Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сынытан тыс іс шара " Сөзмерген" 7 сынып оқушылары үшін
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Сынытан тыс іс шара " Сөзмерген" 7 сынып оқушылары үшін

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов




Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Тасөткел негізгі мектебі











«СӨЗ МЕРГЕН»

танымдық сайыс












Өткізген : қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жұмабекова Бибігүл Төлешқызы


2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ана тілінің қадір-

қасиетін біліп, көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсінуге баулу.

оқушылардың білім деңгейін көтеру, жарыста жеңімпаз болуға

ұмтылуын дамыту ; Ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат

салысуға шақыру.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация. Тапсырмалар слайд арқылы беріледі.

Мұғалімнің сөзі:

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін- демекші, тіл -әр халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақытта аялап, шұбарламай кейінгіге жеткізу-біздің борышымыз.

Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылдың 20 қаңтарыдағы жарлығына сәйкес 22 қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып өтеді. Соған байланысты өткізгелі отырған «Сөз мерген» аты танымдық сайысқа қош келдіңіздер.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар ,-дей келе өзінің туған тілін Жан-тәнімен жақсы көретін , баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап жүретін жалынды қыз, жігіттерімізді ортаға шақырамыз.

Бүгінгі сайысқа қатысып,өз қабілеттерін ортаға салатын оқушылармен таныс болыңыздар.

Ал ендеше сайысымызды бастаймыз . Сайысымыз 3 белестен тұрады.

1-белес. Мықты болсаң тауып көр. ( Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу)

2-белес.Жүйрік болсаң, озып көр. (мақал-мәтелдер құрастыру)

3-белес. Ойлы болсаң ,озып көр.(Сөздердің мағынасын ашу)

Мұғалім: Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге құлақ салайық.( Слайд бойынша көрсетіліп тұрады. )

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту- бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» ( Бауыржан Момышұлы )

« Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу- мәдениетсіздік» (Мұхтар Әуезов )

«Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы-бәрінен де сенімді байлық» ( Ғ. Мүсірепов )

«Тіл деген –бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздың ақылынан , анамыздың сүтімен жаралған. Қазақтың өз тілі-қазақ үшін алтын бесік» ( Шерхан Мұртаза. )

Мұғалім:

Құрметті оқушылар! Тіл-халықтың тарихы, тіл-ұлттық қазына, Тіл-біздің намысымыз, арымыз. байлығымыз, барымыз демекпіз. Ойынымыздың бірінші белесі «Мықты болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша берілген сөздерден тұрақты сөз тіркесін құрастыру, мағынасын ашу. Ендеше, іске сәт деп бірінші белесімізді бастайық.


1-тапсырма

Сиыр

Қой ШӨП ( Қой аузынан шөп алмас –жуас)

Лақ

Түйе


2-тапсырма

Жіп

Құрық ҰЗЫН ( Құрығы ұзын-билігі күшті)

Бау

Жол


3-тапсырма

Бас

Көз КІР ( Тырнақ астынан кір іздеу- бәле іздеу)

Тырнақ

Аяқ


4-тапсырма

Он бес

Жиырма ТАМЫР ( Алпыс екі тамыры босады-елжіреп, мейірімі түсті)

Алпыс екі

Отыз төрт


5-тапсырма

Сақал

Шаш САҚАЛ ( Сақал сипап қалу-алдану)

Бас

Бет


6-тапсырма

Көз

Ай ОҚ ( Сөзі мірдің оғындай - сөзі өткір)

Сөз

Тас




7 -тапсырма

Биік

Ұзын ЖІП ( Қысқа жіп күрмеуге келмейді- кедейлік)

Қысқа

Аласа


8-тапсырма

Торғай

Түйе ЖАПЫРАҚ ( Түйенің танитыны жапырақ- білетіні бір-ақ нәрсе)

Қарға

Ешкі


9-тапсырма

Қайшы

Бәкі ЖҮЗІ ( Ұстараның үстінде отыр-өте қиын жағдайда болу)

Ұстара

Пышақ


10-тапсырма

Өкпе

Реніш ҚАЗАН ( Өкпесі қара қазандай-реніші таудай )

Қуаныш

Шаттық

Ұпай аз жинаған оқушыны отаға шақырамыз . Бүгінгі сөз мергеннің қоржынына қосар сөзіңіз.

Мұғалім: Ойынымыздың екінші белесі «Жүйрік болсаң, озып көр» деп аталады . Бұл белесте «Сөздің көркі-мақал» демекші берілген сөздерден мақал немесе мәтел құрастырасыздар . Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңізге тоқып жүрсеңіздер сөздік қорларыңыз байып, сөйлеген сөздеріңіз сұлу, әсерлі шығады демекпін. Ендеше іске сәттілік тілеймін.

1-тапсырма

Ауыз

Көз ҚОЛ ( Көз қорқақ, қол батыр)

Құлақ

Мұрын

2-тапсырма

Адам

Тағам ЖЕТІ ( Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл)

Жұрт

Өнер


3-тапсырма

Қас

Дос ДАУ ( Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды)

Аға

Іні

4-тапсырма

Ақылдылық

Татулық БАҚЫТ ( Татулық тамылмас-бақыт)

тапқырлық

Өжеттілік


5-тапсырма

Жігіт

Батыр ЫСТЫҚ ( Отан оттан да ыстық)

Отан

Киім


6-тапсырма

Мектеп

Дала ТЕҢІЗ ( Мектеп –кеме, білім-теңіз)

Қора

Үй


7 -тапсырма

Дәптер

Кітап БҰЛАҚ ( Кітап-білім бұлағы)

Бала

Әке


8-тапсырма

Ақылдасу

Кеңесу ТОН ( Кеңесіп пішкен тон келте болмас)

Сөйлесу

Сыйласу


9-тапсырма

Жаз

Қыс ОЙЛА ( Қыстың қамын жаз ойла)

Көктем

Күз


10-тапсырма

Білім

Ақыл ТАС ( Ақыл-жастан, асыл-тастан )

Талап

Жігер

Мұғалім: Ойынымыздың үшінші белесі «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша сіздерге 5 сөз беріледі. Сол сөздердің мағынасын түсіндіріп берулеріңізді сұраймын.

1-сөз.

ҮЙ-ЖАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

КҮЛДІРЕУІШ ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

ӨСІМДІК АТАУЫ

ЫДЫС АТАУЫ


2-сөз.

ТАҒАМҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

АБЫЗ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ

ӨСІМДІК АТАУЫ

АДАМҒА ҚАТЫСТЫ АТАУ

3-сөз.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

КӨГІЛДІР ҚҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ

ТАҒАМҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ



4-сөз.

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

ТОРТА ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

ТАҒАМҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

КИІМ АТАУЫ


5-сөз.

КИІМ-КЕШЕККЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

ШАҚА САЛТ-ДӘСТҮРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

АДАМҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАУ

АҒАШ АТАУЫ



Мұғалім: Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті. Ойында өздерінің білімділігін , тапқырлығын, шешендігін сынға салып ,өз өнерін танытқан ойыншыларға үлкен алғысымызды айта отырып жеңімпаздарға «Сөздің мергені» деген атақты беру үшін ортаға сарапшыларды шақырамыз.

Қымбатты оқушылар! Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліңіз бар екендігін ұмытпаңыздар. Ана тілінің көсегесін көгертіп , мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңіздің қолдарыңызда. Оқу-білім жолында ана тілінің қамқоры бола біліңіздер.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-113511

Похожие материалы