Инфоурок ИЗО, МХК Рабочие программыСызудан "Модельдердің көрнекі кескіні бойынша үш көрінісін табу" тақырыбында сабақ жоспары

Сызудан "Модельдердің көрнекі кескіні бойынша үш көрінісін табу" тақырыбында сабақ жоспары

Скачать материал



ОҚО Шымкент қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия


Сабақтың тақырыбы:

Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрініс тұрғызу


Пәні: сызу

Сыныбы: 9 «Ғ»

Пән мұғалімі: Лаззат Ергешовна Жузеева


2014 жыл

Пәні: Сызу

Сыныбы: 9 ғ сынып

Сабақтың тақырыбы:

Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрініс тұрғызу

Сабақтың мақсаты:

Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көріністі тұрғызу ережесімен танысып,жұмысты орындау

Сабақтың міндеттері:

* модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрініс салу;

*моделдердің үш көрінісін орындау және изометриялық проекцияларын табу;

*тақырыпқа байланысты сұрақтар дайындау;

*сабаққа байланысты рефлексия жазу.

Табыс критерийлері:




*Модельдің үш көрінісін және бөлшектің сызбасын орындай алады.

*Модельдің конструкциясын зерделей алады.

*Деңгейлі сұрақтар құра біледі.

*Сұрақтарға жауап бере алады.

Күтілетін нәтиже:

* Модельдің үш көрінісін және бөлшектің сызбасын үш көріністе салып, проекцияға сала білді;

*тапсырманы топтық тапсырмада талқылай алды;

*алған білімдерін өмірде қолдана алды;

*өздіктерімен жұмыс орындай білді.

Сабатың көрнекілігі:

*Плакаттар, кеспеқағаздар, маркер, сұрақтар саланған конверттер, геометриялық денелер, түрлі формадағы фигуралар.

Пәнаралық байланыс

Геометрия,сурет.


Сабақтың ресурстары

Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау парақшалары, үлестірмелі кеспе қағаздары, кері байланыс парақшалары, геометриялық денелер топтамасы.





Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

1





































2

































3

Сабаққа дейінгі кезең




































Сабақ кезіндегі кезең



Білу.



Түсіну







Қолданыс





Анализ

(талдау)




Синтез




Бағалау




Мағынаны тану

1.Ой қозғау

Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана мәселені айқындау. Өткен тақырыптарды еске түсіруге арналған тапсырма.



http://www.grand-illusions.com/images/articles/opticalillusions/the_tower/mainimage.jpg




http://www.algana.co.uk/Brainteasers/stairs.jpg










2.Мәтін бойынша сызба жұмысын құрастыру.


3.Жаңа сабақ


Модель конструкциясын зерделеу.



Басты көріністің орналасуын таңдау





Кескіндердің қажетті сандарын анықтау




Пішімдерін таңдап,парақтың көлемін жоспарлау.


Пішінін талдап,әрбір көріністе бөлшектеп кезекпен тұрғызады.


Орындаған тапсырманы өмірмен байланыстыру.



3. Дұрыс жауабын тап



4.Екі көрініс арқылы үшіншісін тап .

Бұл тапсырма жылдам ойлауды, дәлдікті қажет етеді.

5.Үш геометриялық денелерден фигура құрастыр.





6.Жадыны дамытуға арналған тапсырма. Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер беріледі.

Ойқозғау тақырыбы бойынша топтық тапсырмалар орындайды.

1-ші топ -,,Пирамида,,

Қай суретте дұрыс пирамида көрсетілген?


hello_html_34d85b19.gif

а в с


2-ші топ «Призма»

Қай суретте дұрыс емес призма көрсетілген?


hello_html_m23b6ee60.gif

а в с


3-ші топ – «Конус»

Бұл геометриялық дененің қандай да бір жазықтықпен қиылысу нәтижесінде шеңбер пайда болады?

А) цилиндр

В) конус

С) шар

D) призма

4-ші топ- «цилиндр»


Бұл геометриялық дененің бүйір беті жасаушы кесіндісі осы кесіндіге параллель осі маңында айналу нәтижесінде пайда болады.

А) цилиндр

В) конус

С) шар

D) тор


Нәтижесінде – «Пирамида» , «цилиндр», «Призма», «Конус» денелерінің аты шығады.



Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрініс тұрғызу үшін гобаритті өлшем арқылы сызба жұмысына көмекші сызықтар жүргізеді.


Заттың пішініне талдау жүргізеді. Берілген тапсырманың гобаритті өлшемді салып негізгі формасын орналастырады.

Геометриялық денелер әр түрлі тәсілде беріледі.1,2-топқа макеттің гобаритті өлшемін шығарады, 3,4-топқа изометриялық проекцияда орналасқан сызба жұмысына гобаритті өлшемін шығарады.


Проекциялау бағытын, яғни, басты көріністің орналасуын таңдайды.

( «V»- фронталь, «Н» - горизонталь, «W» - профиль) Проекция жазықтығының орналасуын анықтайды.


Салынатын үш көріністі орындайды. Көмекші сызықтар арқылы басты көріністің орналасуын орынды таңдап алып, қалған проекцияларды ереже бойынша орындайды.


Кескіндер санын анықтап алып, пішімді таңдап алады. Масштаб пен пішімді таңдайды.

Пішінді талдап,әр көріністі талдайды.Сызбаны айналдыра басып көрсету белгілі ретпен орындалады. Тапсырманы айналадағы өмірмен байланыстыру, мысал келтіру.


1. 3 тұжырым жазылған, оның біреуі «жалға» .

2. Өз тұжырымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер.

3. Екінші жұп тұжырымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

Екі көрініс арқылы үшінші көрінісін жылдам табу керек.



Әр топ өз қалаулары бойынша 4-5 геометриялық денелерді таңдап алады.Сол

.



.

Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске ала отырып қажеттігіне қарап отырып рретімен қою қажет.


2минут



3минут



































8 минут





7 минут



























6 минут





5 минут




6 минут









4 минут

4

Сабақтан кейігі кезең


6.Үйге тапсырма

Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрініс тұрғызу

аксонометриялық проекция орындау.

Тапсырманы ереже бойынша үш көрінісін орындап, аяқтап келу.




2 минут




5

Рефлексия

5.Мен нені білемін?

(кіріспе тапсырма)


Мен нені білгім келеді?

(кіріспе тапсырма)


Мен нені білдім?

(талқылау)

Сабақ соңында оқушылар нені білетінін, нені білгісі келетінін және нені білгені туралы рефлексия жазады.


2 минут

. Сабақты оқушыларды геометриялық денелер арқылы топқа бөлуден бастадым.Тақырыбымның өзі геометриялық денелердің үш көрінісін табу болды. Алғашқы тапсырма өткен сабақты еске түсіру бойынша тест тапсырмасы орындалып балалар бірін –бірі бағалады . Ол тапсырма өткен сабақты еске түсіру болғандықтан тапсырма шешуін жылдам тауып, тапсырманы оқушылар ешқандай қиындықсыз орындап шықты. Ой толғаныс кезеңінде оқушылар өздерін бағалау парағына бағалады. Өзара бағалау оқушыларға бір-бірімен өзара оқуға және бір-бірін өзара қолдайтындай, қажетті кері байланысты орнатуға көмектеседі, ол оқушыларға сөйлесу, талқылау, түсіндіру және бір-бірін сыни бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Тиімді жасалған өзара бағалау алдағы уақытта оқу кезеңінде оқушылардың одан әрі алға ұмтылуға деген жауапкершіліктерін дамытуға көмектеседі.Сабақ басталған кезде әр топқа бағалау парағы таратылып берілген болатын. Бағалау жүйесі А, В, С критерийлер бойынша жүргізілген.Сабақ барысында әр топтың басшылары осы бөлімдердің әрқайсысына қаншалықты жауаптар бергеніне қарай балдық жүйемен бағалап отырды. Топбасшылар бағалаған бағалау парағындағы бағалар мен мұғалімнің өзі жүргізіп отырған бағалау парағындағы бағалар сабақ соңында салыстырылып, нәтижесінде қорытынды баға қойылды. Әр топқа жаңа тақырып бойынша мәтін берілді. Сол мәтін бойынша сызба жұмыстарының көріністерін тауып, жұмысты техникалық көріністе салып, қандай бейне шыққанын түсіндіріп беру болды. Мен осы уақытқа дейін мұндай тапсырманы бірінші рет бергендіктен тапсырманың дұрыс орындалатынына күмән келтірген едім. Екі топтың тапсырмасы дұрыс орындалды, бір топ тапсырманы орындауда проекцияны дұрыс градуста орындамағандығынан қисық конус шықты, ал бір топ мүлдем жазық фигураны яғни овалдың үш көрінісін салып қойған. Бірақ тапсырманы тек бір топ қана шешімін дұрыс таба алмады. Қалған топтар тапсырманы дұрыс сызып және оның қандай дене екенін, қандай проекцияда салыну керектігін атап көрсетіп, түсіндіріп кетті. Осы кезде оқушылардың арасында көркем әдеби шығармаларды көп оқымайтындықтары белгілі болды. Көбінесе сабақта оқушылардың өз ойын айта алмауы мен кітаптан оқығанын жеткізе алмайтын кездері көптеп кездеседі. Менің ойымша ондай оқушыларды барынша кітаппен достасуға шақырар едім.

Кітапта адамның тіл байлығын дамытатын көптеген қазақ халқының жауһарлары бар. Барлық балалар осыны өздері түсінсе екен. Осыдан кейін мен мәтінмен тапсырманы үнемі беріп отырамын деп шештім.

Келесі тапсырма әр топ өткен тапсырма бойынша үш тұжырым жазып оның біреуін жалған жазу керек. Оны сағат тілімен ауыстырып ,келесі топқа беріп, оның дұрыс емес жауабын табу керек болатын. Топ тапсырманың барлығынын да дұрыс тауып, берілген уақытында орындап шықты.Топ оқушылары тапсырманы орындауда барлығы дерлік қатысып отырды деуге болмайды. Сыныпта Нұркен деген бала барлық сабаққа ынтасы төмен.Оның бірақ сурет салуға қызығушылығының жоғары екенін білемін .Өйткені , ол орта буында оқып жүргенде маған суреттен үйірме жұмысына қатысқан болатын. Сызудан да қабілеті жаман емес. Көбіне сабаққа дайындықсыз келеді.Қажетті заттарын дайындап берсең тапсырманы орындап беріп, тиісті бағасын алатын. Бұл сабаққа ол белсенді қатысып , сызба жұмыстарының барлығын сол оқушы орындап отырды.

Сыныпты топта бөлгенде бір топтың мүшелері С және В деңгейіндегі оқушылар жиналап қалған.Өз ара келісіп топ басшы сайланған бала сабақта көп сөйлемейтін және араласа бермейтін Жалғас деген бала болды, ал ол сол сабақта үлкен белсенділік танытқандығы мені қуантты.

Менің алдымнан 5 геометриялық денелерді өздері таңдап алды, сол денелердің үшеуінен немесе төртеуінен бір композициялық көрініс құрастырып, оны изометриялық көріністе сызып шығу керек болатын, балалар тапсырманы орындап ондай көріністі қай жерде көргендігін немесе қандай фигура екендігін түсіндіріп берді.Оны өмірмен байланыстыра отырып болашақ қалаларда , шет елдердегі белгілі үйлермен, орындап шығарған тапсырмасының сызба жұмысымен таныстыра отырып архитектурамен байланыстырғанын айтып кетті.

Мен бұл жерде топқа бөліп отырғызудан түсінгенім оқушылар бір-бірімен пікір алмасып, кез-келген тақырыпты талқылай отырып алға қарай жылжуы. Топтық тапсырмада жұмыс орындауда ешқандай кедергілер кездескен жоқ. Қорытындысында, ұшқыр ойлы мен тапқырлықты қажет ететін тапсырмаларды беру арқылы балалардың тапсырманы орындауда қызығушылығы мен белсенділіктерінің арта түскені байқалды. Сабақ барысында жеке, жұпта, топта қызу талқылулар болды. Әр қайсысы өздерінің идеяларының дұрыстығын айтып топта ой бөлісті. Сабақта ынтасы болмай, зерігіп отырған оқушы болмады. Осыдан кейін топтық жұмыстың тиімділігіне көзім жете бастады.









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сызудан "Модельдердің көрнекі кескіні бойынша үш көрінісін табу" тақырыбында сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 844 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 2543
    • DOCX 265 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жузеева Лаззат Ергешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жузеева Лаззат Ергешовна
    Жузеева Лаззат Ергешовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19780
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Курс профессиональной переподготовки

Изобразительное искусство: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Педагог по изобразительной деятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 546 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе