Инфоурок Другое Другие методич. материалыСырым Мен Малайсары 5 сынып

Сырым Мен Малайсары 5 сынып

Скачать материал

Пәні:

Әдебиет

Сыныбы:

5-сынып

Уақыты:

26.11.12

Сабақтың тақырыбы:

Сырым мен Малайсары

Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық

Оқушыларға ақпарат көздері арқылы «Сырым мен Малайсары» әңгімесінің мазмұнын меңгерту.

ә) коммуникативтік

Сырым мен Малайсарының шешендігін өмірде қолдана білуін қалыптастыру.

б) проблеманы шешу:

«Сырым мен Малайсары» әңгімесі бойынша өзіндік жұмыстар, тапсырмалар беріп, өз бетімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік әдісі, көркемдеп оқу әдісі,практикалық, көрнекілік

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

АКТ, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, Сырым мен Малайсарының портреттері

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің  қызметі:

Оқушының қызметі:

Күтілетін нәтиже:

I.Ұйымдастыру бөлімі

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

-Құралдарымызды шығарып, сабаққа дайындалайық.

Мұғаліммен амандасу, сабақта кімнің жоқ екенін айту, сабаққа дайындалу.

-Кезекшінің есебі...

 

 

Сәлемдесу арқылы оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық қатынас орнатылады.

II.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар,  сіздер өткен сабақта  «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» тақырыбына тоқталдыңыздар.  Үйге сол әңгіменің мазмұнын баяндауға және үзінді жаттауға берілген болатын.

-Ал, енді сұрап көрейік. Кім дайын?

Оқушылар «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» мәтіні бойынша мазмұнын баяндайды. Үзіндіні жатқа айтады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Оқушылардың  өткен «Ақтайлақ би мен Қанай шешен» тақырыбын қалай меңгергендігін үй тапсырмасын тексеру арқылы бақылайды.

III.  Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық

-Сіздер өткен сабақтарда шешендік сөздермен таныстыңдар.

-Кім айтады, шешендік сөздер дегеніміз не?

-Дұрыс-ақ, ал қандай би-шешендерді білеміз?

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Сондай би-шешендерімізге Сырым мен Малайсарыны да жатқызуға болады.

-Бүгінгі тақырыбымыз шешендік сөздер тарауының ішіндегі «Сырым мен Малайсары. Дәптерімізді ашып күннің жады мен тақырыпты жазамыз.

-Шешендік сөздер-қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаға байланысты айтқан тапқыр сөздері.

-Би шешендер: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қанай шешен, Сырым, Малайсары.

 

Қараша айының жиырма алтысы.

Сырым мен Малайсары.

Өткен

 

материалдарды

 

еске түсіре

 

отырып,

 

оқушылар жаңа материалды меңгеруге дайындалады.

IV.Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру

-Балалар,Сырым мен Малайсары туралы не білесіңдер? Тарихтан, ана тілінен білетінімізді еске түсірейік.

-Иә, дұрыс айтасыңдар. Енді мен сендерге олар туралы  қосымша айтып өтейін.

Сырым Датұлы (1712-1802)-қазіргі Ба­тыс Қазақстан об­лы­сы Сы­рым ауда­ны Са­ры­ой ауылын­да дүни­еге кел­ген. Шыққан тегі – Кіші жүздің Байұлы тай­па­сының Бай­бақты ру­ынан.20жа­сын­да өзінің асқан ақыл­ды­лығы арқасын­да өз ор­та­сын­да тым ер­те та­нылып, әділдігімен аты шыққан «Бай­бақты­ның ба­ла биі» ата­нады.XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. С.Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің  отарлау саясатын жүзеге асырған казактарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі-патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды.

Малайсары батыр (1700-1756) жылдары өмір сүрген. Руы Бәсентиін, оның ішінде Сырым. Атамекені қазіргі Павлодар облысы, Май ауданына қарасты жерлер. Ол кісі Әбілмәмбет хан Абылай сұлтан заманында орта жүздің ең ықпалды, батыр биінің бірі болған. Малайсары тек қана батыр емес, шешендігімен де ерекше көзге түскен. Ел арасында дау-дамайды шешуде де шешендігі мен ақылын ұштастыра білген. Елдің ауызбіршілігін, ағайын арасында болып жатқан келіспеушіліктердің тігісін жатқызып, елді тығырықтан алып шыққан парасатты тұлға.

-Ал енді оқулығымызды ашып «Сырым мен Малайсары» мәтінін оқиық.

1-қатарға: 106-беттегі «...Қасына елдің басты адамдарынан он шақты кісі ертіп, Әлім руының ақсақалы Ақсуат бидің аулына келеді.» деген жерге дейін іштей оқып шығамыз.

2-қатарға:107-беттегі «...Алғашқы айтылған билігің екен, әділдігің үшін жолыңа нар бастаған бас тоғыз байлаттым, бұдан былай сенің сыбағаң бас тоғыз болсын!» деген жерге дейін оқимыз.

3-қатарға: соңына дейін.

-Оқып болсақ, мәтін не жайында екен?

-Малайсары мен Ақсуаттың өз елдерінде белгілі би болғанын қалай аңғаруға болады?

-Жақсы, енді оқығанымыз боынша жоспар құрайық. Алдымен, бөліп берілген үзіндіні баяндаймыз. Қысқаша мазмұнын айтамыз.

-Жоспарды дәптерімізге жазамыз.

-Сырым Датұлы-батыр әрі шешен, қолбасшы.

Малайсары-би, шешен. Олар әр түрлі дауларды шешіп отырған.

Оқушылар Сырым мен Малайсарының бейнесін топтастырады.

 

Оқушылар бөлінген мәтінді оқып шығады.

-Мәтін Сырымның шешендігі, Малайсарыдан бата сұрауы, Ақсуат бидің әңгімесі, Малайсарының жұмбағы, Сырымның оны шешуі туралы.

 -Малайсары мен Ақсуат өз елдерінің ауызбіршілігін сақтап, дау-дамайды шешіп отырған.

 

 

Оқушылар мәтінді баяндап, қысқаша мазмұнын айтады. Сол бойынша жоспар құрады.

 

 

Жоспар:

1.    Малайсары биден бата алуға келген Сырым.

2.     Сырымның Байұлынан өлтірілген жігіттің құнын даулап, Ақсуат биге баруы.

3.     Сырым мен Ақсуат әңгімесі

4.     Сырымға риза болған Ақсуат бидің сыйы мен сөзі

5.     Малайсары бидің ризалығы

6.     Өз өмірін Сырымға жұмбақтап айтқан Малайсары

7.     Сырымның тоқтаусыз берген жауабы

8.     Ыммен түсініскен ұрпақ шешендігі

Оқушылар   Сырым мен Малайсарының өмір жолдары, тарихтан алатын орны туралы түсінік ала отырып, «Сырым мен Малайсары» мәтінінің мазмұнын меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Сырым мен Малайсары туралы бұрыннан білетін білімдерін еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін бойынша жоспар құру арқылы түсініктерін жүйелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V.Жаңа білімді бекітуді ұйымдастыру

Тапсырмалар:

1-қатарға: Сырымға Ақсуат бидің берген батасын мәтіннен тауып оқу.

 

2-қатарға: «Обал, сауап, борыш» деген сөздерді қалай түсінеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-қатарға: Біздің кіші жүздің биі кім, ол туралы не білеміз?

 

 

 

 

 

 

№2 тапсырма:Мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып жазу, мәнін ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3. Сөздікпен жұмыс

Ат жалын тартып-

Қыдыр-

Ақылгөй қарт-

Байұлы-

Әлім-

Дүрдараз болу-

Бата алу- салт-дәстүр."Батаменен ер кегерер, жауынменен жер көгерер" (мақал). Бата халықтың рухани қуат алатын құдіретті сенім күші. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ел ақсақалдарының ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.Баталар талапты, халық сүйген, ер-азаматтарға ғана берілген. 

№4. Мәтіннен Малайсарының Сырымға берген батасын тауып оқу.

№5. Семантикалық карта.

Тапсырмалар:

1-қатар. «–Сырым, шырағым!» деп басталады, «...сыбағаң бас тоғыз болсын!» деп аяқталады.

2-қатар:  Обал - қазақ халқының жас ұрпақты әдептілікке тәрбиелейтін ұлағатты ұғымы. Обал ұғымы қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға яғни жандыны жәбірлеуге, жансызды бүлдірмеуге болмайды деген мағынаны білдіреді. Мысалы, нанның түйірін аяққа басу немесе оны рәсуа ету обал болып есептеледі.

 Сауап - жөн, шын, лайық. Ислам дінінде жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Кімде-кім ислам парыздары мен бұйрықтарын орындап, Алла ризалығына сай жақсылықтарға лайық істер атқарса сауап жинайды, құдайдың шексіз мейірім шапағатына иеленеді. Көптеген аяттар адам баласын Аллаға сенуге, күнәдан сақтанып сауап жинауға шақырады.

Борыш-қарыз, міндет.

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсыөзбекқырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан

№2 тапсырма: Мәтіннен мақал-мәтелдерді тауып жазу, мәнін ашу.

1.     Қырықтың бірі-Қыдыр.

2.     Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең,

Аулыңда ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең.

3.     Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар?

4.     Асыл тастан, ақыл жастан.

5.     Ердің құнын жастың жайсаңы, не қарттың шайтаны даулайды.

6.     Басқа пәле тілден.

№3. Сөздікпен жұмыс

Ат жалын тартып- жігіт болған кезі

Қыдыр-діни ұғым, жақсылық әкелуші

Ақылгөй қарт-ақыл беретін қарт

Байұлы-кіші жүздегі ру аты

Әлім-кіші жүз руы

Дүрдараз болу-ұрыс-керіс

Бата алу-салт-дәстүр.

№4. Мәтіннен Малайсарының берген батасын тауып оқу.

107-108-бет.

-Кеудең тола бауыр болсын,...

№5. Семантикалық карта.

Оқушылар «Сырым мен Малайсары» бойынша

алған білімдерін

топтық тапсырмалар

арқылы бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтіннен мақал-мәтелдерді табу арқылы сөздік қорларын байытады.

 

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыстану арқылы тіл байлықтары дамиды.

 

 

 

 

 

 

 

Семантикалық картаны толтыру арқылы би-шешендердің сөздерін естерінде сақтайды.

VI. Үйге тапсырма

1.     «Сырым мен Малайсары» әңгімесін оқып, мазмұнына сай әңгімелеу.

2.     Мәтіндегі мақал-мәтел, нақыл сөздерді жаттау.

Үй тапсырмасын тыңдап, түсініп алады.

Сұрақтары болса қояды.

Үй тапсырмасын орындау арқылы өз беттерімен жұмыстануға, ізденуге үйренеді.

Қорытындылау

Оқушыларды білімдеріне сай бағалау.

-Сіздердің араларыңыздан Сырым мен Малайсары сияқты би-шешендер шыға берсін деген тілекпен сабақты аяқтаймын.

-Сау болыңыздар!

 

Оқушылар мұғалімнің сабақты қорытындылауын тыңдайды.

 

 

Оқушылар кемшіліктері,

 жетістіктері туралы біле

отырып бағаланады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сырым Мен Малайсары 5 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 621 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2016 5426
    • DOCX 183.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангелдиулы Ерназар Амангелди. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16483
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 20 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции