Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Сыныптың жылдық тәрбие жұмысының жоспары

Сыныптың жылдық тәрбие жұмысының жоспары

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

2015-2016 оқу жылындағы

6-сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары


Кешенді бағдарламаның бағыты

Іс-шара тақырыбы

Тәрбие сағатының мақсаты

Өткізу

әдіс-тәсілі

Уақыты

Аяқталу нысаны

І бағыт. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

1

«Менің Отаным –Қазақстан»

Оқушыларды өз Отанын, елің, жерің сүюге баулу. Өз Отанына деген патриоттық сезімдерін ояту

Ашық сабақ


Анықтама

Фото

2

«Ерлігің ұрпақ есінде»

ҰОС-на байланысты оқиғаларды еске түсіру арқылы оқушыларға жеңістің елімізге оңай жолмен келмегенін, қаншама адамның сол жеңіс жолында құрбан болғанын түсіндіре отырып, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімге, отансүйгіштікке, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу

Ардагерлермен кездесу


Анықтама

3

«Ел сүйсінер ұлан бол»

Өз Отанын сүйетін, өз Отанының нағыз патриоты болуға ұмтылдыру, еліміздің Қарулы Күштеріне деген сүйіспеншілік, Отанының нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелей отырып, жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру, жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға тәрбиелеу.

Сазды бағдарлама


Анықтама

4

«Тарихқа тұнған даламыз»

Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, өз елінің өткен тарихына құрметпен қарау, ынтымаққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты


Анықтама

5

«Ата Заңым –тірегім»

Қазақ елінің тәуелсіздікке жету жолдары туралы мағлұмат беру. Елжандылық, өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз мемлекетіне, жеріне, еліне деген құрмет, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра түсуге жағдай жасау.

Өнеге сабақ


Анықтама

6

«Өз құқығыңды біл!»

Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Болашақта заңды құрметтейтін ҚР-ның азаматы мен азаматшаларын тәрбиелеу

Конференция


Анықтама

ІІ. Бағыт. Рухани-адамгершілік тәрбиесі

7

«Досы жақсының өзі де жақсы»

Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық туралы ұғымын, түсінігін кеңейту, достық сезімдерін нығайту, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Дөңгелек үстел


Анықтама

8

«Мейірімділік шапағаты»

Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Кездесу


Анықтама

9

«Адамның ең жақсы қасиеті –әдептілік»

Балаларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу

Пікіралмасу


Анықтама

10

«Жақсы мінез-жан сұлулығы»

Адамның мінез-құлқы туралы түсініктерін дамыту. Адамға берілетін жақсы мінездерін қалыптастыру туралы түсініктерін кеңейту.

Ой бөлісу


Анықтама

ІІІ бағыт. Ұлттық тәрбие

11

«Ұлт тілі –ұлының үні»

Бабаларымыздың, ақындарымыздың тіл туралы айтқан ұлағатты сөздерін, өлеңдерін насихаттау, ана тілдің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жетілдіру, оқушылардың тілін, білімін, сөздік қорын, мінерлеп оқу дағдыларын қалыптастыра отырып, тілді құрметтеу сезіміне тәрбиелеу.

Конференция


Анықтама

12

«Ұлттық ойындарды дәріптейік...»

Оқушыларға ұлттық ойындарды таныстыруды жалғастыру, жан-жақты қабілетті азамат тәрбиелеу, олардың жүрегіне ұлттық сана-сезімді ұялату білімін дамыту.

Жарыс сабақ


Анықтама

13

«Ұлттық тәрбие –ұрпақ ұжданы»

Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі туралы қысқаша мағлұмат беру, жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.

Ой толғау


Анықтама

14

«Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

Оқушының ұлттық салт-дәстүрде сөйлеу тілін дамыту, сауаттылығын арттыру, жеті ата, жеті байлық атты ұлағатты ұлттық ұғымдардан хабардар ету. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, құрметтеу ата тегінің тарихына құрметпен қарау керегін ұғындыру.

Пікіралмасу


Анықтама

ІҮ бағыт. Отбасы тәрбиесі

15

«Отбасы бақыт мекені»

Оқушыларға отбасы –қоғамның бір бөлшегі және адам үшін ең жақын әлеуметтік орта екенін ұғындыру. Бала тәрбиесінің алтын қазығы –туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың басты ұстазы екенін түсіндіру. Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Ашық сабақ


Анықтама

16

«Имандылық жарасады ұл-қызға»

Оқушыларды адамдық асыл-қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту. Баланы имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Конференция


Анықтама

17

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды...»

Ананың өмірдегі орны, оның адамгершілігі, берер тәрбиесі жайлы түсіндіру. Оқушылардың мейірімділік, қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Әдеби музыкалық кеш


Анықтама фото

18

«Халқым менің қонақжай»

Оқушыларға қонақ күту –қазақ халқының дәстүрлерінің бірі екенін, ол адамдар арасындағы қатынастың көрінісі екенін түсіндіру, қонақ күтудің ерекшелігін, оған балалардың және отбасының әр мүшесінің қатысын әңгімелеу. Сыпайылыққа, бауырмалдылыққа, қонақжайлылыққа тәрбиелеу.

Пікірталас


Анықтама

Ү бағыт. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

19

«Келді, міне, жомарт күз!»

Мектепте өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күздің молшылық пен берекеге толы екенін оқушы санасына жеткізу. Ынтымақтастық пен татулыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сайыс


Анықтама

20

Мемлекеттік бюджет туралы не білеміз?

Оқушыларға экономика саласы туралы мағлұмат беру. Сонымен қатар, бюджет ұғымын түсіндіре отырып, оның түрлерімен таныстыру, оны үнемдеу жолдарын көрсетіп, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пікіралмасу


Анықтама

21

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

Оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өз атамекенінің табиғатын қорғауға, сүюге тәрбиелей отырып, жанашырлық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Сенбілік


Анықтама

22

«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!»

Оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу, кәсіби бағдар беру, түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенін пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.

Тәрбие сағаты


Анықтама

ҮІ бағыт. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

23

«Аталарымыз қалдырған мәдени мұра»

Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру; аталы сөзден өнеге, үлгі алуға баулу.

Пікіралмасу


Анықтама

24

«Тіліміздің тұғыры төмендемесін!»

Оқушыларды өз халқының тілін құрметтеуге, қадірлеуге, Тіл заңын меңгере отырып, тілді дамытуға, гүлдендіруге, үлес қосуға тәрбиелеу.

Конференция


Анықтама

25

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Оұушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу.

Бағдарлама


Анықтама

ҮІІ бағыт. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

26

«Жігітке жеті өнер де аз»

Ер балалардың ұлттық тұлғада халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеуге, отансүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, оқушылар арасынан қабілетті, білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді оқушыларды анықтау.

Сайыс сабақ


Анықтама

27

«Егемен елге білімді ұрпақ»

Оқушыларды жан-жақты білімді, танымдық деңгейі жоғары болуға, мәдениетке тәрбиелеу. Шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы өз мүмкіндіктерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, ізденіске жетелеу, логикалық сауаттылыққа, шешендікке баулу, белсенділігін жетілдіру.

Дөңгелек үстел


Анықтама

28

«Ұялы телефонның адам өміріне әсері мен зияны»

Оқушыларға ұялы телефон жайлы және оның адам өміріне әсері мен пайдасын түсіндіру. Ұялы телефонды оңтайлы пайдалануға тәрбиелеу.

Ой толғау


Анықтама

29

Интернет желілерін қаншалықты игердік... Оның зияны мен пайдасы

Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;

Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Пікірталас


Анықтама

ҮІІІ. Бағыт. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

30

«Туризм және денсаулық»

Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратын ескерту, есірткі, ішімдік, темекінің ағзаға тигізер әсері, оның орнына туризм мен спорттың пайдасын ұғындыру.

Дөңгелек үстел


Анықтама

31

«Дені сау ұрпақ –жарқын болашақ»

Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Спорттық сайыс


Анықтама фото

32

«Шынықсаң, шымыр боласың!»

Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, өзін –өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптастыра отырып, салауатты өмір салтына баулу.

Қимылды ойындар


Анықтама

33

«Билей білу –сұлулықтың символы, денсаулықтың демеушісі»

Талайды тамсаңдырған таңғажайып өнер, ұлттық құндылық екенін оқушыларға жеткізу. Халық өнері, әсіресе, қазақтың ұлттық өнері би –салауатты өмірді ұстанудың бірден бір бөлігі. Би өнері арқылы оқушыларды тынымсыз ізденіске, жүйелі ғылыми пайымдауға тәрбиелеу.

Би сайысы


Анықтама



фото

34

«Бақытым да, байлығым да –денсаулығым»

Хал-ахуал жақсы болу үшін зиянды әдет –ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктен сақтандыру, олардың денсаулыққа зиян екенін түсіндіру, гигиена талаптарын сақтай білетін азамат тәрбиелеу.

Баяндама


Анықтама

Фото





Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров394
Номер материала ДВ-465631
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх