Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ

Новый курс повышения квалификации!

Цифровая грамотность педагога. Дистанционные технологии обучения

Разработан летом 2020 специально для учителей

Успеть записаться

-50% До конца лета

Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Начальные классы Презентации3-сыныптарға арналған тәрбие сағаты: Дені саудың - жаны сау

3-сыныптарға арналған тәрбие сағаты: Дені саудың - жаны сау

библиотека
материалов



Тақырыбы: Дені саудың-жаны сау
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Мақал – мәтелдер,суреттер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе.
Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Дені саудың – жаны сау» деп аталады.
І – бөлім. «Тазалық – денсаулық кепілі.»
Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың -жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтанда сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар?

Адам баласы денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау керек. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау керек. 
Аяжан:Тазалықты сүйеміз,
Таза болып жүреміз.
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан.

Аружан:Тазаланып тұру керек
Ерте мен кеш жас бала.
Кір-кір болу елден ерек,
Мүлдем ұят масқара!

Әрине, Денсаулық.
Денсаулық- ол не? (Оқушылар жауап береді. )
Денсаулық -адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.
Денсаулық -дұрыс тамақтану.
Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.
Денсаулық- таза ауада көбірек жүру.
Денсаулық -тазалық сақтау.
Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.
Денсаулық тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.
Көрініс.
Қоян.
Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
Мұғалім.
Балалар, қараңыз мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян жылама, жылама.
Қасқыр.
Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің
Қоян.
Енді не істеймін
Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қасқыр.
Онда дәрігер шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ қалай келмейді.
Дәрігер.
Кәне аузыңды аш көрейін
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не жесең де күніне
Екі рет жу тазалап
Қоянға ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді күнде жуып күтіп жүріңдер.

ІІ – бөлім. Денені шынықтыру

Мұғалім.
- Балалар денім сау болу үшін таза болып жүру мен бірге тағы не істеуіміз керек?
Оқушылар. Таңертеңгілік жаттығу жасап, спортпен шұғылдану керек.
Мұғалім. Адамдар әрқашан қимылды қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Денімізді сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Адам денсаулығына жақын доста, қастарда бар.

Тақтаға денсаулықтың достары және денсаулықтың қастары деген сөздер ілінеді.
Адам денсаулығына жақын достар не деп ойлайсыңдар?
( тазалық, спорт, таза ауа, дұрыс тамақтану, күн тәртібі.)
Адам денсаулығына қас.
( шылым шегу, ішімдік, салақтық, жалқаулық.)

Жұлдыз-Ай:Шығу үшін шымыр боп
Шынығамыз шаршамай
Бұлшық еттер шымыр боп
Аламыз сосын тыныс жай
Нұржан:Жалқаулықты тастаймыз
Жаттығуды бастаймыз
Қиынсынып қашпаймыз
Шынығамыз жастай біз
Мейіржан:
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан
Сергіту сәті.
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір
Сағаттыңтіліндей
Иіліп солға бір
Сағатқа қарап ап
Жаттығу оңай ақ
Қақпаға туралап
Теп допты оң аяқ
Теп допты сол аяқ
Жаттығу, сол аяқ
Жаттыға оңай – ақ
Ал балалар, бір ауық
Әріп сырын ұғайық
А дегенде отырып
Б дегенде тұрайық
А - Б, А – Б, А – Б.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды
ІІІ – бөлім. «Ас адамның арқауы»
Тиімді тамақтану денсаулық үшін маңызы зор. Ет, балық, ұн, сүт тағамдарының әрқайсысының орны бөлек. Сонымен қатар жеміс – жидектерді көбірек жеген жөн. Олардың құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Сонымен қатар шамадан тыс көп тамақтану да зиян.
(әр түрлі тағамдардың суреттерін көрсету)
Сұрақтар.
1 Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеу керек?
(жеміс – жидектерді жақсылап жуып алу керек.)
2 Тамақтану алдында не істеуіміз керек?
(тамаққа отырар алдында қолды жуу керек)
Ұлдана:
Тойып ішсең қаншама
Ауырасың соншама
Асқазанды бүлдірсең
Жазылмай күнде жүресің.

Жанель:Денсаулықтың дауасы
Даланың ауасы.
Көк өзен, күмбез тау.
Ну орман ағашы.

Мұғалім: Денсаулық болса бәрі болады тазалық, дене шынықтыру, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Тазалық денсаулық кепілі
Шынықсаң - шымыр боласын
Ал енді балалар, жұмбақтар шешейік.
1. Одан кір қорқады
Судан бұл қорқады. (сабын)
2. Дәміде жоқ, түсіде жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. (су)
3. Жуынып болғанда
Жүреді қолында. (орамал)
4. Түйістіреді көзіңді көзіңе
Жолықтырады өзіңді өзіңе. (айна)
5. Қалтамда жатыр
Тістері бар батыр. (тарақ)
Бәтеңкесін, полтосын
Өзі кие білмейді
Бұл баланы кім дейді? (жалқау)
6.Көзінен жас кетпейді
Балалардан шетпейді
Бұл баланы кім дейді? (жылауық)
7.Шықпай жатып көшеге
Үсті басы кірлейді
Бұл баланы кім дейді? (салақ)
Қорытынды
1. Адамның дені сау болу үшін қандай шарттарды орындау қажет?
(Денесін, беті – қолын киімін әрдайым таза ұстау керек. Зиянды заттардан аулақ болу керек.)
2. Адам не үшін жуынады?
3. Тазалықтың достары мен қастарын ата?
Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спотпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.











http://goo.kz/media/img/photogallery/538714a5eac11.jpg

http://56.astana-bilim.kz/files/sites/1383501667886778/files/frukt1.jpg

http://www.metod-kopilka.ru/images/doc/18/12542/hello_html_m60cd324.jpg

http://image.slidesharecdn.com/dephectology-110328062839-phpapp01/95/defektologkzwordpresscom-4-728.jpg?cb=1301293937





http://i33.fastpic.ru/big/2014/0216/98/5f20ce57062d6c7ea5866a55b5355698.jpg



http://goo.kz/media/img/journal/504ed2b394505.JPG



http://naschool.ucoz.ru/_ph/1/773875968.jpg

Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.