Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Ұсыныстар тақырыбы "Ата-аналарға кеңес"

Ұсыныстар тақырыбы "Ата-аналарға кеңес"

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

1. Отбасында ашық жəне сенімділік ахуалын сақтауға тырысыңыз.

2. Баланы үміттендіріп, орындалмайтын уəдені бермеңіз.

3. Балаңызға шарт қоймаңыз.

4. Балаға əсер етуде ұқыпты болыңыз.

5. Өзіңізге рұқсат ететін нəрселерді бала жасаса, оны жазаламаңыз.

6. Баламен қарым-қатнас барысында өз пайдаңыз үшін талаптарыңызды өзгерте бермеңіз

7. Əрекетіңізбен балаңызды бопсаламаңыз.

8. Əлсіздігіңіз бен сезіміңізді балаңызбен бөлісуге қорықпаңыз.

9. Қарым-қатынасыңызды оқу үлгерімінің жетістіктеріне қарай орнатпаңыз.

10. Баларыңызды шарт қоймай жақсы көріңіз.

11. Баламен қарым-қатынаста «Менөкіл» ретінде қолданыңыз.


ЖАНЖАЛ ЖАҒДАЙЫН ШЕШУ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

1. Болмашы агрессия барысында өзіңізді бір қалыпты

ұстаңыз

  • Балаңыздың еркелігіне көңіл аудармаңыз;

  • балаңыздың сезімін түсінуге тырысыңыз;

  • көңілін басқаға аударыңыз, қандай да бір тапсырма ұсыныңыз;

2. Тұлғаның өзіне емес, мінез-құлыққа назар аударыңыз

Бала тынышталғаннан кейін, агрессия кезінде өзін қалай ұстағанын, не сөйлегенін, осы себептен өзара оның мінез-құлқын талқылаңыз.

3. Сынамаңыз жəне кеңес бермеңіз

Ешқандай сыни көзқарастар болмауы керек. Оларға мінез-құлқының жағымсыз салдарын көрсету қажет. Жасөспірімге агрессияның бəрінен де бұрын өзіне зиян келтіретіндігін сендіру керек.

4. Өзіңіздің эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз

Агрессивті балалармен қарым-қатынас жағдайында өзіңіздің жағымсыз эмоцияларыңызды бақылауды үйреніңіз. Бала немесе жасөспірім өзінің агрессивті мінез-құлқын көрсеткенде, ол жағымсыз эмоцияны – ашулануды, ызалануды, қорқуды не-месе дəрменсіздікті тудырады. Үлкендер бұл жағымсыз мазасызданулардың орынды екенін, балаларда осы сəтте сезімдердің басым болып тұрғанын сезінуі қажет.

5. Жағдайдың шиеленісуін төмендетіңіз

Сіздің негізгі мақсатыңыз – жағдайдың шиеленісуін төмендету.

6. Оның агрессивті мінез-құлқын бірігіп талдаңыз

Жағдай шешіліп, барлығы сабасына түскеннен кейін, агрессивті мінез-құлықты талдауға өтіңіз. Əңгімелесу барысында байсалдылықты жəне объективтілікті сақтау өте маңызды. Агрессивті мінез-құлықтың жағымсыз салдарын жəне деструктивтілігін мұқият түсіндіру керек.

7. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін көрсетіңіз

Балалар кішкентай кезінде олардың агрессивті реакциясына ата-аналардың мінез-құлқы агрессивті емес жайдарлы болуы қажет. Агрессивті емес мінез-құлықтың үлгісін балалар жылдам

қабылдайды. Басты шартбұл ата-аналардың шынайылығы



МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУГЕ ҰСЫНЫСТАР

1. Балалардағы агрессивті жүріс-тұрысті түзетуді ең алдымен ата-ана, Сізден бастау керек. Есіңізде болсын, отбасында қажетті өзгеріс болмай, балаңыздың бойындағы агрессияны түзету мүмкін емес.

2. Бала əрбір сəтте өзін ата-анасының сүйетінін, бағалайтынын, қажет екендігін, қабылдайтынын сезінуі қажет. Оны сүюден жəне аяудан ұялмаңыз.

3. Басқа адамдар туралы жаман сөздер айтпаңыз, ашуға бой алдырмаңыз, тиімді мінез-құлық ерекшелігін көрсетіңіз.

4. Дауыс көтеру жəне тыйым салу агрессивтілікті жеңуде тиімді нəтиже бермейді. Осындай мінез-құлықтың себебін түсінгеннен кейін ғана, жақсы нəтижеге қол жеткіземіз.

5. Эмпатияны дағды ретінде қалыптастырыңыз.

6. Балаңызға өз агрессиясын шығаруға мүмкіндік беріп,

басқа нəрсеге көңіл аудартыңыз (мысалы, жастықты ұру).

7. Баланың өзін-өзі көрсетуге ұмтылуын басуға тырыспаңыз, түсінушілікпен қарап, ортақ бір шешімге келіңіз.



«Менің 15 жасар ұлым бар. Ол менімен сөйлескісі келмейді. Мен одан кіммен жəне қайда болғанын сұрасам, ол жауап қайтармай өз бөлмесіне кіріп кетеді. Мен онымен қалай қарым-қатынас жасасам болады

Кішкентай балаларға қарағанда жасөспірімдер оңашалануға бейім. Жасөспірімдердің пікірлері мен ойлары ата-аналарының ойларынан өзгешеленіп, тəуелсіз болуға ұмтылады. Біз жасөспірімдерге керек кезінде сөйлесуге дайын екендігімізді көрсетуіміз керек. Бала сөйлескісі келген кезде, ата-анасы меселін жиі қайтарғандықтан, бала ата-анасынан екінші мəрте көмек сұрағысы келмейді. Ата-ана ретінде, біз баламызға не айтып, не айтпау керек екендігіне мұқият болуымыз керек. Жасөспірім үйіне көңілі түсіп келеді. Ол өз жағдайын айта бастағанда, ата-ана осы жолы сен нені бүлдірдің? дейді. Əңгіме осымен бітеді, жасөспірім өзін түсінбегенін сезінеді. Кей кездері ата-аналар келесідей жауап береді: «Түк етпейді, келесі аптада мұның бəріұмытылады». Кей кездері біз бос кеңес беруге ұмтыламыз: «Қайғыға іспен көмектесе алмайсың. Одан да барып неге жүгіріп қайтпасқаМұндай жауаптарда оған келетін түк пайда жоқ. Кейбір жасөспірімдер ата-аналарымен ойларын бөліспейді, өйткені олар алдын ала не деп жауап беретіндігін біледі. Ата-аналар жасөспірімнің көңіл күйіне мұқият назар аударып, қарым-қатынас жасау үшін жағдай туғызу қажет. «Сенде бүгін ауыр күн болған сияқты. Сен бұл туралы бөліскің келмейді медеген ұсыныстарыңызды жасөспірімдердің көбі қабылдайды. «Сен бүгін қобалжулы сияқтысың. Не болдыдеген сылтаумен жасөспірім қызбен сөйлесуге болады. Баланың сөзіне мұқият болсаңыз, сөзіңіздің астарында зіл болмаса, жасөспірімге сізбен сөйлесуге оңай түседі. Есіңізде болсын, жасөспірім өзінің сезімдері мен ойларын айтпауға да болады. Осындай сəтте, оны сөйлетем деп ойласаңыз, сіз оның дербестігін жəне тəуелсіздігін жоққа шығарған боласыз. Жасөспірім сіз баламен ол даяр болған кезде сөйлесуге дайын екендігіңізді білдіруіңіз керек. Кейде жасөспірімдер ата-анасы қалаған кезде емес, өздері сөйлескісі келетін уақытта сыр бөлісуге дайын. Кей кездері жасөспірімге қолайлы уақытта сөйлесу керек. Бұл ылғи кешке, бəрі ұйықтап қалған кезде болуы мүмкін. Тиянақты ата-ана мұндай сəтті жіберіп алмауға тырысады.

«5-сыныптың екінші тоқсанында маған баламды бір мектептен басқа мектепке ауыстыруыма тура келді. Мен мұғалімнен, басқа балалардың менің балама қысым болмауын қадағалауын сұрадым. Бірақ ол маған, оның жұмысы балалардың мəселесін шешу емес, оқыту болып табылады деді»


  • Жаңа білім мекемесіне ауыспас бұрын, сіз мектеп басшысымен өз балаңыздың жеке ерешелігі туралы сөйлесіңіз.

  • Баланы тəрбиелеуде сіз қандай стильді қолданатыныңызды айтып, ақпарат бергеніңіз жөн. Содан кейін директордан осындай стильді қолданатын ұстазды ұсынғанын сұраңыз.

  • Сіз өз балаңызбен мектеп ауыстырған кезінде, басқа балалардан қысым көрмеу үшін, өзара сөйлесуіңіз керек:

  • Сіз балаңызға, өзіне деген сенімділік өзін-өзі ұстаудан басталатынын түсіндіріңіз: түзу тұру, ренжіткен адамның көзіне тік қарау, сондай-ақ дауыс ырғағына мəн беру: нақты жəне эмоцияға берілмей сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

  • Баланы өзін ретжіткен адамға немқұрайдылықпен қарап, өз күйзелісін көрсетпеуге үйрету керек.

  • Балаға мұндай сəттерде келесідей сөздерді айтуға үйрету керек:

  • «Тоқтат», «Саған қарауға уақытым жоқ», «Доғар». Баламен бірге осы сөздерді қандай сəттерде қолдану керек екенін айтып жаттығыңыз.

  • Балаға «Мен қалаймын» деген сөзді қолдана отырып, сөзді жалғастыруды ұсыныңыз. Мысалы, «Мен сенің осыны тоқтатқаныңды қалаймын», «Мен сенің менімен бұлай сөйлескеніңді қаламаймын».

  • Баланың психикалық немесе дене денсаулығына қауіп төніп тұрса, сіз бұл туралы мектеп əкімшілігіне немесе білім беру басқармасының басшысына жазбаша немесе ауызша хабарлауға құқылысыз.

  • Кейбір жағдайларда бала немесе жасөспірімде агрессия көрініс алса, үлкендердің тарапынан осы жағдайға байланысты, баланың жүріс-тұрысындағы агрессия шиеленіске, жанжалға əкелмес үшін араласқаны жөн.

«Біздің қызымыз бізбен, отбасымен бірге уақыт өткізуге қарсы. Бос уақытын тек достарының арасында өткізгенді қалайды».

Əрине, жасөспірім шақта ұлыңызда немесе қызыңызда отбасынан тыс, оның достары пайда болады. Бала жасөспірім жасына жеткенде, ол көбінесе достарымен қыдырғанды, олармен киноға барғанды, телефон арқылы немесе электронды поштамен қатынас құруды бірінші орынға қояды. Сіз оның қарым-қатынас құру құқығын мойындауыңыз қажет. Оның достарын білгеніңіз дұрыс болады.

Əлеуметтану ғылымдарының докторы И. Этуотер жасөспірімнің өмірінде оның құрдастары төрт маңызды рөлді алатынын атап көрсетеді.

1-рөлі: топ жасөспірімді эмоционалды жəне қоғамдық тұрғыда қолдағандықтан, оның ересек жасқа өтуіне көмектеседі.

2-рөлі: жасөспірім өзінің жеке мінез-құлқын жəне тəжірибелерін құрбылары берген стандарттармен бағалай алады.

3-рөлі: басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды дамытуға жəне əлеуметтік дағдыны қалыптастыруға мүмкіндік

береді.

4-рөлі: топтың басқа мүшелерімен өзін салыстыра жəне сəйкестендіре алуына топ көмектеседі. Бірақ, бейəлеуметтік өмір сүретін балалардан: жұмыс істемейтін, сабаққа бармайтын, есірткі мен алкогольді ішімдіктер ішетін достардан алшақтату үшін барынша күш жұмсаңыз.

«Біз 9 жасар ұлымызға əр алған бестігі үшін 100 тенге беруді өзіміз үйреттік. Туысқандарымыз келгенде олардан да ол ақшалай сыйлық сұрайды».


Ата аналар көбінесе балалары өзін жақсы, тəртіпті ұстаса, оларды мақтап, қалағанын алып береді немесе керісінше: бала бір нəрсені жасай алмай жатса, ата-аналары оның қалағанын алып бермейді. Əрине, балаларының жақсы жасаған жұмыстары үшін ата-аналары оларды мадақтап жатса, біз оған тыйым сала алмаймыз. Кей кездері мадақтау баланың мінез-құлқын өзгертуге көмектеседі. Екінші жағынан, ата-аналар балаларының мақсаттарына жету үшін өздерін пайдаланып жатқанын түсінуі қажет. Кейбір ата-аналар балаларына сыйлық жасап жатырмыз

дейді, ал шын мəнісінде олар көрсетілген қызметіне ақы төлеп жатыр. Балаларға мұндай келісімдер ұнайды. Олар осындай жолмен өздеріне қажетті нəрселерге қол жеткізуді үйренген.

Бұл барлық отбасыларда кездесетін стандартты əдіс, бірақ ол сыйлыққа ешқандай қатысы жоқ.

Жиі ата-ана сыйлық ретінде балаға ақша ұсынады. Ата-ана баласына жеткілікті деңдейде ақша беріп, олардың махаббатқа деген қажеттілігін толық қанағаттандырдым деп ойлайды. Бірақ екі маңызды кезең бар. Біріншіден, бала ақшаны сыйлық ретінде есептемейді, ақшаны беру керек деп қабылдайды.

Екіншіден, бала жұмыс істемегендіктен, ақшаның құндылығын түсінбейді. Сондықтан, ата-анасынан ақшаны ала отырып ол бұл жағдайда олардың махаббатын терең эмоционалды деңгейде сезінбейді.

Əрине, ақшалай мадақтау баланың мектепте сабақ оқуға деген талпынысына жəне тырысуына түрткі болады. Егер де балаға бұл сабағы үшін ақша төлесеңіз талпынысы да артуы мүмкін. Тек қана ақшаны тым көп беруге болмайды. Егер де ата-ана баласына өлшемсіз ақша беретін болса, бала бұл сыйлықты ата-ана махаббатының көрінісі ретінде қабылдамайды. Екінші бағыт ата-ана жасөспірімге ақшаны қандай да бір мақсатты орындауға тиесілі деп береді мысалы, спорттық секция, концертке немесе гитарада ойнауға үйрену курсына жəне т.с.с. Ақша отбасының басқа мүшелерінің көзінше мадақтап ұсынылады.


«Менің он бес жасар қызым бір нəрсеге ашуланса, ол үндемей қояды. Мен одан не болғанын сұраймын, ол жауап беруден бас тартады. Ол маған ешнəрсе айтпағандықтан мен оған қалай көмектесетінімді білмеймін».


Кейбір ата-аналар балаларына сыйлық жасап жатырмыз дейді, ал шын мəнісінде олар көрсетілген қызметіне ақы төлеп жатыр. Балаларға мұндай келісімдер ұнайды. Олар осындай жолмен өздеріне қажетті нəрселерге қол жеткізуді үйренген. Бұл барлық отбасыларда кездесетін стандартты əдіс, бірақ ол сыйлыққа ешқандай қатысы жоқ.

Жиі ата-ана сыйлық ретінде балаға ақша ұсынады. Ата-ана баласына жеткілікті деңдейде ақша беріп, олардың махаббатқа деген қажеттілігін толық қанағаттандырдым деп ойлайды. Бірақ екі маңызды кезең бар. Біріншіден, бала ақшаны сыйлық ретінде есептемейді, ақшаны беру керек деп қабылдайды.

Екіншіден, бала жұмыс істемегендіктен, ақшаның құндылығын түсінбейді. Сондықтан, ата-анасынан ақшаны ала отырып ол бұл жағдайда олардың махаббатын терең эмоционалды деңгейде сезінбейді.

Əрине, ақшалай мадақтау баланың мектепте сабақ оқуға деген талпынысына жəне тырысуына түрткі болады. Егер де балаға бұл сабағы үшін ақша төлесеңіз талпынысы да артуы мүмкін. Тек қана ақшаны тым көп беруге болмайды. Егер де ата- ана баласына өлшемсіз ақша беретін болса, бала бұл сыйлықты ата-ана махаббатының көрінісі ретінде қабылдамайды. Екінші бағыт ата-ана жасөспірімге ақшаны қандай да бір мақсатты орындауға тиесілі деп береді мысалы, спорттық секция, концертке немесе гитарада ойнауға үйрену курсына жəне т.с.с. Ақша отбасының басқа мүшелерінің көзінше мадақтап ұсынылады.


«Менің он бес жасар қызым бір нəрсеге ашуланса, ол үндемей қояды. Мен одан не болғанын сұраймын, ол жауап беруден бас тартады. Ол маған ешнəрсе айтпағандықтан мен оған қалай көмектесетінімді білмеймін».


«Менің қызым он үште. Ол ашуланғанда көршілердің бəрі мұны біледі. Ол истерикада жылап, айқайлап, секіріп, эмоционалды жарылады».


Балада жасөспірім шағына қарай агрессивті мінез-құлықтың қандай да бір типі байқалады.

Жасөспірімдердің агрессивті реакциясы екі түрде көрініс алады: ішкі жəне сыртқы. Үндемейтін жасөспірімнің ызасы ішкі түрде байқалады. Оның агрессиясы ішінде жиналады, онымен ешкім жұмыс істемейді.

Сондықтан баланы агрессия іштей жеп жатады. Іште жинақталған ыза пассивті-агрессивті мінез-құлыққа əкеледі. Пассивті агрессивті мінез-құлық салдарынан баланың спортқа, мектепке деген қызығушылығы жоғалады. Басқа жағынан, көптеген жасөспірімдер де сыртқа бағытталған эмоционалды жарылыс байқалады. Жасөспірімдер дұрыс емес деп есептейтін нəрсені ата-аналары айтатын болса, олар оған өте дөрекі, жаман сөздермен жауап қайтарады. Кейбіреулері қолында тұрған нəрсені лақтырып, жан-жағын жайпап сындырады. Ата-аналары жасөспірімнің неге ызаланғанын анықтауы қажет: оның ойынша ата-анасы нені дұрыс емес жасады; қандай жаманшылық жасады? Егер де ата-анасы жасөспірімді тыңдамаса жəне осы мəселені шешуге көмектеспесе ол өзіндегі ызаны күшейтеді. Егер де ата-ана жасөспірімді тыңдаса, мəселенің негізгі себебін білсе, онда олар ақылға қонымды реакцияға жетеді. Ата-аналар жасөспірімнің дауыс көтергендігіне шыдай алмай, жауап ретінде олар да айқай көтереді. Мысалы, «Аузыңды жап та, бөлмеңе бар. Сенің менімен бұлай дауыс көтеріп сөйлеуге ешқандай құқығың жоқ!».

Ата-ана баласының сөйлеу мəнеріне емес мазмұнына көңіл аударуы қажет. Бұл сəтте ызаның себептерін анықтау маңызды. Егер де ол сізге айқайласа, онда ол сізге бір нəрсені айтпақ. Сіз ата-ана ретінде мұны естуіңіз керек. ата-ана ретінде мұны естуіңіз керек.























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров74
Номер материала ДБ-291551
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх