Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / ИЗО, МХК / Конспекты / Сызу. "Шеңберді тең бөліктерге бөлу" 9 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • ИЗО, МХК

Сызу. "Шеңберді тең бөліктерге бөлу" 9 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:


Шеңберді тең бөліктерге бөлу


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:

Кескіндерді сала білуді, шеңберлерді тең бөліктерге бөлуді үйрену, бұйымдардың кескіндерін қамтитын геометриялық сызбалар туралы түсініктер беру.


Дамытушылығы:

Сызу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру. Сызу аспаптарымен жұмыс істеуді үйрету. Оқушылардың ойлау қабілеттілігін арттырып, шығармашылыққа баулу.


Тәрбиелігі:

Оқушыларды сұлулыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

Сарамандық.түсіндіру.топтық жұмыс,сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілік:

Плакат,сызба құралдары.

Оқушы құрал-жабдығы:

А4 қағазы, қарындаштар,сызғыш,транспортир,циркуль,өшіргіш,оқулық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу,түгелдеу, назарларын сабаққа аудару,топқа бөлу.

ІІ. Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақ беру.

Бұрышты өзара тең екіге қалай бөлеміз ?

Тік бұрышты тең үш бөлікке бөлу.

Берілген бұрышқа тең бұрыш салу.

Сызбада бұрыштарды қандай аспаптардың көмегімен саламыз ?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сызба жұмыстарын бағалау.


ІҮ. Жаңа тақырып.

Көптеген тетіктер шеңбер бойымен бірқалыпты орналасатын элементтерден (тесіктер,қақпақтар және т.б.) тұрады. Сондықтан да сызбаларды орындау және өндірісте тетіктерді дайындау барысында шеңберді өзара тең бөліктерге бөлу мәселесінің қажеттігі туындайды.

Шеңберді тең төрт және сегіз бөлікке бөлу.

Қақпақ контурының сызбасын салу кезінде шеңберді тең төрт бөлікке бөлу, содан кейін тең сегіз бөлікке бөлу қажет болады. Ол үшін алдымен перпендикуляр екі ось жүргізеді. Осьтердің қиылысу нүктесі О-ны центр етіп алып, шеңбер жүргіземіз.1,3,5 және 7 нүктелері шеңберді тең төрт бөлікке бөледі. 2,4,6 және 8 нүктелерін алу үшін циркуль мен 45º бұрышты бұрыштықты пайдаланып, тік бұрышты қақ бөлудің бізге белгілі тәсілін қолданамыз.Шеңберді бұрыштықтың көмегімен төрт және сегіз бөліктерге бөлу барысында бұрыштықтың гипотенузасы берілген шеңбердің центрі арқылы өтуі тиіс.

Шеңберді тең үш бөлікке бөлу

Фланц контурының сызбасын орындау кезінде шеңберді өзара тең үш бөлікке бөлу керек болады. Ол үшін циркульді О нүктесіне бекітіп, шеңбердің радиусына тең радиуспен доға сызамыз, оның шеңбермен қиылысу нүктелерін 2 және 3 деп белгілейміз. 1,2 және 3 нүктелері шеңберді өзара тең үш бөлікке бөледі.

Бұрыштары 30° және 60° бұрыштықты пайдаланып, шеңберді тең үш бөлуге болады, мұнда да бұрыштықтың гипотенузасы шеңбердің центрінен өтуі керек.

Шеңберді тең алты бөлікке бөлу

Жоғарыдағы сияқты алты тесік бұрғыланған фланцты да сызу талап етіледі. Бұл жағдайда шеңберді тең үш бөлікке бөлудің тәсілін қолдануға болады. Бірақ мұнда 1 және 4 нүктелерін центр етіп алып, шеңбер радиусына тең радиуспен бір емес, екі доға жүргізеді. Шеңберді тең алты бөлікке бөлуді бұрыштары 30° және 60° болатын бұрыштықпен орындалады.

Шеңберді тең он екі бөлікке бөлу

Сызбада шеңберлер бойымен бірқалыпты орналасқан 12 тесігі бар қақпақ көрсетілген. Шеңберді тең 12 бөлікке бөлу үшін 1,4,7,10 нүктелерін центр етіп алып, шеңбер радиусына тең радиуспен доғалар жүргізу керек. Шеңбер бойынан алынған 1-12 нүктелері оны тең 12 бөлікке бөледі.

Шеңберді тең бес бөлікке бөлу.

Берілген О центрі арқылы рейсшина мен бұрыштықтың көмегімен екі өзара перпендикуляр осьтік сызықтар жүргізіледі және О нүктесін центрі етіп алып, берілген диаметрдегі шеңберді сызамыз. А нүктесін центрі етіп алып, берілген шеңбердің радиусына тең радиуспен доға сызамыз. Ол доға шеберді n нүктесінде қиып өтеді. n нүктесінен горизонталь осьтік сызыққа перпендикуляр түсіріп, с нүктесін аламыз. с нүктесін центрі етіп алып, с1-ге тең радиуспен шеңбер доғасын жүргіземіз, ол горизонталь осьтік сызықты т нүктесінде қияды. 1 нүктені центрі етіп алып, 1т-ге тең радиуспен доға сызамыз, ол шеңберді 2- нүктеде қияды.1 мен 2 нүктелері-ізделінді нүктелер, ал 1 мен 2 доғасы шеңбердің ұзындығының 1/5-не тең болады.3,4,5 нүктелерін циркульмен берілген шеңбер бойына 1-2-ге тең кесінділерін тізбектей саламыз.

Шеңберді тең жеті бөлікке бөлу

Роликтің шеңбер бойымен бірқалыпты орналасқан жеті тесігі бар. Роликтің сызбасын салу үшін белгіленген О нүктесін центрі етіп алып, екі өзара перпендикуляр осьтік сызықтар жүргіземіз де, О нүктесін центрі етіп алып, берілген диаметрде шеңбер сызамыз.

А нүктесін центрі етіп алып, шеңбер радиусына тең радиуспен доға жүргіземіз, ол шеңберді п нүктесінде қиып өтеді. п нүктесінен горизонталь осьтік сызыққа перпендикуляр түсіреді де, с нүктесін алады. п-с перпендикулярының ұзындығын 1 нүктесінен бастап шеңбер бойына 7 рет тізбектей өлшеп саламыз. Сөйтіп ізделінді 1-7 нүктелері шығады.


Ү. Сергіту сәті.

Әлемге әйгілі сәулет ғимараттары.

Әр топтан бір оқушы сәулет ғимараттары туралы қызықты мәліметтерді оқу.

ҮІ. Сарамандық жұмыс.

Шеңберлерді тең бөліктерге бөлуге әр топқа кеспе тапсырмаларын беру.

  1. 3-ке,8-ге бөлу.

  2. 4-ке, 12-ге бөлу.

  3. 5-ке, 6-ға бөлу.

  4. 7-ге, 4-ке бөлу.

Әр топқа сұрақ кеспелерін тарату.

1. Сызба сызықтарын ата, сызбадағы сызықтың міндеті.

2. Өлшем сызықтарын қалай саламыз ?

3. Масштаб дегеніміз не ? Масштаб түрлерін ата ?

4. Стандарт дегеніміз не ? Ол не үшін енгізілген ?

ҮІІ. Сабақты қорытындылау

1.Әр топ баяндамашысы сызба жұмыстарын түсіндіру, сұрақтарға жауап беру.

2.Топтар бір-біріне баға береді.

3.Шеңберді тең үш, төрт,бес, алты бөлікке бөлудің тәртібін ретімен айтып беріңдер?

Оқушылардың сызба жұмыстарын бағалау.


ҮІІІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, төрт шеңберді әр түрлі бөліктерге бөлу.


Жұмыс орнын жинастыру.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел ИЗО, МХК
Подраздел Конспекты
Просмотров967
Номер материала ДВ-416807
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх