Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Конспекты / Сызықтық емес оптика .Лазерлер
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

Сызықтық емес оптика .Лазерлер

библиотека
материалов

Пәні: Физика

Сыныбы: 11-ә

Күні 26.01.2016ж

Сілтеме

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы

Сызықтық емес оптика .Лазерлер

Жалпы мақсаты

Сызықтық емес оптика туралы түсінік қалыптастыру. .Лазерлердің қасиетін, қолдану орындары жайлы түсінік беру

Күтілетін нәтиже

Сызықтық емес оптика туралы түсінік қалып тасады .Лазерлердің қасиетін, қолдану орындары жайлы түсінік алады

Негізгі идеялар

Сызықтық емес оптика туралы түсінік алу .Лазерлер қасиетін меңгеру

Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жиксо әдісі,»

Жұптық жұмыс «деңгейлік тапсырмалар»

Жеке жұмыс . «10-сұрақ»

Сабақтың құрал- жабдықтары

бағдаршамдар,стикер тест жинағы


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Сабақ кезеңдері

Уақы

ты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар

Ұйымдас

тыру кезеңі

2-минут

Оқушыны түгелдеу , жағымды ахуал туғызу

Топтарға бөлу:санау арқылы

Оқушылар топтарға бөлінеді 4- топ




Физика оқулығы авторы: С. Тұяқбаев









Тақырып материалдары









Бағалау парақша

лары

Үй тапсыр

масын сұрау

10-минут

Тақырып бойынша сұрақтар әзірлеуге тапсырмалар беру

Берілген 10-сұрақтар бойынша жауап әзірлеу

Смайлик

Жаңа сабақ материалын меңгеру

20-минут

Тапсырмаларды бөліп беру.Топ болып жұмыс істеуге бағыттап қосымша материалдарды пайдалануын бақылау

Негізгі ұғымдарды тауып, тұжырым жасайды ,қорғайды,

Екі жұлдыз бір тілек

Сабақты бекіту

10-минут

Жұптық жұмыс – тақырып соңындағы есептерді шығаруын қадағалау

Есептер жинағынан берілген есептерді шығарады

Өзара бағалау

Оқушылар

ды бағалау

1-минут

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау

Өздерін-өзі бағалайды

Өз-өздерін бағалай

ды

Үйге тапсырма

1-минут

§7,9-7,10 оқу

Рефлексия

1-минут

Шульман ілімі

Бас,жүрек, қол

Стикерге жазады


ГОЛОГРАФИЯ (грек. holos — барлығы, толық және ...графия) — толқындардыңинтерференция құбылысы негізінде объектілердің көлемдік кескіндерін алу тәсілі. Г. идеясын тұңғыш рет ағылшын физигі Д. Габор (1900 — 1979) ұсынды (1948). Г-ның шығуына алғаш электрондық микроскопты жетілдіру тұрғысында айтылған идея себеп болды. Оған монохроматты өте күшті жарық көзі қажет болатын. Сол себептен ол практикада бірден қолдау таба алмады. Лазердің шығуына байланысты Г-ны физикада, оптикада, радиотехникада, т.б. техника салаларында кеңінен пайдалануға мүмкіндік туды.

Егер кәдімгі фотографияда денеден шағылысып шашыраған сәуле толқындарының амплитудасы ғана пайдаланылса, Г-да оған қоса толқындардың фазалық өзгеруі де тіркеледі. Сол себепті фотопластинкаға объектіден шағылысқан фазасы мен амплитудасы өзгермелі сәуле (сигналдық толқын) түсірумен бірге, оған фазасы мен амплитудасы тұрақты лазерлік сәуле (тірек толқын) түсіріледі (1-сурет). Сигналдық толқын мен тірек толқынның өзара әсерлесуінен фотопластинкада интерференциялық бейне пайда болады. Өңделген фотопластинка голограмма деп аталады. Қарапайым жағдайда (мыс., сызықты дене) голограмма көмескі және жарқын жолақтардан түзіледі (2, а-сурет). Объектінің сырт пішіні күрделі болса, голограммадағы интерференциялық сурет те күрделенеді (2, ә-сурет). Жай көзбен не микроскоппен голограммаға түскен объектілерді тану мүмкін емес. Дененің кеңістіктегі кескінін қайталап шығару үшін голограммаға диапозитив секілді тірек сәуле түсірілуі қажет. Бұл сәуленің толқындық сипаттамалары голограмма түсірілген сәуленің қасиеттерімен бірдей болуы шарт. Дененің кескіні жарықтандыратын сәулеге белгілі бір бұрышпен көрінеді (3-сурет). Ол кескінге кез келген бағытта қарауға болады. Бақылаушы адам дененің кеңістіктегі кескінін байқайды. Егер суретке түсіру мезетінде, денелердің біреуі екіншісін қалқалай жауып тұрса, онда голограммаға басқа бір бұрышпен қарап, көрінбей тұрған дененің кескінін байқауға болады.

Г-ның бір ерекшелігі — кескін голограмманың әрбір нүктесіне түгелдей орналасады. Мыс., тұтас голограмманы бірнешеге бөліп, әрқайсысын жеке-жеке тірек толқынмен сәулелендірсе, әр бөлік бүтін голограммадағы суретті көрсетеді. Оған себеп, голограмманың әр нүктесіне объектінің барлық нүктесінен шағылысқан толқындар әсер етеді. Г-ның екінші бір ерекшелігі — объектінің тек позитивті кескіні ғана шығады. Егер голограмманы жанаспа әдісі бойынша басқа фотопластинкаға түсірсе, оны сәулелендіргенде бастапқыдан өзгеріссіз кескін пайда болады. Фотопластинкаға бірнеше объектілердің суретін бірінен соң бірін түсіріп, олардың әрқайсысын бір-біріне кедергісіз жекелей кескіндеу Г-ны кинематографияда қолдануға мүмкіндік береді.

Сәулелендіруші тірек толқынның ұзындығын өзгерту арқылы голограммалық кескіндердің пайда болу қашықтықтарын өзгертуге болады. Бұл ерекшелік радиотолқын, инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелері арқылы жазылып алынған голограммалық суретті көзге көрінетін кескінге айналдыруға мүмкіндік береді. Голограмманы сәулелендіру кезінде толқынның тек ұзындығы ғана емес, толқын шебін де өзгертуге болады. Мыс., голограммаға сфералық шашыранды толқын түсіріп, объектінің ұлғайтылған кескінін алуға болады. Г-лық микроскоп осы қасиетке негізделіп жасалған. Оның көмегімен тірі организмдердің, заттардың ішкі құрылысын зерттеу мүмкіндігі бар. Егер голограмма қалың қабатты эмульсияға жазылса, онда интерференциялық бейне үш өлшемді қасиетке ие болады. Мұндай голограмманы ақ жарықпен сәулелендірген кезде объектінің кескіні байқалады. Бұл принципті кеңестік физик Б.Н. Денисюк ашты (1962). Объектіге үш түсті (мыс., көк, сары, қызыл) лазер сәулелерін түсіріп, оның түрлі түсті Г-лық кескінін шығаруға болады. Ол үшін голограмманы қайта сәулелендіргенде әлгіндей үш түсті сәулелер қолданылуы шарт.

Г-лық кескіндердің сапасы лазер сәулесі мен фотоэмульсиялық қабаттың қасиеттеріне байланысты. Толқын ұзындықтарының айырмашылығы өте аз (монохроматты), қуатты сәулелер лазерден алынады. Импульстік лазер сәулелерімен (сәуле шығару уақыты 10–9 с-қа дейін) өте тез өтетін құбылыстарды тіркеуде Г-ның маңызы зор. Мыс., әр түрлі элементар бөлшектердің өзара әсерлесуі кезінде пайда болатын құбылыстарды (тұман, сұйық, т.б. мөлдір заттарда жүретін динамикалық өзгерістерді), плазманың дамуын, қопарылыс, жарылыс кезінде болатын соққы толқындарын зерттеуде Г. кең қолдау тапты.

Г-лық әдіс тек қана электр магниттік сәулелерге ғана емес, дыбыстық толқындарға да тән қасиет. Мыс., жарық сәулесі өтпейтін сұйық ішіндегі көзден таса тұрған дененің Г-лық кескінін алуға болады (4-сурет). Ол үшін денеге дыбыс генераторларымен әсер етіледі. Сонда сұйық бетінде дыбыстық голограмма алынады. Оны көру үшін лазер жарығымен сәулелендіру қажет. Тірі организмдердің ішкі органдарын зерттеуде голограммалық дыбыспен көрудің маңызы өте зор. Голограммалары бойынша белгілі бір затты не оның бөліктерін басқа денелердің арасынан дәл іздеп табу үшін Г-ны қолдануға болады. Бұл әдіс криминалистикада (мыс., қылмыскердің саусақ таңбаларын басқалардан ажыратуға), өшіп қалған әріптерді, сөздерді, суреттерді айқындауға, т.б. қолданылады. Г. күрделі бұйымдар жасауға, оның пішін үйлесімділігін, өлшемдерінің дәлдігін анықтауға пайдаланыла бастады. Г. әдістерін есептеу техникасында да қолданудың келешегі зор. Бұл тәсілмен 1 см2-ге 107 — 108 бит ақпарат жазу мүмкіндігі бар. Машиналық голограммалар табиғатта әлі кездеспеген объектілердің көлемдік бейнесін алуға қолданылады. Лазер сәулелерінің көмегімен оптика негіздері радиотехникамен тығыз жанасып, ғылымның жаңа саласы — радиооптика келіп шықты.

Қазақстанда динамикалық Г. саласы бойынша зерттеу жұмыстары 1964 ж. басталды. Еріксіз комбинациялық шашырау эффектісінің көмегімен сыртқы оптикалық сигналды күшейту мүмкіндігі дәлелденді (Б.Ақанаев, т.б.). Ал орнықты Г. (бұзылған беттердің орнықты Г-лық кескіндерін алу) саласы бойынша зерттеулер 1973 жылдан бастап ҚазҰМУ-да (К.Жұманов, т.б.), т.б. ғыл.-зерт. ин-ттарында (С.Құсайынов) жүргізілуде.

















Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Конспекты
Просмотров515
Номер материала ДВ-376196
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Комментарии:

1 год назад

большое спасибо

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх