Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / 5-9 сыныптарға арналған сауалнама

5-9 сыныптарға арналған сауалнама


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

5 - 9 сынып оқушылары үшін сауалнама

Қымбатты дос!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сауалнамаға қатысуды сұрайды.

Аталған сауалнаманың мақсаты балалар мен жеткіншектердің өздерінің құқықтары мен Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның негізгі ережелері жөніндегі хабардарлық деңгейін анықтау болып табылады.

Сауалнама анонимді, тегі мен басқа да мәліметтері көрсетілмейді.

Сұрақтарды мұқият оқыңыз және дұрыс жауапты таңдаңыз. Сонымен қатар, өз жауабыңыздың нұсқасын жазуға болады.

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз!


1. Сіздің жасыңыз нешеде?

А) 10 -11 жас

Б) 12-13 жас

С) 14-15 жас

D)16-17 жас

2. Сіздің жынысыңыз?

А) еркек

В) әйел

3. Тұрғылықты жері?

А)қала

Б)ауыл

4. Білім алу тілі

А)қазақ

Б)орыс

С) басқа _____________________

5. Сіз өз құқығыңызды білесіз бе?

А)білемін

B)білмеймін

С)жартылай

D)жауап беруге қиналамын

6. Балалардың құқықтары қандай құжатта анықталған?

А)Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияда

B)Бала құқықтары жөніндегі Конвенция және шет елдік асырап алуға қатысты ынтымақтастықта

С)«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңда

D) Қарулы шиеленіске балалардың қатысуына қатысты балалардың құқықтары жөніндегі Конвенциядағы факультативтік хаттамада

E) Барлық құжаттарда

7. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны білесіз бе?

А)білемін

B)білмеймін

С)жартылай

D)мүлде естімегенмін

Е) жауап беруге қиналамын

8. Барлық балалар тең құқыққа ие ме?

А)Қазақстанда тұратын балалар ғана тең құқылы

B)Денсаулық жағдайына, тұрғылықты мекен жайына, дініне, біліміне, тіліне, жынысына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, нәсілі мен ұлтына қарамастан барлық балалар тең құқылы

C) Қазақстан Республикасында ғана туылған балалар тең құқылы

D) жауап беруге қиналамын

9. Қайсы құқықты маңызды деп есептер едіңіз?

А)білім алу құқығы

B)денсаулығын сақтау құқығы

С)көз-қарасты құрметтеуге құқылы

D)қоғамдық өмірге қатысуға

E) барлығына құқылы

10. Өз құқықтарыңыз туралы ақпаратты қандай дерек көздерінен аласыз?

А) мектептегі мұғалімдерден

B) достардан

С) ата-аналардан

D) Интернеттен

E) бұқаралық ақпараттық құралдардан (газет, журнал, теледидар)

11. Сіздің құқығыңыз бұзылады ма?

А) ия

B) жоқ

С) кейде

D) жауап беруге қиналамын

12. Сіздің құқығыңызды кім жиі бұзады?

А) ата-аналар

B) мұғалімдер

С) құрдастар

D) заң өкілдері

E) жауап беруге қиналамын

13. Сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда қайда байланысуға болады?

А)милицияға

B)ата-аналарға

С)сынып жетекшіге

D)Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне

E) барлық жауап дұрыс

14. Мектепте сізге зорлық-зомбылық жасалды ма?

А) ия

В) жоқ

15. Сіздің мүддеңізге қатысты ересек адамдар шешім қабылдаса, Сіз өз ойыңызды еркін білдіре аласыз ба?

А)ия

B)жоқ

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын

16. Балаларға қандай жаза қолдануға жол берілмеу керек деп есептейсіз?

А)Белдік, таяқ және басқа да заттармен ұруға

B)Баланы әр түрлі сөздермен балағаттауға

С) Ұйқыдан шектетуге

Д) жоғарыда аталғандардың барлығы

17. Ата-аналар интернетте көрсетілуге тиым салынған фильмдер мен теле бағдарламаларды көрстеуге кедергі жасайды ма?

А)ия

B)жоқ

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын

18. 15 жастағы жеткіншек ата-анасының рұқсатынсыз жұмысқа орналаса алады ма? А) ия

В) жоқ

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын

19.Жеткіншек сыйлық ретінде берілген ақшаны қажетіне жарата алады ма?

А) ия

В) жоқ

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын

20. Бала түнгі уақытта (22:00-жен 6:00-ге дейін) тұрғылықты мекен жайынан жырақта заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз өз бола алады ма?

А) ия

В) жоқ

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын


21. Мемлекет балаларды қорғайды ма?

А)жоқ, ата-аналр ғана қорғайды

B)ия

С) кейде

Д) жауап беруге қиналамын


22. Балалардың құқықтарын қорғау комитетіндегі «Сенім телефоны» (8 7172) 74 25 28 жұмыс жасайтынын білесіз бе?

А)ия

B)жоқ

С) естігенмін, бірақ есімде жоқ







Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров287
Номер материала ДБ-104695
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх