Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Сызу пәнінен сабақ жоспары "Негізгі көріністер" тақырыбына 9-сынып

Сызу пәнінен сабақ жоспары "Негізгі көріністер" тақырыбына 9-сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сызу пәні 9-сынып

Тақырыбы: Негізгі көріністер

Мақсаты:

1)Білімділік: Негізгі көріністер туралы білім алуға, сызбаны оқи білуге, денелердің (фигуралардың) көріністерін көре білуге үйрету.

2)Дамытушылық: Оқушылардың байқығыштық, салыстыра білу қабілеттерін, нәрсені үш жазықтықта дұрыс көре білуін дамыту.

3)Тәрбиелік: Жүппен, топпен жұмыс жасау барысында дұрыс қарым-қатынасын, топ алдында жауапкершілігін тәрбиелеу.

Оқушы құзыреттілігі:

1) Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі: Негізгі көріністерді тану, сызбада көріністерді орналастыру жолын табу

2) Ақпараттық құзыреттілік: Электрондық оқулықтан негізгі көріністер туралы ақпарат алу, интербелсенді тақтадан слайд түрінде берілген тест тапсырмаларын көріп орындау.

3) Коммуникативтік құзыреттілік: СТО стратегияларын қолданып жүппен, топпен жұмыс жасау қарым-қатынасы.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сөз әдісі (сұрақ-жауап); оқулықпен жұмыс; көрнекілік (эл.оқулық, слайд); тәжірибелік (тест тапсырмаларын орындау); логикалық (байқау, зерттеу, ойлау, салыстыру). СТО стратегиялары.

Құрал-жабдықтар: оқулық, дәптер, сызу құралдары, сабақ жобасы жазылған парақтар, қайталау карточкалары, электрондық оқулық,, шығу парақтары.

Пәнаралық байланыс: геометрия, сурет, технология

Сабақтың құрылымы:

  1. ұйымдастыру кезеңі

  2. қайталау

  3. жаңа тақырыпты меңгерту

  4. рефлексия

  5. бағалау, шығу парағын толтыру

  6. үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

Оқушыларды қарсы алу, журналға белгілеу. Сабақ жобасын тарату

Оқушыларға берілетін сабақ жобасы:

  1. Екі топқа бөлініп отырыңдар.

  2. Әр топ мүшелері карточкада берілген қайталау сұрақтарына жауап беріңдер /топпен жұмыс/, жауабын спикер айтады.

  3. «Көрініс» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Жауабын жалпы топқа шығар.

  4. Параграф 26 жеке-дара оқып, ортаға салып топпен талдау жаса.

  5. Электрондық оқулықта көрсетілетін мәліметтерді қарап өзіңе ақпарат ал.

  6. Слай-презентацияда берілген тест тапсырмаларын орында.

  7. Тақырып бойынша қорытынды жасап, қарсы топқа сұрақтар дайында.

  8. Әр топ спикері жалпы топ алдында қорытындысын айтып топ жұмысын қорғайды.

  9. Қарсы топ сұрақтарына жауап бер.

  10. Бір-біріңді бағала.

  11. шығу парағын толтыр.

  12. Үй тапсырмасын ал: 26-параг. оқу, соңында берілген екі тапсырманы орында.

Оқушыларды бағалау: Журналға және күнделіктеріне баға қою.

Шығу парағын жинап алу.


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 15.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1000
Номер материала ДВ-158716
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх