Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Конспекты / Сыныптпн тыс шара Үздіктердің үздігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сыныптпн тыс шара Үздіктердің үздігі

библиотека
материалов



«№13 гимназиясы» КММ









СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРА

Тақырыбы:



hello_html_m5fb515e1.png

Орындаған: Математика пәнінің

мұғалімі Ермекбаева Айжан





2016 жыл



Іс-шара тақырыбы: «Үздіктердің үздігі»
Іс-шара мақсаты: 
• Математикадан білімдерін толықтыру, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту 
• Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін, белсенділіктерін, сөздік қорын, сөйлей білу, өз тұжырымын дәлелдей білу іскерлігін дамыту 
• Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу 

Іс-шара түрі: дәстүрлі емес ойын сайыс, топтық жарыс 
Қатысушылар: 6- сынып оқушыларынан 4 команда(4 оқушыдан)

Іс-шара турлары:

  1. Топ таныстырылуы

  2. Сырлы сандар әлемі

  3. Мақал-мәтелдерді жалғастыр....

  4. Логикалық тапсырмалар

  5. Жүйрік топбасшы

  6. Амалдарды орында...


С Ц Е Н А Р И І
- Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! 
- Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. «Үздіктердің үздігі » атты математикалық іс-шараны Ашық деп жариялаймыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,сандардың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. 6 сыныптар арасындағы үздік сыныпты анықтау
- Бүгінгі ойынға қатысушы командалар
топбасшысы өзін және топ мүшелерін таныстырып шығады.
- Әділ қазылар мүшелерімен таныстыру



1-тур. Сырлы сандар әлемі. Интерактивті тақтаға сұрақтар кезекпен-кезек шығады. Қол көтеріп жауап беру арқылы камандалар топқа балл жинайды. Қол көтермей жауап берген командадан ұпай шегеріледі.





  1. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)

  2. Екі санның қосындысы 8 ге тең, айырмасы 2 ге тең, көбейтіндісі 15 ке тең. Ол қандай сандар? (5 пен 3) 

  3. Екі санның көбейтіндісі де, үлкенінің кішісіне бөліндісі де 24-ке тең . Осы екі санды тап. (24,1) 

  4. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)

  5. 4 пен 5 тің арасына қандай таңбаны қойғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір)

  6. Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар қалай аталады? (жай сандар)

  7. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қай сандар? (1,2,3) 



2-тур. Мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, оның үшіндегі сан есімдерді орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі баламаларын айту керек.

1. Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім іл) 
2. Білекті бірді жығар (білімді мыңды жығар) 

3. Екі жақсы қас болмас (екі жаман дос болмас) 

4. Алтау ала болса 
Ауыздағы кетеді, 
Төртеу түгел болса 
Төбедегі келеді
6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 
7. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) 
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 
9. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)

10. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)







3-тур. Логикалық тапсырмалар. Интерактивті тақтаға сұрақтар кезекпен-кезек шығады. Қол көтеріп жауап беру арқылы камандалар топқа балл жинайды. Қол көтермей жауап берген командадан ұпай шегеріледі.

  1. Арыстан 1 қойды 2 сағатта,қасқыр 3 сағатта, ал ит 6 сағатта жеп, тауыса алады.Барлығы бірігіп жегенде қойды қанша сағатта жеп бітіреді? (бір)

  2. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)

  3. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? (8)

  4. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? (алмұрт)

  5. Үстелдің бір бұрышы кесіп алынды. Үстелде енді неше бұрыш қалды? (5)

  6. Жаттықтырылған ит алдыңғы аяқтарын көтеріп тұрғанда салмағы 3 кг. Төрт аяқтап тұрғанда салмағы қанша? (3кг)

  7. Егер екі кірпіштің салмағы 8 кг болса, бір жарым кірпіштің салмағы қанша болады? (6 кг) 

  8. Атасы 56 жаста, ал немересі 14 жаста.Неше жылдан кейін атасының жасы немересінен екі есе үлкен болады (28 жылдан кейін ) 

  9. Үлкен ағасында 2 ойыншық ,ал інісінде 12 ойыншық бар.Үлкен ағасы інісінен неше ойыншықты тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың ойыншықтарының саны теңеледі?(5) 



4-тур. Жүйрік топбасшы. Тақтаға әр топтың топбасшылары шығып, тапсырмалар таңдау үшін жеребе таңдайды. Тапсырмалар әр түрлі

1-тапсырма: Тақтаға плакат ілінеді: Плакатта 1-30 дейінгі сандар шашырай орналасқан. Сандарды рет-ретімен көрсетіп шығу керек.

2-тапсырма: Берілген фигураны үздіксіз сызып шығу керек және қарандашты қағаз бетінен ажыратпай және сызықтың әрбір бөлігін бір рет қана сызу керек.

3-тапсырма: Берілген суреттегі квадраттар санын анықтап , көрсетіп беру керек

4-тапсырма: Берілген фигураны үздіксіз сызып шығу керек және қарандашты қағаз бетінен ажыратпай және сызықтың әрбір бөлігін бір рет қана сызу керек.





5-тур. Амалдарды орында. Әр топқа рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбында есептер беріледі . Есепті амалдап шығару жолымен плакатқа шығарып көрсету керек. Берілетін уақыт 1 минут. Ең бірінші дұрыс шығарған топ 4 балмен , екінші шығарған топ 3 балмен, үшінші шығарған топ 2 балмен, одан кейінгі шығарған топ 1 балмен бағаланады.

1-тапсырма:
hello_html_m2bd6e001.gif

Жауабы: 4.9

2-тапсырма:

hello_html_m4d0f1e19.gif

Жауабы: 90



3-тапсырма:

hello_html_453c1829.gif

Жауабы: -4





4-тапсырма: hello_html_11852162.gifhello_html_48f55e1d.gif

Жауабы: -37



Ойынның нәтижесін шығару. Әділ қазылар алқасына сөз кезегі беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.




Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Математика
Подраздел Конспекты
Просмотров92
Номер материала ДВ-534618
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх