Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сыныптар тыс іс - шара: "Қамқоршы әпкем, ерке сіңілім!" 5 - 9 сыныптар

Сыныптар тыс іс - шара: "Қамқоршы әпкем, ерке сіңілім!" 5 - 9 сыныптар


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қамқоршы әпкем,ерке сіңілім»


Мақсаты: аналар мерекесіне орай аналар,ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету,қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эсетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылққа,парасаттылыққа баулу,мейірімділік пен қайырымдылықты саналарына сіңіруге жағдай жасау,сөйлеу қабілетін дамыту,сабырлы болуға,парсатыллық пен білімдарлыққа баулы,халқымыздың салт-дәстүрін,өнегелі нақыл сөздерді асыл қазына екенін оқушы санасын жеткізу.

Көрнекілігі: „Қамқоршы әпкем,ерке сіңілім" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы: 1-жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2-жүргізуші. Бүгінгі „Қамқоршы әпкем,ерке сіңілім" атты сайысына қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Бүгін кешімізді әсем әнмен бастайық ендеше ортаға ____сынып оқушысы _________________шақырайық.

               1-жүргізуші. Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

                                      Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

                                      „Қыз өссе елдің көркі"деген сөзді,

                                       Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

                 2-жүргізуші. Пір тұтқан махаббатты, адалдықты,

                                       Көркімен таң қалдырған талай жұртты.

                                       Қыздардың қылығымен өмір қызық,

                                       Қыздардың ғұмырымен заман құтты.

                1-жүргізуші. Өнер-білім тапқырлықтың тарланы,

                                       Еңбектегі әріптестер мақтаны.

                                       Өнеріңді ортаға сал,сайысқа

                                        Өнер көрсет,құрбылармен жарыс та.

                 2-жүргізуші. Мың бұралған арулар билей басып,

                                        Келеді міне ортаға толқып тасып.

                                        Аруларын сыйлаған халқым менің,

                                        Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!

1-жүргізуші:Кішкентай қыз _______________

Келді апасымен сайысқа

Өнерлерін көрсетпек

Баршамызға ортаға.

2-жүргізуші. ____________ қыз өнерлі.

Бойға өнер жиған қыз.

Сымбат апасы білімді

Меңгерген бар ілімді

   1-жүргізуші: ____________ қыз елгезек

                                        Алады тез тіліңді.

Ақша бетті Айнұр

                                          Ұқсайды хор қызына

2-жүргізуші:_____________ қыз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

Мадина апасы шығады

Бұрымдары желбіреп.

1- жүргізуші:Кішкентай ____________байсалды

Сыныбының мақтанышы ол алды

Талай сыннан сұрінбеген бұл күнде

Жанындағы қатысушыға ой салды

2-жүргізуші. Шалқытып мерекеде ән салайық,

                                        Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

                                        Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

                                        Әділқазы алқасымен танысайық.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: ________________________,

1-жүргізуші. Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып өз өнерін көрсетеді. Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

                                         1. Өзін- өзі таныстыру.

                                         2. Әуенді тап

                                         3. Өнер.

                                          4. ойайық та күлейік.

                                          5.Ребус шешу (жауабына мақал құрап үш тілде айту.

6.Шаш үлгісі

                     2-жүргізуші.Ал арулар ,сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар

Тапсырманы орында қымсынбай кеп,

Сүріңбесең бұл сыннан жарайсыңдар

 1-жүргізуші:Көңілге түй сен мұны,

                                           Әр бүлдіршін –ел гүлі.

                                           Бақытты елде туғаның

                                           Есіміңнен белгілі.

Бірінші сайыс бір-бірін таныстыру

«Әр әпелері мен сіңілілері бір-бірін таныстырады

2-жүргізуші.Екінші сайыс-қыз сұлу көрінеді білімімен.

                                           Кең даланың ежелгі,

                                           Қазақ дейтін халқымыз.

                                           Өзге ұлттай біздің де,

                                            Бар дәстүр мен салтымыз

«Әуенді тап сайысы» (әпкесіне бір әуен ,сіңілісіне бір әуен беріледі қандай өлең екенін табу)

1-жүргізуші.Өнерсізден қашып жүр,

                                             Өнермен үлгі шашып жүр.

                                             Өнерді көп білетін дана болар,

                                             Өнерсіздің ісі шала болар  


                     1-жүргізуші.Үшінші сайыс-өнерліге өріс кең. Қатысушылар дайындап келген өз өнерлерін көрсетеді

  2-жүргізуші. Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

4-сайыс «Жасырынбақ ойыны ойнатылады»(қатысушының көзі байланып қолына қалам мен кітап беріледі.Бір әріпті таңдап сосын мына сұрақтарға жауап сұрау.

1.Атын кім

2.Фамилиян қалай?

3.Қаланың аты?

4.Сүйікті ұстазын

5.Нені жақсы көресің?

                 1-жүргізуші      Әдет-ғұрып, салт –дәстүрі қазақтың,

                                            Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

                                            Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

                                             Насихаттап, жаңартудан қашпайық.

5 сайыс Ребус шешу сайысы (жауабын үш тілде айту,мақал құрастыру)

                                      2-жүргізуші.

                     Сымбатына сән киім жарасатын,

                                            Аспандағы айменен таласатын.

                                            Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

                                            Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

                     2.жүргізуші  6 сайыс    Шығармашылық шаш үлгісі сайысы. Сайыскерлер өз сіңілілеріне қолдарынан келетін шаш үлгісін көрсетеді

1-жүргізуші.Әділқазы алқасы аруларымыздың ұпайларын есептегенше өнерпаздардың өнерін тамашалайық.

Ән ____________сынып оқушысы _______________ орындауында тамашалаңыздар.

                    2-жүргізуші. Енді сөзді төрешілерімізге берейік.(Ұпайларын қорытқанда, қыздардың ұлттық киімін, сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп-тұрғанын- бәрін де есептеген жөн.)

                   Қорытынды. Әділқазылар сөз алып, әр номинация бойынша ( ) жүлде тағайындайды.

1-жүргізуші. Өнеріміз сайыста  

  Жетелейді алысқа.

           Бүгінгі күннің жеңісі,

   Достық болып қалуда.

                    2-жүргізуші.Құрметті Ата-аналар,ұстаздар,оқушылар,Қамқоршым әпкем,ерке сіңілім атты қыз сыны осымен өз мәресіне жетті Баршаңызды келе жаткан 8 наурыз аяулы аналар, аялы қыздар мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз құт –береке , бірлік әкелсін.  Қош сау болыңыздар!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 18.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров10
Номер материала ДБ-270120
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх