Инфоурок ИЗО, МХК Другие методич. материалыСызу пәнінен ашық сабақ "Шеңбердің аксонометриялық проекциясы"

Сызу "Шеңбердің аксонометриялық проекциясы"

Скачать материал

Шеңбердің аксонометриялық проекциясы

   Мақсат:

   Білімділігі: оқушыларды шеңбердің аксонометриялық проекциясын жасау жолдарымен таныстыру.

   Дамытушылығы: кеңістікте ойлау қабілеттерін, визуалды қабылдау дағдыларын дамыту.

   Тәрбиелігі: шеңбердің аксонометриялық проекциясының негіздерін сызбада игерту арқылы оқушыларды политехникалық мамандықтарға тәрбиелеу.

   Типі: жаңа сабақ

   Түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы.

   Әдіс-мәсілдер:әнгіме, иллюстрациялау,сызу

   Құрал-жабдықтар: транспортир, циркуль,карындаштар-дың түрлері, көрнекіліктер, «Шеңбердің аксонометриялық проекциясы», өшіргіш, сызғыш түрлері, бұрыштықтар.

   Сабақтың барысы

    I.Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды түгендеп, журналға белгілеу.

    II.Жаңа сабақты меңгеруге дайындау кезеңі.

    Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жаңа сабақпен таныстыру.

   Сендер бүгін сабақта шеңбердің аксонометриялық проекциясының түрлерімен, оның өмірінде инженерлік графикада пайдалану негіздерімен танысасыңдар.

   III.Өткен тақырыпты қайталау.

   1.Шеңбер дегеніміз не?

   2.Дөңгелек пен шеңбердің айырмашылығын ата.

   3.Шар деп нені айтады?

   4.Көлбеу шеңбердің проекциясы қандай фигура болады?

   5.Эллипсте неше ось болады?

   6.Эллипстің диаметрлері неге тең?

   7.Перпективада шеңбер қалай көрінуі мүмкін?

   IV.Жаңа сабақты меңгеру кезеңі.

   Шеңбердің аксонометриялық проекциясы.

   Дөңгелек бетnері бар нәрселердің аксонометриялық проекциялары. Шеңбердің фронталь диметриялық проекциялары. Егер нәрселердің кейбір элементтерін, мысалы шеңбердің аксонометриялық кескінді бұрмаламай , өз қалпында салу қажет болса, онда фронталь диметриялық проекция қолданылады. Екі көрінісі  берілген , цилиндрлік тесігі бар детальдың фронталь диметриялық проекциясын былай салады:

  1.х,у, осьтерін пайдалана отырып,детальдың сыртқы пішінінің тұрпатын жіңішке сызықтармен  салады.         

  2.Тесіктің центрін детальдың алдыңғы жағынан табады. Ол арқылы тесіктің осін у осіне параллель етіп жүргізеді де , оған деталь қалыңдығының жартысын өлшеп салады. Детальдың артқы жағына орналасқан тесіктің центрін де шығарып алады.

  3.Осыдан шыққан  нүктелерді центрлер ретінде алып, диаметрі тесіктің диаметріне тең шеңберлер жүргізеді.

  4.Артық сызықтарды өшіріп тастайды да , деталдың көрінетін  контурын бастыра жүргізеді.

    Шеңберлердің изометриялық проекциялары. Шеңбердің изометриялық проекциясы эллипс делінетін қисықпен кескінделеді. Эллипсті салу қиын. Сызу практикасында эллипстердің орнына көбінесе овалдар сызады. Эллипс-шеңбер доғаларымен сызылған тұйық қисық. Квадраттың изометриялық проекциясы болып табылатын ромбыға іштей сызылған эллипсті сызу ыңғайлы.

      Ромбыға іштей сызылған эллипсті мынадай ретпен сызады. Алдымен қабырғасы кескінделетін шеңбердің диаметріне тең ромб салады. Ол үшін О нүктесі арқылы изометриялық х және у осьтерін жүргізеді. Оларға 0 нүктесінен бастап кескінделетін шеңбердің радиусына тең кескінділер салады. а,c және d нүктелері арқылы осьтерге параллель түзулер жүргізеді, сонда ромб шығады. Эллипстің үлкен осі ромбының үлкен диагоналына орналасады.

     Осыдан кейін ромбыға іштей эллипс сызады. Ол үшін доғал бұрыштардың төбелерінен (А және В нүктелерінен) доғалар сызады. Олардың радиусы доғал бұрыштың төбелерінен (А және В нүктелерінен) сәйкесінше,а, немесе с,d нүктелеріне  дейінгі қашықтыққа тең. В және а,В және нүктелері арқылы түзулер жүргізеді. Ва және Вб түзулері ромбының үлкен диагоналымен қиылысқанда С және Д нүктелері табылады. Бұлар кіші доғалардың центрлері болады. Олардың  радиусы,Са-ға тең  (немесе –Ob-ға тең) болады.  Осы радиуспен сызылған доғалар эллипстің үлкен доғаларымен түйіндеседі. Біз z осіне перпендикуляр жазықтықта жатқан эллипстің  салынуын қарастырдық . у осіне  және х осіне перпендикуляр жазықтықтарда жатқан овалдарды да сондай ретпен салады.  Тек 2-эллипсті х және z осьтеріне , ал 3-эллипсті у және z осьтеріне салады.Жоғарыда айтылған әр түрлі салу жолдары практикала қалай қолданылатындығын қарастырайық.

   Дөңгелек беттері бар нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу тәсілі.  Планканың изометриялық проекциясы берілген. Планканың алдыңғы жағынан бұрғымен перпендикуляр тесілген цилиндрлік тесікті кескіндеп көрсету қажет. Оны былай салады.

    1.Планканың алдыңғы жағындағы тесік центрін табады. куб кескінін пайдалана отырып6 ромб салу үшін изометриялық осьтердің орналасу қалпын анықтайды. Осыдан табылған центр арқылы осьтерді жүргізеді де, оларға центрден бастап шеңбер радиусына тең кесінділерді өлшеп салады.

    2.Ромб салады.Оның үлкен диагоналын жүргізеді.

    3.Үлкен доғаларды айналдыра сызады. Кіші доғалардың центрлерін табады.

    4.Табылған центрлердің кіші доғаларды жүргізеді.Осындай эллипс планканың артқы жағына да, салынады, бірақ оның тек көрінетін бөлігін ғана бастыра жүргізеді.

    V. Жаңа сабақты бекіту.

    Жаттығу:

    1. Үш ромб салу үшін  осьтер жүргізілген. Әрбір ромб кубтың қай жағына –жоғары, оң жақ бүйір, сол жақ бүйір жағына орналасуға тиіс екендігін көрсетіңдер. Осы ромбылардың әрқайсысының жазықтығына қай ось перпендикулияр болады? Эллипстің әрқайсысының жазықтығына қандай ось перпендикулияр болады.

   2. Ромбылардың қабырғалары 30 мм-ге тең. Проекциялары осы ромбыларға іштей сызылған овалдармен көрсетілген шеңберлердің диаметрлері неге тең?

   3.Изометриялық проекцияда берілген куб жағына іштей сызылған шеңберлердің проекцияларына сәйкес  келетін эллипсті  салыңдар. Кубтың қабырғасы, 80мм-ге тең.

   VI. Қорытынды :осы сабақта оқушылар шеңбердің аксонометриялық проекциясын жасау әдісін игерді, сызбалары салыстырмалы түрде бағаланады.

   Үйге тапсырма. Шеңбердің аксонометриялық проекциясы тақырыпты қайталау ,үлгермеген оқушыларға сызба есептерді А4 форматында пішім қағазға орындап аяқтау.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сызу пәнінен ашық сабақ "Шеңбердің аксонометриялық проекциясы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 221 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2016 3882
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суюндиков Нурлан Мадениевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Суюндиков Нурлан Мадениевич
    Суюндиков Нурлан Мадениевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11706
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Изобразительное искусство и технология")

Учитель изобразительного искусства и технологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 36 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания изобразительного искусства в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 54 регионов

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 308 человек из 65 регионов