Инфоурок Музыка Конспекты«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» + презентация

«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» + презентация

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ аналарға.pptx

Скачать материал "«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» + презентация"

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сыйынар ем 
Ана деген 
тәңірге

    1 слайд

    Сыйынар ем
    Ана деген
    тәңірге

  • 8 Наурыз

    2 слайд

    8 Наурыз

  • 3 слайд

  • Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
         Анаға бас иеміз!...

    4 слайд

    Ақ сүтінен жаралған,
    Ақ сүтінен нәр алған,
    Анаға бас иеміз!
    Туған елдің тілі деп,
    Туған жердің үні деп,
    Анаға бас иеміз!

  • Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өмірі...

    5 слайд

    Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
    Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
    Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
    Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
    Ер жеткізіп елге берген баласын,
    Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
    Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
    Қайратыңнан қайта көрме, анашым

  • Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
Бізде өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана де...

    6 слайд

    Құрметтейік,о адамдар,аналарды,
    Бізде өмірге әкелген даналарды.
    Себебі ана деген асыл жан ғой,
    Ойлауменен істелік әр қадамды.

  • 7 слайд

  • 8 слайд

  • Наурыз келді Анажан серпіліңіз.
Шуақтанып.
Шаттанып желпініңіз.
Кеудеңізде ке...

    9 слайд

    Наурыз келді Анажан серпіліңіз.
    Шуақтанып.
    Шаттанып желпініңіз.
    Кеудеңізде керемет оттар жатыр.
    Сізден жылу әлемін күткеніміз.
     

  • 10 слайд

  • Ана десем,алғыс алам халқымнан,
Ана десем,теңіз болам шалқыған.
Ана десем,ашы...

    11 слайд

    Ана десем,алғыс алам халқымнан,
    Ана десем,теңіз болам шалқыған.
    Ана десем,ашылады қабағым,
    Ана десем,әділдікті ұғынам.

  • Құттықтаймыз ! ! !

    12 слайд

    Құттықтаймыз ! ! !

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Сыйынар ем, Ана деген тәңірге.doc

«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге »

        8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін мектепішілік мереке түрінде атап өту мақсатында өткізілген  мерекелік  кештің бағдарламасы.

(Сахна мерекеге сай безендіріледі.)

Сахна сыртынан: Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен «ана» деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші, ағайын!

Жүргізушілер бірге, әндете:

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман-сау жүр, Ақ мамам!-   

1-жүргізуші:

-Нұрбол ,   мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезден-ақ, апайларымыз осы әнді үйретуден бастады емес пе?

2-жүргізуші: -Рас айтасың, Данияр. Бұл жадыңда мәңгі сақталар әндердің  бірі емес пе?!

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

       Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз  Қарасу орта мектебінің директоры Асқарбек Құмарбекұлына беріледі

1-жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым.     

« Шашу» биі

2-жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

  Ән «Асыл ана»

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын аналардың баласы бар.

Ән: « Ақ мамам »

2-жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (Арнау өлеңдер оқылады).

Бн «Көш керуен»

1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана тауып, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы. 

М.Жұмабаевтың «Анама» өлеңін оқуға  Тоқтаров Айдынды  орта шақырамыз. 

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады».

2-жүргізуші: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».

1-жүргізуші: Хадистерімізде  Мұхаммед Пайғамбарымыз: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп айтқан екен. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

 «Аруғұмыр » әні. Орындайтын мектебіміздің әншісі Бибосынова Шадияр

1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды.

 «Аққу » биін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:   Наурыз – сәуірдің егізі,

                        Наурыздың бүгін сегізі.

                        Ең қымбат гүл – адамның

                        Анаға айтар лебізі.

                        Анасыз бір жоқ күнің.

                        Ұсынамыз біз бүгін

                        Жырдың сұлу шоқ гүлін.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.  Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Ән: «Асыл әжем» орындайтын Толахмет Аймара

2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.  Ән: «Шақырады  көктем» Мамырбек Айбота

1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары.

1-жүргізуші:

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.

1-жүргізуші: 

Халқымызға билік айтар даналар,

Даналардың өзі анадан жаралар.

Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін

Сізден жақын адам бар ма аналар?!

Балаға ең жақыны сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

«Перзент сыры»әнін  Макажанова Томиристің орындауында қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: 

Ананы да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берер.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

2-жүргізуші: 

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жаһанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

     «Мереке күніңмен!» әнін кешке қатысушылар бәрі бірге орындайды.

        

1-жүргізуші: 

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Кезекпен:

О, аналар, осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың дағы кәрің де.

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!-деп  бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» + презентация"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.11.2015 5477
    • RAR 1.7 мбайт
    • 86 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жуматаева Самал Ахметсановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жуматаева Самал Ахметсановна
    Жуматаева Самал Ахметсановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19090
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 80 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыковедение

Музыковед

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные вызовы педагогической профессии: развитие профессионализма педагогов в контексте улучшения качества образования

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек