Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сызу пәнінен сабақ: Графика.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сызу пәнінен сабақ: Графика.

библиотека
материалов

Күні:16.03.2016

Сынып:9

Пән: сызу

Мұғалім: Исаева А.А.

Тақырып: Графикалық жұмыс
Мақсаты: Графика өнерінің түрлерімен таныс болу.
Білімділік
: Графика өнерінің шығармаларына толық мәлімет беру.
Тәрбиелік: Әсем сұлулықты байқауға, әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс – тәсілдері: Баяндау, сұрақ – жауап т.б.
Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, оқушыларды журналмен тексеру.
2.Өткен сабақты қайталау
1. Кескіндеме өнері жайлы не білдік, не үйрендік?
2. Кескіндеменің қандай шығармалары бар?
3. Қандай кескіндемеші суретшілерді білесіңдер? – деген сұрақтарды қоя отырып жаңа сабақты баяндау.
3.Жаңа сабақ
Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді. Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады. Ол бейнелеу өнерінің бір саласы болып табылады. Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қоңыр дақтардың арақатынасы жетекші маңызға ие болады. Графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады. Қазақстан суретшілерінің ұлттық графикаға қосқан үлесі зор. Еліміздің графика өнерін дамытып, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген суретшілерден: И. Исабаев, Ә, Рахманов, М. Қисамединов, А. Смағұлов, Б. Табылдиев, К. Баранов, Н. Гаев, В. Гурьев, Е. Сидоркин, Т. Ордабеков, Қ. Қаметов, В. Тимофеев, т. б. атауға болады. Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. ХІХ ғ. дейін графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды.

Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер, баспа графиканың әр алуан түрлері – ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литогравия, линогрвюра жатады.
Кескіндеме сияқты графикаға да - портрет, натюрморт, пейзаж, тарихи, анималистік және т. б. жанрлар тән. Графмкамен кескіндеме арасындағы байланыс ауыспалы. Мысалы, акварель, пастель кейде гуащпен жұмыс істеу техникасын өнердің бір түріне, кейде екіншісіне жатқызады. Бұл – түстің қандай деңгейде пайдаланылғанына, шығармада сызық пен дақтың қайсысы басым екендігіне, оның қолданылатын орнына байланысты. Қолданылу орнына қарай графиканың станокты, кітап, газет – журналдар, қолданбалы графика және плакат сияқты түрлері бар.
Станокты графика шығармаларын көрмелерден тамашалауға болады.
Графиканың маңызды салаларының бірі - кітап графикасы. Кітаптың ішкі және сыртқы безендіру жұмыстарының барлығы тұтас өнер туындысын құрайды. Әсіресе суретші – иллюстрацияшылардың рөлі зор.
- Сурет салу
Графикалық жұмыстарды орындау.
Графиканың қағаз бетінде жасалатын қарапайым түрлерімен таныс болайық. Ол үшін қажетті материалдар мыналар. ағаш сабы бар ұшы өткір ине, пышақ немесе алмас, қара тущь, жұмсақ қылқалам, беті жылтыр ақ қағаз.
1 - жаттығу. Қарындаш сызығының бойымен бұрыштық кескіш арқылы ені 1 – 1, 5 мм – ден аспайтын арықша бедер жүргізу керек. Содан соң жүргізілген арықшадан шегініп, тағы да 1 - 1, 5мм болатын сызық жүргізіңдер. Осылайша бүкіл тақтаның бетін 10 х 10 см. көлемде тік төртбұрыштарға тілу керек.
2 – жаттығу. Толқынды қарындаш сызығының бойымен осылайша арықша жасау, тақтаның бетін тегіс толтыру керек.
3 - жаттығу. Шеңберсызғышпен шеңбер сызып, оларды да кескішпен тіліп, арықша жасау.

4.Сабақты қорытындылау.
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, еске түсіреміз.
Сұрақтар қою
1. Графика жасау техникаларына не жатады?
2. Графика өнері дегеніміз не?
3. Графика қай елдің сөзінен шыққан?
4. Қандай графика өнермен таныс болдық? – деген сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылаймыз.
Оқушыларға сурет салғызу
36 - 38 беттерді оқу және осы беттердегі суреттерді альбом бетіне графика құралдары көмегімен салу.
Бағалау.
5.Бағалау.Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және суреттерін тексеру арқылы бағалау.
6.Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, суреттерін аяқтау.















Автор
Дата добавления 30.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров103
Номер материала ДБ-104056
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх