Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / 4 сыныптарға арналған "Білімділер сайысы" атты жарыс сабақ
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

4 сыныптарға арналған "Білімділер сайысы" атты жарыс сабақ

библиотека
материалов

«Білімділер сайысы» атты сайыс сабақ

Жүргізушілер:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар!

2-жүргізуші:әділ-қазылар!

1-жүргізуші:оқушылар!

«Білімділер сайысы» атты кешімізге қош келдіңіздер!!!

2-ж: Ал енді сіздермен бірлесе отырып «Білімділер сайысы» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бұл ойында, қатысушыларымызды әртүрлі сынақтар күтіп тұр.

1-ж: Осы сынақтардан нағыз интеллектуалды, жан-жақты дамыған, мейірімді, өзіне сенімді, білімді азаматтар ғана өте алады.

2-ж: Лидер дегеніміз кім?

1-ж: Лидер – тәрбиелі, білімді.

2-ж: Лидер-өзінің ынтасымен тығыз байланысты нығайтып, берілген тапсырманы жауапкершілікпен уақытында орындайды.

1-ж: Лидер-кез-келген жұмысқа белсенді қатысады.

2-ж: Лидер-үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете біледі.

1-ж: Лидер-жан-жақты дамыған жеке тұлға!

2-ж:Сонымен «Білімділер сайысының жеңімпазы» кім болар екен?Оны анықтау үшін ойынымызды сарапқа салып, бүгінгі лидерді анықтауға көмектесуші әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1-ж:

1.Директордың оқу ісі бойынша орынбасары

2-ж:

2.4 «ә» сынып жетекшісі

1-ж:

3. 4 «а» сынып жетекшісі

2-ж:Ал енді асыға күткен сәтте келіп жетті, ортаға ойынымызға қатысушыларымызды қошеметпен қарсы алайық!

1-ж: Бүгінгі сайыста бағын сынағалы келіп отырған оқушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.

1-қатысушы

2-қатысушы

3-қатысушы

4-қатысушы

5-қатысушы

6-қатысушы

7-қатысушы

2-Ж:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,-деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе,

қатысушыларға сәттілік тілей отырып,ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1-ж:

1-кезең Бәйге. 26 лездемелік сұрақтар оқылады, яғни оған ойыншыларымыз жылдам жауап берулері қажет.Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.

2-ж:

2-кезең «Полиглот» кезеңі. Полиглот сөзі -грек сөзі, яғни «Көбірек әрқайсысынан білемін» дегенді білдіреді. Бұл кезеңде әртүрлі сұрақтар беріледі, оған ойыншыларымыз 3 тілде жауап берулері қажет.Қазақ-орыс-ағылшын.Әр дұрыс жауап 30 ұпаймен бағаланады.Осы екі кезеңнен кейін әділ-қазылар ұпай санын таныстырып өтеді, ұпай сандары төмен 2 ойыншымыз ойыннан шығады.

1-ж:

3-кезең «Кез келген сұрақтар» , қатысушыларымыз әр тор көзден өзіне ұнаған торкөзді таңдап, сұрағына жауап береді, дұрыс жауап берілсе,таңдалған ұпай саны беріледі.3-кезеңнен кейін әділ-қазылар ұпай сандарының қорытындысын айтады, қорытынды бойынша ұпай сандары аз 2 оқушы ойыннан шығады.

2-жүргізуші:

4-кезең «Жорға», Бақ сынасқалы тұрған ойыншыларымызға 3 түрлі «өте маңызды» тақырыптар беріледі.Ойыншыларымыз өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдап, сол тақырып көлемінде ойын жинақтап, бізбен бөліседі. 5 минут уақыт беріледі. Бұл кезеңдегі ең жоғарғы ұпай - 50

1-жүргізуші:

Ойын толық, айналған қатты ағысқа

Табылғандай танымда, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толық жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып!

2-жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Барлық ойыншыларымызға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.

1-жүргізуші:

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге,бәйгелерді көріңіз.

Ал жас қырандар 1-кезең «Бәйге» турын бастайық!

2-жүргізуші:

  1. 1 сағатта неше минут бар? (60)

  2. Дүниежүзілік желі ? (ғаламтор)

  3. Қазақстандағы ең ұзын өзен? (Ертіс)

  4. Ауа қабаты қалай аталады? (атмосфера)

  5. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?(9)

  6. Тірі ағзаларды жойылып кетуден сақтайтын орын? (қорық)

  7. Темекі түтініндегі зиянды зат? (никотин)

  8. Жүз жылдық мерзім? (ғасыр)

  9. Қан беруші адам? (донор)

  10. Қыстан кейінгі қандай жыл мезгілі келеді? (көктем)

  11. Сүйемін, өскен, Отаным өлеңінің авторы? (М.Мақатаев)

  12. Жердің кішірейтілген моделі? (глобус)

  13. Абай жолы эпопеясының авторы? (М.Әуезов)

  14. 1991 жылдың 16 желтоқсаны қандай күн? (Тәуелсіздік күні)

  15. Асан 2 сағатта 12 шабақ аулады, 3 сағатта неше шабақ аулады? (18)

  16. Шөлге төзімді, суды қажет етпейтін өсімдік? (кактус)

  17. Айтыс дегеніміз не? (Екі ақынның сөз жарысы)

  18. Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше кг? (3 кг)

  19. 1 аптада неше күн бар? (7)

  20. Алма ағашында 10 алмұрт өсіп тұр, оның 5 жерге түсті неше алмұрт қалды? (алмұрт өспейді)

  21. Ә.Қастеев кім? (Суретші)

  22. Ең үлкен мұхит? (тынық)

  23. 4жылда бір рет 29 келетін ай? (Ақпан)

  24. Ағашта 6 кептер тұр. Оның 2 атып алынды, ағашта неше кептер қалды? (ұшып кетті)

  25. 1 жұмыртқа 5 минут пісті, 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (5 )

  26. Көлемі 2 л ыдысқа қанша литр су сияды? (2 литр)



1-жүргізуші:

2-кезең «ПОЛИГЛОТ» әр толық,дұрыс жауапқа -30 ұпай беріледі.



  1. Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың? (тұз, соль,)

  2. Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,қыста жақсаң, жаның рахат алады. (ағаш, дерево,)

  3. Қыз елдің көркі, ...................жердің көркі. (гүл, цветок,)

  4. Ақылы көпті дау алмайды, .............жау алмайды. (дос, друг,)

  5. Оқу .........құдық қазғандай. (ине, иголка, )

  6. Бір тал кессең, .......тал ек. (он, десять,)

2-жүргізуші: Әділ қазыларға сөз кезегін беріп, 2 кезеңнің қорытындысын тыңдалық.(ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады)Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет, осы ойынға келіп қатысқандарыңыздың өзі бір ерлік деп қошеметпен шығарып салайық .

1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын,-деп ойынымызды әрі қарай жалғастырайық.

2-жүргізуші:

«Кез келген сұрақтар»

Математика

Мектеп

Қазақ тілі

Жануарлар

Жыл мезгілі

10

10

10

10

10

20

20

20

20

20

30

30

30

30

30

40

40

40

40

40

50

50

50

50

50

60

60

60

60

60



1-жүргізуші: Сөз кезегі қазылар алқасында.

2-жүргізуші: Ұпай саны ең аз 2 ойыншы ойыннан шығады.

Ойынымызды жалғастырайық, ең соңғы «Жорға» кезеңін тамашалайық. Бақ сынасқалы тұрған екі ойыншымызға 3 түрлі «өте маңызды» тақырыптар беріледі.Ойыншыларымыз өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдап, сол тақырып көлемінде ойын жинақтап, бізбен бөліседі.

5 минут уақыт беріледі. Бұл кезеңдегі ең жоғарғы ұпай – 50



1-жүргізуші: Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

Бүгінгі ойынымыздың жеңімпазы болған

Құттықтаймыз!!!Биік шыңдардан көріне бер демекпіз!!!

2-жүргізуші:

Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ

Талап пен ізденіс,

Арманыңды ақиқатқа айналдырады!

1-жүргізуші:

Кітап оқуды қойған адам,

ойлануды да қояды.

Рухани бай болайық достар!

2-жүргізуші: Кешімізді әрі қарай жалғастырамыз.Сөз кезегін 6-10 сынып оқушыларына береміз.

1-жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!!!

5



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-344847

Похожие материалы