Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Скакова Гульзира Жанорисовна урок в начальной школе

Скакова Гульзира Жанорисовна урок в начальной школе

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Скакова Гүлзира

Бастауыш сынып мұғалімі 3- деңгей

Ақсуат орта мектебі



Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақтар топтамасынан

бір сабаққа рефлексия.

Он екінші наурыз күні 4 сыныпта әдебиеттік оқудан тәжрибе алмасу мақсатында Lesson study сабақ жоспарын тұрғызып сабақ өткіздім. Сабақ тақырыбы: «Достық» , ал сабаққа оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету мақсатын қойдым
Күтілетін нәтиже достық туралы көзқарасы қалыптасады деп алдым.

Сабақты сергіту,сыныптағы жағымды атмосфераны қалыптастыру мақсатында тренинг өткіздім. Балалармен жағалауға қиялмен саяхаттадық. Балалар жағымды әсер алып, сабаққа құлшына кірісті. Балаларды стикер түстеріне қарай топтарға бөлдім. Екі шағын топ құралды. Сабақ басында оқушыларға смайликтер ұсынып, кәзіргі уаққытта өздерін қалай сезінетіндерін, өз күйіне сәйкес смайлды таңдап, аттарын жазып тақтаға ілулерін сұрадым. Тақырыпқа кіріспес бұрын «Ой шақыру» әдісін пайдалана отырып достық туралы оқушылардың алғашқы білімдерін жинақтадым. Екі топқа адал және жалған досты сипаттап постер (жоба) жасауды тапсырдым. Оқушылар өз жобаларын жасап шын дос пен жалған досқа сипаттама беріп өтті. Түсініктерін одан әрі бекіту мақсатында 1-ші топқа өтірік досты, ал 2-ші топқа адал досты көрсетіп сахналауды ұсындым. Балалар бұл тапсырманы өте жақсы орындап, өздерінің шығармашылық қабілеттеріне толыққанды көрсете алды. Тапсырмада күтілген нәтиже толықтай ақталды. Топтардың сахналық көріністері мағыналы тақырыпқа сай болды. Келесі кезеңде топтарға достық тақырыбындағы мақал-мәтелдердің жалғастыру тапсырмасы берілді. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуға ықпалын тигізді деп ойлаймын мақалдар күрделі болды. Балалар ұйқасын табуға, мағынасы келетіндей етіп жазды. Әрине дұрыс жауаптармен қатар дұрс емес нұсқалар да кездесті. Осы топсырмалардың барлығын орындауда өте белсенділік танытқан А тобы оқушысы А.Зухра мен В тобы оқушысы Х.Оспан болды. Тапсырмалар орындалу барысында балаларды мадақтап, жасалған жұмысына қарай шапалақтап ынталандырып отырдым. Сабақ барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, көңілді отырды. Барынша өздерімен біргелесіп құрастырған топтық ережелерді бұзбауға тырысқандары байқалатын. Мәтінмен жұмыс барысында автор орындығы әдісін пайдыландым. Шаршаңғылықтарын басу мақсатында Австралиялық жаңбыр атты тренингін өткіздім. Тренингтен жағымды әсер алғандары жүздерінен байқалып тұрды. Барлығы бірігіп «Достық» үйін салуларын сұрадым. Әр оқушы достық үйін салуға өз үлесін қосты. Әр балаға өзінің ең жақын досын осы үй ішіне жазғызып, балалардың сыныптағы достық шеңберін анықтау мақсатын көздеп өткіздім. Нәтижесі мен күткендей болып шықты сыныптағы оқушылар бір-бірімен өте жақсы қарым-қатынаста. Қорытынды бөлімінде жлпы достық тақырыбында алған білімдерін бекіту мақсатында ашық және жабық сұрақтар қою арқылы тақырыпты бекіттім. Кері байланыс парақтарына оқушылардан сұрақтары мен ұсыныстары болса жазуды сұрадым, оқушылардың сұрақтары жоқ болып шықты,есесіне оқушылар сабақтың қаншалықты ұнағаны және алған әсерлерін жазыпты. Топта оқушылар өте жақсы жұмыс жасады әйтседе кемшілігі бір топқа екі белсенді оқушы түсу себебінен С топ оқушысын К.Ансаған өзін сенімсіздеу сезініп, толыққанды жұмыс жасауына кедергі болды. Келесіде топқа бөлгенде топ құрамындағы оқушыларды қабілеттеріне қарай бөлу керектігін түсіндім. Жалпы сабағымда топтық жұмыс ұтымды болды деп сеніммен айта аламын. Оқушылардың барлығы жұмыс жасады, белсенді болды. Сыныбымда топ ұғымы қалыптасқанына көз жеткіздім. Сабақ соңында оқушыларға тағыда смайликтер ұсынып сабақ соңындағы көңіл-күйін анықтадым. Lesson study құрамындағы әріптестеріммен сабақты талдай отыра, топқа бөлгенде білім деңгейі мен қабілеттеріне көңіл бөлудің маңыздылығын ұқтық. Әріптестерім тарапыннан көп пайдалы кеңестер алып, туындаған қиындықтан топтасып шығудың оңай екенін түсіндім. Сыншы емес ақылшы мен көмекші ретінде әріптестермен жұмыс жасау әлде қайда пайдалы және жемісті көрінді маған. Келешекте сабақ жоспарын құруда, жоспарлауда әріптестерімнгің көмегіне жүгініп, білмегенімді үйреніп, білгеніммен бөлісіп отырамын деген түйінге келдім.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров113
Номер материала ДВ-314725
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх