Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі"

"Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі"


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:1783-1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары ,себептері ,мақсаты,көтеріліс барысы және жеңілуі себептерімен таныстыра отырып,осы көтерілістің дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.

Дамытушылық:Өткен сабақтағы материалмен байланыстыра отырып ,деректердің ерекшелігімен айырмашылығын ,ұқсастығын айыра білуге баулу,пәнге деген қызығушылығын ояту және ой- өрісін дамыту.

Тәрбиелік:өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру ,ұлттық қасиеттерді үлгі ету,ерлікке батылдыққа тәрбиелеу.

Тірек ұғым:Қазақтардың ұлт – азаттық күресіне Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің ықпалын көрсету.

Сабақ түрі: жаңа танымдық сабақ.

Сабақтың әдісі:СТО.

Сабақтың көрнекілігі:АКТ,Интербелсенді тақта,Қазақстан картасы,тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалар портреті.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,география.

Сабақтың барысы:

I.Қызығушылығын ояту-2мин

а)сәлемдесу,түгендеу,сабаққа назарын аудару.

ә)психологиялық ахуал орнату

б)топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру-7 мин

(жіңішке,жуан сұрақтармен үй тапсырмасын тексерем)

  • Қазақтардың 1773-1775 ж.ж Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына не себеп болды?

  • Орта жүз қазақтары бұл соғысқа қалай қатысты,оның ерекшелігі неде?



Жаңа сабақты меңгеруге дайындық «Ой түрткі салу».

«Отар ел»

  • «Отар ел»деп басқа елге толықтай тәуелді,бағынышты елді айтады.

  • Отарлық тәуелділіктегі халықтардың жатжұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.

  • Отар елдерге тән табиғи құбылыс,ол көп халық қатысқан қарулы қарсылық.

  • Ұлтты отарлық езгіден азат ету,оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін,тәуелдігін қалпына келтіру.

II.Мағнаны тану.

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.

а)Көтерілістің алғышарттары мен себептері.

ә)Көтерілістің басты мақсаты.

б)Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері.

в)Көтерілістің сипаттамасы.

г)Көтерілістің жеңілусебептері.

д)Көтерілістің тарихи маңызы.

Себебі

Отарлау саясатының тереңдеуі.

Нұралы хан озбырлығы.

1782-1783ж жұттан соң,Жайық казак әскерлері мен орыс помещиктерінің зомбылығы.

Мақсаты

Жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.

Орал казак әскерлерінің басқыншылығын тоқтату.

Нұралы хан мен сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Қозғаушы күші

Қарапайым көшпенділер,билер,старшын,батырлар.

Көтеріліс аумағы

Еділ мен Арал теңізі

Сипаты

Отаршылдыққа,ұлт-азаттық,антифеодалдық.

Жеңілу себебі

Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.

Руаралық қайшылықтар.

Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.

Қару-жарақ аздығы.

Тарихи маңызы мен нәтижесі

Елдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс.

Мақсатқа жетудегі руаралық қайшылықтар.

1801ж қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуге ,мал жаюға рұқсат берді.



Тақтаменен жұмыс (сандар сөйлейді).

Мерзімі

Басты оқиға

1773-1775ж

Сырымның Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы

1783ж.күзі

Қазақтар мен Орал қазақ әскері арасындағы шайқас

1783ж желтоқсан-1784ж.наурыз

Сырымның 4 ай Орал түрмесінде қамалуы

1785ж

Кіші жүз қазақтарының Құрылтайында Сырым үш Орданың (Байұлы ,Жетіру,Әлімұлы)кеңесшісі болып сайланды.

1786ж

Сырым халық Кеңесін өткізіп,Кіші жүздің төбе биі болып сайланды.

1787ж 23 қазан

IIЕкатерина патша тұтқыннан босатуды бұйырды.Сырымды Байұлы руының старшина деп сайлады.

1792ж 29 қыркүйек

Сырым орыс үкіметіне соғыс жариялады.

1797ж 8 тамыз

Қобдада өткен хан кеңесінде күресті ерікті түрде тоқтататынын мәлімдеді.

1802ж

Сырым батыр Хиуада өлтірілді.



Картамен жұмыс:сабаққа қатысты елді мекенді картадан көрсету(көтеріліс аумағын,ошағы,шекаралас елді-мекен)

Оқулықпен жұмыс.Тарихи сынақхат:

С.Датұлы Кіші жүздің он екі ата ______бірлестігінің _______руынан шыққан._______жылы көтерілісшілер хан ордасына шабуыл жасап,______ханды өлтірді.С.Датұлы бастаған көтерілістен кейін патша үкіметі______мен аралығында мал жаюға рұқсат етті._____жылы Жайық өзенінің оң жағалауында _______құрылды.

III.Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең»(толтыру,дәптермен жұмыс)Сырым,Нұралы,Игельстром

__________зат есім

________ _______сын есім

__________ _______ ______етістік

__________ _______ ________сөйлем

_________________синоним

IY.Бағалау (бағалау парақшасы)

Y.Кері байланыс (алақан тәсілі)

YI.Үйге тапсырма.

  • 1топ. «Сырым-батыр тұлға» шығарма жазу

  • 2топ.Сырымның шешендік сөздерін жинастыру

  • 3топ.тест сұрақтарын құрастыру


Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров121
Номер материала ДВ-386014
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх