Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / .9 - сыныптарға арналған мазмұндама жинақтары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

.9 - сыныптарға арналған мазмұндама жинақтары

библиотека
материалов

9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

МАЗМҰНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ











Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы











































Алматы 2012























Пікір білдірген: Оспанова Шарипа Қаныбекқызы – Мақтарал аудандық білім

бөлімінің әдіскері









Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы – «Үлгілі»

жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Аязхан Қалыбеков а/ә Мақтарал ауданы Оңтүстік Қазақстан облысы











ISBN 9965 – 19 – 251 – 6













Жинақта 5–9-сыныптардың әрқайсысына 6 –10 мәтіннен мазмұндама жинағы қамтылған. Алынған мәтіндер оқушының ой өрісін, зейін қабілетін жетілдіруге негіз болатын, сауаттылығын арттыру жұмыстарына көмегі тиетіндей деңгейде құрастырылған.





ISBN 9965 – 19 – 251 – 6









КІРІСПЕ



Мазмұндама және шығарма жұмыстарының көлемі мен бағалау өлшемдері



Мазмұндама – оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді.



Мазмұндама мәтіннің көлемі төмендегідей болады:

5-сынып – 100 – 150 сөз; 6-сынып – 150 – 200 сөз; 7-сынып – 200 – 250 сөз;

8-сынып – 250 – 300 сөз; 9- сынып – 300 – 350 сөз; 10-сынып – 350 – 400 сөз;

11- сынып – 400 – 450 сөз.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Мазмұндама – дайын мәтін немесе оның үзіндісі бойынша жүргізілетін жұмыс түрі. Мазмұндама жаздыруға арналған мәтін ең алдымен сыныпта мәнерлеп оқылады (мұғалімнің оқып бергені жөн). Одан кейін мазмұны баяндалып, ондағы мағынасы белгісіз сөздер түсіндіріледі. Жоспар жасауға оқушылар әбден төселгенше ұстаздың көмегімен оқушылар ұжымы түзейді. Кейіннен әрбір оқушының жеке-жеке жоспар құруы талап етіледі.

Мәтін мазмұнын айтып бергенде, оқушылар мұғалімнің баяндағанын қайталап қоймай, мәтін мазмұнын өз бетінше меңгеріп, өз сөздерімен құрастыруы талап етіледі. Атап айтқанда, оқушы жазған мазмұндама мәтініне мынадай талап қойылуға тиіс.

оқушының өз ойы болуы;

өз жанынан қосымша оқиға қосуы;

өздігінен қортынды жасау;

мәтін формасын өзгерте мазмұндау, яғни І жақ, осы шақ формасын

дағы мәтінді ІІІ жақ, өткен шақ формасында немесе керісінше

мазмұндау;

қысқарта мазмұндау, яғни берілген мәтіннің тек түйінді, негізгі

мәселелерін ғана мазмұндау, қажетсіз деп табылған детальдарды

қысқарту;

кеңейте мазмұндау, яғни мәтін мазмұнына аса қажетті материалдарды ойдан қосу;

мәтін мазмұнына байланысты цитата және эфиграф келтіре отырып

мазмұндау;

берілген мәтін мазмұнына лайықты ой қорытындысын жасау.

Мұғалім мазмұндамаға лайықты мәтінді, баяндалатын оқиғаның ауыр-жеңілдігін оқушының жас ерекшеліктеріне лайықты таңдауы тиіс.

Таңдалған материалдар бала танымына жақын, етене таныс, күнделікті қарым-қатынас жасап отырған ортаға байланысты таңдалады. Мазмұндама мәтіндері қызғылықты, қоршаған орта мен табиғатты терең тануға ықпал ететін, дүние танымын кеңейтетін, ұлттық рухты көтеретін, батырлыққа, ерлікке жетелейтін, баяндалатын іс-әрекет пен оқиғалар сабақтаса байланысқан, бірін-бірі толықтыратын болып келу жағы қарастырылады. Мазмұндама тақырыбы жыл мезгілдерінің кезеңіне сай болғаны мақұл. (Күзге арналған мазмұндаманы күзде жаздыру).

Мазмұндама жаздыру барысында мына төмендегі материалдарды пайдалануға болады:

1) жыл мезгілдері және олардың бір-бірінен өзгешеліктері, ерекшеліктері;

2) оқушылардың өз бастарынан кешкендері;

3) оқыған кітаптары, естіген әңгімелері, көрген кинофильмдері;

4) қоршаған орта мен табиғатты бақылаудан алған әсерлері мен ой-пікірлері;

5) балалардың еңбек әрекеттері, ойындары;

6) отбасы, ауылы, туған өлкесі;

7) үй жануарлары және олардың қасиеттері;

8) жабайы аңдар және құстар;

9) түрлі кәсіп жайында;

10) туған елдің тарихы, ұлы ойшылдары мен ақын-жазушылары, билері мен батырлары т.б.

Мазмұндама тақырыптары сынып өскен сайын қайталануы мүмкін. Мәселен, «Күз», «Қыс», «Көктем» және т.б. тақырыптар сөз жоқ, әр сыныпты шәкірттің жас ерекшеліктеріне,біліміне, іс-тәжірибесіне байланысты бұл тақырыптар күрделене түседі. 5-cыныпта көктемнің өзіне тән санаулы белгілері жайында жазылса, 6-сыныпта оған тән қасиеттер тереңдей түспек.







































Алғы сөз



5–9- сыныптарға арналған бұл мазмұндама жинағына тек қана жергілікті жазушы, өз өңіріміздің тума таланты Нұрғали Әмірбекұлы Қадырбаевтың шығармалары енгізілген.

Жазушы Нұрғали Әмірбекұлы Қадырбаев 1950 жылы 1 қаңтарда Мақтарал ауданы қазіргі Еңбекші ауыл округіндегі «Нұрлы таң» ауылында туылған.

1966 жылы Абай атындағы орта мектепті бітірген.

1970 жылы Сырдария мемлекеттік институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін үздік дипломмен бітірген.

1970 – 1977жылдары Абай атындағы орта мектепте оқытушы, тәрбие істері бойынша мектеп директорының орынбасары қызметін атқарған.

1981 жылы Абай атындағы мектепте директор, 1981 – 1991 жылдары аудандық «Мақтарал» газетінде редактордың орынбасары болып жұмыс атқарған.

1991 – 1992 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио компаниясында редактор.

1992 – 2002 жылдары Мақтарал ауданы әкімдігінде тіл бөлімінің бастығы қызметінде болған.

2002 жылдан қазірге дейін «Сырдария» университетінде «Филология» факультетінің деканы, тәрбие істері бойынша проректор. «Сырдария» университетінің профессоры.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі.

Жиырмаға жуық кітаптары шыққан. Атап айтқанда, «Алыстап кеткен жұлдыздар», «Мырзашөл жазы», «Қылмыспен бетпе-бет», «Кафеде», «Ауған жақта күн ыстық», «Тау бөктерінде», «Өмір белестері», «Гүлназ», «Үйлену де бір бақыт», «Шығыстың Сұлтанбегі», «Дауыл соққан ауыл», «Қарабура әулиемен қауышу», «Әке», «Қоянның құлағы неге ұзын?» және тағы басқа да прозалық кітаптардың авторы.

Әңгімелері балқар, орыс, өзбек тілдеріне аударылған. Әңгімелері, ертегілері мектеп оқушыларына арналған диктанттар, мазмұндамалар жинақтарына енген. «Шетел әдебиеті» хрестоматиялық оқулығының авторы.

Халықаралық С.Қожанов атындағы қордың, Б.Баязитов атындағы әдеби жүлденің иегері. Республикалық Т.Рысқұлов атындағы әдеби байқаудың, Республикалық «Қысқа әңгімелер» байқауының жеңімпазы.

Халықаралық «Көне әлем» академиясының лауреаты, Құрметті докторы, Ы.Алтынсарин белгісінің иегері.

2002 жылдың «Ең үздік жазушысы» номинациясының иегері. Мақтарал ауданының Құрметті азаматы. Республиканың бір топ зиялы қауым өкілдерімен біргелікте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қабылдауында болған. Өзінің төлтума еңбектерін балалар әдебиетіне арнаған жазушымыздың әңгімелері оқушы қауымның назарын қызықтырары сөзсіз.













5-сынып





САРЫ САМАУРЫННЫҢ ШАЙЫ



Ерлан атасымен шөп жинауға жиналды.

Сары самаурынды ұмытпа, балам, деді атасы.

Шәйнекті, пиалаларды да алдым, ата, деді Ерлан.

Ерлан қоңыр тайдың үстіне мінген. Атасы ат үстінде. Оның қолында айыр. Тайдың екі қапталының бірінде – сары мыс самаурын. Екіншісінде – аузы бекітілген бактың ішінде Жиделі өзенінің мөлдір суы.

Жиде қалың өскендіктен, өзен аты – Жиделі атанған. Бұл өзеннің ауыл бойын қуалай аққанына талай жылдар өткен. Өзен жағасының арғы шетінде қалың шөп өседі. Атасы екеуі мал азығы үшін өткен аптада ат шаптырымдай жердің шөбін орды. Атасы шалғымен, Ерлан қол орақпен-ақ едәуір іс тындырыпты.

Енді, мінеки, кепкен шөпті Ерлан мен атасы шөмелеуге кірісті. Күн түске таянды. Ауа ыси бастады.

Ерлан, самаурынды қайната ғой, – деп дауыстады атасы тер жуған бетін

сүртіп.

Мақұл, ата, – десе де, Ерлан кепкен шөпті үйе түсті. Өзі үйген шөмелені

қатты нығыздап болған соң, самаурынға су құя бастады.Сіріңкені жағып, құрғақ отынды тұтатты. Сәлден соң, сары самаурын ішіндегі су ысылдай бастады. Үсті- үстіне жағылған оттың қызуынан лезде-ақ су қайнады. (154 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ерлан мен атасы

Шөп жинауға жиналу

Жиделі өзені

Қызу еңбек

Сары самаурынның шайы



Тірек сөздер: шәйнек, пиала, шөмелеу.







ҚОШ БОЛ, БАЛАБАҚША



Балдырған кезіме серік болған, балабақшам, қош бол! – деді Нұрлан

Балабақша қақпасын жайлап жауып.

Бүгін балабақшамен, өз тобындағы балалармен бірге Нұрлан қоштасты. Алма, Гүлнәр, Ерік, Диана, Сәбит, Мақсат бәрі-бәрі де ендігіде мектепте оқымақ. Алма ауылда қалатын болды. Диана аудан орталығына көшеді екен. Ерік те үлкен қалаға кетіпті. Нұрланның әкесі әскери. Облыс орталығындағы әскери бөлімде қызмет етеді. Анасы сол жерде – дәрігер. Өзі ауылдағы атасы мен әжесінің қолында. Ауыл деген аты ғана. Әйтпесе, жолдарына асфальт төселген. Мәдениет үйі бар. Үлкен екі қабатты мектебінде оқушылар екі ауысымда оқиды. Түрлі пән үйірмелері жұмыс жасайды. Нұрлан спортты жақсы көреді. Таэквондомен шұғылдансам деп армандайды. Келешекте қай жерде оқитындығы әзірше белгісіз.

Бірақ өзі тай-құлындай ойнап өскен балабақшаны қимай кетіп барады. Нұрлан өзінің бөлмесіндегі терезелерге көз салды. Ойын алаңшасындағы темір әткеншектерге назар аударды. Әткеншектер тербелмей, қимылдамаған қалыпта. Балабақшадан қаншама ұзағанымен, оған деген ыстық сағынышының лебі көңілінен бір елі кетпей қойды. (147 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Нұрланның балалармен қоштасуы

Қоштасудың себебі

Қимастық

Ыстық сезім



Тірек сөздер: асфальт, таэквондо, тай-құлындай.





СЫНЫПТАСТАР



Досхан, Сапар, Алданбек, Сәкен және Дүйсехан бір сыныпта оқиды.

Дүйсехан каратэге қатысады. Әжептәуір спортшы. Аудандық, облыстық,

республикалық жарыстарға қатысып жүр. Қазірше бірінші орынға республикада

қол жеткізген жоқ. Үшінші орынға табан тіреді.

Әттең, сол қолымды ауыртып алдым. Әйтпесе, бірінші орынды жеңіп алар

ем, – деп Дүйсехан өкіне сөйледі.

Жарысқа қатысудың өзі үлкен жеңістік, – деді Алданбек үлкендерше ой

айтып.

Алғашқыда үшінші орын алсаң, келесіде екінші, бірінші орынды сөзсіз

аласың, Дүйсехан, – деді Сапар нық сөйлеп.

Жарайсың, – деді Сәкен.

Содан соң:

Ау, Дүйсехан, қолыңды абайламадың ба? – деді сақтықтың алдын алу

керектігін ескерткендей.

Бұны спорт дейді. Спортта бәрі де болады, – деді олар бірін-бірі қостай

Дүйсеханның алған жарақатын елемей.

Сыныптастар республикалық жарыстан оралған Дүйсеханның үйінде едәуір

отырды. Анасы оларға арнап дастархан жайды.

Айналайындар, рахмет. Сыныптастар деген осы. Ынтымақтарың

ортаймасын, – деді.

Сыныптастар бірігіп жеміс шырынын ішті. Дүйсеханның анасы нан турады. Кесілген нан бетіне қолдан пісілген сары майды жағып, әрбіріне ұсынды.

Жеңдер. Ұялмаңдар, – деді.

Содан соң, олар Дүйсеханмен, оның анасымен қоштасып, үйлеріне тарқады.(154 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Бір сыныптың оқушылары

Спортшы Дүйсехан

Дүйсеханның өкініші

Достарының демеу сөзі

Жарыстан оралған Дүйсехан.



Тірек сөздер: каратэ, спорт.





ЖАРАСЫМДЫ СӘТ



Апайының жаңа сабақты ықыластана түсіндіргенін Жарасбек көңіл қойып тыңдап отыр. Кенет Гүлдана мен Мәрзия бір-бірімен сыбырласып, сөйлесе бастады:

Апай бүгін жаңа көйлек киіп келіпті.

Көгілдір түс апайға жарасады екен.

Сабақ үстінде сөйлеген Гүлдана мен Мәрзияға апай ескерту жасап:

Тынышталыңдар, деді.

Осы сәт Жарасбек те:

Қандай көйлек кисе де апайға жарасады, – деді томпиған күйі.

Гүлдана мен Мәрзия сөзден тосылып қалды.

Апай Жарасбектің үлкендерше айтқан сөзіне бір сәт таңданды да, жылы күлімсіреді.

Осы бір жәйттен соң, класс ішінде сабаққа деген ынта жалғаса түсті. Жарасбек, Гүлдана және Мәрзия апайдың әр сөзін зая жібергісі келмегендей, құлақтарын түре қалыпты. Апайдың жағымды үні, ұқыпты киінгені класс ішінде жарасымдылық шуағын себелеп тұр. (94 cөз)



Мазмұндау жоспары:

1) Жаңа сабақ

Гүлдана мен Мәрзияның сыбырласуы

Жарасбектің үлкендерше айтқан сөзі

Жарасымды сәт



Тірек сөздер: көгілдір көйлек, сөзін зая жібермеу.





6–сынып



БОЛАШАҚ БАТЫРЛАР



Марат пен Сәкен өз ойыншықтарымен ойнап отыр. Екеуінің жанында үйме–жүйме ойыншықтар. Танкілер. Ұшақтар. Автоматтар. Пистолеттер. Жауынгерлер.

Алға! –дейді Марат. – Мен – Бауыржан Момышұлымын.

Мен генерал Сабыр Рахимовпын, дейді Сәкен.

Жауынгерлер, жау танкісін бір қадам да ілгері жүргізбеңдер, дейді Марат.

Бұл Бауыржан Момышұлының бұйрығы. Орындаңдар.

Елімізді жау табанына таптатпаймыз, – дейді Сәкен. – Бұл генерал Сабыр

Рахимовтың жауынгерлерге арнаған сөзі. Түсіндіңдер ма?

Марат пен Сәкен едәуір ойнады. Ойыншық автоматтардан олар ойын арасында тарсылдата оқ жаудырады. Қолдарындағы ұшақтарымен көкті тілгілеп, ерсілі–қарсылы ұшады.

Тарс-тұрс! Бомба жарылды, – дейді Марат.

Жаудың үстіне бомба тастадым, – дейді Сәкен де ауада қалықтап ұшқан

ойыншық ұшағын жерге бауырлата төмендетіп.

Бір кезде ойыншық танкілер бірінен соң бірі аударыла бастады.

Жау танкілері қирады, – деді Марат.

Көріп тұрмын. Жарайсың, – деді Сәкен.

Соғыс ойыны қыза түсті. Марат пен Сәкен ендігіде қолдарына автомат пен пистолетті алып, тарсылдатып, ата бастады.

Жауды аяма. Ат. Әкесін көзіне таныт, – деді Марат.

Көмек келгенше шыдай түс. Артқа шегінбе, – деді Сәкен.

Екеуі де ойын қызығына елігіп кетті.

Әлгіден бері Марат пен Сәкеннің ойынына қарап отырған көрші үйдегі ақсақал:

Жарайсыңдар. Сендер барда еліміздің қас батыр ұлдарының есімдері

ұмытылмайды. Бірің – халық батыры Бауыржан Момышұлының, ал екіншің – атақты генерал Сабыр Рахимовтың ролін келістіре орындадыңдар. Қалайша риза болмассың, сендердей өрендерге, – деп ақ батасын берді.

Марат пен Сәкен көрші атайдың сөзіне құлақ аса тыңдап, біргелікте өз ойыншықтарын жинастыра бастады. Сабаққа әзірленетін сәт те осы кезде таяп қалған-ды. (204 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ойыншықтар

Балалардың ойыны

Қас батырлар есімі

Көрші атаның сөзі.



Тірек сөздер: Танкілер, ұшақтар, автоматтар, пистолеттер, жауынгерлер, генерал.





ІЗДЕНУ



Ермек пен Әсия бір сыныпта оқиды. Екеуі де төртінші сынып оқушылары.

Пәндер бойынша үлгерімдері жақсы. Бүгін де ана тілінен тест тапсырған. Бұл тесттің ерекшелігі – іздену қажет. Оны апайы айтты.

Тестегі сұрақтарға жауапты екінші, үшінші сыныптағы ана тілі оқулығынан табуға болады.Тек талмай іздену керек, – деді.



Ермек те, Әсия да тест сауалдарына сай жауаптарды белгіледі. Өз ойларынша дұрыс.Әбден ойланған, толғанған.



Әсияның тестке қайтарған жауаптары түгелдей дұрыс болып шықты.

Өте жақсы. Жауаптардың бәрін өзің белгіледің бе? Әлде ата-анаң, аға-әпкелерің жәрдем берді ме?

Жоқ апай. Өзім белгіледім. Мамам «Жұмысым көп. Мазалама.» деді. Сөйтіп, көрші қыздардың екінші, үшінші сыныптарға арналған ана тілі оқулығын уақытша алып, кей сұрақтардың жауабын таптым.

Ұқыппен даярлағаның көрініп тұр. Өз бетіңше жауап іздегенің байқалады.


Ал, Ермек сен ғұлама ғалым әл-Фарабидің туған жерін дұрыс белгілемепсің?

Апай, ондай сұрақтың жауабын таба алмадым. Содан соң, күмәнданғаным рас.

Бұл сұрақтың жауабы үшінші сыныптағы ана тілі оқулығында бар, – деді Әсия сөзге араласып.

Ия, ия. Есіме түсті, – деді Ермек. – Дұрыс айтасың. Үшінші сыныпта өткенбіз.

Мен сендерге үнемі айтамын ғой. Іздену керек деп. Ізденіс қана өз жемісін береді, – деді апай сыныптағы оқушыларға өз сөзін нықтай түсіп.



Ермек пен Әсия апайдың сөзімен келіскендей, іштей мақұлдасты. Сөйтті де, сабақ ретіне сай тест сауалдарына берілген жауаптарды одан әрі пысықтай түсті. (192 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ермек пен Әсия

Тест сауалдары

Ұқыпты даярлық

Ізденіс өз жемісін береді.



Тірек сөздер: тест, ғұлама.





ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСҚАН КҮН



Жансая әліппемен қоштасатын күнге ерекше даярланды. Өлең жаттады. Әліппенің әріптерді үйреткеніне мәз болды. Сөздерді оқи алатынына қуанды. Жүгіртіп оқығанына төбесі көкке жетті.



Әліппемен қоштасу мерекесіне ата-аналардың бәрі жиналды. Апайы – Айсұлу өз шәкірттерінің қабілеттеріне көңілі толғандай.

Сәбира домбырамен өлең айтты. Бейбіт тақпағын орындады. Жансая үш қызбен біргелікте дөңгелеп би биледі. Бәрі де тап-таза, әдемі киінген. Көйлектері бүрмелі. Оюлы нымшалары өздеріне арнап тігілгендей. Қолдары, саусақтары майысып, өнерлерін көпке көрсетті.

Ата-аналар жас бүлдіршіндерге риза боп, әлсін-әлсін қошемет танытты. Қол

шапалақтады. «Керемет!» деп әр ән, би өлең сайын өз ой-пікірлерін сүйсіне білдірді.

Жансая үшін бүгінгі күн есінде жатталып қалды. Әліппені жақсы оқығаны үшін мектеп директоры мен апайының қолы қойылған, мөр басылған мақтау грамотасын иеленді.

Жансая, алған марапатың құтты болсын! Қуаныштысың ба? – деді Айсұлу апай.

Иә, апай! – деді Жансая қатты қуанып.

Өзінің өте мәз болғанын апайы қалай біледі деп Жансая таңдана қалды.

Үйге келген соң, Жансая әліппемен қоштасқан сәттерді атасы мен әжесіне жеткізгенше әңгімеледі.

Қуанышың қуанышқа жалғассын, – деді атасы.

Сауатты болды деген осы, – деп әжесі Жансаяны аймалап, бауырына қыса түсті.

Жансаяның көңіл-күйі әбден балқыған. Бақытты балалықтың сәті дүниені түгел құлпыртқандай. Бұның барлығы оқуға үйреткен, білімге талпындырған әліппенің құдіреті болатын. (192 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Жансаяның дайындығы

Қоштасу мерекесі

Шәкірттердің өнері

Ата-аналар қошеметі

Жансаяның қуанышы

Әліппенің құдіреті



Тірек сөздер: мөр, мақтау грамотасы, мектеп директоры.





ЕКІ САУЫСҚАН

(мысал)



Бірде аңшының әкесі қатты ауырып қалады. Емшілердің бірі:

Егер де әкеңе сауысқанның өтін ішкізсең, ауруынан құлан таза жазылып кетеді, – дейді.

Аңшы емшінің айтқанын орындамақ болады. Сауысқандарды аңдыды. Бір кезде үйінің жанындағы ағаш қораның үстіне екі сауысқанның қатар келіп қонғанын байқайды. Екеуі шықылықтап, бірауық отырды.

Аңшы мылтығын көздеп, шүріппені баспақшы болғанда, мал айдап бара жатқан баланы көзі шалып қалды. Атудың ретін таппаған аңшы күтпеген кедергіге бола, қатты өкінеді. Әйтсе де, қос сауысқан ұшып кеткенімен, сәлден соң-ақ, баяғы орындарына қайта қонды.

Екеуін ажал айдап келді-ау шамасы, аңшы мылтығын оларға кезеп, шүріппені басып қалды. Сауысқанның бірі ағаш қораның арғы тасасына құлап түсті. Екіншісі ұзап ұшып кетпей, сол тұсқа айналсоқтап қайтадан ұшып келді.

Аңшы ағаш қораның арғы бетіне барғанда аман қалған сауысқанның оқ тиіп, жаралы болған сауысқанды тұмсығына іліп, ары қарай сүйрелеп, әкетіп бара жатқанын байқайды.



Апырым–ай, – дейді аңшы қайран қалып, – сауысқандарды өте сақ деуші еді. Ал мынаған не дерсің. Олар сонымен бірге бір-біріне өте мейірімді екен-ау. Жаралы серігін жолда қалдырғысы келмей, өлермен халде өзімен бірге әкетіп бара жатқанын қарасаңшы!

Аңшы сол күні алғаш рет емшінің айтқан сөзін орындауға шынайы пейіл танытпады. (172 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Емшінің емі

Аңшы мен сауысқан

Күтпеген кедергі

Аңшының өкініші

Аңшының амал-әрекеті

Жаралы сауысқан

Қайран қалған аңшы.



Тірек сөздер: құлан таза жазылу, шүріппе.







ШИЕ ПІСКЕН ШАҚ



Көктемнің соңғы айы. Бақ ішінде жапырағы жап-жасыл бірнеше шие ағаштары өсіп тұр. Бағдаттың атасы еккен шиелер бұл.

Былтыр жаз кезінде келген еді. Онда Бағдат шие жемісін жей алмады.

Бағдат биыл да атасының ауылына келді. Былтырғыдай емес, қаладан екі апта ерте шыққаны дұрыс болыпты. Бақтағы шиелердің жемісі шымқай қара. Қарасаң қарай бергің келеді. Жемістері толықсып ісінген, нәрі толған. Қол созымдай жердегі біреуін жұлып алды да, дәмін татты.

Ата, шие тәтті екен, – деді.

Әжеңе бір шелегін теріп бер. Шиенің тосабы жақсы болады. Әрі қысты күні тұмауға бірден-бір ем. Бір банкісін өзіңе беріп жібереміз, – деп атасы жөн–жосықты әңгімесін айта түсті.



Бағдат түстен кейін шие терді.

Әжесі-ау, Бағдатқа шиеден тосап қайнатып бер, – деді атасы.

Қалай қайнатам? Құмшекері түскір жоқ қой.

Әкеп берем. Ауылдағы Сырбай қайнағаңның үйі қант, шекер сатады. Құмшекердің мәселесі қиын емес, – деп атасы да шие терісті.

Есік алдындағы қара қазан астында от жанып жатты. Шие тосабы қайнап, бүлк-бүлк етеді. Ашық түсті қызғылт шие тосабы әзір болды ма дегендей, әжесі әлсін-әлсін темір қасықпен дәмін татып көреді.

Түн қараңғылығын төңірекке жайғысы келмегендей, толықсыған ай сәулесі сүттей жарық болған сәтте, шие тосабы да дайын болды.

Атасы мен әжесі және Бағдат таза ауада дастархан жанында шие тосабынан шәй ішті.

Төңірек тып-тыныш әрі жанға жайлы еді. (162 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Шие піскенде.

Бағдаттың ауылға келуі, шие теруі.

Шие тосабы.



Тірек сөздер: шымқай қара, жөн-жосық.







БІР ТОСТАҚ ЖИДЕ



Қоңыр күз. Күн көзі көрінгенімен, ауа салқын. Есік алдындағы жиде әбден піскен. Көрші үйдегі әже кішкентай Нұргүлді шақырды.

Келе ғой, Нұргүл. Жидені теріс. Бір өзім үлгере алар емеспін. Биыл қиямет көп салыпты, – деп Нұргүлді демде-ақ жанына үйіріп алды.

Мақұл әже. Көмектесем, – деп Нұргүл үлкен тостаққа жидені теріп, сала бастады.

Жиде ағашының қол жетер жеріндегі өнімін екеулеп, әп-сәтте теріп алды. Содан соң, әже жиде ағашын қолымен сілкіп-сілкіп қалғанда нән жиделер жерге топ-топ етіп, түсе бастады.

О, әже, жиденің бәрі түсіп қалды.

Ә, уақыты болды. Күн суымай, жинап алсам, кәнеки. Міне, екеуіміз ешбір қиналмай, қапты да толтырдық, – деп әже риза көңілін жасыра алмады.

Нұргүл жерге еңкейіп, жиде тергенімен, шаршаған жоқ. Көрші үйдегі әже «Айналайын, Нұргүл, дәу қыз болып, өсіп қалыпты», «Нұргүл болмаса, бұл жидені түгел теріп алу қайда?», «Нұргүл қарағым, қолғанат болып қалыпсың» деп жылы сөзбен тіл қатқаны көңілін өсірді. Тіпті бойына қанат біткендей, жидені емін-еркін жинады.



Мынау сенің сыбағаң, Нұргүл. Үлкен қыз бол, – деп батасын берді.

Жүзіне иман иірілген әженің алғыс сөзінен Нұргүлдің осы сәтте мерейі тасыды. Әженің қолынан тостақ толы жидені алып, үйіне қарай томпаңдап, жүгіре жөнелді. (170 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қоңыр күз.

Көрші үйдегі әжей.

Жиде теру.

Әженің батасы.

Мерейі тасыған Нұргүл.



Тірек сөз: нән жиде.





КӨШЕТТЕР



Наурыз айы туысымен атам бақша ішінен шықпайды. Түрлі жеміс ағаштарын отырғызады, ескі бұтақтарды қырқады. Мен жанынан қалмай, жәрдем беремін.

Мына алмұрт ағашын сен туғанда еккен ем, – дейді атам бойын тіктеп.

Енді, міне, басына шықсаң, ауылдың бәрі түп-түгел көрінеді.

Жаңбыр жауа бастады. Біз асыға қимылдадық.

Топырақта ылғал жақсы болса, көшеттер тезірек көктейді, – деп, атам сөйлеп қояды. Көшеттердің бәрін де отырғыздық.

Атам екеуіміз үстіміздегі жаңбыр тиген киімдерді ауыстырмақ болып, үйге кірдік.

Ата, жаурап қалдым, дедім мен.

Онда біраз жылынып ал, – деді де, жылы көрпешемен үстімді қымтады. Содан соң қолына сіріңке алып, пешке сүт қойды. Сіріңкені жаққан сайын оты жарқ етеді де сөне береді.

Неге жанбайды, ата? дедім таңданып. Суланып қалған ба?

Жоқ, балам. – Сөйтті де, терезе сыртына қарап, желге иілген бұтақтардың сыбдырын тыңдап сәл-кем тұрды.

Балам, ормандағы ескі ағаштардың құлаған лебінен сіріңке жағылмай, өшіп қала береді, – деді.

Ата, соққан жел үй ішіне кірмейді ғой, – дедім мен.

Бұрыңғылар солай дейтұғын. Сөйтіп, жыл сайын құлаған ескі ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызатын. Атамның сөзіне иландым.

Көзім ілініп кетіпті. Сәлден соң оянсам, терезе сыртында жел басылыпты. Сүт те пісіпті. Көшеттердің бүршігінде жаңбыр тамшылары үздіге ілініп тұр. (181 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Наурыз айы туғанда

Көшеттер отырғызу

Жанбаған от

Атамның сөзі



Тірек сөздер: көшеттер, бүршік, бұтақтардың сыбдыры.







АНАР БАҒЫ



Көше шетінде Жомарт атайдың бағы бар. Онда тек анар өседі. Күз келген соң аузымыздың суы құриды. Әр бұтақта иіліп, самсап тұрған қызыл шырайлы анарларды көріп дегбіріміз кетеді.

Жұмабек екеуіміз екінші класта оқимыз. Үзіліс кезінде ол маған қарап былай деді:

Жомарт атайдың анары пісіпті. Кеше бағына барып, біреуін жұлып алдым.

Неге сұрап алмадың? Атыңа кір келтіріпсің, – деп ұялттым. Жұмабек үндемеді. Мен апайға айтам деген ойға келдім.

Сабаққа қоңырау соғылып, партаға жайғасқан соң қолымды көтердім.

Апай, Жұмабек Жомарт атайдың анар бағына сұрамай кіріп, жемісін жұлыпты, – дедім.

Апай:

Жомарт атайды ренжіткенің бекер болыпты. Ол жақсы адам. Бұрын ауылымыздың мақтаулы егіншісі болған. Жомарт атайдан кешірім сұра, – деп Жұмабекке ескерту жасады.

Түстен кейін екеуіміз Жомарт атайдың үйіне бардық. Болған жайды түгел айттым.

Мен сізден кешірім сұраймын, – деді Жұмабек басын төмен иіп.

Ә, жақсы бала екенсің. Кемшілігін түсінген баланы неге кешірмеске. Кешіремін, – деп Жомарт атай Жұмабекті құшағына қысты. Содан соң анар өскен бақты көрсетті.

Баққа үнемі күтім жасау керек. Сонда жемісі балдай тәтті болып, тілді үйіреді, – деді әжімді жүзі жайдарыланып.

Біздер әрдайым көмекке келіп тұрайық, ата. Бақ ішіндегі арамшөптерді жұлуға жәрдем береміз, – дедім мен.

Ә, бәрекелді, келіңдер. Менің сенімді көмекшілерім болатындарыңа сенемін, – деп екеуіміздің қолымызға екі анар ұсынды.

Келіп тұрамыз, – дедім мен. Жұмабек өзінің кешегі теріс ісінен ұялып атайдың жүзіне қарай алмай тұр екен. (209 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Жомарт атайдың бағы

Жұмабектің кемшілік жасауы

Достық кеңес

Апайдың ескерту жасауы

Сенімді көмекші

Жұмабектің өзі жасаған ісіне ұялуы.



Тірек сөздер: аузының суы құру, арамшөп, тілді үйіреді, теріс іс.



АҚ БАТА



Майра жоғарғы оқу орнына түскен соң, қаладағы ағасының үйіне келген-ді. Сәлден соң, мектепте оқитын Хамза келді. Майраның институтқа түскеніне Хамза шын көңілден қуанды.

Газға шай қойдым, – деді Хамза Майраға. – Папам мен мамам келгенше, шай ішіп алайық.

Неге әуре болдың?

Әуресі несі? Өзі үшін жанып тұрған газ ғой.

Майра Хамзаның қазақша сөздің майын тамыза сөйлей бастағанына қайран қалғандай, сүйсіне қарап қалды. Соны аңғарғандай Хамза:

Майра әпке, мен бұрын қазақша сөйлей алмайтын ем. Енді өз тілімізде еркін айтамын, ә, – деп мақтанышпен тіл қатты.

Оған мен де қуанып тұрмын.

Хамза Майраға сол кезде:

Әпке, бізде имандылық сабағы өтіледі. Қазақы тәрбиені үйрене бастадық, – деді.

Ауыл балалары секілді жайдары қалып танытып, өрнекті сөзбен ойын сабақтап жатқан Хамзаға Майра ілтипатпен қарады.

Екеуі дастархан жайып, шай ішті.

Біссіміллә, – деп Хамза дәмге қол созды. Майра үн қатпады.

Шай ішіліп болған соң, Хамза Майраға:

Әпке, шай ішіп болдық па? – деді.

Ия, Хамза, шайға қандым.

Онда, алақаныңды жай. Мен ас қайырайын.

Майра алақанын жайған Хамзаға еріксіз қарады:

Майра әпкенің оқуға түскені құтты болсын! Оқуын жақсы оқысын! Папа қызметте табысқа жетсін! Мамамның дені сау болсын! Мен үлкен боп өсе берейін! Осы үйде той болсын! Әумин! – деп бата жасады.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, Майра Хамзаның игі тілегіне ықыласы ауып, әбден риза болды. (195 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Шын көңілден қуану

Имандылық сабағы

Хамзаға ілтипат

Ас қайыру



Тірек сөздер: біссіміллә, дастархан, ілтипат.





7-сынып



ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ



Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Мамасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге ескертті.

Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне сұй құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.

Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады.

Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.

Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Мамасының сөзі есіне түсті:

Ау, достарым, мен үйге қайттым. Мамам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.

Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.

Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.

Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.

Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.

Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.

Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

Жұмыстан оралған мамасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты. (250 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Гүлнәр мен Дәурен.

Дәуреннің балық аулауы.

Кеш түсу.

Әпкесі Гүлнәрдың қамқорлығы.

Ризашылық білдіру.



Тірек сөздер: қалытқы, жайын балық, табан балық.













МӘДИНАНЫҢ АТАСЫ



Мәдина мен Әсел мектептен үйге бірге оралды. Емхананың жанында Мәдинаның көрші ауылда тұратын атасы жүр екен. Атасын көре салысымен, Мәдина аяғын жылдам басып, еркелей сәлем берді. Құрбысы Әсел де қолын ұсынып, амандасты.

О, менің жақсы қызым. Айналайын, Мәдинажан, – деп атасы немересінің маңдайынан мейірлене иіскелеп, сүйді.

Мәдина атасының жылы-жылы сөйлегеніне жаны жайдарыланып, жүзі бал-бұл жанды.

Айналайын, бақытты бол, – деп атасы Әселдің де маңдайынан сүйді.

Мәдинаның атасы өзін танымаса да бауырына тартып, маңдайынан иіскегеніне Әсел алғашқыда таң қалды.

Мәдина қызым, құрбың тәрбие алған, көргенді жерден екен, – деп атасы Әселге қарады. – Үлкенге сәлем берген кем болмайды. Қайта алғысын алады. Рақмет, қызым.

Мәдинаның атасы Әсел екеуін үлкен жолдан өткізіп, емханаға қайта бұрылды.

Енді бара беріңдер. Мен дәрігерлерге көрінейін. Ауа райынан ба аяғым екі–үш күннен бері жер бастырмай жүр, – деп қоштасты.

Мәдина, атаң жақсы екен. Мені танымаса да, бетімнен сүйді, – деп Әсел бала мінезбен, өз ойын ашық айтты.

Менің атам адамдардың бәрін де жақсы көреді. «Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы», – деп үнемі айтып отырады.

Мәдина мен Әсел емхана жаққа көз салды.

Емхана алдында ақ халат киген екі дәрігер Мәдинаның атасын қолтығынан демеп, ішке қарай кіргізіп барады.

Құрметке ие ақсақал екендігіне көзі жеткен Әсел ынты-шынтымен Мәдинаның атасына қызыға қарап қалды. (200 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Мәдина мен Әсел.

Мәдинаның атасы.

Атаның мейірі.

Өзің жақсы болсаң, бәрі де жақсы.



Тірек сөздер: жүзі бал-бұл жану, көргенді жер, емхана.



ҚАДІР ТҮНІ



Рамазан айы аяқталуға таяп қалды. Ораза ұстаған Сарыбай атаның жүзінен жақсылық пен нұрлы сезім шуағы төгіледі.

Алланы ауызға жиі алатын осы күндер ішінде Қадір түні қасиетті-ақ. Қадір түні ақ періштелер аспаннан жерге түседі. Олар әрбір адамның шын жүректен шыққан армандары мен адал тілектерін қабыл алады, – деді Сарыбай ата.

Сарыбай атаның төрт немересі – Талғат, Алтынбек, Рәбиға және Әлима Қадір түнін қарсы алудың қамына кірісті. Әрбірі жақсы ниетпен, өз алдарына ізгі тілек қойды.

Менің тілегім – барлық адамдар бақытты болса екен, – деді Талғат.

Ал мен ата, сіздің деніңіз сау болып, жүз жасаңыз дегім келеді, – деді Рәбиға.

Дүниеде ең дұрысы бай болу. Қолыңда байлық, астыңда мәшине, үйіңде алтының көп болса, – деп Алтынбек кеудесін кере, өрекпи сөйлейді.

Балам, ниетіңе жет, – деп атасы Алтынбектің ақ пейіл сөзін бөгемеді.

Бәрінен де денің сау болсын. Денің сау болса, өсіп-жетілесің. Оқып, тоқып ер жетесің. Азамат болған соң, байлық та, бедел де келеді. Дені саудың, көңілі – көл, жағасы – жайлау, – деп бір-ақ тоқтады.

Содан соң:

Ал сен қарағым, не тілейсің? – деп Сарыбай ата Әлимаға қарады.

Ата, бәріміз аман жүрейікші, – деп атасына жақындай түсті.

Қадір түні қарсаңында Талғат, Алтынбек, Рәбиға және Әлима осылайша өздерінің ішкі сырларын ағытты. Сарыбай ата немерелерінің тілектеріне риза болып:

Аман жүріңдер, айналайындарым, – деп әжептеуір еңсесі көтеріліп, қуанып қалды. (200 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қадір түнінің қасиеті.

Қадір түнін қарсы алу.

Сарыбай атаның немерелері.

Немерелердің тілегі.

Атаның риза болуы.



Тірек сөздер: сезім шуағы, ақ пейіл сөз, ішкі сырлары.







ҚАРЛЫҒАШТАР ҚАЙТҚАНДА



Райхан биыл мектепке барады. Қызығы сол, жаңа оқу жылына ол жаз бойы дайындалды. Ағасы дүкеннен дәптер, қалам, сөмке сатып әкелді. Атасы бойына құйып қойғандай әдемі ақ жібек көйлек томпиған аяғына шап-шақ су жаңа қызыл туфли сыйлады. Бір күні көйлегі мен туфлиін киіп, мектепке баратындай сән-салтанатпен үй ішіндегі айна алдында ерсілі-қарсылы жүрді, өзіне жарасып-ақ тұр, көзі нұрлана түскен. «Тезірек» оқу жылы басталса» деген ой қылаң етті.

Аға, мектепке баруға қанша күн қалды? – деді.

Әлі он күн бар, Райхан, – деді ағасы қос қолының саусақтарын жайып.

Оо, әлі де көп екен, Райхан шыдамсыздана сөйледі. Мектепке тап бүгін не ертең барғасы келіп, жүрегі алып ұшты.

Асықпа, жаным. Он күн деген не, тәйірі. Көзді ашып-жұмғанша өтеді де шығады, – деді атасы қою қасты қабағын ашып.

Шынында да, он күн зымырап өте шықты. Мектепке баратын күні Райхан ерте оянды. Қолы мен бетін жылы суға жуды. Есік алдына шыққан еді, күздің күні суып-ақ қалыпты. Ауа салқын тартқан. Бағана сымдарында қысыла, қымтырыла қарлығаштар қонақтаған. Бұрынғыдай емін-еркін ұшып жүргендері жоқ.

Аға, – деді Райхан, қарлығаштар жаурап қалыпты. Ұша алмайды бәрі де.

Райхан, мінеки күз түсті. Енді олар жылы жаққа ұшып кетеді. Топтанып, қауымдасып келер жылдың көктемінде тағы да келеді, – ағасы да қарлығаштарға қызыға қарады.

Айналайын, қызым. Қарлығаштарға «Ұшқанда қанаттарың талмасын» деп тілек айт та, мектебіңе бара ғой. Көшеде құрбыларың күтіп қалды, – деді атасы Райханға жақындай түсіп.

Қарлығаштар, ешқашан шаршамаңдар, келер жылы да біздің үйді ұмытпай ұшып келіңдер. Ал мен кеттім мектепке. Сау болыңдар, – деп Райхан кіп–кішкентай қолдарын бұлғады.

Атасы мен ағасы сезімтал Райханның соңынан ауладан шыққанша қарап қалды.

Райхан мектептен келгенде қарлығаштар бағана сымдарында жоқ еді. Райхан күні бойы қарлығаштар мен жаңа тапқан құрбыларын есіне алды. Қарлығаштармен қоштасып, жаңа достармен қауышу оны соншалықты рахат күйге бөледі.

Біраздан соң Райхан құрбыларымен бірге қарлығаштар ұшып кеткен бағана сымдарының астында қаннен қаперсіз ойнап жатты. (290 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Мектепке дайындық

Күткен уақыттың келуі

Күздің салқын ауасы

Қарлығаштармен қоштасу



Тірек сөздер: қымтырыла, қауышу, қаннен қаперсіз.













МАҚТАЛЫ АУЫЛДА



Мақта алқабы. О шеті мен бұ шеті үлпілдеген ақ мақтамен көмкерілген. Комбайндар ақ ұлпаны үлкен қорабына қардай боратып, жинауда. Алқаптың арғы басына жеткенде, қорап іші мақтаға лық толады.

Әп–сәтте-ақ мақта өнімі тіркемелерге толтырылды. Мақтаны тиеген тракторлар зауытқа қарай бет түзейді.

Қым-қуыт мақта теріміне Жарасбек қызыға қарады. Комбайндар өнімді тоқтаусыз жинауда. Комбайннан тіркемелерге мақта төгілген кезде бірлі-жарым ақ ұлпалар топыраққа түсіп те жатты. Мұны байқаған Жарасбек шаң басты болған ақ мақталарды жерде қалдырмастан, тере бастады. Түске дейін бір қап көлеміндей мақтаны топырақ арасынан ажыратты.

Комбайншы жігіттер «жарайсың, жігітім» дегендей, Жарасбекке қарап, қуана күлімсірейді.

Түс болысымен, комбайншы жігіттер Жарасбекті ортаға алып тамаққа шақырды.

Көп еңбек еттің. Қарның да ашып қалған болар, – деді бірі.

Жарайсың. Жұмыстан жалыққан жоқсың. Күні ертең жақсы азамат болып өсетіндігіңе күмән жоқ, –деді екіншісі сөзінің мәнді екенін аңғарта.

Жарасбек жасы үлкен ағалармен бірге тамақтанды. Соңыра бір қап мақтаны тіркеме үстіне көтерді. Әжептеуір салмақты екен, төгіп болғанша, маңдайынан тер шып-шып шықты.

Күн ыстығы басылған. Комбайншы жігіттердің жүзі қызылшырайланып, тотыққан. Шаршағандықтары сезілмейді, мақта жинау науқанына әбден үйренгендей. Жарасбек те бөлекше мінез танытқан жоқ. Жерге төгілген ақ мақтаны аяғандай, демде-ақ қапқа салады. «Жарасбек бар жерде өсірілген өнім жерде қалмайды» деп комбайншы жігіттер көңілін көтеріп қояды.

Шын көңілден шыққан сөз екендігіне Жарасбек мәз-мейрам. Өз қолғабысын тигізгеніне қуанышты пейіл танытқандай, ашық-жарқын қимылдайды. Өнімнің ысырапсыз жиналғанына комбайншылар да, Жарасбек те дән риза.

Мақталы ауылдың ақ тауы да бірте-бірте биіктеп барады. (230 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Мақта алқабы

Еңбекқор Жарасбек

Маңдайдан шыққан тер

Шын көңілден шыққан сөз

Мақталы ауылдың ақ тауы



Тірек сөздер: ақ ұлпа, тіркеме, мақта жинау науқаны.









ӘҢГЕЛЕК



Кеше ғана екі құлақтанып тұрған, кішкентай жүйектің жағасындағы көбелек қанаттас әңгелек жапырақтары, бүгінде мұрт шығарып көсіліп жатыр. Анау күні атасы:

Досжан, пәлекті аралама, піскен күні домалап, жүйектің ортасына өзі-ақ түседі, – деген соң жүйектің ортасына көз салуды шығарды.

Осы бір немересі дегенде сары шалдың көңілі өзгеше еді. Өзі де тентек емес. Досжан бақша ішіне оны-мұны шұқылап бара жатса, сақалын қолымен сипай, күлімсірегеннен басқа рай танытпайтын.

Досжан бүгінде кеш түсе көрген-білгенін әңгімелей отырды.

Мен сізге бір қызық айтып берейін бе, ата, – деді.

О, не нәрсе. Атасы құлағын түре, малдасын құра қалды.

Әңгелекті тез пісіретін әдісті үйрендім. Атасы үндемеді.

Көк әңгелектің мойнынан бір-екі рет бұрап қойса, білесіз бе, ата, екі күнде сап-сары болады.

Оны қайдан білдің?

Серіктің баласы айтты. «Әңгелекті баяғыдан бері жеп жатырмыз, ал қауындарды бұрап, төңкеріп қойдық» дейді, тамсанып айтты.

Мен де анау күні алты әңгелекті сөйтіп қойдым.

Не дейді, жаным-ау...

Кеше ұмытып кетіппін, айтам деп. Ертең пісетін шығар, ата, – деп атасының аузына қарады.

Ертең аралап көреміз. Ұйықтай ғой.

Енді бірер күндерден соң, қарттың қауындары жаппай торлай бастады. Толысқан қауындардың пісетін мезгілі де жеткен еді бұл күндерде. Домалақ әңгелектерді таңғы салқынмен жинап жүрген қарт Досжанға:

Қауынды бұрап жүрген жоқсың ба? – деп қулана күліп қойды.

Жоқ, ата.

Қарт немересіне түйнек сабағын бұраудың зиян екендігін түсіндірген еді.

Түсіндім, – деген болатын сонда. Енді мына немересінің сөзіне қарт көңілі баладай разы еді.

Е-е, осылай де, құлыным, – деп немересінің жел үрлеген кекілін сипай қойды... (229 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Достар мен атасы

Үйренген әдіс

Достардың қателігі

Ата өнегесі



Тірек сөздер: пәлек, түйнек, екі құлақтанып, жүйектің жағасы,

мұрт шығару





КӨКӨНІС



Ілиястың атасы таңертең ерте тұрып, бақша ішіне қарай бет алды. Күні кеше төңіректі шарпыған аптап қараңғылық түсісімен, саябырсыған. Шық мол түсіпті. Қауын атыздарын аралап болам дегенше, аяғына киген кебісі суға малынды.

Ілиястың атасы ерте піскен әңгелекті, сабағынан үзілген сары қауынның екеуін таңдап алды. Иығына тастай салған шыт орамалды жерге жазып, қауындарды рет-ретімен жайғастырды. Содан соң қауындарды көтеріп, үйге қарай жүрді.

Қияр өскен атызға көз салды. Көк қиярлар шыққа жалт-жұлт етіп, әр-әр жерде сөлін сыртқа ұрып, баданадай томпайып жатыр. «Қиярдың уақыты өтті». Бұл Ілиястың атасының ойы. Кеше ғана, «Ата, қияр қашан піседі?» деп өбектеп жүрген немересі бүгінде қиярға онша қарамайды. «Помидор жегім келеді» деп жүргені де тап кеше ғана. Бүгінде помидорға да тәбеті шамалы. «Қауын тезірек піссе екен. Ата, әңгелек пісейін деп қалыпты» деген сөзі атасының құлағынан дәл қазір де кетер емес.

Ілиястың атасы қауындарды көтеріп үйге келді. Ілияс төсегінен тұрып, беті-қолын жуып үлгеріпті. Атасының әкелген қауындарын көріп, шаттана қуанды.

Атам менің диқан, – деді көңілденіп.

Ә, балам, қауынды жеуге сенің де қақың бар. Қауын арасынан оталған шөпті ала сиырға апарып бердің шауып жүріп. Қауын жүйегі суға толғанда құлағын жабуға топырақ тасыдың ерінбей. Бұл – үлкен қолғабыс!

Ілиястың атасы жаз кезінде көкөністі беймарал жеп, бойы өсіп келе жатқан немересіне ықыластана қарап:

Көкөніс байлық – үш айлық,

Үш айдан соң шошайдық, – деп өлеңдете сөйлейді.

Же, балам. Қазір көкөністі мейірлене жейтін кез. Енді бірер күндерден соң жүзім де піседі. Бәрінің де орны бар. Көкөніс – бойға қуат. Жазға еш уақыт жетпейді деуіміздің сыры да осында, – деп атасы қауынды әдемілеп тілгілеп жатты.

Жаз мезгілінде атасының бақшасынан бірінің ізін бірі суытпай шығып жатқан қияр, помидор, қауыннан қажетінше дәм татып жатқанына Ілияс әбден риза. (250 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ілиястың атасы

Шаттанған немере

Немересіне деген ықылас

Ілиястың риза болуы



Тірек сөздер: помидор, әңгелек, баданадай.





БҰЛБҰЛ МЕН ЕМЕН

(мысал)



Ерте, ерте, ертеде бұлбұл жасыл желегі жайқалған бақта сазды әуенімен төңіректі тербетіп, емін-еркін күй кешіпті. Бұлбұл көктемнің әрбір тұнық таңында үздіге ән салып, жеміс ағаштарының тынысты кеңіткен хош иісті гүлдерінің арасында жаннат өмірінің рахатына шомылып жүреді.

Бақтан шеткеріректе алып емен өсіп тұрған екен. Емен бұлбұлдың әніне ұйып, мізбақпай, бірқалыпты өсе беріпті. Өр мінезді еменнің тәкаппарлығына алғашқыда бұлбұл ренжіп қалады.

«Бір өзінің айдалада жалғыз өскені несі?», «Жалғыз ағаш орман емес», деген сөздің жаны бар ғой» деп, еменге өз ойын жасырмай айтады да.

Бұны естіген емен қапаланған жоқ.

Бұлбұл, – деді емен, – осы тақылеттес сөздерді бір бүгін естіп жүрген жоқпын. Бірақ жалғыз өссем де, жалғыз-жарым жолаушыға күн қақты кезде көлеңке, көк қырау шақта ықтасын боламын.

Көңілге қонған сөзді естіген бұлбұл нәзік жаны риза болып, бақ ішіне қайта ұшып кетіпті. Сол кезде қорғасын бұлттар төмендеп, сатыр-сұтыр найзағай ойнап, аласапыран дауыл тұрыпты. Бақта өсіп тұрған ескі ағаштар сынып, жас өскіндер иіліпті. Бұлбұл қорған боларлық ық таба алмай, теңізде жөңкіген жеп-жеңіл қайықтай, дауылды желдің еркінен шыға алмапты.

Көрер күні бар екен, әйтеуір, әлігенде ғана тілдесіп қайтқан еменнің бір бұтағына аяғы ілініп, аман қалыпты.

Дауыл басылып, айналаға күн сәулесін қайта шашып, көкжиекте кемпірқосақ көрінген шақта бұлбұл үн қатыпты.

Емен, сен менің өмірімді сақтап қалдың. Бұл жақсылығыңды еш ұмытпаспын. Сенің арқаңда өмірге қайта келгендей болдым. Енді не дейін. Сен айдалада жалғыз өссең де, желдің өтінде тұрып, маған қорған бола алдың. Тамырың тым тереңде екен. Мың жыл жасайтындығыңа күмәнім жоқ. Тек беймезгіл келген балташының жалаңдаған балтасынан тәңірім сақтасын. Сол үшін қабығың қатты болсын, – депті.

Содан бері еменнің қабығы қатты, балта өтпестей мығым болыпты. (255 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Бұлбұлдың күн кешуі

Тәкаппар емен

Бұлбұлдың реніші

Еменнің жауабы

Бұлбұлдың еменге алғысы



Тірек сөздер: жаннат өмір, мізбақпай, тәкаппарлық.







8–сынып



БЕЙТАНЫС БАЛА



Сәкен ауылға келген. Жылдағы әдеті. Атасы мен әжесіне келгенше асығады. Олар да Сәкенді сағына күтеді.

Ауыл рахат. Балалар көп. Бір–бірімен ойнайды. Лезде-ақ танысады. Жатырқамайды. Бірінің үйіне бірі емін-еркін кіреді. Тосырқау, бөтенсу атымен жоқ, – дейді Сәкен.

Бірде Сәкен ауыл балаларымен ойнап жүргенде өзі секілді бір бала араларына қосылды. Алғашқыда үндемеді. Сөйлеген де жоқ.

Мынау бала сәлемдесуді білмейді екен, – деді Асқар.

Қалай жағдайың? Қайдан келдің? Кімнің үйіне қыдырып келдің? – деді Серік.

Бейтаныс бала өз жағдайының қалай екендігіне жауап бермесе де, көшенің арғы басындағы Көшербай атаның үйіне келгендігін айтты.

Бұл бала сәлемге жауап беруді де білмейді екен, – деді Асқар және де тақпақтай.

Жарайды. Ендеше кел. Бірге ойнаймыз, – деді Серік.

Түс мезгілі жақындаған сайын күн де алқызылданып, ыси түсті. Төңіректі қайната бастады. Анау үйден де, мынау үйден де:

Ау, Асқар, кел үйге. Басыңа күн өтеді. Жетеді ойнағаның, – деген ағасының, одан соң:

Серікжан, болды түге. Келсеңші үйге. Шақырмаса келмейсің. Ми қайнатар ыстық болса да жүре бергені несі? – деген дауыстар естілді.

Сәлден соң-ақ, көше бойындағы балалардың дауыстары, сөйлегендері сап тиылды. Бәрі дерлік үйді–үйлеріне тарасты.

Кешке жақын ойнаймыз, – деді Асқар қоштасар сәтте.

Қараңғыда тығылыспақ ойнағанға жетпейді, – деді Серік те ойын ірікпей айтып.

Кеш түсе балалар және де көшені у-шуға бөледі. Күлген, шаттанған балалар дауысы. Бейтаныс бала да келді. Бұл жолы жанында атасы.

Асқар мен Серік қосарлана:

Ассалаумағалейкум, ата, – деді.

Уағалейкум ассалам, – деді бейтаныс баланың атасы балалардың сәлемін құп алып.

Жарайсыңдар. Өсетін, өнетін балалар осындай болады. Сәлем – сөздің атасы. Сәлемдесу – әдептілік. Сендер сәлем бердіңдер. Мен сәлемге жауап бердім. «Алланың нұры жаусын!» деген сөзді сендер де мен де бір-бірімізге сыйладық. Жақсы тілек көсегені көгертеді, – деді Көшербай ата.

Бейтаныс бала атасының сөзіне құлақ түрді. Сәлем беру де, оған жауап қату да үлкен сабақ екен-ау дегендей кеудесіне, ойына, көңіліне түйіп қойды. (355 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Сәкеннің ауылға келуі

Бейтаныс баламен танысу

Сәлемдесу – сөз әдебі.



Тірек сөздер: ассалаумағалейкум, уағалейкум ассалам.







ЖАЗДЫҢ АППАҚ ТАҢЫ



Жаздың түні қамшының сабындай қысқа-ау. Батар күннің өзі кешігіп, ұзақ уақыт заңғар көкте қазыққа байланғандай тапжылмай тұрады.

Еламан жазғы демалысқа шыққалы ойынға тоймай жүр. Ауыл балаларымен бірге өзенге шомылады. Жағасындағы құмына аунайды. Күн сайынғы әдеті осы. Зерікпейді де. Шаршамайды да. Шілденің ыстық күні жалаңаш денесін шоколадтай түске бояған. Су тиген қолы мен аяғы, беті мен жон арқасы қоңырқай әрі жалт-жұлт етеді.

Аптаның аяқталуына да бір күн қалған. Ертесіне, жексенбі күні атасы екеуі мал базарға бармақ.

Еламан, сен ауылға келгелі біраз болды. Жаңа оқу жылына су жаңа аяқ киім, костюм, шалбар алып берейін. Қорадағы екі қойды мал базарға апарайық. Сатайық. Сен маған жәрдем бер. Қойларды айдауға қолғабыс жаса.

Жарайды, ата.

Сол түні ерте жатқан Еламан ерте тұрды. Уәдесін екі етпеді. Атасына көмегін тигізді. Таңғы сағат алтылар шамасы. Айнала жап-жарық.

Ата, аспанда Ай болмаса да таң атқандай сияқты. Неге олай, ә?

Е-е, балам, жаздың кереметін қойсаңшы! Түнін айтсаңшы! Жастыққа бас тигізсең болды, таңның атқанын бір–ақ сезесің.

Еламан қорадан шыққан екі қойдың соңынан еріп келеді.

Қарасаңшы, және де бір ғажайыпты! Күн әлі шықпаған. Ал аспан төрінде қарлығаштардың құйқылжыған әуені. Өздері көзге көрінбейді. Төңірек те, төбе де қара ала көлеңке. Тек дауыстары ғана қарлығаштыкі екендігіне еш күмән жоқ.

Ата, ауада қарлығаштар ән салып жүр.

Е-е, балам, жаңа күннің тіршілігін ең алдымен қарлығаштар бастайды. Оны өзің де ендігіде байқадың.

Еламан мен атасы мал базарда ұзақ болмады. «Таңертеңгі сауда – сауда» деп, сұрағанына келісіп берді. Атасының көңіліне дөп келген сауда секілді. Жаны жадыраңқы. Үйге келгенше жайдары жүзін еш өзгерткен жоқ. Еламан үшін бүгінгі күн жадында сақталып қалды. Жаз түнінің аппағын-ай! Таң атпай жатып-ақ, таңды қарсы алған қарлығаштардың төгілте ән салған, құйқылжыған дауыстарының үнін-ай, десеңші!

Еламан жаздың аппақ таңының дәл осындай дүбірлі, әуенді екендігін жаңалық ашқандай бүгін ғана аңғарды. (280 сөз)





Мазмұндау жоспары:

Жазғы демалыс.

Қолғабыс таныту.

Жаздың кереметі.

Еламанның жадында қалған күн.



Тірек сөздер: шоколадтай түс, костюм, шалбар.





ҚЫСҚЫ КЕШ



Алғашқы қар жауды. Кеш түсісімен, айнала аппақ мамыққа оранды. Әп-сәтте қара жер ақ түске малынды. Әншейінде көзге көрінген ағаштар да ақ ұлпа қарға оранды.

Әлгінде ауа райы суытқан соң, Жәмила мен Керімбек үйге тығылған. Қар жауған сәттен бастап, екеуі терезе алдында сыртқа көз салумен болды.

Жәмила, қарашы! Аспан тола аппақ қар. Бірінен соң бірі жерге асығып түсіп жатыр, – деді Керімбек.

Анау бір қар үп-үлкен екен. Қаздың мамығындай-ау. Есіктің алды да аппақ. Қандай керемет, – деді Жәмила терезеге үңіле түсіп.

Екеуі үй ішінде жарты сағаттай отырды. Далаға шығудың ретін таппады. Папасы мен мамасын жұмыстан келгенше күтті. Жылы киім киініп, үлпілдек қарды қолмен ұстағанша асықты.

Қыстың қысқа күні демде-ақ қап-қараңғы түнге ұласты. Көше бойындағы бағаналар басындағы электр жарықтары жанды. Жарық түскен жол үстінде аппақ қардың жерге түскен ұлпалары көзге анық көрінеді.

Осы сәтте үйге Жәмила мен Керімбектің әке–шешесі кірді.

Папа, алғашқы қар. Аппақ қар. Қандай тамаша! – деді бірінші боп қарсы алған Жәмила.

Мама, қарды басып келдіңіздер ме? Үстіңіздегі мына бір қардың ерімей тұрғанын қараңызшы? А-ай? Еріп кетті, – деді Керімбек анасының пальтосындағы ұлпа қарды қол ұшымен ұстап алғысы келіп.

Көңілді қыс кешінде кешкі асты бәрі бірге ішті. Бірақ Жәмила мен Керімбектің бүкіл ойы мен көңілі далаға бір рет ойнап келу болатын. Рахаттанып қарды қытырлата басып, достарымен түңгі көшені у-шуға батыру еді.

Бұлардың ойын біліп қойғандай, көрші үйлерден ұл қыздардың сыңғырлаған күлкілері мен былдырлаған дауыстары құлақтарына анық шалынды.

Далаға барып ойнап келе қойыңдар, – деді папасы.

Жылы киініп алыңдар. Омырауларыңды ашпаңдар. Кеуделеріңе суық тимесін, – деп мамасы Жәмила мен Керімбекті ұқыппен киіндіре бастады.

Сәлден соң-ақ, ары-бері шапқылап, аппақ қардың үстінде аунап-қунап балаларға көше бойы лық толды. Асыр салған жас бүлдіршіндер қысқы кештің көркіне көрік қосқандай, көшені нағыз хан базарына айналдырғандай болды. (280 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Алғашқы қардың жаууы.

Жәмила мен Керімбектің қарға қызықтауы.

Қысқы кештің қызығын тамашалау.



Тірек сөздер: ұлпа қар, электр жарықтары, пальто.





КҮН МЕН АЙ



Өте ерте заманда Жер – Ананы Күн мен Ай айналып жүріпті. Таң атқанда Күн төңірекке нұрын шашып көкжиектен дөңгелене көкке көтеріліпті. Қызарып ұясына батқан шақта, толықсыған Ай сүттей жарығын көпке сыйлапты.

Күн соңынан сансыз күндер, жыл соңынан жүздеген жылдар өтіпті. Бірде Күн мен Ай бір сұрақтың шешімін таба алмай, өзара өкпелесіп қалады. Сондағы кінәмшіл сұрақтың қысқаша мәні мынада еді: – Күн жақсы ма, Ай жақсы ма?

Күн айтады: – Мен Жер бетіне сәуле, жылу таратамын. Адамдар ерте тұрып еңбек етеді. Жолға шығып, ұзаққа сапар шегеді. Ұяма батқан соң бүкіл тіршілік атаулысы бір сәт дамыл тауып, демалады.

Ай да уәжді сөзден қалыспайды: Мен Ай десе аймын. Сен айналаны қараңғыға бояған сәтте түндерді аппақ нұрға бөлеймін. Ақындар айлы түнде жүрегіне жақын жанды өлеңі мен жырына өрнектеп қосады. Балалар ай нұрына шомылып жасырынбақ ойнайды.

Күн мен Айдың өзді-өзін мақтай сөйлеген лебіздерін Жер – Ана байыппен тыңдап, былай депті: – Күнім мен Айым, екеуіңнің сөздерің көңіліме дөп тиді. Сендер болмасаң, мен бусанып жатпас ем. Көсегем көгермес еді. Бірің жылу дарытып, топыраққа түскен дәнге жан бітіресің. Ал Ай болса, мызғыған тіршілікке сұлулық әкеледі. Шаршаған жанға қуат дарытады. Сондықтан екеуің де маған қымбатсыңдар. Күн де, Ай да әманда бірі оңымнан, бірі солымнан туа берсін.

Жер – Ана толғана тұрап: – Менің бағыма орай Күн мен Ай мәңгі жасай беріңдер, – деді. Күн сол сәтте сәулесін молынан төге түсті. Ай да сол мүлгіген түні төңіректі керемет сұлулыққа бөледі.

Содан бері Жер – Ананы мекен еткен төл перзенттері өздерінің ұлын еркелетсе «Күнім» деп, қызына мейірлене «Айым» дейтін болыпты. Дүниеде одан жақсы теңеу болмайтынына еш күмән келтірмепті. (235 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Күн мен Айдың сөзге таласуы.

Жер – Ананың байыпты толғанысы.

Күннің сөзі.

Айдың сөзі.



Тірек сөздер: Күн, Ай, Жер – Ана, кінәмшіл.





АЛҒАШҚЫ ҚАР



Ботакөз ерте тұрды. Қардың жауатын кезі болса да, аспаннан ақ ұлпа түспей-ақ қойды. Қараша айы аяқталып, желтоқсанның бірінші аптасы да аяқталуға тақау. Қар жоқ. Ботакөз алғашқы қарды асыға күтті.



Мектепке барарда жылы киініп, аяғына етігін киіп алды. Былтырғы етігі биыл да жарап тұр. Ұқыпты кигендіктен болар, әлі де судай жаңа. Сырмалары сусып, киіп шешкенде оп-оңай ағытылды.



Түске таман күн суытты. Ап-ашық аспанды әп-сәтте қара бұйра бұлт қымтады. Төңірек түнере қалды. Ботакөз үйге жеткенше асықты. Сабақтан келуін күткен әжесі есік ашылысымен:

Ботакөз, келдің бе? – деді.

Ия, әже, менмін, – деді де Ботакөз аяз қарыған қолын жылы пеш үстіне жақындата түсті.

Бері келе ғой, – деп әжесі Ботакөздің алмадай қызарған екі бетін, қолдарын алақанымен уқалай бастады.

Түскі тамағын ішкен соң, Ботагөз ыстық бөлме ішінде балбырап ұйықтап қалды. Көзін ашса сағат үштен асып кетіпті. Сыртқа шығып, беті-қолын жуды. Содан соң, беймарал сабағын орындауға кірісті.

Бір кезде әжесі:

Қар жауады-ау. Аспаннан ақ ұлпалар түсе бастады, – деп үйге кірді. Ботакөз терезе сыртына көз салды. Дала қараңғы. Электр жарығы жарқырап тұрған тұста баданадай аппақ қарлар жере асыға төгілуде.

Ботакөз қыстың әсем көрінісіне қадалып, ұзақ қарады. Далаға шығып, бірер мәрте аппақ қарларға алақанын тосып мәз болды.

Әже, қараңызшы, аппақ қар! Жау, жау, аппақ қар.

Әжесі Ботакөздің балаша қуанған, жүрегі толқыған көңілін түсінді.

Бала ғой, біраз ойнасын, – деді өзі-өзіне.

Сәлден соң:

Ботакөз, болды енді. Қас қарайғалы қашан. Еретең де күн бар. Кір үйге, жаурап қаласың, – деп шақырды.

Ботакөз үйге кіргенде даланы ақ қар көрпесімен әлі ораған жоқ-ты. Қыстың ұзақ түні аяқталып, таң атқан сәтте дүние түгел аппақ түске боялыпты.

Ботакөз терезеден көз алған жоқ. Тұп-тура ертегі. Үй іргесіндегі алма ағаштарын, бағана сымдарын, көрші үйлердің шатырларын ақ қар ерінбей әспеттеп, аппақ мамықпен қымтапты.



Ботакөз мектепке барғанша асықты. Жол-жөнекей қуана шаттанған балалардың ашық-жарқын дауыстары мен күлкілері анық естілді. Бір-біріне қар атысып, мәз-мейрам. Бетіңе, үстіңе қанша тисе де, ауыртпайды. Жұп-жұмсақ. Жерге құласаң да үстіңдегі киімдеріңе жұқпайтынын айтсаңшы.

Айнала ақ қар. Аппақ әлем. Алғашқы қар. Ботакөз мектепке қанат байлап ұшып келгендей, өзін сергек сезінді. (320 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ботакөздің қарды күтуі.

Аспанды қымтаған қара бұлт.

Аппақ қарды қызықтау.

Қыстың әсем көрінісі.



Тірек сөздер: беймарал, электр жарығы, баданадай.





СӘЛЕМДЕМЕ



Жүсіптің ағасы елімізді қоғайтын жауынгер. Бүгінде ол түрлі жаттығуларға, әскери ойындарға қатысады. Ауыр-ауыр кір тастарын көтеру, бес-алты шақырымға жүгіру Жүсіп үшін түк емес. Қайта шыныққан сайын ширыға түскендей.

Бұрынғыға қарағанда ептірек, жылдамырақ қимылдайтын болғансың, – дейді жауынгер достарының бірі.

Ілгеріде керіліп созылып жата беретін. Енді орнынан серіппедей атып тұрады, – дейді өзге бір досы.

Жақсы сөзге Жүсіптің көңілі өсіп-ақ қалады.

Әскери жаттығуларда көзге түскен Жүсіпті командир үйіне барып қайтуға рұқсат берді. Екі апта лезде өте шықты. Кішкентай інісі Күмісбек Жүсіптің жанынан бір елі ұзаған жоқ. Әскери киімдеріне қызығады. Жылт-жылт еткен сары түймелерін ұстайды. Қоңыр түсті тері белдігін өзінің титтей беліне шақтап өлшейді.

Бұлт-бұлт еткен бұлшық етін шап-шағын қолымен сығымдап ұстап:

Үлкейгенде мен де Жүсіп ағамдай күшті боламын, – деп мақтана сөйлейді.

Ұйықтағанда да Жүсіптің жанына жатады. Атаңның жанында жатсаңшы, дейді Жүсіп.

Екі апта ғана жатайыншы сенімен, аға.

Күмісбек өтінгендей болды.

Сөйтті де, –Екеуіңіздің аранызға жатам, – деді тапқырлық танытқандай қуанышты кейіппен.

Жүсіптің әскери бөлімге қайтатын кезі жақындады. Жолға керекті заттарын, құжаттырын Жүсіп әзірлеп қойды.

Мә, мына теңгені ал, жолыңа жаратарсың, – деп атасы почташы қыз әкеп берген зейнетақысын Жүсіпке ұсынды.

Мына бір жақсы кітап екен. Қолың босағанда оқуға әбден жарайды. Өкінбейсің, – деп әкесі қомақты кітапты қол сөмкеге салып жатты.

Анасы да Жүсіптің киім-кешектерін реттестіріп, жәрдемдесті. Әжесі:

Жүсіп қарағым, абай бол. Тәртіпті бол қашанда, жортқанда жолың болсын, – деп батасын берді.

Күмісбек қана осы кезде үй іргесіндегі бақта жүрген-ді. Қолында сырлы шелек. Ішіне қып-қызыл алмаларды іріктеп салды. Толған мезетте үйге қарай аяғын жылдамдата басты.

Жүсіп аға, үйдің алмасын әкетіңіз. Өте тәтті. Жеген сайын жегіңіз келе береді, – дейді тамсана.

Ә, бәрекелді, Күмісбек. Ала ғой Жүсіп, әрі достарың да риза болады. Командиріңе де ауылдың дәмін татқыз, – деді атасы.

Күмісбектің сәлемдемесі бәрінен де мықты болды, – деп әжесі немересіне ішпей–жемей оң пейіл танытты.

Ертесіне Жүсіпті үй іші жолға шығарып салды. Араларында Күмісбек те бар. Қызыл алма салынған тор себетті әсбеттеп ұстап келеді. (300 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Жауынгер аға.

Күмісбектің шаттануы.

Жолға әзірлік

Күмісбектің сәлемдемесі.



Тірек сөздер:серіппедей, командир, ауылдың дәмі.





БАҒДАРШАМ





Жазғы демалыста атасы Қамбарды қалаға ертіп кетті. Қаланың орталығында ағасы тұрады. «Қамбар, менімен жүре ғой. Әрі қаланы көресің, әрі біраз бойыңды сергітерсің», деді.

Ата, ағамның қалада тұрғаны қандай жақсы. Қаланы көргім-ақ келеді, шынын айтсам, – деп Қамбар атасының жанынан бір елі шыққан жоқ.

Қалада жүргенде абай бол. Менің қолымнан ұстап жүр қашан да. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.

Мінеки, қала іші. Ауылдағыдай емес, мұнда адам да, көлік те көп екен. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес. Бір кезде жол қиылысында жанып тұрған қызыл табақша сөнді де, сары табақша жанды. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.

Ата, анау жанып тұрған не? деп сұрады Қамбар.

Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.

Е, е, әліппемізде суреті бар еді.

Бейтаныс жігіт сөзге жомарт, ақ көңіл екен. Әлгінде ғана үн қатқан-ды, және сөйлей жөнелді:

Бұл бағдаршамның айтар әңгімесі бар. Мәселен, ол «қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы», – деп үн қатады.

Мұны ұғып ал, – деді жол шетіне дейін атасына көмектескен күйде.

Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды. Бағдаршам ешбір жаңылыспай қызыл, сары, жасыл түсті табақшаларын рет-ретімен жандырып, сөндіреді. Бірақ үн жоқ. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі. «Қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы».

Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді. (273 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қамбар мен атасының қалаға келуі.

Жол жиегіндегі бейтаныс жігіт.

Қала тіршілігі.

Бағдаршамның айтар әңгімесі.



Тірек сөздер: бағдаршам, машина, табақша.





АУЫЛ САЛТЫ



Бекзаттың атасы алыстағы ауылда тұрады. Бұрын қалаға келіп тұрушы еді. Соңғы кездері бірлі-жарым малына қарап, үйден шыға алмай жүр. «Демалыс кезінде келерсің» деп жазады әр хатында атасы. «Ата, дем алатын кез де таяу, барып қайтам, шын сөзім» деп жауап қатады Бекзат та.

Атасына берген уәдесін орындауға асыққаны соншалық оқу жылы біткен күннің ертесіне-ақ Бекзат жолға шықты. Ауылдағы атасын көріп, мауқын басып, дастархан басында әңгімелесті. Сүт қатқан шай ішті, тілді үйірер ірімшік жеді, таңдайына бал боп тиген май талқаннан ауыз тиді.

Немереңіз келіп, көзайым болдыңыз ба? – деп ауыл адамдары әпсетте үй ішіне лық толды.

Ә, қуанышта шек жоқ. Атасын ұмытпаған Бекзаттың қадамына гүл бітсін. Бір жасы мың болсын, – деп атасының көңілі көтеріңкі.

Көңілді отырыс түннің бір уағына дейін созылды. Ерте сойылған қой еті қазаннан түсіріліп, жөн сұрай келген ауылдастарының алдына тартылды.

Әңгімеге көңіл бөліп, әрдайым мән-жайды аңғармайсың, – деп ауылдың үлкендерінің бірі Бекзатқа қой басының құлағын кесіп берді. – Ал, жей ғой, балам.

Рахмет, ата, – деді Бекзат ақ сақалды қарияның ұсынған қолынан сыбағасын алып

Ертеңіне атасын көрші қонаққа шақырды. Бекзатты да шақырды. Дастархан басында күні кешегідей көпшілік. Шайды сораптап, нанды үзіп жеп, әңгіме-дүкен құруда. Бекзаттың атасы сөйлегенде, өзгелері тыңдай қалады, сабыр сақтайды.

Көпті көрген, ел таныған, – дейді бірі.

Халықты тыңдай білгеннің арқасы да, шіркін. Әлі де сый-құрметке ие, – дейді екіншісі.

Әңгімесі көкейге қонады. Жасы егде тартса да уәжді сөзін айтсаңшы, – деп үшіншісі қостай сөйлейді.

Тамақ желініп болған соң, атасы мен немересі үйге қайтты.

Мінеки, балам, ауылдың көне, әрі ғибратты салтының бірі осы. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы ауыл ағасы алдынан шығады» деген. Екі күннен бері ауылдастар саған жайылып жайлау, жиналып төсек болып жатыр. Бұнысы – көпшіл бол, көпті тыңдай біл дегені. Көптің алғысын ал, кем болмайсың, – деді атасы Бекзаттың бетін, келте қиылған мойылдай шашын сыйпалап.

Бекзат орнынан аунап түсіп, атасының еті қаша бастаған сіңірлі қолын қыса түсті. Алақаны ып-ыстық. (296 сөз)





Мазмұндау жоспары:

Бекзаттың атасына берген уәдесі

Атасының үйіндегі көңілді отырыс

Көрші үйге қонаққа бару

Ауылдың көне, әрі ғибратты салты



Тірек сөздер: ірімшік, көзайым.





СЫБАҒА



Күн суытып, аяз қарып, жолға шығу қиындап кетті. Сөйтіп, Сағат қысқы демалыста атасының ауылына бара алмады.

«Қаңтарда ауылға барам, ата» деген ем. Өтірікші болдым, мінеки, – деп Сағат өкіне, бармағын тістеді.

Атам сенің келе алмайтыныңды білмейді емес, біледі. Анада: «Қар қалың түссе, ауылға барам деп әуреленбей–ақ қойсын» деп жазыпты хатында. Қысқа арнап сойылған соғымнан атам саған сыбаға алып қойыпты, – деді үлкен ағасы Медеу.

Атам қашан да өзін емес, бізді ойлап жүреді, – деді Сағат аптыққан көңілін басып.



Сағат пен Медеу атасының ауылына жазғы демалыста бір-ақ барды. Атасымен мәре-сәре құшақтасып, амандасты. Күні бойы атасының жанынан бір елі қалмай, шөп жинасты, қораларды жөндеуге көмектесті.

Кеш түсе кең дастархан жайылып, піскен ет салынған табақ атасының алдына тартылды.

Атасы сырбаз қозы сойған екен. Сонымен бірге сүрленген қазы мен бір жапырақ кепкен ет көзге бірден-ақ байқалды.

Атасы сүрленген ет пен қазыны Сағаттың алдына жақындатып:

Же, балам, – деді.

Ата, мен жаңа ет жегім келеді.

Ә, асықпа, балам, оны да жейсің. Алдымен қыс бойы сақтаған сыбағаңнан ауыз ти, – деп атасы көне қоймады.

Сөйтті де:

Ілгеріде қой сойылып, қол қусырып күтсе де, соғым кезінде келе алмаған мейманы сыбағасы асылмаса «Мені есіне алмапты. Өзі жеп қойыпты» деп өкпелейді екен. Сол сияқты қазы мен осы бір жапырақ ет сенің сыбағаң, – деді. Атасы сөзін қайтадан жалғастырып:

Ілгеріде ілулі тұрған осы сүр етпен қазыға көз түскен сайын «Сағатжан қашан келер екен, сыбағасынан тезірек дәм татса екен» деп, жақсы ниетпен жүруші ем, – деді етті пышақпен ептеп болған соң.

Атасы, Сағат және Медеу дастарханға қол созып, дәм татып отырды. Сағат атасының берекелі көңіліне, бір асым етті өзі келгенше сақтап, сарғая күтіп жүрген пейіліне бір жасап қалды. (255 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қысқы демалыс

Сағаттың өкініші

Атасының ауылында

Кешкі ас

Сақталған сыбаға



Тірек сөздер: сырбаз қозы, сүрленген ет, мәре-сәре.





ЖАҢА ЕТІК



Сенбіден жексенбіге қараған түні қар мол жауды. Таңертең ерте тұрған Қорғанбек терезеден сыртқа көз салды. Айнала аппақ-ау, шіркін! Ағаштың бұтақтары иілген. Үйдің жанындағы электр бағанасы төбесіне ақ ұлпалы бөрік киген.



Қандай керемет, ата! – деп кеудесіне сыймаған таңданысын Қорғанбек дауыстай айтты.



Биыл қыс ертерек түсті-ау. Қорғанбекке қысқы аяқ киім де алмаған ек, – деді мамасы ренішті көңілмен.

Онысы несі түге. Бүгін күн жексенбі. Мектепте демалыс. Базарға барып, таңдап, тәуір бір етікті сатып әкеліңдер, – деп папасы мен мамасына ақыл сала сөйледі.

Қорғанбек үйде қалды. Атасы отын жарды. Майдаланған ағашты Қорғанбек үйге тасыды. Екеулеп пеш жақты. Үй-іші демде-ақ ысыды. Аязға жаурап-ақ қалған екен, жылы бөлмеде Қорғанбектің беті алаулап қызара түсті.

Күн суық ә, ата, – деді Қорғанбек малдас құрып отырған атасының оң аяғын баса түсіп.

Ә, қардың ызғары болады да, тәйірі. Әр нәрсенің уақытында болғаны дұрыс, – деп атасы қыстың түскеніне риза пейіл танытты.

Аспаннан қар емес, нан жауып тұр, балам, – деп Қорғанбекті барқыт шапанының етегімен орап алды.

«Қар емес, нан жауып тұр» дегені несі, деп сұрамақ еді, атасы күмәнді ойын сейілтті.

Қар мол жауса, көктемде бидай бітік өседі. Мақта қырманы берекелі болады. Мал жем-шөптен тарықпайды. Бұның бәрі ел-жұрттың наны емей, немене!

Атасы екеуі үйді жылытып, есік-терезелердегі саңылауларды бітеп болғанша, мамасы мен папасы келді. Қолдарындағы себет іші топ-томпақ.

Ішке кіре салысымен:

Қорғанбекке етік алдық, – деп мамасы қуана тіл қатты.

Қорғанбек себет ішіндегі ораулы қағазды біртіндеп жазды. Көзіне жып–жылтыр, қоңыр түсті, табаны қалың етік түсті. Демде жіп бауын босатып, аяғына өлшеп көрді. Өзіне құйып қойғандай. Бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүріп көрді. Етігі әдемі, әрі жеңіл екен. Өзі емес, бәтеңкесі қозғалып жүргендей.

Ата, мен қатты қуанып тұрмын, – деді Қорғанбек бір кезде жүзі бал-бұл жанып.

Әрине, түсінемін, балам, – деді атасы

Осы Қорғанбек қызық. Аяқ киімге де қатты қуана ма екен?

Қорғанбек дұрыс айтады. Ілгерідегілер айтқан екен: «Дүние тапсаң, балаңды киіндір. Меккеге барғандай әсерде болады» деп. Мінеки, дәл осы жәйтті Қорғанбек балам басынан кешті. Жаңа етік балаға қуаныш сыйлады.

Бөлме ішіндегілер осы сәтте Қорғанбектің қуанышына түгелдей ортақтасқан болатын. (320 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Мол жауған қар

Қорғанбектің таңдануы

Атасының ақылы

Атасы мен Қорғанбек

Қорғанбектің жаңа етігі

Қорғанбектің қуанышы



Тірек сөздер: электр бағанасы, риза пейіл таныту.





АҚТӨС



Ұялас күшіктердің арасынан төсі аппақ күшікті таңдап алып, Ақтөс деп ат қойды. Нұрлыбектің күндегі ермегі осы. Екі аяғын алға жіберіп, басын жоғары көтерген күйі, салпаң құлағын түре қарағаны таңданғаны сықылды. Есік алдындағы қыт-қыттаған тауықтарды қуып, маза бермейді. Нұрлыбек оған мәз. Ішек-сілесі қатып, еркелетеді.

Жануарлар дүниесінен сурет салыңдар, – деген апайдың тапсырмасы Нұрлыбектің есіне Ақтөсті түсірді. Аз-кем ойланды да, шапқылап жүрген кезін салайын деп, орнынан қозғалып кеткенін өзі де байқамай қалды. Күшігі жүгіріп келіп, асыла кеткендей.

Нұрлыбек қолына қалам алды. Сәлден соң қағазын алып, төргі бөлмеге кірді.

Әже, Ақтөстің суретін салдым!

Әжесі иіріп отырған ұршығын қасына қойды да:

Шынында да, аумайды екен, – деді суретке қызыға қарап.

Кешкілік әкесі Нұрлыбектің дәптерін қарап отырып, суреттегі Ақтөсті көрді. Жазу дәптерін ашса, онда да Ақтөс туралы әңгіме. Оның салпаң құлақ екенін, орынсыз үрмейтінін жазыпты.

Бұл бала сонда Ақтөсті зерттеу үшін оқып жүр ме? – деді әкесі қабағын шытып. – Мектептің бағдарламасы да қиын, игере алмай, бір күні бізді ұятқа қалдырар.

Е, бала да тәйірі, – деді папасы. – Сен хоккей, футбол болса теледидар алдынан кетпейсің ғой...

Сабақтан нашарлап кетсе ше?

Ешнәрсе етпейді, есі бар Нұрлыбектің. Ақтөсін таза ұстайды. Сабақ оқыса күшігі кедергі жасамасын деп, жіпке байлап қояды. Осының өзі ақылы барлығын аңғартады емес пе?!

Әкесі уәжді сөзге тоқтады.

Күндер өтті. Ақтөс те үлкейді. Сонда да еркелеуін қойған жоқ. Күн сайын Нұрлыбекпен біргемал өрісіне шығады. Бірінші болып ауылға жетеді. «Мал келе жатыр» дегендей, қашан үйдегі үлкендер малдың алдынан шыққанша үруін қоймайды.

Нұрлыбектің әкесі де Ақтөстің мінезіне әбден қаныққан. Малды байлау үшін қораға қарай беттейді. Ақтөс болса, қос жанары жарқылдап, соңынан еріп барады. (252 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ұялас күшіктер

Нұрлыбектің ермегі

Апайдың тапсырмасы

Әкесінің уәжді сөзге тоқтауы

Ақтөстің еркелігі, мінезі.



Тірек сөздер: хоккей, футбол.





9-сынып



ТЕМЕКІ ЖАПЫРАҒЫ

(ертегі)



Ерте, ерте, өте ерте заманда бір дана қария өмір сүріпті. Оның көргені көп, өмірден тоқығаны мол болыпты. Күндердің күнінде ауылға бір саудагер келіпті. Ол алыс елден ат арытып, жол азабын тартса да, өмірі темекі тартпақ түгілі, оны көрмеген, естімеген елге темекі жапырағын әкеліпті.

Ау, жараңдар, бәрің де бермен қараңдар. Мінеки, керемет жапырақ әкелдім. Алыңдар. Бұны қағазға әспеттеп орап, түтетіп, түтінін сорсаңдар, рахатқа бөленесіңдер. Талай-талай аурудан құлан таза жазыласыңдар, – деп саудагер ауылға кіре бермесін-ақ жар салыпты.

Темекі жапырағын көрмеген ауыл адамдары жапатармағай жиналып, қолға алып, көре бастайды.

Сол кезде жеті таудың арға жағына аяғы жеткен, үш теңізді кешіп өткен дана қария былай депті:

Саудагер рас айтады. Бұл жапырақты қағазға ораса, темекі болады. Оны тартқан адамды ең қабаған ит те қаба алмайды. Үйіне әккі ұрының бір де бірі түспейді. Және де бір ерекшелігі – ол адам қартаю дегенді бұл жалғаннан білмей өтеді.

Өзінің сөзін қолдап, қуаттаған дана қарияға саудагер әбден разы болыпты.

Көрдіңіздер ма, ақ сақалды қария дұрыс айтады, – депті.

Ата, – депті сонда бір жас бала. – Айтыңызшы неге темекі шеккен адамды ит қаппайды? Неге үйіне ұры түспейді? Неге ол адам қартаймайды? Әдемі қартайып, менің атам секілді абыз ата болғаны жақсы емес пе?

Сұрағаның орынды. Жауабын берейін. Ең алдымен, темекі тартқан адамның өкпесі тесік болады. Содан соң, ол түні бойы кеудесін басып жөтеле береді. Ал жөтелген адамның үйіне кәнігі ұры аяқ баспайды. Үй иесі ояу деп ойлайды.

Қабаған иттің жоламайтын себебі, темекі тарқан адам сәл-ақ уақыттан кейін қуаты кемейіп, қолына таяқ ұстауға мәжбүр болады. Қолында таяғы бар адамға есі бар ит жоламайды. Ондай адамнан ит қорқады.

Күш қуаты азайған адам ұзақ жасаушы ма еді. Ауру меңдеп, күн санап кеселі көбейе түседі. Сөйтіп, темекі тартқан адам ұлғайған жасқа жете алмай, орта жолда опат болады. Мінеки, балам, менің айтпағым осы еді, – деді абыз қария.

Аталы сөзге иланған бала саудагердің жанынан шетке ығысып, үйіне қарай қуана жөнелді. Өзгелер де әп-сәтте темекі жапырағын сатып алудан бас тартып, өз жөндеріне кетіпті. Содан бері сол ауылда бірде-бір адам темекі тартпайды екен. (320 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Дана қария

Саудагердің ауылға келуі

Саудагер мен қарияның сөзі.

Жас баланың сауалы.

Дана қарияның жауабы.

Аталы сөздің мәні.



Тірек сөздер: саудагер, қария, абыз.





КӨК БӨРІ МЕН ИТ

(мысал)



Көшпелі елдің тәңірісі – Көкбөрі. Көкбөрінің зеңгір көкке басын тіреп, қасқиып отырған бейнесі де осы халықтың туында көрініс тапқан, – деді сексеннен асқан Дархан ата немерелері Серік пен Берікке және Айгүлге қарап.

Ата, біздің халық көшпелі өмір сүрген ә? – деді Серік.

Кең далада емін-еркін тіршілік еткенін айтсаңызшы, – деді Берік.

Көкбөрі де ұлан-байтақ жердің иесі мен киесі, – деді Айгүл қашан да сөздің парқын дәл табатын әдетімен.

Көкбөрі жайлы абыз ата өз немерелерін ортаға алып және бір әңгіменің шетін шығарды.

Көне замандарда Ұлы даланың пірі – Көкбөріге үй жануары, адамның сенімді досы – Ит жолығыпты. Екеуі едәуір әңгімелесіпті, өз жағдайларын баян етіпті. Өзара тыныс–тіршіліктерінен жан-жақты хабардар болыпты. Көкбөрі кең далада емін-еркін өмір сүріп жатқанын айтыпты. Ит болса, үй күзетіп, мал-жанды қоғайтынын тілге тиек етіпті.

Кең далада өмір сүру керемет! – деді Көкбөрі.

Үй күзетемін. Өзімнің ием бар. Ол сорпаның сүйектерін алдыма тастайды. Соны беймарал кеміріп жатамын, – дейді Ит. Содан соң:

Сен ешқандай қиындық көрмейсің ба? – деді Ит.

Неге қиындық көрмеске. Қиындықтар шаш етектен. Азық-түлік іздеуге тура келеді. Көк күшіктеріңді адам баласынан сақтау да оңай емес. Бірақ өз несібеңдіөзің тауып жегенге не жетсін, – дейді Көкбөрі.

Көкбөрі өз сөзін тәмамдап, Итке қарайды.

Сен ше? Сенде бәрі жақсы ма? дейді.

Иә. Менің өмірім рахат. Сен секілді азық-түлік іздеп, жер дүниені кезіп кетпеймін. Үйдің иесі таңертең, түсте және кешке үш мезгіл тамақ береді. Сол жетеді. Аш емеспін, – дейді Ит арс-арс етіп.

Онда сенің неге мойын жүнің түп-түгел түсіп қалған? – дейді Көкбөрі қаны сыртқа теуіп тұрған Иттің жаралы терісіне көзі түсіп.

Бұл мойындағы жіптің ізі ғой. Үйдің иесі мені үнемі темір шынжырға байлап ұстайды. Ендігіде байламайтын болды. Темір үйшік жасатып жатыр. Соған қамап қояды. Одан да сен сұрағыңды қоя бермей, біздің үйге жүр, Көкбөрі. Екеуіміз қиналмай ғұмыр кешелік, – дейді Ит.

Көкбөрі ұзақ ойланды. Сөйтті де:

Жоқ. Сенің өмірің таранған тотықұстай темір тордың ішінде өтеді екен. Маған сенің өмірің ұнамайды. Темір шынжырға мойныңды қиғанша, кең далада еркін жүргеніңе ешнәрсе жетпейді. Темір үйшігіңде қалмаған тіршілігің де өзіңе бұйырсын. Дүниенің төрт бұрышына табаныңның ізі тимесе, шынайы өмір сүрдім деп қалайша айта аласың.Үй иесіне телміріп нәр тартқанша, көсіліп жүріп, ілгері ұмтылып күн кешкенге не жетсін. Бара бер өзің таңдаған темір құрсауына, – деп Көкбөрі Иттен ұзап кете барды.

Абыз ата өз әңгімесін аяқтады. (350 сөз)



Мазмұндау жоспары:



Көшпелі елдің тәңірісі – Көкбөрі.

Абыз атаның әңгімесі.

Көкбөрінің итке жолығуы

Көкбөрінің қайғысы

Көкбөрінің итпен қалмауы



Тірек сөздер: көкбөрі, абыз ата, қасқа ит, беймарал.





БАТЫР МЕН ЖЕЗТЫРНАҚ

(ертегі)



Ерте, ерте, ертеде қалың елге жау шауыпты. Жаудан кек алмақ болып, жас жігіт жорыққа аттаныпты. Жігіт алғашқыда талай-талай қырлардан өтіпті. Көлбей аққан өзендерді артқа тастапты. Таулы, тасты жерлерді де қиялай шауып басыпты.

Жаудың жеріне жетіп, оларды жермен-жексен етіпті. Жігіт батыр атаныпты. Мерейі тасып, еліне қайтыпты. Қайтар жолда қалың қамысы өскен нулы жерге ат басын тіреп, азын-аулақ демалыпты.

Сол кезде аспаннан түсті ме, қалың қамыс арасынан шықты ма, бір сұлу қыз батырды көріп, жақындай түсіпті. Батыр дала төсіндегі қызғалдақ гүлдердің бір шоғын жинап, сұлу қызға ұсыныпты.

Сұлу қыз инабатты қылығымен батырдың ұсынған гүлдерін қолына алады. Бірақ саусақтарын көрсетпейді. Жеңі ұзын көйлегінен саусақтарын шығармаған күйі батырға жақындай түседі.



Батыр балалық шағында атасы мен әжесінен көптеген әңгімелерді есітіп, құлағына құйып өскен болатын. Жезтырнақтар лезде сұлу қызға, бірде ақ сақалды қарияға немесе арлан қасқырға айнала алатындығы есіне түседі. Саусағын көрсетпегені – оның жезтырнақ, мыстан кемпір екендігінің дәлелі деп ұғынады жас батыр.

Батыр артқа сәл ғана шегініп, сұлу қызға айбарлы тілмен үн қатады:

Сен сұлу қыз кейпіндегі жезтырнақсың. Көзіме көрінбе. Сен нағыз аяр мыстансың. Жоғал, – дейді.

Батыр, қатты кетпе. Мен саған ыстық су, тәтті тамағыңды әзірлеп берейін, – деп сұлу қыз сызыла тіл қатады.

Батыр иілмейді. Тұлпарына қарғып мініп, бәлелі, жалалы жерден тез арада аттанып, еліне қарай бет алады. Күн жүреді. Түн жүреді. Батыр бір кезде қалың, ну орманға кезігеді. Орманның ішіне кіре бергенде қарсы алдынан ақ сақалды, еңсегей бойлы қария жолығады.

Үлкенге ізет көрсету салтымен, батыр тұлпардан түсіп:

Ассалаумағалейкүм, ата, деп сәлем береді.

Уағалейкүмассалам, деп қария жауап қатады.

Батырмен сәлемдескенде қария саусағын көрсетпейді. Ұзын жеңді көйлегінің ішіне жасырған саусақтарын батырдың көзінен таса ұстайды. Батырдың көңіліне күдік кіреді. Қарияның жезтырнақ екенін жүрегі сезеді. Сөйтеді де:

Сен және де маған жолықтың ба? Жауды жеңіп, ата-анаммен аман-есен қауышуды ниет етіп ем. Жолымды кес-кестеме, жауыз жезтырнақ, – деп батыр тұлпарына бір-ақ қарғып мінеді. Елін бетке алады. Өзенді, көлді, таулы, тасты жерлерден желіп өтіп кетеді.

Елдің шетіне аяқ басым-ау деген кезде батырдың қарсы алдынан дәу арлан қасқыр шыға келеді. Батырға ұмтылады. Тұлпардың үстінен құлатпақ болады. Батыр жанындағы үлкен шоқпарын жуан жұдырығына қысып алады. Мықтап ұстаған бойы қасқырдың қақ маңдайына соғады.

Қатты соққыдан қасқыр шалажансар күйге түседі. Сәлден соң, мерттіккен қасқыр ақ сақалды қарияға, одан соң сұлу қызға, кейін жезтырнақ мыстан кемпірге айналып, сеспей қатады.

Батыр тұлпарына мініп, еліне таң ата жетеді. Қарсы алдынан ата-анасы, туған-туыстары, бауырлары шығып, ел-жұрты батырмен қуана қауышады. Жауды, жезтырнақты жеңіп келген батырдың ерлігіне қалың халқы дән риза болды. (370 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Батыр жігіттің жорығы.

Сұлу қызға кезігу.

Батырдың күдігі.

Ұзын жеңді қария.

Арлан қасқырмен арпалыс.

Жезтырнақты жеңуі.

Елімен қауышқан батыр.



Тірек сөздер: аяр мыстан, ассалаумағалейкүм, уағалейкүмассалам,

ну орман, жезтырнақ.







ЗЕҢГІ АТАНЫҢ АШУЫ

(аңыз)



Қара малдың иесі – қасиетті Зеңгі ата бір дүйім елдің малын бағып жүріпті. Сиыр, өгізше, тана, бұзау Зеңгі атаның айдауына көніп, мамыражай жайылып, өсіп-өніп көбейе беріпті.

Қара малдың жайын әбден білген Зеңгі ата мал бағып жүргенде, өзгелердей айт-шулемей-ақ, жайылымда беймарал отырады екен. Сиырдың өздері Зеңгі атаның маңынан ұзамай, емін-еркін шөп жұлып, қарнын тойдырыпты.

«Ел ішінде ала да, құла да болады» демекші, Зеңгі атаның малды баға білу шеберлігін көре алмайтын біреу шығыпты. Ол ел басшыларының біріне:

Зеңгі ата, қартайды. Мал баға алмайды. Сиырларды бір жерге үйіріп, ертелі-кеш қамап отырады, – деп кінә тағыпты. – Сиырларды маған тапсырыңыз, басеке, – депті құрдай жорғалап.

Сөзге еріп, өлшемей-пішпей, тез шешімге келген ел басшыларының бірі:

Олай болса, Зеңгі атаны істен дереу босатыңдар, қартайса, демалсын. – Сиырларды енді сен бақ, – депті.

Зеңгі ата қараптан-қарап, кінәлі болғанына кейіпті. Ашуланбағанда қайтсін! Өмір бойы қара малдың тілеуін тілеп, жай-күйін бір адамдай білгеніне күмәні жоқ-ты.

Біреудің ала жібін аттап баспаған Зеңгі ата ашуын сап тыйды да:

Баққан малыңа оқалақ тигір, – деп бір ауыз сөз айтыпты.

Зеңгі атаға жала жауып, бір елдің малын алдына салып, айдап келе жатқан мал сол кезде жан-жаққа бытырай қашыпты.

Күн сайын малына ие бола алмай, әбден әбігерге түскен шағымшыл жан, бақташылықты өз еркімен тастап кетіпті.

Зеңгі ата – сиырлардың пірі, иесі, – деп ел-жұртқа жариялапты, абыройын биіктетіпті.

Содан бері Зеңгі атаның ренжіп, кейіген шағы – мамыр айында сиырларға оқалақ тиіп, табындағы мал бейжай күйге түседі екен. (330 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қара малдың иесі – Зеңгі ата.

Зеңгі атаның мал бағу шеберлігі.

Зеңгі атаны кінәлау.

Зеңгі атаның ашулануы.

Ел басшыларының Зеңгі атадан кешірім сұрауы.


Тірек сөздер: беймарал, қара малдың пірі, оқалақ тигір.





КӨКПАРҒА БАРҒАНДА



Үлкен тасжолдың оң жағында ашық алаңқай жер бар. Осы жерде жыл сайын көкпар өтеді. Қызығы көпті дүрліктірген көкпарды ауыл адамдары біраз уақытқа дейін ауыздан-ауызға жеткізіп, айтып жүреді. Атамның көкпар десе, көңілі әрқашанда көтеріліп-ақ қалады. Міндетті түрде көкпарға барады. Мені де өзімен бірге ертіп барады. Жанынан бір елі тастамайды.

Көкпар болатын күні ертелеп үйден шықтық. Көкпарсай біздің ауылдан едәуір ұзақ. Оған жеткенше жол бойын тамашаладық. Жан-жақтың бәрі жасыл желек. Көз тойдырады.

Көкпарсайда көкпар. Атамның көкпарға қосатын атын өзінің шәкірті Дүйсенбек мінді. Алғашқы салымға шыққанымен, мәреге көкпарды тастай алмады. Тіпті, салым салуға ойға алмағандай. Менің түсінігімше, атының етін қыздырып жүргендей. Өзінің де, атының да бойын үйреткісі келгендей.

Түске жақын ғана Дүйсенбек екі салым салды. Астындағы көкпар аты – Торыкөк өз бабына әбден келіпті. Ойнақшып, тыпыршып, салаң қағып, жер тарпиды.

Әлібек, – деді атам маған. – Қазір ең үлкен салым салынады. Жеңіл машина тігілмек.

Ата, біздің ат салса жақсы болар еді.

Бұйырғаны болар, балам, – деп атам тіп-тіке, жантаймай отырған күйде.

Ата, сіз неге үнемі тіп-тіке отырасыз? – дедім атамды жаңа ғана көріп, білгендей. Атамның дастархан басында да жантайып, жанбастап жатқанын көрмеппін.

Ол көкпардың арқасы. Жас кезімде көкпарды жақсы көрдім. Көкпарға көп қатыстым. Талай рет салым салдым. Төңірекке атым мәлім Қуатбек палуан атандым. Қашанда қараптан-қарап отырсам да, тұлпардың үстіндегідей сезіндім. Содан болар бойымды тік ұстап, еңсемді көтеріп отыруды жаным да, тәнім де қалайды. Молдасоқынып, тіп-тіке дастархан басында отыру қаныма сіңген әдет, – деді атам көкпардағы додадан көзін бір алмай.

Торыкөк көкпардан сол жолы ең үлкен бәйгені ала алмады. Шәкірті Дүйсенбек те ренішті көңілін жасырмады.

Өз қолыммен салымды басқа біреуге өңгеріп жібергенімді қарасаңшы! – деді намыстана.

Еш оқасы жоқ. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген. Бұл көкпарда шіркін! Бірде олай, бірде бұлай. Бұйырмаған да.

Қуатбек аға, қателік менен болды. Көкпарды тақымға сала бергенімде епшілдік таныта алмадым, – деді Дүйсенбек ынты-шынтымен күйіне.



Торыкөк те бастапқыдай ойнақши қойған жоқ. Қос жанарынан от шашқан нұры да жарқ-жұрқ етпеді. Әлденеге жайсызданып, қатты-қатты шыңғыра, кісіней жөнелді.

Жануар-ай, тілің жоқ-ау. Әйтпесе, бұл да сезінеді. Қарасаңшы, үлкен салымды сала алмағанын түйсінгендей кісінеуін. Жануардың есті болып жаратылғанын айтамын да.

Көкпар аяқталды. Ел-жұрт жан-жаққа тарай бастады. Таңертеңнен бері қарақұрым болып жиналғандардан селдірген бірер тобы ғана қалды. (350 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Көкпарға жол тарту.

Алғашқы салым.

Әлібек пен атасы.

Дүйсенбектің реніші.

Торыкөктің естияр қасиеті.



Тірек сөздер: көкпар, молдасоқынып, дода, қарақұрым.





ҚОЛҒАНАТ



Үй ішінде барометр ілулі тұр. Ол жауын-шашынның, жайма-шуақтың, боранның, қардың қашан болатынын, алдын ала болжайды. Бірақ Ерланның атасы оған сирек қарайды.

Менің өз барометрім бар, – дейді ол аяғын уқалап. – Осы аяғым қақсаса, ауа райы өзгереді дей бер.

Ерланның атасының оң аяғы соғыста жараланған. Үлкен сандықта «Қызыл жұлдыз» ордені, медальдары сақтаулы. Мереке күндері кеудесіне жарқыратып салып алады.

Ерлан қалыңдау киініп, сыртқа шықты. Есік алдында аспанға қызыға қарап біраз тұрды. Қар жауа бастапты. Суық жел бетті қарып барады. Қойма ішінен балтаны тауып алды. Ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Жарылмады. Балтаны ағаштан суырмақ боп біраз әуреге түсті. Бір-екі рет сол ағашты балталап көрді. Болмады. Оны тастады да, басқасын алды. Бұл жіңішке әрі жалпақтау екен. Балтаны ағаштың дәл ортасынан көздеп сілтеп қалды. Ағаш екіге бөлінді. Екіге бөлінгенді төртке бөлді. Сондағы байқағаны қисық ағаштан гөрі түзу ағаш оңай жарылады екен. Осылайша ағаш жаруға машықтанып қалды. Жарылған ағаштарын бір шетке жинады.

Атасы оң аяғы қақсаған соң жаюлы тұрған төсекке жата салған еді. Көзі ілініп кетіпті. Бір уақытта оянса, күн кешкіріп қалыпты. Үйде Ерлан да жоқ, отын да жоқ. Белін ұстап, орнынан тұрып, терезе алдына барып еді, қорадан тарсылдаған дыбыс шықты.

Жаным-ау, мынау Ерланның өзі ғой. Азаматым-ай! деп мейірлене де, мақтана да қарады.

Ерлан болса, жан-жағына қарамайды. Пальтосын шешкен. Қолында балта. Ағашты дөңке үстіне асықпай қояды. Төбесінен асыра балтаны төмен сілтейді. Жалпақ ағаш қа бөлінеді. Ерланның тағы да түзу ағашты таңдап іздестіріп жүргеніне атасы мырс етті.

Пайымды болатын түрі бар, – деді іштей.

Ата, – деді Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап қалып, – Отын дайын.

Ол жарылған ағашты құшағына толтыра үйге кіргізді. Пеш алдына қойып:

Жаға беріңіз, – деді терлеген маңдайын сүртіп. Аузынан будақ-будақ бу шығады.



Атасы пешке от жақты. Әп-сәтте үй іші жылына бастады. Пеш үстіне қойылған сүт те пісті.

Ата, сүт ішемін, – деді сәлден соң Ерлан. Сүтке нан турап, тамсана ішті.

Қас қарая әкесі мен шешесі үйге келді. Жылы үй олардың көңілдерін көтерді.

Отынды Ерлан жарды. Қолғанат болды деген осы, – деп атасы Ерланды жанына шақырып, тарамыс қолымен арқасынан қақты. Әкесі мен шешесі риза пейілмен қарады. (329 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ерланның атасының аяғы барометр

Отын жарудың әдісі

Атасының мейірлене қарауы

Қолғанат болды деген осы

Риза пейіл.



Тірек сөздер: барометр, орден, медаль, қолғанат.





МЕНІҢ ІНІМ



Біздің ауыл мақта өсіреді. Ерте көктемде көбелек қанаты секілді жайқала өседі. Қоңыр күзде жұлдызша қауашақтардан ұлпа қардай ашылған көрінісі көрген жанды рахатқа бөлейді. Бейне бір шалқыған аппақ теңіз дерсің. Содан соң осынау ақ мақта алқабында «көгілдір кемелер» «ақ алтынды» болат қораптарына төкпей–шашпай жинап жатады.

Берік – деймін, оның көгілдір дәптеріне қолымды созып, – Шынымен мақташы болмақпысың? Оның еңбегі ауыр ғой? Бірақ Берік:

Аға, шын сөзім бұл. Күні ертең мақташы боламын папам сияқты.

Мен жасы кіші Беріктің еркін тақырыпқа арнап жазған тырнақалды еңбегіне көз жүгіртіп, қиялына ерік берген едім. Дәптер бетінің ортасына «Мақташы боламын» деп бас тақырыбын нақты етіп жазыпты. Содан соң өзінің балаң ойларын ақ қағазға түсіруге көп еңбек төккені байқалып тұр.



«Атам соғыс кезінде елін қорғаймын деп туған жерге келе алмады. Жау оғынан қайтыс болды. Соғысқа дейін ауылда мақта өсірумен шұғылданыпты. Жақсы еңбегі үшін сол кезде газетке де мақтап шығарған. Ол газетті папам сақтап қойған. Сұраған кезімде үнемі көрсетіп, әңгіме айтып береді. Атам соғыста болмағанда қолымнан жетектеп жүрер еді. Талай түндер бойы жалықпай ертегі айтар еді. Соғысты жек көремін», – деп жазыпты.Бұл шығармасының бастапқы бөлігі. «Айналайын, – дедім толғаныспен, – көңілің таза, ойың айқын екен», – деп арқасынан қақтым.

Мен бұдан соң үйге берілген тапсырмасын орындауына кедергі болмайын деп, тысқа шығуға беттедім.

Аға, – деді Берік менің кетуге ыңғайланған бағытыма назар салмастан, – үлкен болған соң инженер боламын. Сөйтіп, ауылға келіп, үлкендерге көмектесем.

Мен үнсіз сыртқа шықтым. Берік стол үстіне үңілген күйде. Бәлкім, өзі қалайтын мамандығы төңірегінде тәтті ойларға батып, балалық шақтың қайталанбас айшықты мезетін бастан кешіп отырған болар. Мүмкін папасының мехнаты да рахаты көп еңбегіне риза болып, мерейі тасып, көкірегі алып-ұшып отыр ма?!

Әйтеуір, мен бір жаңалық ашқандай күйде едім. Берік інім мақташылықты жанымен сүйіп анық шешімге келген екен және болашақ мамандығы жайлы толық біледі екен. Бұл мен үшін қуанышты күн болды. Күні ертең оның «Кім болам?» деген сауалға: «Мен мақташы болам, ақ мақтадан тау тұрғызатындардың бірі мен болам!» – деп көзі жайнап, жауап беретіндігіне күмәнім қалмады.

Берік жазып отыр. Ақ мақта. Мақташы еңбегі. Аппақ ойлар. (373 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Ауылдағы мақта терім

«Мақташы боламын»

Атаның жолын қуу

Арманындағы мамандық



Тірек сөздер: көгілдір кемелер, ақ алтын, болат қорап.





АЛДАР КӨСЕНІҢ ҚЫСҚЫ САПАРЫ



Қайсар ерте көктемнен бастап-ақ, қысқы маусымға әзірлене бастады. Құрғап қалған, көктемеген ағаштарды құлатты. Балтамен шапты. Майдалады. Пеш аузына лайықтап ұсақ бұталарды сындырды. Ала жаздай бір тынбады. Күзге салым тындырған ісі де қысқа отын әзірлеу ісімен жалғасты. Сол аралықта үй іргесіне қауын екті. Піскен қауынды рахаттана жеді. Артылғандарынан қауынқақ жасап, қыста азық болар деп едәуірін жинап алды.

Қаладағы Алдаркөсемен де үнемі хабарласып тұрды. Ұялы телефон деген жақсы болды. Кез-кезген уақытта сөйлесе береді. Сондағы Қайсардың байқағаны – Алдар қалада тұрып, әркез компьютермен ойнайды екен. Ағылшын курсына баруды әдетке айналдырыпты. Ыстық күндері ақысын төлеп, мұздай, мөп-мөлдір суға толтырылған ғажайып бассейнге шомылып, есі шыққанша жүзіп, көңілді жүруді әдет етіпті.

Қайсар ойланды. Алдар қысқа дайындалмайды ма деп. Жаз бойы сауық-сайран салған шегірткеше қыста дірдек қақпай ма деп.

Қыс та жетіп келді. Жер-дүниені боратып, әп-сәтте айналаны аппақ омбы қарға көмді. Қайсар Алдаркөсемен сөйлескісі келді. Сөйлесті де. Қайсар Алдаркөсенің қысқы демалыста Ресей еліне баратынын бір–ақ білді.

Оу, мен ауылда жаз бойы терлеп-тепшіп отын жинадым. Қыста жаурамайын деп. Сен болсаң, жаз бойы өз жағдайыңды жасап, тіл сындырдың, шомылдың, қыдырдың. Енді қақаған қыс та саған шопақ құрлы емес. Құлақ үсіп, адам тірідей қататын қыстың қырық күн шілдесінде қардың Отаны – Ресей жеріне аяқ баспақсың. Ойпырмай, не еткен керемет!

Бұның не кереметі бар? – деді Алдаркөсе Қайсардың таңырқай сөйлегеніне түсіне алмай.

Кереметі сол, сені, Алдаркөсені жұрт қу, өтірікші, алдамшы дейді. Бұл бекер екен. Орыстың ұлы ақыны Иван Крыловқа айта бар. Ендігіде өтірік мысал өлеңдер жазбасын. «Инелік пен құмырсқа» атты әйгілі мысалын айтамын да. Ала жаздай сайрандаған инелік қыстыгүні құмырсқаға келіп, жылы үйге кіргізуін сұранбай ма? Сонда құмырсқа маңғазданып, «Ала жаздай ән салып, би билеп, сайрандай бер!» деп, жақтырмаған кейіппен сөйлемей ме?!

Е-е, ол заман өткен Қайсар, – деді Алдар.

Заманның өзгергеніне көз жетті деген осы да, – деді де Қайсар ұялы телефонын төс қалтасына сүңгіте салды.

Сөйтті де, пештің аузын ашып, үй ішін одан сайын жылыта түсу үшін, бір құшақ құрғақ отынды үсті-үстіне лақтыра берді. (311 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қайсардың қысқы маусымға әзірленуі

Қаладағы Алдардың өмірі

Қайсардың таңырқауы

Алдаркөсенің қысқы сапары

Инелік пен құмырсқа



Тірек сөздер: күзге салым, қауын қақ, компьютер, бассейн,

ұялы телефон.





НАРТӘУЕКЕЛ



Жанаттың әкесі Әубәкір Оспанұлы соғысқа қатысқан. Ол кезде атасы жап-жас аға сержант еді. Бірде оны әскери басшы шақырып алды да:

Аға сержант Оспанұлы, жергілікті жағдайды жақсы білесің ғой. Орманның оң қапталында үлкен жол бар. Соның арғы жағында неміс фашистері бекініп алған. Жау әскерлерінің ендігі бет алысын білу қажет. Сол үшін «тіл» алып келу өте маңызды.

Түсіндім, жолдас комбат.

Алайда тәуекелге бел бууға болмайды. Сақтықпен әрекет еткейсің, – деп, комбат сөзін аяқтады.

Күн ұясына батқан кезде он шақты жауынгер мен аға сержант «тіл» алып келуге аттанды. Үнсіз жүріп отырып, үлкен жолдың бойына да келіп қалыпты. Қылқанды ағаш орманы бірте-бірте сирей бастады. Енді одан әрі қарай жүрудің реті жоқ. Жау әскерлері байқап қалуы мүмкін. Сондықтан үлкен жолдың түйіскен тұсына жақын келіп, жау әскерлерінің жүрер бағытын аңдымақ болды.

Түн де аяқталып, бірте-бірте шығыс беткей ағара бастады. Жаудың әскерлері машинаға мініп, үлкен жолдан өтіп жатты.

Аға сержант барлаушыларына лезде қарап, автоматқа қол салмауға белгі жасады. Мінеки, жаудың ең соңғы бір топ әскері де жолдың түйіскен тұсына келді. Бірақ олар ілгері жылжыған жоқ. Қайта жайбарақат күйде автоматтарын бір жерге қойып, емін-еркін жайғасты. Жау әскерлерінің саны да он шақты еді. Аға сержант барлаушылармен біраз уақыт «тіл» алудың жолын ойластыра бастады. Бірлі-жарым неміс солдаты шетке шықса, екі барлаушы тап беріп, даусын шығармай тұтқындауға бел буды. Бірақ неміс солдатының бірде-біреуі қас қылғандай шетке шыққан жоқ.

Уақыт болса өтіп жатыр. Осылай ағаш арасында жата берсе өзге неміс солдаттары да келіп қалуы ғажап емес. Аға сержант осы орайда бір шешімге келді. Қолына граната алды. Жанындағы барлаушылар да командирдің іс–әрекетін қас–қабағына қарап, айтпай-ақ түсінді.

Қолдарыңды көтеріңдер! Хенде хох! – деп, сержант бар жау әскерлеріне тап берді.

Сендер қоршауда қалдыңдар. Атысудың пайдасы жоқ! – деді. Бейқам отырған жаудың құты қашып, зәрелері ұшты. Біреулері қолдарын көтерді, біреулері «Гитлер капут» деп, тілі күрмеле жауап қатты.

Батальон командирінің тапсырмасы ойдағыдай орындалды. Он неміс әскерін тұтқындап, өздерінің әскери бөлімі орналасқан жерге түгел, аман-сау оралды.

Батальон командиріне болған жайды аға сержант толық баяндап берді.

Жарайсың, аға сержант Оспанұлы! – деді комбат шексіз ризашылығын білдіріп. – Әскери тапсырманы ойдағыдай орындағаның үшін алғыс жариялап, үкімет наградасына ұсынамын.

Кеңес Одағына қызмет етуге әзірмін, – деді аға сержант комбатқа қарап.

Рақмет, – деді тағы да комбат аға сержанттың иығынан қағып.

Бірақ тәуекел етудің қажеті жоқ. «Сақтықта қорлық жоқ» деген.

«Тәуекел түбі – қайық, өтесің де шығасың» дейді біздің халқымыз.

Түсінемін, түсінемін, – деді комбат.

«Ал шынын айтсам, сол жағдайда барлаушыларға осы қасиет ерекше қажет еді» дейтін атасы Жанатқа соғыс жолдарын еске ала отырып. Сөйтетін де, «Тәуекелсіз іс бітпес» деп, өз ойының дұрыстығына еш шүбә келтірмейтін. (400 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Жау әскерлерінің бет алысын білу

«Тіл» алуға аттану

Аға сержанттың бір шешімге келуі

Батальон командирінің шексіз ризашылығы

Тәуекелсіз іс бітпес



Тірек сөздер: комбат, батальон, генерал, сержант, командир, награда, автомат, граната, солдат, фашист, машина.





ЕКІ БОЗТОРҒАЙ



Ерте, ерте, ертеде кең далада екі бозторғай балапаны жұмыртқаны жарып шығып, дүниеге келіпті. Сайын дала төсінде көктен себелеген күн нұры олардың бойына қуат беріп, тезірек өсуіне жәрдем етіпті. Қос бозторғай балапанының түр–түсі бірдей болғанымен, мінездері ұқсамапты. Екеуі бірге ойнап, бірге ән шырқап жүргенімен, жиі-жиі шекісіп қалады екен. Ұрыс-жанжалды үнемі бірінші бастағанына қарамай, енелері «пысық» деп, мінезі шадыр балапанын жақсы көріпті. Бір жаққа бармақ болса, қасына соны ертіп, момын балапанын ұяда қалдырып кетеді екен.

Көктем шығып, ағаштар жаңа-жаңа бүр жара бастағаннан-ақ, құс біткен алуан түрлі әнге басыпты. Айналадағы тіршілік иелері бұлбұлдың жүрек тебірентер әдемі әуеніне тәнті болыпты. Таудың биігіне ұя салып, жер бетін зеңгір көктен шолып, қалақтап жүретін бүркіттің саңқылдаған батыл даусынан бойларына күш жинапты. Айыр құйрық қарлығаштың тамылжыта салған әнін естіген құстардың бір-біріне деген мейірі арта түсіпті.

Бірде ән салу кезіндегі өз дегенінен қайтпайтын бозторғайға тиіпті. Ол әркімге бір еліктеп, бірде бұлбұлға, бірде қарлығаштың даусына ұқсас әуенге басты. Бұл ән әуені құстарды зеріктірді. Ұнамаған әнді тыңдауға дәті жетпеген соң олардың әрқайсысы жан-жаққа ұшып кетті. Бұлбұл саялы, шешек атқан бау-бақшаға, бүркіт басын аппақ қар басқан тау шыңына, қарлығаш елді мекендегі үйдің іргесіне салған ұясына қарай бет алды.

Осы мезетте кең далада шырылдай жөнелген дауыс естілді. Әсем бұлбұл да, қыран бүркіт те, аппақ төс қарлығаш та нәзік, мұңды, сағынышқа толы ән ырғағына елітіп, ұзаққа ұшпай, бетегелі дала топырағына қонбасқа лажы қалмапты.

Апыр-ай, мынау не еткен ғажап ән! Даланың мөлдір шығы, жұпар иісті шөбі, таңғы саф ауасы тұнық әуенмен тербеліп, көкірегімді кеңітті-ау! – депті бұлбұл тамсана.

Бұл момын бозторғай ғой. Әнеки, бір орында қалықтап шырылдауын қарашы! Шіркін, дауысының мың құбылуын! – депті бүркіт өткір көзін көкке қадай.

Туған жерге, оның жасыл жусаны мен ақ селеуіне, қанат қаққан алқызыл көбелегі мен хош иісті гүліне үздіккен сағынышын әуелетіп салған әнінен байқап тұрмын, – депті ақ тамақ қарлығаш.

Әлдиге бөлеген ән де аяқталды. Бозторғай жерге түсті.

Бозторғай, – деді бүркіт, – әуелетіп салған әнді қайдан үйренгенсің?

Маған ән салуды туған далам, оның таңғы тыныс-тіршілігі, жұлдызды түндері мен сыбдыр қаққан құрығы үйретті. Осы алтын бесігімде ешкімге еліктемей өстім.

Шынында да өз тілінде әдемі сайрағанға не жетсін! Еліктеуден туған әуен көмейден шыққанымен, өзге жүрекке жетпейді, – деп, бұлбұл сазды әуенмен үн қатты.

Ол рас, – деді қарлығаш та. Міне, табиғатында адал, момын бозторғай туралы ертегі осындай. Ал бірбеткей бозторғай туралы білгілерің келсе, ол өзінің анаған да, мынаған да ұқсасам деген шәлкем-шалыс мінезіне әлі күнге дейін өкініп жүрген көрінеді. Өйткені ол бүркіт те, бұлбұл да, қарлығаш та бола алған жоқ. Бозторғайдың да ғажайып қасиетін жоғалтып алған-ды. (395 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Қос бозторғайдың өсуі

Құстардың ән салуды үйренуі

Бірбеткей бозторғайдың ән салуы

Момын бозторғайдың әні

Әнге берілген баға



Тірек сөздер: мінезі шадыр, саф ауа, шәлкем-шалыс.





ҚОЯННЫҢ ҚҰЛАҒЫ НЕГЕ ҰЗЫН?

Ертегі



Ерте, ерте, ертеде қоян орман патшалығында достарын туған күніне шақырмақ болыпты. Түрлі ағаш жапырақтары мен көз нұрын алатын гүлдермен үй ішін безендіріпті. Жан-жаққа тараған жұпар иіс қоянның қиялына қанат бітірді.

Үнемі ұялып жүретін кірпі, іші-баурыңа кіретін түлкі, сөзге шорқақ болса да салмақты қасқыр, маңғаздана тіл қататын аюдың да келетін уақыты болып қалды. Қоян әзірлеген дастарханына жылдам көз жүгіртті де, туған күніне арнап тіккен көйлегін киіп алды. Өзінше ән айтып, айна алдында біраз уақыт тұрды.

Сәлден соң сыртқа есік жай ғана ашылғандай болды.

Туған күнің құтты болсын, ақ қоян, – деп тікенек кірпі кірпігін кере қоянды құшақтап, арнап әкелген шырша жаңғақтарын ұсынды.

Үйің қандай жылы, көйлегің де өзіңе құйып қойғандай жарасымды, – деп түлкі де үйге сөйлей кірді.

Бауырым қоян, туған күніңмен. Әрқашан жүзіңнен күлкі таймасын. Саған әрдайым тілектес досыңмын, – деп қасқыр кітапша мен бір топ қалампыр гүлдерін ұсынды. Қоян риза көңілмен достарын дастархан басына шақырды.

Аю неге кешікті? – деп төртеуі бір-біріне қарады.

Үйі алыс қой, – деді кірпі.

Жайбасар аюдың әдеті осы емес пе? – деді түлкі ернін жалап. Қасқыр үндемеді. Тыңдап отырғандай рай танытты.

Аз-кем уақыттан соң есіктің сыртында тықыр естілді. Аю екен. Кешіккеніне кешірім сұрады. Қоянға арнап бал әкеліпті.

Бәрі де дастархан басына жайғасып тағамдардан дәм татты, қоянға ақ тілектерін білдірді. Көңілдері көтеріліп, орманды жаңғырта ән шырқады.

Аю да қоянға денсаулық тілеп, жанына шақырды.

Енді сен бір жасқа үлкейдің, туған күніңмен, – деп құлағынан тартқылады. Қоянның құлағын тартқаны соншалық, айна алдына барған қоян өз көзіне өзі сенбей қалды. Құлағы лезде қамыстай қалқайып, ұзарып кетіпті. Содан бері қоянның құлағы ұзын дейді. (247 сөз)



Мазмұндау жоспары:

Туған күніне қоянның дайындығы

Қоянның достарының келуі

Қоянға айтылған ақ тілектер

Қоянның құлағы неге ұзын?



Тірек сөздер: жүзіңнен күлкі таймасын, рай танытты.









































МАЗМҰНЫ беті

Кіріспе––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––3



Алғы сөз–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 5





5-сынып



Сары самаурынның шайы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 6

Қош бол, балабақша––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––6

Сыныптастар––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––7

Жарасымды сәт––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––8



6-сынып



Болашақ батырлыр––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 9

Іздену––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 10

Әліппемен қоштасқан күн–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 10

Екі сауысқан––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 11

Шиі піскен шақ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 12

Бір тостақ жиде––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 13

Көшеттер–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 14

Анар бағы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––15

Ақ бата–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 16



7-сынып



Қайырымды әпке––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––17

Мәдинаның атасы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 18

Қадір түні––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––19

Қарлығаштар қайтқанда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 19

Мақталы ауылда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––21

Әңгелек––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––22

Көкөніс–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 23

Бұлбұл мен емен–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––24



























8-сынып

Бейтаныс бала–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 25

Жаздың аппақ таңы––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 26

Қысқы кеш––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 27

Күн мен Ай–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––28

Алғашқы қар––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––29

Сәлемдеме––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––30

Бағдаршам––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––31

Ауыл салты–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––32

Сыбаға–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––33

Жаңа етік–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––34

Ақтөс––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––36



9-сынып



Темекі жапырағы (ертегі)–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––37

Көк бөрі мен Ит (мысал)––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– ––38 Батыр мен жезтырнақ (ертегі)––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 39

Зеңгі атаның ашуы (аңыз)–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––41

Көкпарға барғанда–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––42

Қолғанат––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 43

Менің інім––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––44

Алдар көсенің қысқы сапары–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 45

Нартәуекел––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 46

Екі бозторғай––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 48

Қоянның құлағы неге ұзын?(ертегі)–––––––––––––––––––––––––––––––––––49





































5 – 9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

МАЗМҰНДАМАЛАР ЖИНАҒЫ











Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы







Компьютерде беттеген: Досанова Назира Жақыпқызы











Пішіні 60х90

Шартты баспа табағы 3,8

Таралымы 1000 дана

Тапсырыс №65





















«Эврика» компьютерлік орталығында басылды.









Автор
Дата добавления 15.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2260
Номер материала ДБ-352774
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх