Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сырбай Мәуленов «Менің Республикам» өлеңі

Сырбай Мәуленов «Менің Республикам» өлеңі

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_706bd1bb.gifIV тоқсан

Пән: қазақ әдебиеті

Сыныбы : 5

Сабақтың тақырыбы: Сырбай Мәуленов «Менің Республикам» өлеңі Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнына талдау жасау.

Дамытушылық: Өз ойларын ашық айтуға үйрету, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

1.Әдісі:ой-қозғау,еркін жазу стратегиясы.

2.Көрнекілігі:Сырбай Мәуленовтың портреті, слайд

3.Пәнаралық байланыс:ән сабағы.

4.Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жұбан Молдағалиев кім?

2.Ар-ұят туралы өлеңінен үзінділерді жатқа сұрау.

3.Ар,ұят туралы мақал-мәтелдер тауып келгендерін оқыту,олардың мағынасын ашу.

ІІІ.Жаңа сабақ. Кіріспе сөз.

1.Сабақты мұғалім, яғни мен өлеңді жатқа көтеріңкі пафоспен оқып бастаймын. Қазақ халқының белді ақынының бірі болған Сырбай Мәуленовтың «Менің Республикам» атты өлеңі жолынан қысқаша мәлімет беремін. Өлеңді оқушылар ерекше мәнермен бірнеше қайталап оқиды.

ІV.Сөздік жұмыс.

Ұлан-байтақ - кең-байтақ

Ай мен Күнге жол ашқан - аспан айдың, күннің еркін жүретін жолы, поэтикалық қолданыс болып табылады. Отан да солай адамдарға жол ашқан деген ұғымға жақын.

Көкжиек - аспан мен жердің қиылысу сызығы

Түскі аспан - ашық аспан деген ұғымда

-Өлеңді терең қабылдап, ақын сезіміне жақындау үшін ақынның көңіл-күйін түсіну керек. Ал оған жету үшін өлеңді түсініп, мәнерлеп оқимыз. Оқып, өлең мұратын түсінген соң, құрылысына қарай талдаймыз.

V.Талдау жұмысы. Өлең құрылысына талдау.

Тау/ды көр/сең// күн кө/зі/мен// та/лас/қан. 11б а

Ас/пан көр/сең //Ай мен Күн/ге/ /жол/ ашқан, 11б а

Ме/нің бай/тақ// Рес/пуб/ли/кам// тау/ла/ры 11б б

Ме/нің кө/гім//-мөл/ді/ре/ген// сол ас/пан. 11б а


Ұйқас а б а. Ендеше мұндай өлеңнің ұйқасын қалай атаймыз?

-Қара өлең ұйқасы дейміз,-деп оқушылар жауап береді.

(4 тармақты, 3 бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы).

VI. Өлеңді оқығанда дауыс кідірісіне мән беруді оқушыға үйрету керек. Мысалы:

«Тауды көрсең» және «Аспан көрсең»сөз тіркестері көтеріңкі ырғақпен оқылады. Сондай-ақ, «Менің көгім», «Таулары» сөздеріне де басқа сөздерден сәл көретіңкі ырғақ бар. Ал лирикалық өлеңнің соңғы тармағы едәуір жоғары ырғақпен оқылады.

Өлеңнің әуені ашық дауыспен,анық,қисынды (логикалық паузамен) кідіріспен оқылады.

Өлеңде туған елін,жерін сүйген ақынның таза сырлы сезімі бейнеленген. Ақын өз сезімі арқылы оқушыларды өз Отанын сүюге жетелейді.Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқудың өзі жоғарыдағы мақсатқа бағындырылуы тиіс.

Оқушылар өлеңді тағы да бір рет мәнерлеп оқиды.Мұғалім өлең әсерін байқау үшін және жеке түсініктермен толықтырып, білімдерін жинақтау үшін, эвристикалық әңгіме қолдану қажет болады. Оқушылармен бірге өлеңнің идеясын, стилін, лирикалық кейіпкерді, ақын көтерген мәселені, тіл көркемдігі туралы әңгімелесіп, өлең жайындағы оқушы білімі қорытындыланады.

Топтық жұмыс.

Оқушылар өз Республикасының жетістіктерін топқа бөліне отырып, постер арқылы өз ойларын жеткізеді, әр топтың жұмысы бағаланады.



Сабақты қорыту, бекіту.

Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады?

Қандай әсер алдыңдар?

-Өлең ұнады. Өлеңді оқығанда кеудемді мақтаныш сезімі биледі. Қазақстанда туғаныма,өмір сүргеніме қуандым. Өлең жеңіл оқылады.

-Өте дұрыс айттыңдар. Өлең Отанға деген сүйіспеншіліктен ғана тұрады.Осы өлеңді қандай күндері оқуға болады деп ойлайсыңдар?

- «Республика күні» мерекесінде.

-Ол үшін не істеуіміз керек?

-Өлеңді жатқа оқуымыз керек.

Сабақ соңында «Республиканың фотокүнделігі» атты фотомонтаж немесе диафильм көрсетсе, сонымен бірге Б.Тілеухановтың «Елім менің»немесе Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін үнтаспадан, мүмкін болса, оқушылардың өздері орындағаны дұрыс болады.

VII. Үйге тапсырма: «Менің Республикам», «Менің елім», «Туған жердей жер болмас», т.б. тақырыптарына оқушылар қабілеттеріне қарай шығарма, сурет, ән, өлең жазып келу тапсырылады.

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылар бағаланады.






















Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сырбай Мәуленовтың өмірі мен шығармашылық жолынан қысқаша мәлімет беру, өлеңнің идеялық мазмұнына талдау жасау.

Дамытушылық: Өз ойларын ашық айтуға үйрету, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

1.Әдісі:ой-қозғау,еркін жазу стратегиясы.

2.Көрнекілігі:Сырбай Мәуленовтың портреті, слайд

3.Пәнаралық байланыс:ән сабағы.

4.Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.

Автор
Дата добавления 11.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2013
Номер материала 273288
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх