішірейтілген кескіні алынған. Экраннан денеге дейінгі қашықтық 85 см. Айнаның қисықтық радиусы қандай?

365. Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 95 см. Экранда нәрсенің айқын бейнесін алу үшін фокус аралығы 25 см жинағыш линзаны олардың қай аралық тұсына қою керек?

366. Жинағыш линзаның оптикалық күші 4 дптр, алынған кескіннің биіктігі нәрсенің биіктігінен 1,5 есе үлкен болса, нәрсе линзадан қандай қашықтықта орналасқан.

367. Фокус аралығы 6 см фотоаппаратпен биіктігі 9 м ағашты суретке түсіргенде , оның пленкаадағы биіктігі 36 мм болса, ағаш фотоаппараттан қандай қашықтықта тұрған?

























































9 класс

Механика

І тарау. Кинематика негіздері

1. Ілгерілемі қозғалыс. Материалық нүкте.

Санақ басы. Жол және орын ауыстыру.

А нұсқасы

1. Мыналарды есептегенде Жерді материялық нүкте деп алуға бола ма? А)Жерден күнге дейінгі арақашықтықты б) бір ай ішінде жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жолын; в)Жер экваторының ұзындығын; г) Жердің өз осін айнала тәуліктік қозғалысы кезіндегі экватор нүктесінің қозғалыс жылдамдығын; д)Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жылдамдығын;

2. Бірнеше секунд ішінде жүрген жолды есептеу үшін, ұзындығы шамамен 1 км теміржол составын материялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?

3. Біз таксиге не үшін жол ақы төлейміз: жолы үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? Ұшаққа ше?

4. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп , одан ыршып 1м биіктікке көтерілгенде , оны ұстап алды. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңдар


Б нұсқасы

5. 5-суретте бес материялық нүктенің орын ауыстырулары көрсетілген. Орын ауыстыру векторларының координаттар осіндегі проекцияларын табыңдар?

6. 6-суретте материялық нүктенің А-дан В-ге дейінгі қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаттарын, орын ауыстырудың координаттар осіндегі проекцияларын, орын ауыстыру модулін табыңдар.

7. 7-суретте материялық нүктенің А-дан Д-*ге дейінгі қозғалысының АВСД траекториясы көрсетілген. Қозғалыстың бас кезіндегі және аяқ кезіндегі нүктенің координаталарын, жүрілген жолды, орын ауыстыруды, координаттар осі бойымен орын ауыстыру проекцияларын табыңдар.

8. Вертолет горизонталь бағытта түзу сызық бойымен 40 км ұшып,900 бұрыш жасап бұрылып, тағы 30 км ұшты. Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңдар.


С нұсқасы

9. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2 км, содан соң солтүстік бағытта тағы 1км жүзді. Катердің орын ауыстыруы мен бағытын геометриялық салу арқылы табыңдар.

10. Туристер алғашында солтүстік - батысқа қарай 400м, содан соң шығысқа қарай 500 м жүріп, солтүстікке қарай тағы 300м жүрді. Геометриялық салу тәсілі арқала олардың орын ауыстыруының ммодулін және бағытын табу керек.


2. Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс

А нұсқасы

11. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1.5t.Осыны түсіндіретін сурет салып (х осін оңға бағыттап), бақылау басталар мезеттегі автомобиль мен адамның орындарын анықтаңдар.Олар қандай жылдамдықпен және қай бағытта қозғалады? Олар қашан және қай жерде кездесті?

12. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t, x2=150-10t ,х 2=150-10t ңдеулерімен берілген. X(t) тәуелділігінің графиктерін салыңдар. Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңдар.

13. Екі дененің қлзғалыс теңдеулері былай берілген : х1=x01+υ2x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=24м, υ4,2м/с. x02=87 м, υ2x=2,7м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.

14.Екі дененің қозғалыс теңдеулері былай берілген: х1=x01+υ1x және х2=x02+υ2x. Мұндағы x01=63м, υ= -6,2м/с; x02= -12м, υ2x=4,1м/с.Денелердің кездесетін уақытын және кездесетін орнының координатын табыңдар.

С нұсқасы

15. 8-суретте түзу сызықты жолмен автобус, жеңіл автоиобиль, мотоциклші бір қалыпты жүріп келеді.Автобус оңға қарай 20 м/с, жеңіл автомобиль солға қарай 15 м/с, мотоциклші солға қарай 10 м/с жылдамдықпен жүреді. Бұл экипаждардың бастапқы координаталары сәйкесінше мыналарға тең: 500,200 және 300м.Сол денелердің қозғалыс теңдеулерін жазыңдар. Мыналарды табу керек: а)5 с өткендегі автобустың координатын; б)жеңіл автомобильдің 10 с өткендегі координаты мен жүрген жолы; в)қанша уақыттан кейін мотоциклшінің координаты-600м-ге тең болатынын; г)автобустың ағаштың тұсынан өткен кезін; д)бақылау басталардан 20 с бұрын жеңіл автомобильдің қайда болатынын.


С нұсқасы

16. Берілген графиктер бойынша (9-сурет) денелердің бастапқы координаттарын және олардың жылдамдықтары проекцияларын табыңдар.Дене қозғалысының х(t) теңдеулерін жазыңдар. Теңдеулер мен графиктер бойынша денелердің 5 с өткеннен кейінгі координаталарын, қозғалыс жылдамдықтарын, 11 және 111 денелердің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.

17.10-суретте екі дененің қозғалыс графиктері көрсетілген.Қозғалыстардың x=x(t) теңдеулерін жазыңдар. Графиктердің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелері нені білдіреді?

18. Түзу тас жолмен бір бағытта екі мотоциклші қозғалып келеді. Бірінші мотоциклшінің жылдамдығы 10 м/с. Екінші мотоциклші бірінші 20/с жылдамдықпен қуып жетаекші. Бастапқы уақыт мезетіндегі мотоциклдердің ара қашықтығы 200 м-ге тең. Координаталар басы ретіндегі екінші мотоциклшінің бастапқы уақыт мезетіндегі тұрған орнын, ал х осінің оң бағыты ретінде мотоциклшілірдің қозғалыс теңдеулерін жермен байланысты санақ жүйесінде жазыңдар. Бір сызбада екі мотоциклшінің қозғалыс графиктерін салыңдар.(ұсынылатын масштаб: 100м-1см; 5с-1см деп алу керек). Екеуінің кездесетін жері мен уақытын табыңдар.


3. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

А нұсқасы

19. Метроның қозғалыстағы эскалаторында тұрған адам жермен байланысқан санақ жүйесінде тыныштық күйде бола ала ма ?

20.Дауылдың жылдамдығы 30 м/с, ал «Жигули» автомобилінің жылдамдығы 150 км/сағ-қа дейін жетеді. Ауаға қарағанда тыныштық күйде қалатындай жағдайда автомобиль қозо ала ма?

21. Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал желдің жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшімен байланысқан санақ жүйесінде, желдің жылдамдығы қандай, егер: а)жел қарсы соғып тұрса; б) жел қуалай соғып тұрса;

22. Екі поезд бір-біріне қарама-қарсы 72км/сағ және 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші поезд ішіндегі жолаушы екінші поездің өзінің жанынан 14 с ішінде өткенін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?


Б нұсқасы

23. Метро эскалаторы 0,75 м/с жылдамдықпен қозғалып барады. Егер жолаушы эскалатормен байланысқан санақ жүйесінде эскалатордың қозғалыс бағытымен бағыттас 0,25 м/с жылдамдықпен келе жатса, онда ол жерге қатысты қанша уақытта 20 м оын ауыстырады?

24. Қайық 240 м ара қашықтыққа барып қайту үшін әкелі өзен арқылы, кейін көл арқылы қатынау керек. Су ағысының жылдамдығы 1 м/с. Қайықтың суға қарағандағы жылдамдығы 5 м/с. Өзенмен жүргендегі уақыт көлмен жүзгендегі уақыттан қанша есе артық болады?

25. Вертолет солтүстікке қарай 20 м/с жылдамдықпен ұшып барады. Егер жел 10 м/с жылдамдықпен батыстан соқса, вертолет қандай жылдамдықпен және меридианмен қандай бұрыш жасап ұшар еді?

26. Катер өзенмен жүзе отырып, сумен байланысқан санақ жүйесінде 4 м/с жылдамдықпен ағысқа перпендикуляр қозғалады. Егер өзеннің ені 800м, ал ағыс жылдамдығы 1 м/с болса, катерді ағыс неше метрге ығыстырып тастайды.


С нұсқасы

27. Суға байланысты санақ жүйесінде қайықтың жылдамдығы 6 м/с және өзеннен ең төте жолмен өтуі керек.1. Егер де өзен ағысының жылдамдығы 2м/с болса, қайықтың курсы (курсы дегеніміз қайық корпусының тұмсығынан арт жағына дейінгі сызықпен, су жағасына тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышпен анықталады.)қандай болуы керек?2. Қайықтың жерге қатысты υ жылдамдығы қанша? 3. Егер өзеннің ені 220 м болса, өзеннің арғы бетіне өту қанша уақыт алады?

28. Вертолет тынық ауада дәл солтүстікке қарай 90 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Егер солтүстік – батыстан меридианға 450 бұрыш жасай жел соқса, Вертолеттің жылдамдығы мен курсы (курсы дегеніміз Вертолет корпусының тұмсығынан арт жағына дейінгі сызықпен, ауаға тұрғызылған перпендикуляр арасындағы α бұрышпен анықталады) қандай болғанын табыңдар. Желдің жылдамдығы 10 м/с.


4. Бір қалыпсыз түзу сызықты қозғалыстағы жылдамдық

А нұсқасы

29. Поезд орнынан қозғалған соң 10 с өткенде 0,6 м/с жылдамдық алады. Қозғалыс басталған соң қанша уақыт өткенде поездың жылдамдығы 3м/с –қа тең болады?

30.Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 4 м/с-қа тең болса, 20 с өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

31. Автомобиль 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатып, өзінің жылдамдығын қанша уақытта 12-ден 20 м/с-қа дейін арттырады?

32. Ұста балғасымен дайындаманы соғып қалғанда, балға тежелген кеездегі үдеу модулі бойынша 200 м/с2-қа тең болады. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, соққы қанша уақытқа созылған еді?






Б нұсқасы

33. Автомобильдің жылдамдық алып қозғала бастаған кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі υх=0.8t теңдеуімен берілген. Жылдамдықтың графигін салыңдар және автомобильдің бесінші секундтың аяғындағы жылдамдығын табыңдар.

34. Поездың жылдамдығы 20 с ішінде 72-ден 54 км/сағ-қа дейін кеміді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігінің формуласын жазыңдар және осы тәуелділіктің графигін салыңдар.

35. 15-суреттегі жылдамдық графигін пайдаланып бастапқы жылдамдықты, төртінші секундтың бас кезіндегі және алтыншы секундтың аяқ кезіндегі жылдамдықты табыңдар. Үдеуді есептеп шығарыңдар және υх =υx(t) тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар.


С нұсқасы

36. 16-суретте берілген графиктер бойынша υх =υx(t) тәуелділігінің графигін жазыңдар.

37. 17-суретте материялық нүктенің бастапқы уақыт мезетіндегі жылдамдық векторы мен үдеуінің векторы көрсетілген. Егер υ0=30 м/с, a=10 м/с2 болса, υх =υx(t) теңдеуін жазып, алғашқы 6 с қозғалысқа арнап теңдеудің графигін сызыңдар. 2,3,4 секундтан кейінгі жылдамдықты анықтаңдар.

38. Автомобиль жолдың бірінші жартысын υ1=10 м/с, ал екінші жартысын υ2=15 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жол бойына қатысты орташа жылдамдықты табыңдар. Осы орташа жылдамдықтың υ1 мен υ2 мәндерінің арифметикалық орта мәнінен аз екенін дәлелдеңдр.


5. Бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру

А нұсқасы

39. Тыныштық күйден 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді.

40. Аялдамадан қозғала бастаған поездің бірінші вагоны поезд жүргенге дейін сол вагонның бас жағында тұрған бақылаушының жағынан 3 с ішінде өте шықты. 9 вагоннан құралған поезд сол бақылаушының жанынан қанша уақытта өте шығады? Вагондардың аралықтарын ескермеңдер.

41. Үдеуі 0,96 м/с2 автомобильдің 8,7с уақыт өткеннен кейінгі жылдамдығын және жүрген жолы S-ті анықтаңдар. Бұл дененің бастапқы жылдамдығы нөлге тең.

42. К.Э. Циолковский «Жерден тысқары» деген кітабында ракетаның ұшуын қарастырып, 10 секундтан кейін ракета бақылаушыдан 5 км қашықтықта болады деп жазған. Ракета қандай үдеумен қозғалады және қандай жылдамдыққа ие болады?

43. Калашников автоматы ұңғысында оқ 616 км/с2 үдеумен қозғалады. Егер ұңғының ұзындығы 41,5 см болса, одан ұшып шыққан оқтың жылдамдығы қандай?

44. 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобиль , авариялық тежеу кезінде, 5 с ішінде тоқтады. Тежелу жолын анықтаңдар.

45. Таудан сырғанап келе жатқан шаңғышы t уақыт ішінде S жол жүріп қозғалысын аяқтайды. А үдеумен бастапқы υ0 жылдамдықты анықтаңдар.

46. Троллейбус 10 с уақыт ішінде 120 м жол жүрді. Бастапқы жылдамдығы 10м/с –қа тең болса, жүрген жолдың аяғында ол қандай жылдамдыққа ие болды және қандай үдеумен қозғалды?


Б нұсқасы

47. Аялдамадан бір мезгілде трамбай мен троллейбус жүріп кетті. Троллейбустың үдеуі трамбайдың үдеуінен екі есе артық. Трамбай мен троллейбустың бірдей уақыт ішінде жүрген жолдарын, сондай-ақ олардың алған жылдамдықтарын салыстырыңдар.

48. Кішкене шар тыныштық күйден көлбеу науаның бойымен домалап, алғашқы бір секунд ішінде 10 см жол жүрді. Ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?

49. Оқтың мылтық ұңғысының орта тұсындағы жылдамдығы одан ұшып шығар кезіндегі жылдамдығынан неше есе кем болады?

50. υ1=15 км/сағ жылдамдықпен жүрген автомобильдің тежелу жолы S1=1.5 м. Жылдамдығы υ2=90 км/сағ болғанда автомобильдің тежелу жолы S2 қандай болады?Екі жағдайда да үдеуі бірдей.

51. Мотоциклші мен велосипедші бір мезгілде тыныштық қалыптан қозғала бастайды. Мотоциклшінің үдеуі велосипедшінің үдеуінен 3 есе артық. Мотоциклші: а)бірдей уақыт ішінде; б)бірдей жол жүргенде жылдамдығын велосипедшіден неше есе арттырады?

52. Материялық нүктенің жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υ1=6t теңдеуімен берілген. Қозғалыстағы нүкте бастапқы мезетте (t=0) координаттар барысында (х=0) болса, x=x(t) тәуелділігін жазыңдар.Материялық нүктенің 10 с ішінде жүрген жолын есептеп шығарыңдар.

53. Материялық нүктенің қозғалыс теңдеуі мынадай: x=-0.2t2. Бұл қандай қозғалыс? Нүктенің 5 с өткендегі координатын және оның осы уақыт ішінде жүрген жолын табыңдар.

54. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20с ішінде жүріп өтті. Шаңғышының еңістің басталған жеріндегі және бітісіндегі жылдамдығы қандай?

55. ТУ-154 ұшағының жерден көтерілу үшін екпін алу жолы 1215 м-ге тең, ал көтерілу мезетіндегі жылдамдығы 270 км/сағ. Ұшақтың қону кезіндегі жолының ұзындығы 710 м, ал қону мезетіндегі жылдамдығы 230 км/сағ. Үдеулерін (модулі бойынша) және екпін алу мен қону уақыттарын салыстырыңдар.

56. Еңіске қарай жүріп бара жатқан поезд 20с ішінде 20м жол жүрді де, жылдамдығын 19 м/с –қа дейін арттырды. Поезд қандай үдеумен қозғалған және еңіс басталған жылдамдығы қандай еді

57. Материялық нүктелердің қозғалыстары мынандай теңдеулермен берілген : а)x1 =10t+0.4t2, б)x2=2t-t2, в)x3=-4t+2t2 г) x4=-t-6t2 .Әр жағдай үшін υx = υx(t) тәуелділігін жазыңдар, осы тәуелділіктердің графиктерін салыңдар: әр жағдайдағы қозғалыстың түрін анықтаңдар.

58. 16-суреттегі жылдамдықтарының графиктері берілген қозғалыстар үшін х=x(t) теңдеуін жазыңдар. Бастапқы мезетте (t=0) дене координаттар басынды (х=0) дене координаттар басында (х=0) деп есептеңдер.

59. Ұзындығы 20 м-ге тең таудан шанамен сырғанап түскен бала горизонтал бағытта 40 м жол жүріп барып тоқтады. Қозғалысқа кеткен барлық уақыт 15 с болса, мыналарды анықтау керек:1)t1 түсу уақытын; 2) t2 тежелу уақытын; 3) таудан түскендегі υ жылдамдықты; 4)түсіп келе жатқандағы а1 үдеуді; 5)а2 тежелу үдеуін.

60. Екі автомобильдің тас жолмен қозғалысы х1=2t+0.2t2 және х2=80-4t теңдеулерімен берілген. Қозғалыстың сипатын суреттеңдер; 5 секундтан кейінгі екеуінің ара қашықтығын; екінші автомобиль санақ басында болған мезеттегі бірінші автомобильдің координатын анықтаңдар.

61. Арақашықтығы 6,9 м екі нүктеден бір мезгілде бір бағытпен екі дене қозғала бастады. Біріншісі 0,2м/с2 үдеумен тыныштық күйден бір қалырты үдемелі қозғалады. Екіншісі біріншінің соңынан 2м/с бастапқы жылдамдықпен және 0,4 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. t=0 болған кездегі координаталары х1=6,9м, х2=0 мәндер қабылдайтын санақ жүйесіндегі уақытқа x=x(t) тәуелділігінің теңдеулерін жазыңдар. Денелердің кездесетін орнын және уақытын табыңдар.

62. Екі мотоциклшінің қозғалысы х1=15+0.2t2 және х2=4t теңдеулері арқылы берілген. Әр мотоциклшінің қозғалысының түрін анықтаңдар. Кездесу орны мен уақытын табыңдар.


6. Дененің шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалысы

А нұсқасы

63. Айдың жерді айналғандағы айналу жиілігін табыңдар. (Рымкевичтегі 14-кестені қараңдар).

64. Жел двигателі дөңгелегінің айналу жиілігі 30 айн/мин, электр двигателінің якорінікі 1500 айн/мин, сепаратор барабанының айналу жиілігі 8400 айн/мин, тегістеу станогінікі 96000 айн/мин. Олардың периодын есептеңдер.

65. Ұшақтың ауа винтінің айналу жиілігі 1500 айн/мин ,180 км/сағ жылдамдықпен ұшқанда 90 км жол бойында винт қанша айналым жасайды?

66. Трактордың алдыңғы доңғалақтарының диаметрі кейінгілерімен салыстырғанда 2 есе км. Трактор қозғалғандағы доңғалақтарының айналу жиіліктерін салыстырыңдар.

67. Радиусы 800 м бұрылыс жолмен келе жатқан жылдамдығы 20 м/с поездің центрге тарту үдеуі қандай?

68. Центрге тартқыш үдеу еркін түсу үдеуіне тең болу үшін, автомобиль радиусы 40 м болатын дөңес көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі тиіс?


Б нұсқасы

69. «Союз -4» пен «Союз-5» ғарыш кемелерін 1969 жылдың 16-ақпанындағы түйістіру нәтижесінде пайда болған дүние жүзіндегі бірнші орбиталық ғарыш сттанциясының айналу периоды 88,85 мин және Жер бетінен орташа биіктігі 230 км еді (орбитаны дөңгелек деп есептейіз). Станция қозғалысының орташа жылдамдығын табыңдар.

70. Жердің жасанды серігінің дөңгелек орбитасы радиусын 4 есе арттырғанда, оның айналу периоды 8 есе артады. Жасанды серіктің орбита бойымен қозғалыс жылдамдығы неше есе өзгереді?

71. Сағаттың минуттық тілі секундтық тілінен 3 есе ұзын. Сағат тілдері ұштарының жылдамдықтарының қатынасын табыңдар.

72. Күннің өз осінен айналғандағы экваторы нүктелерінің жылдамдығы 2 км/с. Күннің айналу осінен айналу периодын және экватор нүктелерінің центге тартқыш үдеуін табыңдар.

73. Краснояр ГЭС-і турбинасы жұмыстық дөңгелегінің диаметрі 7,5 м және ол 93,8 айн/мин жиілікпен айналады.Турбина қалақшаларының ұштарының центрге тартқыш үдеуі қандай?

74. Жылдамдығы 72 км/сағ ,ал доңғалақтарының айналу жиілігі 8 с-1 автомобильдің жерге тиіп тұрған доңғалақ нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.


С нұсқасы

75. Магнитафонның магнит таспасының қозғалыс жылдамдығы 9,5 см/с. Егер катушканың ең кіші радиусы 2,5 см, ал ең үлкен радиусы 7 см болса, оң жақтағы қабылдағыш катушканың тыңдаудың басындағы және аяғындағы жиілігі мен периодын анықтаңдар.

76. Ұшақтың ұшып шыққан мекенімен салыстырғанда оның кліп қонатын мекеніне ертерек келу үшін (жергілікті уақыт бойынша), үшақ алпысыншы параллель бойынша қандай жылдамдықпен және қай бағытта ұшып шығу керек?Қазіргі жолаушы таситын ұшақтар үшін бұл мүмкін бе?

77. Дөңгелек араның диаметрі 600 м-ге тең. Электр двигателі білігіне өткізілген, диаметрі 300мм шкив ара осіне кигізілген. Егер двигатель білігі 1200 айн/мин жасайтын болса, ара тістерінің жылдамдығы қандай болмақ?

78. «Нива» комбайнының барабанының диаметрі 600 мм. Барабанның айналу периоды 0,046 с-қа тең. Барабан шеңберінде жатқан нүктелердің жылдамдығын және олардың центрге тартқыш үдеуін табыңдар.

79. Бу турбинасына қарағанда радиусы 8 есе артық, ал айналу жиілігі 40 есе кем. Турбина қалақтарының сызықтық жылдамдықтары мен үдеулерін салыстырңдар.



2 тарау. Динамика негіздері

7. Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйелері.

Дененің массасы.Күш. Тең әсерлі күш.

А нұсқасы

80. Мына жағдайларда қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер. a) сүңгуір қайық судың қалың қабатында тыныштық қалыпта тұрғанда; б) сүңгуір қайық су түбінде қатты жерде тұрғанда.

81.Парашетші бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыс жасап, төмендеп келеді. Қандай денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіңдіріңдер.

82. Автомобиль горизонталь тас жолмен двигателі сөндірулі тұрғанда бірқалыпты қозғалыс жасай ала ма?Рым 115.

83. Төмендегі көрсетілген жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады, егер лифт: а) еркін түссе; б) жоғары қарай бір қалыпты қозғалса; в) жоғары қарай үдемелі қозғалса; г) жоғары қарай баяу қозғалса; д) төмен қарай бір қалыпты қозғалса.

84. Санақ жүйесі автомобильмен байланысқан. Егер автомобиль: а) бір қалыпты және түзу горизонталь тас жолмен қозғалса; б) горизонталь тас жолмен үдемелі қозғалса; в) тік бұрыш жасай орналасқан көшеге бұрыла отырып, бір қалыпты қозғалса; г) тауға қарай бір қалыпты шықса; д) таудан төмен бір қалыпты қозғалса; е) таудан төмен инерциялық қозғалса;

85. Су түбінен шығып жатқан ауа көпіршіктеріне әсер етуші күштердің қатысы қандай болған кезде көпіршіктердің қозғалысы бір қалыпты болады?

86. Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғалып келе жатып, соқтығысқан соң тоқтады. Егер бір дене 3 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, екінші дененің жылдамдығы қандай еді?


Б нұсқасы

87. Массасы 100 т маневрлік тепловоз тыныштық күйде тұрған вагонды итеріп жіберді. Өзара әсерлескен кезде вагонның үдеуі модулі бойынша тепловоздың үдеуінен 5 есе артық болды. Вагонның массасы қандай?Рым,121.

88. Екі болат шардың біреуінің радиусы екіншісінің радисынан 2 есе үлкен болса, бұл шарлардың соқтығысқан кездегі үдеулерін салыстырыңдар. Есептің жауабы шарлардың бастапқы жылдамдықтарына тәуелді бола ма? Рым,122.

89. Егер радиустары бірдей екі шардың біреуі болаттан, ал екіншісі қорғасыннан жасалса, олардың өзара әсерлескен кездегі үдеулерінің модульдерінің қатынасын салыстырыңдар.

90. Массасы 60 т вагон қозғалмаай тұрған платформаға 0,3 м/с жылдамдықпен жақындап келіп, оған буферлерімен созылады, сонда платформа 0,4 м/с жылдамдық алады. Егер соқтығысқан соң вагонның жылдамдығы 0,2 м/с-қа дейін азайған болса, платформаның массасы қандай еді?

91. Адам лифтіде тұр. Оған мына жағдайларда әсер ететін күштерді көрсетіңдер және салыстырыңдар. А) лифт қозғалмай тұрғандағы; б) лифт жоғары қозғала бастағандағы; в) лифт бір қалыпты қозғалғандағы; г) лифт қозғалысын тоқтағанша баяулатқан кездегі;

92. Мына жағдайларда автомобильге әсер ететін күштерді көрсетіңдер және салыстырыңдар: а) автомобиль жолдың горизонталь бөлігінде қозғалмай тұрғандағы; б) автомобиль тұрған орнынан қозғалғандағы; в) автомобиль жолдың горизонталь бөлігімен бір қалыпты және түзу сызықты қозғалғандағы; г) бір қалыпты қозғала отырып, дөңес көпірдің ортасынан өткендегі; д) бір қалыпт қозғала отырып, автомобиль бұрылғандағы.


С нұсқасы

93. Бір нүктеге түсірілген 10 және 14 Н екі күштің тең әсерлі күші 2,4,10,24,30 н-ға тең болуы мүмкін бе?

94. Бір нүктеге түскен, модульдері бірдей үш күштің тең әсерлі күші нөлге тең болуы мүмкін бе?

95. Бірінші және екінші күштердің , екінші және үшінші күштердің арасындағы бұрыш 600-қа тең болғандағы, әрқайсысы 200 Н үш күштің тең ісерлі күшін табыңдар.

96. Массасы 90 кг прашютшіге секірудің бастапқы кезінде ауаның кедергі күші әсер етеді, оның Х және У коордигата остеріне проекциялары 300 және 500 Н-ға тең (У осі жоғары бағытталған). Барлық күштің тең әсерлі күшін табыңдар. Рым,136.

97. Реактивті ұшаққа вертикаль бағытта 550 кН ауырлық күші және 555кН көтеру күші, ал горизонталь бағытта 162 кН ауаның кедергі күші әсер етеді. Тең әсерлі күшті (модулі және бағыты бойынша ) табыңдар.


8. Ньютонның екінші заңы.

Ньютонның үшінші заңы.

А нұсқасы

98. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу бере алады?

99. Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алды. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер ескенде ол қандац үдеу алады?

100. Қандай күштің әсерінен массасы 200 кг дене 0,4 м/с2 үдеу алады?

101. 2 Н күштің әсерінен массасы 8 кг-ға тең дене қандай үдеу алып қозғалады?

102. Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигательдің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеу алып қозғалады?


Б нұсқасы

103. Ілмегіндегі тарту күші 15кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді?

104. Массасы 4 т жүк таситын бос автомобиль қозғалысын 0,3м/с2 үдеумен бастады. Егер автомобильдің тарту күші сондай болғанда орнынан 0,2 м/с2 үдеумен қозғалатын болса, онда оған тиелген жүктің массасы қандай болғаны?

105. Жеңіл автомобиль массасы 2т, ал жүк автомобильдікі -8т. Жүк автомобилінің тарту күші Жеңіл автомобильдікінен 2 есе артық, олардың үдеулерін салыстырыңдар.

106. Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін табыңдар.

107. Келе жатқан автомобильдің маңдай әйнегіне маса келіп соғылды. Мааға әсер ететін күшті және автомобильге әсер ететін күштерді салыстырңдар.


С нұсқасы

108. БМ-13 соғыс реактивті қондырғысының (Катюшаның) бағыттаушы балкаларының ұзындығы 5м, әрбір снаоядының массасы 42,5 кг және реактивті күші 19,6 кН болған. Бағыттаушы балкадан снарядтың ұшып шығу жылдамдығын табыңдар.

109. Трактор бос тіркемеге а1=0.4 м/с2 үдеу, ал жүгі барына а2=0.1 м/с2 үдеу береді. Қосарластырылған екі тіркемеге трактор қандай үдеу береді? Трактордың тарту күшін барлық жағдайда бірдей деп есептеңдер.

110. Тыныштық күйде тұрған арбаша белгілі бір күштің әсерінен қозғалып, 40 см жол жүрді. Арбашаға 200г жүк салынған кейін, сол күштің әсерінен және дәл сондай уақыт ішінде ол тыныштық күйден шығып, 20 см жол жүрді. Арбашаның массасы қандай?

111. 13-суретте массасы 2 кг дене жылдамдығы проекциясының уақытқа тәуелділігінің графигі берілген. Қозғалыстың әрбір кезеңіне сәйкес денеге әсер ететін Ғх күш проекциясын табыңдар.

112. 26-суретте таразының бір табағында су құйылған ыдыс, екіншісінде штатив тұр. Штативке массасы 54 г алюминий дене ілінген: осы жағдайда таразы тепе-теңдік қалыпта тұр. Егер жібін ұзартып , жүкті суға батырып қойса, тепе-теңдік бұзылады. Қайта теңгеру үшін, таразының оң табағына қанша жүк салу крек?


9. Серпінділік күштері. Гравитациялық күштер.

А нұсқасы

113. Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге тең созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?

114. Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.

115. Бір ұштарынан жалғанған ұзындығы бірдей екі серіппенің екінші бос ұшынан ұстап, созып тартады. Сонда қатаңдығы 100 Н/м серіппе 5 см ұзарады. Егер екінші серіппе 1 см ұзарса, оның қатаңдығы қандай болғаны?

116. Қатаңдығы 100 кН/м тіркеу арқанымен массасы 2т автомобильді 0,5 м/с2 үдеумен сүйреген кезде оның қанша ұзаратынын табыңдар. Үйкелісті ескермеңдер.

117. Массасы 8 т-ға тең ғарышкеме , массасы 20 т орбиталық ғарыш станциясына 100 м қашықтыққа дейін жақындап келді. Өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.

118. Бір –бірінен 100 м қашықтықта тұрған, әрқайсысының массасы 10000 т екі кеменің өзара тартылыс күшінің ретін анықтаңдар.

119. Жер мен Айдың өзара әсерлесуінің гравитациялық күшін анықтыңдар. Рым, 14 кестені қараңдар.


Б нұсқасы

120. Шеттерін динамометрге бекітіп, екі бала резеңке бауды керіп тұр. Бауды 2 см созғанда, динамометр нені көрсетеді.

121. 27-суретте ұзындықтары және диаметрі бірдей болат (1) және мыс (11) сымдардың оларға түскен күш әсеріне байланысты ұзаруының тәуелділік графигі берілген.Сымдардың қатаңдығын салыстырыңдар.

122. Бір бөлік сымның қатаңдығы к-ға тең. Осы сымнң жартысының қатаңдығы неге тең? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

123. Ғарышкеме Жер бетінен Жер радиусына тең қашықтыққа алыстағанда оның Жерге тартылу күші неше есе кмиді? Жердің бес радиусына алыстағанда ше?

124. Белгілі ара қашықтықта тұрған, массалары бірдей екі дене Ғ1 күшімен тартылып тұр. Егер арақашықтығын өзгертпей, бірінші дененің массасының жартысын екінші денеге ауыстырса, Ғ2 тартылыс күші қандай блып шығады?

125. Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қандай болады?

126. Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2м. Меркурийдің массасын анықтаңдар.

127. Шолпанның орташа тығыздығы 5200кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.


С нұсқасы

128. Серіппенің біреуінің қатаңдығы к1, ал екіншісінікі к2 . Осы екі серіппеден тізбектей жалғанып, құрастырылған серіппенің қатаңдығы (к) қандай?

129. Ғарышкеменің Жерге тартылыс күші Жер бетіндегі тартылыс күшінен қандай қашықтықта 100 есе кем болады?

130. Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кем, ал Жер мен Ай центрлерінің орташа ара қашықтығы 60 Жер радиусына тең. Жер мен Айдың центрлерін қосатын кесіндінің қандай нүктесінде дене оларға бірдей күшпен тартылады?

131. Марс планетасының радиусы Жер радиусының 0,53 бөлігіндей, ал массасы Жер массасының 0,11 бөлігіндей. Марстағы еркін түсу үдеуінің шамасын табыңдар.


10. Ауырлық күші. Үдеу алып қозғалған дененің салмағы. Асын салмақ. Салмақсыздық.

А нұсқасы

132.Массасы 750 кг-ға тең ғарыш аппараты «Лунаход-1» 1970 жылы айдың бетіне жетті. Аппаратқа жер бетінде және ай бетінде әсер ететін ауырлық күшін табыңдар.

133. Останкина телевизия мұнарасының жоғары байқау алаңында еркін түсу үдеуі оның табаңындағы алаңмен салыстырғанда 0,1см/с2 кем. Массасы 80 кг адам жоғары байқау алаңына көтерілгенде , оның ауырлық күші қаншаға кемиді?

134. Массасы 90 т ТУ-54 ұшағы 11 км биіктікке ұшып келе жатқандағы еркін түсу үдеуі 9,77 м/с2-қа тең болса, оған әсер етуші ауырлық күші қаншаға азаяды? Жер бетіндегі еркін түсу үдеуі 9,81 м/с2-ге тең деп есептеңдер.

135. Ғарыш рактасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышкер –ұшақтың салмағын табыңдар.

136. Ғарышкеме вертикаль бағытта (Айға қатысты) 8,38 м/с2 тұрақты үдеумен баяу қозғалып Айға жұмсақ қонды. Оның ішіндегі массасы 70 кг ғарышкердің салмағы қандай болды?


Б нұсқасы

137. Парашют ашылғанда парашютшінің жылдамдығы 1 с ішінде 50 м/с-тан 10 м/с –қа дейін кемиді. Парашютші қандай асқын салмақ күйін кешеді.

138. Шүйілу қалпынан шығар кезде ұшақ вертикаль жазықтықта төменгі нүктеде 200 м/с жылдамдықпен радиусы 800 м доға жасап ұшты.Троекториясының қандай нүктесінде ұшқышқа асқын салмақ түседі?

140. Дене тік жоғары лақтырылған. Дене қай уақытта салмақсыздық күйде болады? Мыналардан дұрыс жауабын таңдап алыңдар: а) ұшудың тек жоғары нүктесінде; б) тек төмен қозғалда; в) тек жоғары қозғалғанда; в) тек жоғары қозғалғанда; г) барлық ұшу уақытда.

141. Жолаушы бір сәт салмақсыздық күй кешу үшін, автомобиль радиусы 40 м дөңес көпірдің ортасынан қандай жылдамдықпен өтуі қажет.

142. Жүгіріп келе жатқан Жүгіріп келе жатқан адам асқын салмақтың және салмақсыздық күйін сезе ме?


С нұсқасы

141. Останкино телевизия мұнарасының лифті 15 с ішінде 7 м/с жылдамдыққа дейін үдетілді. Лифтінің тоқтауынада сонша уақыт ктеді. Лифтінің қозғалысының басында және соңында массасы 80 кг адам салмағы қандай шамаға өзгереді?

142. Салмағы екі есе арту үшін, тасты қандай а1 үдеумен көтеру крек? Салмағы екі есе кему үшін оны қандай а2 үдеумен төмен түсіру керек?

143. Салмағы екі есе арту үшін, тасты қандай а1 үдеумен көтеру керек? Салмағы екі есе кему үшін оны қандай а2 үдеумен төмен түсіру керек?

144. 29-суретте R=20 м, υ1=10м/с ,R=10м, υ2=5м/с болса, массасы 40 кг баланың А және В орындарындағы салмағы қандай болады?

145. 1961 жылы сәуірдің 12-нде ұшырылған, бортында тұңғыш ұшқыш-ғарышкер Ю.А. Гагарин болған «Восток» ғарышкемесінің Жерден ең үлкен алыстауы 327 км болды. Ғарышкерге Жерде әсер ететін ауырлық күші қанша пайызға аз? Ғарышкер неліктен салмақсыздық күйде болады?

146. Ай бетінде лақтырылған дене ұшу кезінде толық салмақсыздық күйде болады, ал Жер бетінде ондай денені шамамен ғана салмақсыз деп есептеуге болатын себебі не?


11. Вертикаль бойымен ауырлық күшінің

әсерінен болатын қозғалыс.

А нұсқасы

147. Горизонталь созылған қолдан еденге дейінгі ара қашықтықтыөлшеңдер (немесе шамамен мөлшерлеңдер) және қолдан түсіп кеткен нәрсенің түсу уақыты мен еденге созылу кезіндегі жылдамдығын есептеңдер.

148. Еркін түсу кезінде бірінші дененің екінші денеге қарағанда жерге түсу уақытысы 2 есе артық болды. Денелердің соңғы жылдамдықтарын және орын ауыстыруын салыстырыңдар.

149. Г.Галилей еркін түсу заңдарын зерттеу кезінде Пиза қаласындағы биіктігі 57,5 м көлбеу мұнарадан әр түрлі заттарды бастапқы жылдамдықсыз лақтырды. Осы заттар мұнарадан қанша уақыт құлады және олардың жерге соқтығысу мезетіндегі жылдамдығы қандай?

150. Бала ұзындығы 0,62 м-ге тең жіпке тас байлап алып вертикаль жазықтықта 2,11 с-1 –ге тең жиілікпен айналдырады. Жәпті жіберіп қалғанда , тас қандай биіктікте (максимум) көтеріледі.

151. Бала ұзындығы 1,14 м-ге тең жіпке тас байлап алып вертикаль жазықтықта 1,8+ с-1-ге тең жиілікпен айналдырады. Жіпті жіберіп қалғанда, тас қандай биіктікке (максимум) көтеріледі.


Б нұсқасы

152. Биіктігі 5 м тұғырдан секірген жүзгіш 2 м тереңдікке дейін суға сүңгіп кетті. Суда ол қанша уақыт және қандай үдеумен қозғалады?

153. Тасты биіктігі 20 м көпірден тік тастағанда су бетіне 1с –та жету үшін , оның бастапқы жылдамдығы қандай болуы тиіс? Бастапқы жылдамдығы болмаса, тастың осы биіктіктен түсуі қанша уақытқа созылар еді?

154. Бір дене қандай да бір h1 биіктіктен еркін түседі; онымен бір мезгілде екінші дене одан жоғарырақ h2 биіктіктен қозғала бастайды. Екі дене бір мезгілде түсуі үшін екінші дененің бастапқы υ0 жылдамдығы қандай және максимал көтерілу биіктігі қандай?

155. Садақтан тік жоғары атылған жебе 6 с өткенде жерге түсті. Жебенің бастапқы жылдамдғы қандай және максимал көтерілу биіктігі қандай?

156. Тік жоғары лақтырылған дененің көтерілу биіктігі 4 есе артуы үшін, бастапқы жылдамдықты неше есе арттыруы керек?

157. Допты тік жоғыры лақтырғанда ұл бала қыз балаға қарағанда допқа 1,5 есе артық жылдамдық береді. Ұл бала лақтырған доп неше есе артық биігірек көтеріледі?


С нұсқасы

158. Дене 80 м биіктіктен еркін түседі. Түсудің ақырғы секундында оның орын ауыстыруы қандай болды?

159. Егер дене соңғы екі секунд ішінде 60 м биіктіктен еркін түссе, оған қанша уақыт кеткен?

160. Қозғалыс басталғаннан кейін n-ші секундта еркін түсіп келе жатқан дененің орын ауыстыруы неге тең болады?

161. Жеткілікті үлкен шамадағы биіктіктегі нүктеден модульдері бойынша бірдей υ0=2м/с жылдамдықпен : екі дененің бірі тік жоғары қарай, екіншісі тік төмен қарай бір мезгілде лақтырылды. 1с,5с,t-ге тең уақыт аралығы өткеннен кейін денелер ара қашықтығы қандай болмақ?

162. Дене 30 м/с жылдамдықпен тік жоғары лақтырылған, у=у(t) тәуелділігінң теңдеуін жазыңдар. Дене қандай уақыт аралығы өткенде: а) 15м; б) 20м; в) 25 м биіктікте болатынын табыңдар. Нұсқау у осін вертикальтік бағыттау керек; t=0 болғанда у =0 деп алу керек.


12. Бастапқы жылдамдық горизонтпен бұрыш жасай бағытталған жағдайдағы

Ауырлық күшінің әсерінен болатын қозғалыс. Жасанды серіктер мен ғаламшарлардың қозғалысы.

А нұсқасы

163. Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдаьдықпен лақтырылған?

164. Егер лақтыру жылдамдығы екі есе артатын болса, едәуір биіктіктен горизонталь лақтырылған дененің ұшу уақыты және ұшу алыстығы қалай өзгереді?

165. Дене υ=10м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған , ұшу алыстығы лақтыру биіктігіне тең. Дене қандай h биіктіктен лақтырылған?

166. Күн жүйесіндегі Шолпан ғаламшарының массасы 4,88*1024 кг, ал орташа радиусы 6,1*106 м болса, осы ғаламшардың еркін түсу үдеуін, бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар.

167. Күн жүйесіндегі Марс ғаламшарының массасы 6,43*1023 кг, ал орташа радиусы 3,38*106 м болса, осы ғаламшардағы еркін түсу үдеуін , бірінші ғарыштық жылдамдықты табыңдар.

168. Айдың Жерді айналу орбитасымн қозғалысының орташа жылдамдығын есептеңдер Рым, 14- кестені қараңдар.

Б нұсқасы

169. Горизонталь лақтырылған дене екі есе аз биіктіктен алғашқыдағыдай қашықтықта түсу үшін оның жылдамдығын қалай және неше есе өзгерту керек?

170. Серіппелі пистолетті жоғары қарай тік атқан кезде оның «снаряды» Н=1 м биіктікке көтеріледі. Егер пистолет h=64 см биіктікте горизонталь орнатылған болса, снаряд қандай қашықтыққа барып түседі. Снарядтыың ұшып шығу жылдамдығы екі жағдайда да бірдей деп есептеңдер.

171. Көкжиекке 450 бұрышпен лақтырылған диск ең жоғары h биіктікке көтерілді. Дискінің ұшу алыстығы қандай?

172. Осло қаласында өткен жарыстарда спортшы найзаны 90 м 86 см-ге лақтырды. Егер найза сондай жылдамдықпен горизонтқа осындай бұрыш жасап, Токиада лақтырылса, қандай қашықтыққа түсер еді? Ослодағы еркін түсу үдеуі 9,819 м/с2, ал Токиада 9,798 м/с2.

173. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болуы керек? Оның айналу периоды қандай?

174. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?


С нұсқасы

175. Бала биіктігі 5 м тік жағадан суға сүңгіді, оның жүгіргеннен кейін горизонталь бағытталған жылдамдығы 6 м/с еді. Баланың суға жеткен кездегі жылдамдығының модулі мен бағыты қандай?

176. Зеңбіректен көкжиекке бұрыш жасай, атылып шыққан снаряд 12 с ұшты. Снаряд қандай ең үлкен биіктікке көтеріді?

177. Жер бетімен салыстырғанда 12,7 м биіктіктен горизонтальмен 450 бұрыш жасай , дене 27,4 м/с жылдамдықпен лақтырылған. 1) Жер бетімен салыстырғанда ең үлкен көтерілу биіктігі, Н; 2) ұшу уақыты, t; 3) ұшудың горизонталь алыстығы, S; 4) жерге келіп ұрылғандағы жылдамдығы υ неге тең екенін анықтаңдар.

178. Фобостың (Марс ғаламшарының серігі) қозғалып жүрген шеңбердің радиусы 9400 км; ал айналу периоды 7 сағат 40 мин-қа тең. Марстың массасын анықтаңдар.

179. Жер бетінен 21600 км қашықтықта ұшып жүрген серіктің айналу периодынан неше есе артық болады?


Тыныштық үйкелісі. Үйкеліс коэффициенті. Сырғанау үйкеліс күші. Сырғанау кедергі күші.

А нұсқа

180. Егер сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең болса, мол қуатты автомобиль қандай ең үлкен үдеумен қозғалар еді?

181. Динамометр арқылы оқушы, массасы 200 г ағаш білеушені горизонталь жазық орналасқан тақтайдың үстімен қозғады. Егер динамометр 0,6 Н –ды көрсетіп тұрса, үйкеліс коэффициенті неге тең?

182. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3 кН деп есептеп, үйкеліс коэффициентін табыңдар.

183. Биік мұнарадан секірген суға горизонталь түспей, тік қалыпта түсуге тырысатындығы неліктен?


Б нұсқасы

184. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруын табыңдар.

185. Орындыққа шығып бірдей биіктіктен және бір мезгілде бірдей бос екі сіріңке қорабын: біреуін жалпағынан, екіншісін қырынан түсіріп жіберіңдер. Ол екеуінің қайсысы жерге бұрын түседі? Осы құбылысты түсіңдіріңдер.

186. Жердің жасанда серігінен айға жіберілетін ғарышкеме аққыш формалы болмауы да мүмкін екендігі неліктен?


С нұсқасы

187. Егер рельстегі сырғанау үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең болса, ал поездың дөңгелеуге кедергі коэффициенті 0,006-ға тең болса, массасы 180 т электровоз, массасы қандай составты қозғалта алады?

188. Массасы 50 г болат магнит тік орналасқан болат тақтаға жабысып қалды. Магнит төмен қарай бір қалыпты сырғанау үшін 1,5 Н күш жұмсалады. Магнит тақтаға қандай күшпен жабысып тұрады? Егер үйкеліс коэффициенті 0,2-ге тең болса, магнитті тақта бойымен тік жоғары қарай қозғап жылжыту үшін қандай күш жұмсау қажет?

189. Автомобиль жел бағытында 72 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Желдің Жерге қатысты жылдамдығы 15 м/с. Егер ауаның кедергі күші неше есе артады? Ауаның кедергі күші салыстырмалы жылдамдық квадратына тура пропорционал деп есептеңдер.


13. Үйкеліс күшінің әсерінене болатын қозғалыс.

А нұсқасы

190. 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автобус авариялық тежелуден кейін қанша уақыт өткенде тоқтайды? Авариялық тежелу кезіндегі кедергі коэффициенті 0,4-ке тең.

191. Автомашина доңғалақтарының жолмен сырғанау үйкелісі коэффициенті 0,25 болса, горизонталь жолда 36 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан машинаның бұрылу доғасының ең кіші радиусын табыңдар.


Б нұсқасы

192. Массасы 50 кг бала төбешіктен шанамен сырғанап, горизонталь жолмен 10 с ішінде 20 м жүріп барып тоқтады. Үйкеліс күшін және үйкеліс коэффициентін табыңдар.

1hello_html_36698314.gif93. 36- суретте көрсетілгендей шектік жылдамдық тағайындалған

жол белгісінің тұсында жүргізуші авариялық тежелу жасады.

Мемлекеттік автоинспекция (МАИ) инспекторы доңғалақтардың

ізі бойынша тежелу жолы 12 м-ге тең екенін анықтады. Егер

кедергі коэффициенті (резеңкенің құрғақ асфалтьпен) 0,6 болса,

жүргізуші жол жүру ережесін бұзған ба? 36-сурет


С-нұсқасы

194. Автомобиль кузовында бір нәрсе жатыр. Автомобиль 1,6 м/с2 үдеумен орнынан қозғала бастаған кезде, нәрсе қозғалмай бұрынғы орнында қалды (автомобильге қатысты алғанда), ал 2 м/с2үдеумен тежелген кезде нәрсе козовқа қатысты алғанда орнынан жылжыды. Үйкеліс коэффициентінің мәні қандай аралықтарда болғаны?

195. Горизонталь жол үстінде автомобиль радиусы 16 м бұрылыс жасайды. Егер сырғанау үйкелісінің коэффициенті 0,4 болса, автомобиль жолдан шығып кетпеуі үшін, ең көп деген жылдамдығы қандай болуы тиіс? Ал қыста үйкеліс коэффициенті 4 есе азаятын болса, ол жылдамдық неше есе өзгереді?


15. Денелердің бірнеше күштің әсерінен қозғалысы.

Горизонталь және вертикаль бағыттағы қозғалыс.

А нұсқасы

196. Жүк толтыра тиелген, массасы 15 т автобус орнынан 0,7 м/с2 үдеумен қозғалды. Егер қозғалысқа кедергі коэффициенті 0,03 болса, тарту күшін табыңдар.

197. Кедергі коэффициенті 0,005 болғанда тепловоздың ең үлкен тарту күші 300 кН-ға жетсе, ол 0,1 м/с2 үдеумен массасы қандай составты тарта алады?

198. Үзіліске беріктігі 15 кН арқанмен массасы 500 кг жүкті көтергенде, үдеу қандай болғанда ол үзіліп кетеді.

199. Көтергіш кран массасы 1 т жүкті көтереді. Егер жүк 25 м/с2 үдеумен қозғалса (өте аз уақыт қана), көтерудің бастапқы кезінде арқанның керілу күші қандай болады?


Б нұсқасы

200. Динамометрге бекітілген массасы 400 г білеуше горизонталь бетпен бір қалыпты қозғалысқа келтірілді. Бұл кезде динамометрдің көрсетуі 1 Н болды. Екінші жолы білеушені солбетпен үдете қозғады.Сонда динамометрдің көрсетуі 2 Н болды. Үдеу неге тең?

201. Электровоз массасы 3250т составты орнынан қозғайды. Егер кедергі коэффициенті 0,005 , ал максимал тарту күші 650 кН болса, поезд қандай үдеумен қозғалып келеді?

202. Массасы 1 т «Жигули» автомобилі орнынан қозғалып, 20 с өткеннен кейін жылдамдығын 30 м/с-қа жеткізді. Егер кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, тарту күші қандай?

203. Автомобильдің тарту коэффициенті (тарту күшінің ауырлық күшіне қатынасы ) k=0,11. Кедергі коэффициенті µ=0,06 болған кезде автомобиль қандай үдеумен қозғалады.


С нұсқасы

204. Массасы 65 кг спортшы он метрлік мұнарадан секіргенде 13 м/с жылдамдықпен суға енеді. Ауаның орташа кедергі күшін табыңдар.

205. 25 м Биіктіктен ағаш сынығы 2,5 с ішінде құлап түсті. Ауаның орташа кедергі күші ауырлық күшінің қандай бөлігі болады?

206. Массасы m болат құйманы судан қатаңдығы к арқанмен а үдеумен көтереді. Болаттың тығыздығы ρ1, судың тығыздығы ρ2. Арқанның х ұзаруын табыңдар. Судың кедергі күші ескерілмейді.


16. К өлбеу жазықтық бойымен қозғалыс.

Б нұсқасы

207. Егер қозғалыс кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, массасы 600 кг вагонетканы көлбеулік бұрышы 200 эстекада бойымен көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

208. Көлбеу жазықтық көкжиекке а=300 бұрыш жасай орналасқан. µ үйкеліс коэффициентінің қандай мәндерінде жүкті сүйреп шығару тік жоғары көтеруден гөрі қыйындау болады?

209. Массасы 4 т автомобиль 0,2 м/с2 үдеумен тауға көтеріліп барады. Егер еңістік 0,02 және кедергі коэффициенті 0,04 болса, тарту күшін табыңдар.

210. Үйкеліс коэффициенті µһ0,2 білеуше көлбеулік бұрышы а=300 көлбеу жазықтық бойымен қандай а үдеумен сырғып барады?


С нұсқасы

211. Ұзындығы 13 м, биіктігі 5 м көлбеу жазықтықта массасы 26 кг жүк жатыр. Үйкеліс коэффициенті 0,5. Жүкті жоғары көтеру үшін, жазықтықты бойлай жүкке қандай күш әсер етуі тиіс? Төмен түсіру үшін ше? Рым,282.

212. Лобораториялық жұмыстар жүргізу кезінде мынандай мәліметтер алынды: көлбеу жазықтықтың ұзындығы 1 м, биіктігі 20 см, ағаш білеушенің массасы 200 г, білеуше жоғары қарай қозғалған кездегі динамометр арқылы өлшенген тарту күші 1 Н. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.

213. Ұзындығы 50 см, биіктігі 10 см көлбеу жазықтық үстінде массасы 2 кг білеуше жатыр. Жазықтыққа параллель орналасқан динамометрдің көмегімен ағаш білеушені көлбеу жазықтық бойымен жоғары көтеріп, сонан кейін сүйреп төмен түсірді. Динамометр көрсетулерінің айырмасын табыңдар.

214. Арбашаны көлбеулік бұрышы а болатын көлбеу жазықтықтың үстінде ұстап тұру үшін, көлбеу жазықтық бойымен жоғары қарай бағытталған Ғ1 күшін жұмсау керек. Ал, жоғары қарай сүйреп шығару үшін Ғ2 күшін жұмсау қажет. Кедергі коэффициентін табыңдар.


17. Шеңбер бойымен қозғалыс.

Б нұсқасы

215. Массасы 2 т автомобиль қисықтық радиусы 40 м дөңес көпірден 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтеді. Автомобиль көпірдің ортасына қандай күшпен қысым түсіреді?

216. Массасы 50 кг бала әткеншек теуіп тұр. Әткеншек аспасының биіктігі 4 м. Теп-теңдік қалпынан 6 км/ссағ жылдамдықпен өткен кезде, бала орындыққа қандай күшпен қысым түсіреді?

2hello_html_m5b26b75b.gifhello_html_7d05f45f.gif17. 39-суретте көрсетілген мезетте жіптің керілу күші

hello_html_751282da.gifнеге тең екендігін анықтаңдар. Жүктің массасы α

m=100 г, жылдамдығы υ=2 м/с, бұрышы а=600, жіптің

hello_html_248fdaf8.gifhello_html_m667cd711.gifұзындығы ℓ=40 см.

υ 39-сурет


С нұсқасы

218. Велосипедпен жарысатын жолда радиусы 40 м айналма бар. Жолдың осы аралығы көкжиекке 400 бұрыш жасай көлбеген. Мұндай көлбеулік қандай жылдамдықпен жүруге есептелген?

219. Егер резеңкенің топыраққа үйкеліс коэффициенті 0,4 болса, мотоциклші радиусы 100 м доға жасап, горизонталь жазықтықта қандай максимал жылдамдықпен жүре алады?

220. Ұзындығы ℓ= 60 см жіпке ілінген жүк бір қалыпты қозғалып, горизонталь жазықтықта шеңбер сызып шығады. Егер қозғалыс кезінде жіппен вертикаль арасында а=300 бұрыш пайда болса, жүк қандай жылдамдықпен қозғалады?


18. Байланыстырылған бірнеше денелердің қозғалысы.

Б нұсқасы

221. Жылжымайтын блоктан асыра тасталған жіпке массасы m және 2m жүктер ілінген. Егер а) массасы үлкен жүкті алақанмен көтере ұстап, жүйенің қозғалуына бөгет жасаса, б) массасы кіші жүкті ұстап тұрса, в) жүйені еркімен жіберсе, жіптің керілу күші қандай болады?

222. Массасы 27,2 т вертолет 15,3 т жүкті арқанмен жоғары қарай 0,6 м/с2 үдеумен көтереді, Вертолеттің тарту күшін және жүк тарапынан вертолеттің тіркеу механизіміне әсер ететін күшті табыңдар.


С нұсқасы

223. 40-суретте массасы 400 г білеуше массасы 100 г жүктің әсерінен тыныштық күйден шығып, 2 с ішінде 80 см жол жүрді. Үйкеліс коэффициентін табыңдар.

224. 42-суретте байланысқан m1=0.19 кг, m2=0,27 кг, а=220 екі дене қандай үдеумен қозғалады және жіптің тартылыс күші Ғт неге тең? Үйкелісті ескермеңдер. Мына жағдайда программаны құрастырыңдар: егер массасы m2-ге тең дене оңға қарай қзғалса (төмен ), онда а.>0.







ІІІ тарау. Сақталу заңдары

19. Дененің импульсі. Импульстің өзгеруі .

Импульстің сақталу заңы

А нұсқасы

225. 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10 т жүк таситын автомобильдің жылдамдығы 25 м/с , ал массасы 1т-ға тең. Жеңіл автомобильдің импульстері неге тең?

226. Массасы 160т шайбаның импульсі массасы 8 г, 600 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан оқтың импульсіне тең болу үшін, шайба қандай жылдамдықпен ұшуы тиіс?

227. Болаттан және қорғасыннан жасалған, көлемдері бірдей екі дене бірдей жылдамдықпен қозғалып барады. Осы денелердің импульстерін салыстырыңдар.

228. Массасы 2000 т поезд түзу сызықты қозғалып, жылдамдығын 36 км/сағ –тан 72 км/ сағ-қа дейін арттырады. Импульс өзгерісін табыңдар.

229. Массасы 20 кг, тыныш тұрған арбаның үстінде массасы 60 кг адам тұр. Егер адам, арбаның үстінде арбамен салыстырғанда 1 м/с жылдамдықпен жүре бастаса, арба жермен салыстырғанда қандай жылдамдықпен қозғалады?


Б нұсқасы

230. Массасы 100 г шар горизонталь жазықтыққа еркін түсті. Соқтығысу мезетіндегі оның жылдамдығы 10 м/с. Абсолют серпінді және абсолют серпінсіз соққылар кезіндегі импульс өзгерісін табыңдар. Егер серпінсіз соққы 0,05 с , ал серпіндінікі -0,01 с-қа созылса, соққы кезінде шарға әсер ететін орташа күшті есептеңдер.

231. Материялы0 н8ктен34 0оз5алысы х=5-8t+4t2 теңдеуімен сипатталады. Оның массасы 2 кг деп алып, бастапқы уақыттан 2 с және 4с өткеннен кейінгі импульсті табыңдар.

232. Массасы 0,8 кг жылдамдығының х осіне проекциясы 2 м/с болатын дене массасы 0,8 кг ,жылдамдығының проекциясы – 2 м/с болатын денемен өзара әсерлеседі. Екеуінің қозғалысын бір қозғалыс ретінде қарастырып, өзара әсерлесуден кейінгі жылдамдықтарының проекциясын υх анықтаңдар. Денелердің қозғалыс троекториясы х осімен дәл келеді.

233. Аңшы жүзіп бара жатқан қайықта тұрыа оның қозғалыс бағытына қарай мылтық атты. Егер іле-шала екі рет атқаннан кейін қайық тоқтап қалған болса, қайықтың жылдамдығы қанадай еді? Аңшының қайықпен қоса алғандағы массасы 200 кг, зарядтың массасы 20 г. Бытыра мен дәрі газының ұшып шығу жылдамдыы 500 м/с.

С нұсқасы

234. Массасы 1 кг материялық нүкте шеңбер бойымен 10 м/с жылдамдықпен бір қалыпты қозғалып барады. Периодтың төрттен біріндегі, периодтың жартысындағы , бүтін периодтағы импульс өзгерісін табыңдар.

235. Массасы 750 т кемеден, ол қозалып бара жатқан жаққа қарсы бағытта, көкжиектен 600 бұрыш жасай, зеңберектен оқ атылды. Егер массасы 30 кг снаряд кемеге қатысты 1 км/с жылдамдықпен ұшып шықса, кеменің жылдамдығы қанша өзгереді?

236. Массасы 200 кг, жылдамдығы 1 м/с қайықтан массасы 50 кг бала горизонталь бағытта қозғалып суға сүңгиді. Егер бала, қайықтың: а) артқы жағынан 4 м/с жылдамдықпен секірсе; б) Тұрмыстық жағынан 2м/с жылдамдықпен; в) Тұрмыстық жағынан 2 м/с жылдамдықпен секірсе, қайықтың жылдамдығы қандай болады?

237. 10 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан бильярд шары 1 тыныштықта тұрған массасы сондай шарға 2 соғылды. Соқтығысқаннан кейінгі шарлардың ажырау қалпы 43-суретте көрсетілген. Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдықтарын табыңдар.


20. Мееханикалық жұмыс. Кинетикалық және потенциалдық энергия

А нұсқасы

238. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер ететін ауырлық күшінің істейтін жұмысы қандай болады?

239. Ұзындығы 5 м, көлденең қимасы 100 см2 болат бөренені көтергіш кран горизонталь жатқан күйінен 12 м биіктікке көтереді. Кран қандай пайдалы жұмыс істейді?

240. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с2 үдеумен көтерген кезде адам қандай жұмыс істейді.

241. «Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

242. Дененің импульсі 8 кгм/с, ал кинетикалық энергиясы 16 Дж. Дененің массасы мен жылдамдығын табыңдар.

243. Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциялдық энергиясы 10 кДж-ға тең?

244. 1,5 биіктікке көтерілген, массасы 300 кг-ға тең балғаның қаданы қаққанда соғылатын бөлігінің потенциалдық энергиясы қандай?

245. Балалар пистолетінің серіппесін 3 см-ге жиырған кезде 20 Н күш жұмсалады. Сығылған серіппенің потенциалдық энергиясын табыңдар.

246. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?

Б нұсқасы

247. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.

248. Массасы 10 т, двигателі сөндірулі автомобиль жол бойымен еңіске қарай жүріп келеді. Еңіс көкжиектен 40-қа тең бұрыш жасайды. 100 м жол жүргендегі ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

249. Еркін түсіп келе жатқан дененің түсу уақытының бірінші және екінші жартысындағы істелеген жұмыстарды салыстырыңдар.

250. Бала массасы 100 г допты тік жоғары лақтырды да, лақтырған нүктеде оны қайтадан ұстап алды. Доп 5 м биіктікке көтерілді. Доп жоғары көтерілгендегі, төмен түскендегі және оның барлық жолындағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

251. Әр метрінің массасы 400 г арқанмен массасы 8 кг суы бар шелекті тереңдігі 10 м құдықтан көтергенде қандай жұмыс істелуі тиіс?

252. Өзара перпендикуляр , 30 және 40 Н күштердің әсерімен дене 10 қашықтыққа қозғалды. Әр күштің істеген жұмысын және тең әсерлі күштің істеген жұмысын жеке- жеке анықтаңдар.

253. Хоккей шайбасымен салыстырғанда футбол добының массасы 3 есе көп, ал жылдамдығы 3 есе кем. Бұлардың кинетикалық энергиясын салыстырыңдар.

254. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8/с-қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын анықтаңдар.

255. Серіппені 4 мм-ге созу үшін 0,02 Дж жұмыс істеу қажет. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек.


С нұсқасы

256. Ұзындығы ℓ= 40 см жіпке ілінген, массасы m=100 г шар горизонталь жазықтықта шеңбер сызады. Егер шардың қозғалысында жіп вертикальмен тұрақты а=600 бұрыш тұрса, шардың Ек кинетикалық энергиясы қандай?

257. 44- суретте серіппенің ұзаруы мен созушы күштің шамасының арасындағы тәуелділік графигі берілген. 8 см-ге созылған серіппенің потенциялыдық энергиясын анықтаңдар. А бұрышының тангенсі мен графиктің ОА бөлігінің, астыңдығы жағындағы үшбұрыштың ауданының физикалық мағнасын анықтаңдар.

258. 0-ден 10 Н –ға дейін, 10-нан 20 Н-ға дейін, 20-дан 30 Н-ға динамометрдің серіппесін созғандағы, адамның атқаратын жұмыстарын салыстырыңдар.

259. 40 Н-ға есептелген динамометрдің қатаңдығы 500 Н/м серіппесі бар. Серіппені шкаланың ортасынан бастап соңғы бөлікке дейін созу үшін қандай жұмыс атқару керек?


21. Энергияның сақталу заңы. Ауырлық күші.

Серпінділік күші. Үйкеліс күші әсерінен энергияның түрленуі.

А нұсқасы

260.Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін және кинетикалық энергияның өзгерісін анықтаңдар.

261. Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге ұрылғандағы кинетикалық энергисын анықтаңдар.

262. 5 м биіктіктен еркін түсіп келе жатқан, массасы 3 кг дененің Жер бетінен 2 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясын анықтаңдар.

263. Серіппелі пистолетті атуға дайындағанда, қатаңдығы к серіппені ∆ℓ-ге жиырды. Массасы m снаряд горизонталь бағытта қандай жылдамдыққа ие болады?

264. Массасы 2 т автомобиль авариялық тежелуде 50 м жүріп барып тоқтады. Егер үйкеліс коэффициенті 0,4-ке тең болса, үйкеліс күшінің жұмысын және автомобильдің кинетикалық энергиясының өзгерісін табыңдар?

265. Үйкеліс коэффициенті 0,6 және 20 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автомобильдің s тежеуіш жолын табыңдар.

266. Егер массасы 1500 т поезд 150 кН тежеуіші күш әсерінен тежелгеннен кейін аялдамаға дейін 500 м жол жүріп барып тоқтаса, ол қандай жылдамдықпен келе жатқан?

Б нұсқасы

267. Массасы 50 г, тік жоғары қарай 30 м/с жылдамдықпен атылған жебенің, қозғала бастаған уақытынан 2 с өткендегі потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергияларының мәндері қандай болады?

268. Доп жерге соғылып, 2h биіктікке ыршып көтерілуі үшін, оны h биіктіктен қандай бастапқы υ0 жылдамдықпен түсіріп жіберу керек? Доптың жерге соғылуын абсолют серпінді деп есептеңдер.

269. Дене горизонтқа бұрыш жасай υ0 жылдамдықпен лақтырылды. Осы дененің h биіктіктегі жылдамдығын анықтаңдар.

270. Массасы 60 кг цирк артисі 4 м биіктіктен көтерілген тордың үстіне секіреді. Тор артиске қандай күшпен әсер етеді, егер оның иілуі 1 м-ге тең болса?

271. Ұзындығы ℓ, көлбеулік бұрышы а көлбеу жазықтықпен дене сырғанап келеді. Егер үйкеліс коэффициенті µ болса, жазықтық табанындағы дененің жылдамдығы қандай?

272. Массасы 10 кг шана биіктігі 4 м төбешіктен сырғанап түсті де, жолдың горизонталь бөлігіне келіп тоқтады. Шананы сырғанап түскен ізімен төбешікке сүйреп шыққан бала қандай жұмыс орындайды?

273. Массасы 80 кг парашетті әуеде қозғалыссыз тұрған тікұшақтан 200 м төмендеп, 50 м/с жылдамдыққа ие болады. Осы жолдағы ауаның кедергі күшінің жұмысын табыңдар?

274. Үстіндегі адамды қоса есептегендегі массасы 100 кг қолшана биіктігі 8 м, ұзындығы 100 м төбешіктен сырғанап түсті. Егер төбешіктің етегінде шананың жылдамдығы 10 м/с және бастапқы жылдамдығы нөлге тең болса, шана қозғалысынна орташа кедергі күші қандай болады?

С нұсқасы

275. Оқтың бастапқы жылдамдығы 600 м/с , ал массасы 10 г троекторияның жоғарғы нүктесіндегі кинетикалық энергиясы 450 Дж болса, оқ мылтықтың аузынан горизонтқа қандай бұрыш жасап шыққан?

276.Массасы m маятник вертикальдан а бұрышына ауытқылады. Маятник тепе-теңдік қалыптан өткен кездегі жіптің керілу күші қандай болады?

277. Массасы 15 т троллейбус 1,4 м/с2 үдеумен орнынан қозғалады. Егер кедергі коэффициенті 0,02-ге тең болса, жолдың алғашқы 10 метріндегі тарту күшінің жұмысы мен кедергі күшінің жұмысы қандай болатынын табыңдар. Троллейбус қандай кинетикалық энергия алады?

278. 46-суретте массасы 20 т автобус жылдамдығының графигі берілген. Егер кедергі коэффициенті 0,05-ке тең болса, Тарту күшінің 20 с ішінде атқаратын жұмысын есептеп шығарыңдар. Автобустың кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

279. Ұзындығы 36 м горизонталь жол бөлігінде, велосипедші педальды басуын тоқтатып, жылдамдығын 10-нан 8м/с –қа азайтты. Кедергі коэффицинетін анықтаңдар. Кинетикалық энергияның қанша пайызы ішкі энергияға айналады.

280. Массасы 50 т бензин таситын масшина ұзындығы 200 м, биіктігі 4 м өрге қарай 15 м/с жылдамдықпен көтеріліп келеді. Өрдің басына қарай жылдамдық 5м/с –қа дейін кемиді. Кедергі коэффициенті 0,09. Мыналарды анықтаңдар: а) потенциалдық энергияның өзгерісін; б) кинетикалық энергияның өзгерісін; в) кедергі күшінің жұмысын; г) тарту күшінің жұмысын; д) бензин таситын машинаның тарту күшін.

281. Массасы 9,6 г оқ Калашников пулеметі ұңғысынан 825 м/с жылдамдықпен атылды. 100 метрден кейін оқтың жылдамдығы 746 м/с-қа дейін, ал 200 метрден кейін 675 м/с-қа дейін кемиді. Бірінші және екінші жүз метр жолдағы ауаның кедергі күшінің жұмысын табыңдар?


22. Қуат. ПӘК-і.

Сұйықтар мен газдардың қозғалысы.

282. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ болғанда дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 22кН-ға тең. Осындай ұшу режиміне сәйкес ұшақ двигательдерінің қуатын табыңдар.

283. 900 км/сағ жылдамдықпен ұшу кезінде ИЛ-62 ұшағының барлық төрт двигателі 30 МВт қуат өндіреді. Осы режиммен жұмыс істегендегі бір двигательдің тарту күшін табыңдар.

284. Қуатын 25 кВт-ға дейін арттыра отырып, насостың двигателі 100 м3 мұнайды 6 м биіктікке 8 мин ішінде көтереді. Қондырғының ПӘК-ін табыңдар.

Б нұсқасы

285. Як-40 тың жерден ажырау жылдамдығы 175 км/сағ, ұшардағы екпін алу жолы 550 м, ұшу массасы 13,7 т, двигательдер саны 3, бір двигателінің тарту күші 4,7 кН болғанда осылар арқылы мынаны табыңдар.1) екпінмен қозғалған ұшақтың екпін алу үдеуін; 2) екпін алу уақытын; 3) жерден ажырағандағы кинетикалық энергияны; 4) екпін алу кезіндегі барлық двигательдердің тарту күштерінің жұмысын; 5) екпін алу кезіндегі орташа қуаты.

286. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4 м тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?

287. Су құбырында қимасы 4мм2 тесік пайда болды. Осы тесіктен вертикаль шапшып шыққан су 80 см-ге көтеріледі. Бір тәулік ішіндегі су шығыны қандай?

С нұсқасы

288. Массасы 1,4 т автомобиль, орнынан қозғалып 10 с уақыт ішінде 75 м жол жүреді. Қозғалысқа қарсы кедергі коэффициенті 0,05-ға тең. Мына шамаларды табыңдар: 1) екпін алу соңындағы жылдамдығын; 2) ие болған кинетикалық энергияны; 3) үйкелісті жеңу жұмысын; 4) орташа пайдалы қуатты.

289. Ауыл және орман шаруашылығында жұмысқа қолданылатын ұшақтың массасы 1т, ұшардағы екпін алу жолы 300 м, ұшу жылдамдығы 30 м/с, кедергі коэффициенті 0,03 болса, оның жылдамдық алардағы орташа пайдалы қуатын табыңдар.

290. Егер дене көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі үйкеліс коэффициенті 0,1-ге тең болса, ұзындығы 1 м, биіктігі 0,6 м көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін табыңдар. Рым,399.





ІV тарау

Механикалық тербелістер мен толқындар.

23. Серіппедегі жүк және математикалық маятниктің тербелісі

А нұсқасы

291. Қатаңдығы k=12.3 Н/м серіппеге ілінген массасы m=0.211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.

292. Қатаңдығы k=93,2 Н/м серіппеге ілінген массасы m=1,97 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.

293. Серіппенің әсерінен массасы m=100 г жүк жиілігі ν = 2 Гц тербелістер жасайды. Серіппенің к қатаңдығын табыңдар.

194. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар.

295. Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар.

296. Ұзындығы 1м және 4 м маятниктердің тербеліс периодтарын табыңдар.

297. Ұзындығы 2м маятник 1 сағатта 1268 рет тербеледі. Ауырлық күшінің үдеуін табыңдар.

Б нұсқасы

298. Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с –қа тең болса, оның массасы қанша?

299. Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с ішінде 100 тербеліс жасайды. Осы маятниктің периодын және еркін түсу үдеуін табу керек.

300. Ұзындығы ℓ=4,9 м математикалық маятник t=5 мин. Уақыт ішінде неше (N) тербеліс жасайды.

301. Егер маяникті жерден айға апарса (ай бетінде еркін түсу үдеуі 1,6 м/с2) оның тербеліс периоды қалай өзгерер еді?

302. Бірдей уақыт ішінде математикалық маятниктің біреуі 10 , ал екіншісі 30 тербеліс жасайтын болса, олардың ұзындықтарының қатынасы қандай?

303. Ұзындығы 1 м маятник 1,1 м/с2 үдеумен жоғары және төмен қарай қозғалтсақ, онда оның тербеліс периоды қалай өзгеред?

С нұсқасы

304. Серіппеге ілінген мыс шар вертикаль тербелістер жасайды. Егер серіппеге радиусы дәл сондай алюминий шар ілсе, тербеліс периоды қалай өзгереді.

305. Егер серіппеде тербеліп тұрған жүкке, массасы 100 г кіртас ілсе, тербеліс жиілігі 1,41 есе кемиді. Серіппеге әуелгі ілінген жүктің массасы қандай?

306. Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілегн массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін, оны тепе-теңдік күйден қандай арақашықтыққа ауытқыту қажет.

307. Маятникті жерден айға апарса, оның тербелістер периоды қалай өзгереді. Ай массасы жерден 81 есе кем, ал жер радиусы айдікінен 3,7 есе үлкен.

308. Маятниктің бірі N1=10 тербеліс жасайды. Екіншісі дәл сондай уақытта N2 = 6 тербеліс жасайды. Маятниктердің ұзындықтарының айырмасы ∆ℓ=16 см. Маятниктердің ℓ1 және ℓ2 ұзындықтарын табыңдар.

309. Математикалық маятниктің h=3,2 км биіктіктегі тербеліс периоды, жер бетіндегі тербеліс периодына тең болу үшін оның ұзындығын қалай өзгерту керек.


24. Гормониялық тербелістің негізгі сипаттамасы

А нұсқасы

310. Дененің тербеліс жиілігі 2000 Гц. Оның тербеліс периоды неге тең болады?

311. Материялдық нүктенің тербелісінің жиілігі 440 Гц, ол 5 с уақыт ішінде қанша тербеліс жасайды

312. Материялық нүкте 1 мин уақыт ішінде 300 тербеліс жасайды. Осы тербелістің периоды мен жиілігін табыңдар?

313. Материялық нүкте 10 кГц жиілікпен тербеледі. Тербеліс периоды мен 1 мин ішіндегі тербеліс санын табыңдар?

314. Материялық нүкте 20 с уақыт ішінде 50 толық тербеліс жасайды. Тербеліс периодын табыңдар.

Б нұсқасы

315.Массаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5 мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады.

316. x=0.4 cos5πt тербелмелі қозғалыстың теңдеуі берілген. Тербеліс амплитудасын және тербеліс периодын, t=0.1с –тан кейінгі ауытқуының шамасын табыңдар?

317. Амплитудасы xm=0.07м, жиілігі ν=200 Гц бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербелістің теңдеуін жазу керек.

318. Амплитудасы 8 см –ге тең, 1 мин уақыт ішінде 60 тербеліс жасайтын гормониялық тербелістің теңдеуін жазыңдар?

319. Дененің гормониялық тербелісінің амплитудасы xm=15 см, периоды T=0,05 с, бастапқы фазасы нөлге тең. Жылдамдығы мен үдеуінің максималь мәндерін табыңдар.


С нұсқасы

320. Сантиметр мен өлшенген дененің координатасы, уақыт өтуімен ілесе, мына x=3,5 cos4πt түрде өзгереді. Тербелістер амплитудасы және дөңгелектік (циклдік) жиілік неге тең? Тербеліс басталғаннан 5 с өткендегі тербелістер фазасы неге тең.

321. Тербелістің амплитудасы 2 см. Егер нүкте x=xmcoswt заңымен тербеліс жасайтын болса, ауытқу 1 см-ге тең болу үшін тербеліс басынан есептегенде қанша уақыт керек болады?

322. Дене амплитудасы xm=5 см, периоды T=0,01 с, бастапқы фазасы нөлге тең гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс басталған соң t=1 с уақыттан кейінгі дененің жылдамдығы мен үдеуін табыңдар.

323. 1 мин ішінде 120 рет тербелетін гормониялық тербелістердің теңдеулерін жазыңдар. Амплитуда 5 см, ал тербелістердің бастапқы фазалары: 0,π/2, π,3π/2,2π.

324. Массасы 10 г дене гормониялық тербеліс жасайды. Тербеліс теңдеуі x=0.1 sin (6.28t+0.6) тербелісті тудырушы күштің амплитудасы мен дененің толық энергиясын есептеу керек.


26. Механикалық толқындар

А нұсқасы

325. Мұхиттардағы толқынның ұзындығы 270 м-ге дейін, ал периоды 13,5 с дейін болады. Осындай толқынның таралу жылдамдығын табыңдар.

326. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқынын тудырса, онда осы дыбыстың судағы жылдамдығы қандай болады?

327. Найзағай кезінде адам күннің күркірегенін найзағай жарқылынан 15 с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған.

328. Дыбыс шағылатын бөгетке дейінгі қашықтық 68 м. Адам жаңғырықты қанша уақыттан кейін естіді.

329. Толқындардың таралу жылдамдығы 330 м/с, ал тербеліс жиілігі 256 Гц деп алып, бірдейфазаларда тұрған көршілес нүктелердің ара қашықтығын анықтаңдар.

330. Теңіздің кеме астындағы тереңдігін эхолот арқылы өлшегенде ультра-дыбысты жіберу және қабылдап алу мезеттерінің уақыт аралығы 0,6 с болып шықты. Теңізді кеме астындағы тереңдігі қандай?

Б нұсқасы

331. Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?

332. Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20 тербеліс жасағанын , ал көршілес толқын өркештерінің ара қашықтығы 1,2 м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?

333. Қозғалмай тұрған бақылаушының жанынан 10 с-та 4 толқын жалы өтті. Бөлшектердің тербеліс периоды қандай?

334. Ауаның температурасы 150С болғанда, адам дауысының шектік жиіліктері 64 Гц-тен 1300 Гц-ке дейінгі дыбыс толқындарының ұзындығын табыңдар.(дыбыстың жылдамдығы 340 м/с)

335. Дыбыстың судағы жылдамдығы 1450 м/с. Егер де тербеліс жиілігі 725 Гц болатын болса, қарсы фазада тербелетін ең жақын нүктелердің ара қашықтығы қандай болады?

С нұсқасы

336. Атылған оқ және оның дыбысы 680 м биіктікке бір мезгілде жетеді. Оқтың бастапқы жылдамдығын есептеңдер, оқтың қозғалысына қарсы кедергі ескерілмейді.Дыбыс жылдамдығы 340 м/с.

337. Суда пайда болған когерентті толқындардың екі жүйесі біріне-бірі қарама-қарсы таралады. Жүрістерінің айырмасы 1)6 м, 2) 6,25 болатын толқындардың түйіскен нүктелерінде нені байқауға болады? Толқын ұзындығы 50 см.

338. Тербеліс көзінен 12 м және 14 м қашықтьқтағы екі нүктенің тербеліс фазаларының айырмасын анықтаңыздар.Тербеліс периоды 0,4 с, ал тербелістің таралу жылдамдығы 10 м/с.

339 Тербеліс көзінен ара қашықтықтарының айырмасы 25 см болатын дыбыс толқынының екі нүктесінің фаза айырмасын табыңдар. Тербеліс жиілігін 680 Гц, ал дыбыстың тарау жылдамдығын 340 м/с деп алыңдар.

340. Көлде жүзіп бара жатқан катерден шыққан толқын жағалауға 1 мин-тан кейін келіп жетті. Ол толқынның көршілес жолдарының ара қашықтығы 1,5 м, ал жағаға бірінен соң бірі келіп соғылған екі толқын арасындағы уақыт 2 с болып шықты. Катер жағадан қандай қашықтықта өтті.


Автор
Дата добавления 06.09.2016
Раздел Физика
Подраздел Тесты
Просмотров367
Номер материала ДБ-178823
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх