Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / 5,6 сыныптарға арналған "Достық көпірі" тақырыбында сынып сағаты

5,6 сыныптарға арналған "Достық көпірі" тақырыбында сынып сағаты

библиотека
материалов

Тақырыбы: Достық көпірі

Тәрбие сағатының мақсаты:

  1. Оқушылардың достық қарым-қатынастарын нығайту.

  2. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

  3. Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.


Барысы:

1-бөлім


  1. Психологиялық тренинг.

  2. Ән тыңдау «Достар».

  3. Мұғалімнің кіріспе сөзі


2-бөлім:

Сыныптағы дос оқушылар арасынан төрт топ жасау. Сайыс шарттарымен таныстыру.

Сайыс шарттары:

  1. Таныстыру

  2. Бұл қызықты

  3. Мен досым жайлы не білемін?

  4. «Досыма сенемін»

  5. Досыма сыйлаймын


3-бөлім.

Барлық сыныпты екіге бөліп, «Дос қандай болу керек тақырыбына» ассосация құрау.


Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Міне, балалалар! Сендер «Достар» әнін тыңдадыңдар. Енді сендер барлықтарың түсініп отырсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болатынын. Қандай?

  • Достық туралы.

  • Дұрыс айтасыңдар. Біз сыныптағы өздерін «доспыз» деп санайтын оқушылардың достықтарының беріктігін тексереміз. Бұған қалай қарайсыңдар?

Досы көптің жаны семіреді

Асы көптің тәні семіреді, -деген нақыл сөз бар. Сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріне сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз.

Міне, күніне мың құбылып, жеме жемге келгенде достық сезімді, қара бас қамына айырбастап жіберетіндердің де өмірде кездесетіні анық.

Әрине досы үшін жанын қиярға дайын, адал ниет, ақ көңіл адам жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ шын дос табу қандай қиын болса, мәңгілік дос болып қалу одан да қиын.




Бүгінгі сабағымыздан соң сендер өздеріңі ой түйіп, достықтарыңды одан әрі қатайтып, досы жоқтар дос табады деген ойдамын.

Сайыс болған соң онда әділ қазы алқалары болады. Оларды таныстырып өтейін:



-________________________________________________________________


Сайысымызды бастайық. Топтарды ортаға шақырамыз.

1 –кезең «Таныстыру» кезеңі деп аталады. Әр топ өздерін таныстырады.

2-кезең: Бұл кезеңде сендер түрлі жағдайлардағы досың екеулеріңнің араларыңдағы эмоцияны барынша қызықты, шынайы етіп көрсетулерің керек. Сайысты өту үшін жеребе тартылады. Соның ішінде жазылған тапсырманы орындауларың керек.

  • Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш

  • Досыңызбен қоштасу кезіндегі мұң

  • Досыңыздың жеңісіне мақтаныш

  • Досынызды ренжітке сәтіңіз

  • Келесі кезең «Мен досым жайлы не білемін?» деп аталады. Сендер өздерің білесіңдер , осы сынып сағаты алдында сендерден әрқайсыларыңнан жеке сауалнама алынып, олар видиоға түсіріліп алынған. Қазір әр топтағы балалардың достары жайлы шын мәнінде қаншалықты білтіндерін тексеріп көрейік. Ол үшін әр топтан бир оқушыдан ортаға шықсын. (Ол оқушыға төмендегідей сұрақтар қойылады.)

  • Сенің досың кім?

  • Досыңның сүйікті ісі қандай?

  • Досыңның сүйікті әні?

  • Досыңның ұнататын түсі?

  • Досыңның сүйікті тағамы?

  • Досың бос уақытта немен шұғылданады?

  • Досың өскенде кім болғысы келеді?

  • Досыңның анасының толық аты-жөнін ата.

  • Енді досыңның жауаптарымен салыстырайық.

  • Келесі кезең «Досыма сенемін» деп аталады. Бұл кезеңде барлық топтар ортаға шақырылады. Жүргізуші баста дегенде бірінші дос екінші достың құшағына арқасымен еркін құлауы тиіс. Егер достың бірі қорқақтаса, онда досына сенбейді дегенді білдіреді.

  • Соңғы кезең «Досыма сыйлаймын» деп аталады. Бұл кезеңде жүргізуші топтардың әр мүшесіне 1 бет қағаз бен қайшы ұсынады. Оқушылар 3 минут ішінде осы қағаздан досына сыйлық жасап беруі тиіс.

Әділ- қазылар ұпайды есептегеше тағы бір ән тыңдау. Терме: «Дос туралы жыр». Топтарды «Берік достар», « Шын достар», «Адал достар», қылықты достар» номинациялары бойынша марапаттау.

Мен өзімнің сөзімді мына өлең жырларымен аяқтамақпын.


Достығымыз достар арылмасын,

Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Күніміз күлкілі бола берсін,
Қуанышқа көңіліміз тола берсін,
Нұрлы аспан астында, аясында,
Басымызға бақ келіп қона берсін,


Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүйуді үйренейік,
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

Берсе берді бермесе санаспайық,
Болмайтынға ұрысып таласпайық,
Әрдайым жарасып бірлігіміз,
Барлығымыз адал, шын дос болайық !


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-448516

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG