Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыСказки народов мира в стихах на казахском языке.

Сказки народов мира в стихах на казахском языке.

Скачать материал

 

Түлкі мен ешкі

 

 

Түлкі әндетіп жортып келе жатады.

 

Түлкі:

Етсіз тағам, тағамба?

Бірақ, дайын ет қайда?

Жортып міне барамын,

Етті қайдан табамын?

Амалсыздан ауылдан

Тауық ұрлап аламын.

 

Автор:

Келе жатып елеңдеп

Құдықты ол көрмеді

Түсіп кетті күмп етіп,

Шығар  енді ол қайтіп?

 

 

Білмеді түлкі не істерін?

Жөн көрді біраз күткенді.

 

 

 

 

Ыстықтап, шөлдеп, ешкі келе жатады.

 

 

 

Ешкі:

Құлағым пүліштей,

Тұяғым күмістей.

Көзім жұлдыздай,

Жүнім құндыздай,

Мүйізім жүздей,

Сүзем бәрін үзбей.

 

Автор:

Әндетіп ешкіміз,

Құдыққа келеді

Үңіліп қарады

Түлкіні көреді.

 

 

 

Ешкі:

 

Неғып отырсың түлкім?

Келді ғой менің күлкім.

Орманда емес ауылда,

Қайдан ғана жүрсің?

 

Түлкі:

Ой, рахат, керемет,

Жанып едім ыстыққа.

Суы дайын,

Іші салқын,

Отырмын мен демала,

Ыстық күні, не бар дейсің далада?

Демалсаң кел, орын бар,

Саған берер, сыйым бар.

 

Ешкі:

Іздегенім су еді,

Осы еді ғой керегі.

 

 

 

 

Автор:

Ойланбай ешкі,

Жарады десті.

Баса жаздап түлкіні,

Құдыққа бірден секірді.

 

Түлкі:

Күткенім менің осы ғой.

Ақымақ менің досым-ай

 

 

Автор:

 

Түлкіміз қу ғой,

Жүрген жері шу ғой.

Арқасына түлкінің

Секіріп мінді.

Мүйізіне ешкінің,

Аяқтан тік тұрды.

«Ә» дегенше ешкі,

Түлкі сыртқа шықты.

Алданғанын ешкіміз,

Біраздан соң түсінді.

Аһ ұрып ол өкінді.

 

Тауып алып иесі,

Ешкі ажалдан құтылды.

 

 

Түлкі мен Тырна

 

Ерте,ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен,

Дос болыпты түлкіміз.

Тырна атты құспенен.

 

 

 

Түлкі:

Көк жүзінде жылжып жай,

Керуен құрған тырнам- ай,

Шақырады қонаққа.

Түлкі мына қонақжай.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тырна:

Рахмет, саған, түлкіжан,

Ертең, түске мен барам.

Отырайықшы дем алып,

Бой жазып, сергіп алайық.

 

 

Түлкі ( ішінен)

 

Қарық  болып күлкіге

Мен демалып алайын,

Тезірек кел тырнеке,

Тамағымды дайындайын,

Талай көрген Түлкіжан,

Сендейлердің талайын.

 

 

Автор:

 

Түлкі асқа шақырды.

Ойын іске асырды.

Тәрелкеге сап ботқа,

Досына оны ұсынды.

 

 

 

Түлкі:

 

Тоя жеп ал, тырнажан,

Тағам саған, арналған.

Табаққа сұйық ас құйып,

Тәлеңкеге бал құйып,
Шыныаяққа шәй құйып,
  Сыйладым сені тырнажан.

 

Автор:

 

Тұмсығымен шоқыды,

Оған бірақ болмады.

Тамақты  тоя жей алмай,

Тырна досы аш қалды.

 

Жәйпақ ыдыc тырнаның
 Келтірді ашу- ызасын
  Тұмсығына ілінбей
    Ас-су қалды ішілмей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

Бар ботқаны өзі жеп,

Түлкі жылмаң қағады.

 

Түлкі:

 

Жесеңші, досым, тырна,

Босқа қарап тұрма.

 

 

Тырна:

 

Тамаққа әбден тойдым.

Дәмді екенін көрдім.

Ертең маған түсте,

Қонаққа кел, түке.

 

Автор

Ашулы еді тырнамыз,

Онда дабар бір намыс

Тамақты тырна ішпеді
Түлкі бәрін жалапты,

 Алғыс айтып түлкіге
 Қайтытты тырна үйіне.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тырна:

 

Барам ерте саған,

Дайындай бер, тағам,

 

Автор:

 

Бұралаңдап қу түлкі

Қонаққа келді тырнаға,

Тойып алып тамаққа

Кете қалмақ аулаққа.

 

Тырна:

Дәмді тамақ жинадым,

Мен өзіңді сыйлаймын,

Қандырып ал шөліңді

Құмыра міне,  оюлы.

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

Автор:

 

Алдынағы ас қа толы құмыра,

Тұмсығы оның сыймады.

Түлкі жаман қиналды.

Тағамды да қимады.

Ал, тырнамыз бір өзі

Ішіп алды жарады.

 

 

 

 

 

 

 

Дәмді піскен тамақтың
 иісі мұрнын жарыпты,
 Сілекейі шұбырып
 Мазасын әбден алыпты,
   Осылайша екі дос
 Сыйласыпты, алдапты

  Кәзірге дейін екеуі

Бір-біріне бармапты.


      
                                                      Тырна:

Өзің қазған орыңа,

Түстің ғой сен, түкешім.

Осылайша, түкешім,

Саған менде, қош айттым.

Балалар!

Жәйсіз қылық, жаман сөз

Тарайды тез ағындай,
  Сақта адал досыңды
    Көздің қарашығындай.

 

 

 

 

.

 

 

Түлкі мен қырғауыл

 

Автор:

 

Түлкі жортып келеді.

Осы еді ғой керегі

Отырған ағаш басында.

Қырғауылды көреді.

 

 

Түлкі:

Қырғауыл жан аманба?

Үй-ішің бала шағаңда.

Тілектеспін мен саған,

Аман болшы қашанда.

Автор

Қу түлкінің бұл ойын.

Қырғауыл бірден түсінді,

Арам ойын түлкінің,

Асырмасқа бекінді.

 

 

Қырғауыл:

 

Рахмет, түке өзіңнің

Отбасың тегіс аманба?

Менде өзіңе түкешім,

Тілектеспін қашанда.

 

Түлкі:

 

Жерге түсіп сөйлесей,

Бір құлағым естімей,

Халім мүшкіл болып тұр.

Көзім де сені көрмей тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қырғауыл:

 

 

 

 

 

 

 

Түсуге жерге қорқамын,

Түрлі аң бар жортатын.

Жеп қойса мені қайтемін,

Балапандарыма керекпін..

 

 

Түлкі:

Қырғауыл шырағым,

Жақсарды қазір заманым.

Бұйрық шығыпты,

Барлығы біліпті,

Қасқыр мен қойың

Түлкі мен итте.

Жүреді бірге,

Түссеңші жерге.

 

Қырғауыл:

Жақсы хабарың бар екен,

Рахмет саған, түкем,

Келе жатқан иттерге

Хабарыңды бер сен.

 

 

 

Автор:

 

Ит деген сөзді естіп,

Түлкі қашты зытып.

Келген ісін ұмытып,

Құйршығын қысып.

 

Қырғауыл:

Бұйрықты ұмытып,

Кеттің қайда түлкі.?

 

Түлкі:

Қырғауыл, күнім-ау

Сақтанған түрім -ғой,

Бұйрықты бұл иттер

Естімеген түрі бар.

 

Автор:

 

Түлкі зытты міңгірлеп.

Ойы іске аспады.

Қайтып келіп алдауға,

Аяғы оның баспады.

 

 

 

 

 

 

 

Ақымақ қасқыр

 

Ерте, ерте, ертеде,

Ел жайлауға көшкенде,

Қасқыр іздеп жемтігін,

Ауылды торып жүріпті,

 

Автор:

Қасқыр көріп ешкіні,

Қарсы оған  келіпті.

 

Қасқыр:

Аяғыңды аңдап баспай,

Түстің торға ешкім-ай

Жеп сені, тойып алайын,

Бір жасап мен қалайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешкі:

 

Кәрі ешкі мені қайтесің?

Етім сіңір,өзі арық.

 

Болмаймын ғой, мен азық.

Кішкене тоссаң қайтеді?

Лақтарым бар еді,

Таңдап жерсің керегін,

Әкеп саған беремін.

Әрі балғын,  әрі жас,

Таппассың сен, ондай ас.

 

Қасқыр:

Мақұл онда барыа кел,

Лақты тез, алып кел,

Сауабымды ала ғой

Жүгір, қане, бара ғой.

 

Қасқыр:

Артыңнан жайлап барайын

Азығымды табайын

Бір ағаштың  түбінде

Тосып сені алайын.

 

Автор:

Ешкіміз біздің ақылды

Иесін өзіне шақырды.

Болған жайды баяндап,

Көмекке оны шақырды,

Қасқырды қуып аулаққа,

Зәресін оның қашырды.

Алданғанын өзінің,

Ақымақ қасқыр түсінді.

 

Ешкі

Ақымақсың қасқыр,

Қараңды тез батыр.

Ауылдан ас табылмас,

Орманыңа жүгір.

 

 

Қасқыр:

 

Аш болғанша бұлайша,

Қойды ауылға барайын,

Алдап соғып қойшыны,

Қойына мен шабайын.

 

Келе жатып, қасқыр қойға кездеседі.

 

 

 

Қасқыр:

Дәл кезіктің қойым,

Сені жеу, менің ойым,

Тіске сені басайын,

Бір жасап, мен қалайын.

 

 

 

 

Қой:

 

Жегің келсе жей ,ғой

Менің етім, дәмді ғой

Жейсің бәрбір сен,

Арманда мен қалмайын.

Билеп- билеп алайын.

Сосын тамақ болайын.

 

Баран

 

Қасқыр:

 

Биле, биле,  қойым,

Тамағым менің дайын.

 

Автор:

 

Билеп жүріп қойымыз.

Алдап кетті қасқырды.

 

Ашуланды қасқыр,

Қас албасты басқыр.

Ештеңеден қорықпады

Жылқыға келді қостағы.

Көзі оттай жанып,

Солығын әрең басты.

 

 

 

 

 

Қасқыр:

 

Жүйрік сұлу жылқы.

Төзімім таусылып бітті

Тісіме сені басамын.

Менен болар ажалың.

Қойшылар қосты итін,

Бүйткен күнім құрысын.

Неге тосылып тұрсың?

Бітті осымен ісің.

 

Жылқы:

 

Жегің келсе қайтемін?

Әлім келмес білемін.

Тұяқтан бастап жеп ал,

Әбден өзің тойып ал.

 

Автор:

 

Жылқы ойын сезбеді,

Ақымақ қасқыр дәмелі

Ал, жылқымыз ойланбай

Басын оның көздеді.

Қақыр аузын ашқанда,

Бастан оны дәл тепті,

Есі кеткен қасқыр,

Сол кеткеннен мол кетті.

 

 

 

Қой, ешкі, жылқы

 

Қоймыз, ешкі, жылқымыз,

Татумыз біз бәріміз,

Аш, қасқырдан құтылып,

Жарасып тұр сәніміз.

 

Қиындықтан құтылдық.

Бізге келер қауып, жоқ.

Иеміз қасымызда,

Уайымда жоқ, тамақ тоқ.

 

 

 

Шалқан

 

Ата:

Қартайдым деп - жатпайын.

Бір істі тез бастайын,

Ермек болсын өзіме,

Шалқан  егіп тастайын.

 

Автор:

Ата алды кетпенді,

Жөн көрді шалқан еккенд.і

 

Біраз уақыт өтіпті.

Шалқан пісіп өсіпті.

Жұламын –деп шалқанды,

Ата біраз шаршады.

Жұлқа-жұлқа, тартты ата

Жетпеді күші сәл ғана.

 

 

Репка. Сказка с картинками.

 

 

 

 

Ата :

Кемпір- кемпір қайдасың?

Сенде жүріп аласың

Тездетіп кел, қанекей,

Шалқан пісті, мінекей.

 

 

 

 

Әже:

Сонша неге ақырады?

Мені неге шақырады?

Бір шалқанға әлі келмей,

Кемпіріне бақырады.

Тез  көмекке барайын,

Шалқанды жұлып алайын.

 

Автор:

Тез көмекке келді әже.

Бірақ күші жетер ме?

Үлкен өскен шалқанды.

Жұла алмады, таң қалды.

Көп ойланып жатпады,

 

Немересін көмекке,

Шақыра әже бастады.

 

 

Әже:

Күнім , менің келе ғой,

Бізге көмек бере ғой.

 

Немере:

Ойнап жүріп алмайын,

Ата-әжеме барайын,

Жалқау деп - ойлап жүрмесін,

Шалқанды жұлып алайын.

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

Үшеулеп тартты шалқанды,

Жұлынбады болмады….

Ойланып ап, әп сәтте,

Шақырды, күшігін тездете.

 

Немере:

Күшігім –ау ,сүйкімді

Көрейінші күшіңді

Көмегіңді бере, ғой

Шалқанды жұлып ала ғой.

 

Күшік:

Көмекке тез барайын,

Шалқанды жұлып алайын

Мен сүйкімді қызымнан,

Рахметін алайын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

Қанша жұлып тартқанмен

Шамалары келмеді

 

 

Көмекке енді кімдерді

Шақырарын білмеді,,,,,,,

Арс , арс, етіп күшігі,

Мысықты тез шақырды.

 

Күшік:

Көмекке кел мысығым,

Көрейін сенің пысығын.

 

Автор:

Ала мысық айлалы

Жан жағына қарады,

Бармасына амал жоқ

Лажсыздан барады.

 

Мысық:

Бар жұмысты бір өзі

Жүргендей ғой атқарып,

Арс етіп, қабам дейді

Келмейді шамаң дейді,

Амалсыздан барамын,

Табармыз бір амалын.

 

 

 

Автор:

Қанша күштеп тартқанмен,

Жұлынбады болмады,

Кішкене ғана тышқанды,

Шақырмасқа болмады.

 

Мысық:

Тездет, қане тышқан

Құтқар мына жұмыстан.

 

Тышқан:

Әлсіз мына біздерге

Күн көрсетпес бәрі де,

Бар күшімді жинайын,

Өз өзімді қинайын

Үлкен өскен шалқанды

Тездетіп жұлып алайын

 

Автор:

Бар күшін бойға жиып,

Келді тышқан жүгіріп.

1,2,3 деп тартып еді,

Шалқан кетті жұлынып.

Кім мықты өзің ойла?

Тереңіне бойла.

Бәрінен мықты?

Тышқан болып шықты.

 

 

Бауырсақ ертегісі

Ерте, ерте,ертеде

Өмір сүрді ата-әже

Бауырсақ пісір -  деді ата,

Қарны ашты көп жата

 

Ата:

Кемпір-кемпір ұмытшақ,

Пісір дәмді бауырсақ.

Тойып жеп алайын,

Сосын ұйықтап алайын.

 

Әже:

Сөзіңе құлақ салайын,

Қаптың түбін қағайын.

Жегің келсе, бауырсақ

Пісірейін қазір-ақ.

Әже:

Дайын  міне бауырсақ,

Суысын, сәл азырақ.

Терезе алдына қояйын,

Шайымды тез дайындайын.

 

 

 

Автор:

Бауырсақ жерге түсіп-ап,

Билей кетті зымырап.

 

 

Мен бауырсақпын, бауырсақпын,

Өзім сондай тәтті - ақ пын.

Атаданда қаштым,

Әжеден де қаштым

Ойнап билеп қайтуға,

Жол тартамын орманға.

 

 

(Қоян әндетіп келе жатады.)

Көлеңкемнен қорқатын,

Қорқақ қоян мен болам

Сылдыр етсе жапырақ

Қалам лезде абдырап,

 

(Бауырсаққа кездеседі.

 

Қоян.

Қызыл, күрең бауырсақ

Өзі сондай тәтті –ақ

Жеп, алайын

Тамаққа тояайын.

 

Бауырсақ:

Жеме, мен саған өлең айтамын.

Мен бауырсақпын, бауырсақпын,

Өзім сондай тәтті ақ пын

Атаданда қаштым,

Әжеден де қаштым,.

 

 

Автор:

Ширақ біздің бауырсақ,

Алдап, қашты домалап.

 

 

 

 

 

Қасқыр:

 

Мен жортамын түнімен

Жолықсам деп қойменен

Жеті қырдан асайын,

Тамағымды табайын.

 

Ой, тамаша керемет,

Кезіктің ғой бауырсақ.

Қарным менің тояр еді,

Жеп сені тез алсақ.

 

Бауырсақ:

Тоқта сен жеме мен саған өлең айтамын.

Мен бауырсақпын, бауырсақпын,

Өзім сондай тәтті - ақ пын

 

Ойнап билеп қайтуға,

Жол тартамын орманға.

Атадан, әжеден,  қояннан қаштым

Сенен құтылу оңай.

 

Автор:

 

Ширақ біздің бауырсақ

Қасқыр қалды абдырап.

Әрі қарай жөнелді,

 Өзі сондай көңілді.

 

Аю:

 

Менің жазғы қорегім

Жеміс- жидек теремін.

Теремін де керегін,

Қонжығыма беремін,

Мал болсада, жер едім,

Аң болсада жер едім,

Ал, жолықтым бауырсаққа,

Ең сүйікті қорегім.

Ал, бауырсағым, бауырсағым,

Тез жеп сені,аламын.

 

 

 

 

 

 

Бауырсақ:

Тоқта сен жеме мен саған өлең айтамын.

Мен бауырсақпын, бауырсақпын,

Өзім сондай тәтті - ақ пын.

 

Ойнап билеп қайтуға,

Жол тартамын орманға.

Атадан, әжеден, қояннан да,

Қасқырдан  да қаштым.

Сенен құтылу оңай.

 

Автор:

 

Ширақ бауырсақ әп - сәтте,

Кете барды әндете.

Түлкі:

Мен түлкімін, түлкімін

Бар қулықтың кілтімін,

Бір амалын қарайын

Тамағымды табайын..

 

- Оооо Кездесті міне бауырсақ,

Тойып жеп алсақ.

 

Бауырсақ:

Жеме мен  өлең айтамын.

Мен бауырсақпын, бауырсақпын,

Өзім сондай тәтті - ақ пын.

 

Түлкі:

Тоқта бауырсақ, шырағым,

Естімейді құлағым.

Тұмсығыма мініп ап,

Тездетіп, әніңді айт.

 

 

Автор:

Қу екенің түлкінің

Бауырсағымыз білмеді,

«Ә» дегеннен бауырсақты

Қу  түлкі , жеп үлгердІ.

 

Жалғыз барма орманға,

Кезігесің аңдарға,

Үлкендердің тілін ал,

Соны ойыңа,  түйіп ал.

 

 

Үй жануарларының дауы

 

Автор:

Жайылымнан кешкілік

Жамырады бес түлік

Төңірекке тараған

Малдар дауын естідік

Адамға кім пайдалы?- деп

Деп барлығы дауласты

Бір- біріне сөз бермей

Жамырасты таласты

Ақырын, барайық

Сөздерін естіп алайық.

 

Автор:

 

Желе шауып бие келді,

Өз  сөзін ол түйе келді.

 

Бие:

 

Бөтеге де, жеп өстім,

Көдеде жеп өстім,

Атқардым бір өзім,

Ауырын бар жұмыстың

Сары дәрі қымызым,

Бұрқыраған иісі

Мұрныңнан кетпес күн ұзын,

Әрі - дәрі, әрі дәм,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұрт сүйсініп,таныған,

Қазыға,  ас жоқ тең келер,

Дастарханға сән берер.

Дауласпайық бекерге,

Мен пайдалы адамға.

 

Автор:

Жаймен басып сиыр келді

Өз сөзін ол түйіндеді.

 

Сиыр:

Шелек- шелек сүт берем,

Айран берем құрт берем,

Қарын май қандай?

Қағасың жесең таңдай?

Менің берген айраным

Асқазанға пайдалы.

Томпайтып ұртты,

Сорасың құртты.

Ірімшігімді қайнатқан,

 

Дастарханды жайнатқан.

Егін орып жер жыртып,

Бар жұмысты жайратқам.

Дауласпаңдар бекерге

Мен адамға пайдалы.

 

 

 

Автор:

Қой дегенмен қоймады,

Келесі сөзді қой алды

Қой:

Қараңдаршы қандаймын,

Жарқырайды маңдайым,

Қой үстіне бозторғай

Жұмыртқасын салған деп,

Мен туралы айтылған

Жақсы айтылған талғам көп,

Жүннен киім кигізген

Көп пайдамды тигізгем,

Құйрық  - бауыр жасап,

Жейді адам асап,

Айта берсең менің ,

Пайдам барын көрдің.

Дауласпаңдар бекерге,

Мен адамға пайдалы.

 

 

Автор:

Ешкімге дес бермей,

Ешкі шықты секеңдей.

 

Ешкі :

 

Ешкі қойды бастаған,

Оны артыма тастағам.

Ешкі, ешкі мен екем,

Секеңдегеен сері екем.

Сойсаң саным қалақтай,

Саусаң сүтім бұлақтай.

Тастан тасқа секіріп,

Ойнағанды қайтерсің.

Қойға қасқыр шапқанда,

Көрегенді  қайтерсің.

Айта берсем жақсымды,

Сөз қалмайды бәріңе.

Сондықтанда достарым,

Мен пайдалы адамға.

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

Маң - маң басып түйе келді

Сөз сөйлер ол жүйелі енді.

Түйе:

Маң-маң басқам, маң басқам

Шудамызды шаң басқан.

Өркешімді қом басқам

Аяғымды тең басқам.

Жүк ауырын көтеріп

Келемін мен үнемі

Ішіп керген шұбаттан

Бәрін бірден ұнатқан

Жібек жүнім жылытып,

Сақтап қалар суықтан.

Сондықтанда адамға мен,

Боламын  пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

 

Итіміз ыр етті,

Өзі туралы жыр етті.

 

Ит :

 

Абалап үремін,

Үй қорып жүремін,

Жеті қазына бірі

Адамның серігі

Баланың қозы, лағын

Мен бағамын шырағым

Сондықтанда адамға мен бәрінен пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор:

 

Даурыға бастады,

Ұялып қашпады.

Адам келіп тоқтатып,

Түсіндіре бастады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам:

Түйе – байлық,

Қой – мырзалық,

Ешкі – жеңілдік,

 

Жылқы – жүйрік,

Сиыр - сәндік,

Ит айнымас – дос,

Дауласпаңдар бекерге

Сендерсіңдер керегі,

Адам соны біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әтеш пен тоты құс

 

Автор:

Ерте көне заманда,

Жапан иен далада,

Әтеш пенен тоты құс

Дос болыпты тамаша.

Ол кездері басқаша ,

Олар өмір сүріпті,

Әтеш азан шақырмай,

Тоты жерде жүріпті.

Бір күндері болғанда,

Тотымызды әпкесі,

Шақырыпты қонаққа,

Үстіне киім әдемі ,

Таба алмапты бірақта.

 

Тоты:

Әтеш досым  - сұлуым,

Бір қалауым бар еді,

Қонаққа мен баруға,

Киер көйлек жоқ еді.

 

Картинки попугаев ара

 

 

 

Әтеш

 

Көйлегімді ала ғой,

Өзі міне жаңа ғой.

Қонағыңа барып кел,

Содан кейін алам ғой.

 

 

 

Автор:

 

Көйлегі оның жаңа екен,

Тотымызға шақ екен.

Киіп алып көйлекті

Билеп ала, жөнелді.

 

Көңілінде күдік бар,

Әтеш оймен сөйледі

Бәрінен де сұлуға

Қымбат еді көйлегі.

 

 

 

 

Әтеш:

 

Досым, қашан келесің?

Жалғыз көйлек білесің.......

 

Тоты:

Қорықпа, достым әтешжан,

Кеш бата мен оралам.

Саған әкеп сыйлықты,

Көңіліңді мен табам.

 

Автор:

Тоты досы әтештің .

Сол кеткеннен мол кетті.

Көйлек берген досымыз.

Келер деп айлап, жыл күтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әтеш:

 

Ку-ка-ре-кук

 

Автор:

Таусылды тағаты,

Төбеге шығады.

Азаннан – кешке дейін

Ол досын тосады.

 

Досы қайтып келмеді,

Көйлегінде бермеді.

Содан бері, бүгінше,

Тотымызды көрмеді.

 

 

 

Жеті лақ

 

Автор:

Орман шеті үйшікте,

Жеті лақты ешкі,

Бейқам өмір сүріпті

Қасқыр оны көріпті.

 

 

 

Автор:

Азық керек лақтарға,

Жиі барды ол орманға,

Лақтарға тапсыратын,

Есіктерін ашпауларын.

 

Автор:

Ешкі келер кештете,

Көңілді әндете.

 

Ешкі:

 

Лақтарым шырақтарым,

Есікті аш шұнақтарым,

Өрісінен енең келді

Желіні сыздап әрең келді

Емшек сүті ағып жатыр

Тұяғыма тамып жатыр.

 

 

 

Лақтар;

Енеміз келді,

Қуанамыз енді

Есікті ашамыз

Сүтке біз тоямыз.

 

Ешкі :

Тойдырып ап сендерді,

Қайта орманға барайын,

Тамағымды табайын,

Тойып менде алайын.

 

Автор:

Естіп ешкі сөздерін,

Қасқыр үйшікке келеді,

Жуан, зор даусымен,

Есік қаға жөнелді.

 

 

Қасқыр:

Сендер, сендер лақтар,

Сендер, сендер шырақтар.

Жылдам аяқ басыңдар,

 

Есікті тез ашыңдар,

Енелерің келіп тұр

Сүт әкелді шолып тұр

Тұяғы суға толып тұр.

 

Лақтар :

Анамыз даусы зор емес

Алданатын біз емес

Біз білеміз қасқырсың

Бізді жеуге асықсың.

 

Қасқыр:  (Ойланып)

Онда ұстаға барайын,

Дауысты шыңдап алайын,

Бір амалын табайын,

Берем сосын сазайын.

 

Автор:

 

Келді ешкі өрістен,

Жәй-жәй басқан жүріспен.

 

Ешкі:

Лақтарым шырақтарым,

Есікті аш шұнақтарым,

Өрісінен енең келді

Желіні сыздап әрең келді

Емшек сүті ағып жатыр

Тұяғыма тамып жатыр.

 

Лақтар:

Енеміз келді,

Қуанамыз енді.

Есікті ашамыз,

Сүтке біз тоямыз.

 

 

 

 

 

Лақ  - 1

Қасқыр келді үйге,

Есік аш деп бізге.

 

Лақ - 2

Әнін айтты сізше,

Ұнамады бізге.

 

Лақ - 3

Даусы сондай зор екен.

Өзі қайдан келді екен?

 

Ешкі:

Лақтарым ақылды,

Ешкімге есік ашпаңдар,

Тентек болмай бәріңде,

Айтқан сөзді тыңдаңдар.

 

Автор:

Кетісімен енелері

Келді,  қасқыр немелері

 

 

 

Қасқыр:

Лақтарым шырақтарым,

Есікті аш шұнақтарым,

Өрісінен енең келді

Желіні сыздап әрең келді

Емшек сүті ағып жатыр

Тұяғыма тамып жатыр.

 

Лақтар:

Енеміз келді,

Қуанамыз енді.

Есікті ашамыз,

Сүтке біз тоямыз.

 

Кіші лақ:

Сәл сабырлық сақтайық,

Тұра тұрсын байқайық.

 

Үлкен лақ:

Даусын анам танымай,

Не болды саған кішкентай?

Тез есікті ашшы,

Қарнымыз біздің ашты.

 

Автор:

Есік лезде ашылды,

Қасқыр ішке атылды.

Лақтарды жеп алып,

Қарасын тез батырды.

Тек кішкентай ақылды

Пеш ішіне тығылды

 

Автор:

Ешкі келді кешкілік

Әнін айтып,естіртіп,

Есік ашып қалыпты,

Ешкі естен таныпты.

 

 

 

Бір сұмдықтың болғанын,

Ешкі байғұс түсінді.

Балаларын сағынып,

Жылап ала жөнелді.

 

 

Ешкі:

Есікті ашып лақтарым - ай,

Қасқырға жем болған, шырақтарым  - ай.

 

Автор:

Мұны  естіп қасқыр,

Қас албасты басқыр.

Жүгіре жетіп жеткен.

Сөз сөйледі өктем.

 

Қасқыр:

Жазғырма мені бекер,

Осы, жылағаның  жетер,

Жүр біраз ойнап алайық,

Көңіліңді көтер.

 

Ешкі: (Ойланып)

 

Қане, қасқыр,тұрмайық

Бой жазып біз алайық.

Жанып тұрған оттан,

Қарғып, өтіп алайық.

 

Автор:

Ешкі оттан секірді,

Қасқыр құлап өкірді.

Қарны кеуіп жарылды,

Лақтар сыртқа атылды.

Тірі көріп лақтарын,

Ешікі байғұс қуанды.

Үлкендерді тыңдаңдар,

Бұзық енді болмаңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақта қыз бен мысық

Мақта қыз

Тазалықты сүйемін,

Тап- таза боп жүремін,

Үйді таза ұстаймын,

Ешқашанда шашпаймын.

Көмектесіп анама.

Қамқор болам қашанда.

( Үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алады)

 

Мақта қыз

Мысығым менің қайдасың?

Мейіз берер апашың.

( Мысық келмейді, мейізді өзі жеп қояды, біраздан кейін                                                                              мысығы келеді)

 

Мысық

Мақта қызым ақылдым.

Мені неге шақырдың?

(Мақтақыз айтпайды, ол қатығын төгеді, мақта қыз құйрығын кесіп алады)

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысық

Мақта қызым апашым.

Құйрығымды қайтаршы.

 

Мақта қыз

Төлеп берсең қатықты,

Аласың сен құйрықты.

 

Автор

Көп ойланып тұрмады,

Сиырдан қатық сұрады.

 

Мысық

Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген,

Сиыр- сиыр, сиырым,

Керек маған  қатығың

 

Сиыр

Қарным ашып жатырмын

Таңды әзер атырдым.

Әкеп берсең жапырақ

Қатық берем молырақ.

 

 

 

Автор:

 

Жүгіре жүріп асыға

Келді мысық ағашқа.

 

Мысық:

Табиғатқа сән берген

Ағаштар алтын жамбыдай

Жерге шашар шуағын,

Орман болған тұрағың,

Ал, ағашым өзіңнен

Келіп тұр, жапырақ сұрағым.

 

 

 

Ағаш:

 

Өзім қатты шөлдедім

Жаңбырды да көрмедім.

Су әкелсең толтырып,

Ала берші жапырақ.

 

 

 

 

Автор:

 

Құйрықсыз қалып мысық,

Ұнжырғасы түсіп,

Су іздеді жүгіріп,

Кетті өзі түңіліп.

Көріп қалды қыздарды.

Су сұрады өтініп.

 

 

 

Мысық:

 

Сұлу қыздар әдемі

Мысық міне дәмелі,

Су беріңдер маған.

Құйрығымды алам.

 

 

 

 

 

 

Қыздар:

 

Қарай гөрші мысық

Өзі сондай пысық.

Сағыз берсең бізге,

Су береміз лезде.

 

 

 

Автор

Мысық  жаман қиналды.

Бар ойын ол жинады.

Дүкешіге баруға

Тездете ол жиналды.

 

Мысық

 

Дүкенші, дүкенші

Аясаңшы мені.

Сағыз берші біраз.

Тосуға менде уақыт аз.

 

 

 

Дүкенші

Ай,мысығым айлалы,

Тигіз маған пайдаңды.

Жұмыртқа жоқ сөреде,

Тез, алып кел жүгіре.

 

 

 

 

Мысық

 

Жұмыртқа қайдан алайын,

әрине тауыққа барайын

 

 

Мысық

Тауық тары жинаған

Оны ешкімге қимаған.

Тауық-тауық, тауық жан.

Жұмыртқаңды бер маған.

Тауық

Бөтегемді толтырып,

Қамбама да құймадым,

Қыста тауық қақылдап,

Тары іздермін тақылдап,

Әкеп берсең тары.

Жұмыртқамды алшы.

 

 

 

 

 

 

Автор

Мысық білмей не істерін,

Есіне алды өткенін,

Өзі қатты өкінді,

Өкінді де өкірді.

 

 

Мысық

Енді қайда барамын?

Тарыны қайдан табамын.

Автор

Сол мезетте ін қазған

Көріпті ол тышқанды.

Сол заматта-ақ мысығым

Тышқанды бірден бас салды

 

Мысық

Үйіңде сенің не бар?

Тышқан.

Табақ- табақ тарым бар,

Әкеліп беремін,

Керек болса бәрін ал,

Тек өлтірме мені.

 

 

 

 

 

 

 

     Тышқан әкеп тарыны мысыққа береді, мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді,дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға береді сиыр қатық береді, қатықты Мақтақызға әкеп береді, қыз құйрығын береді.

Мысық

Үлкендерді тыңдаймын.

Апашымды сыйлаймын

Енді бұзық болмаймын

Тәртіпті мен боламын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сказки народов мира в стихах на казахском языке."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.10.2015 2217
    • DOCX 8.7 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кумисбаева Гульмира Сапархановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5817
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Поколение Альфа. Скоро в школу. Развитие личностных качеств дошкольника

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в организациях дошкольного образования

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 113 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 341 человек

Курс профессиональной переподготовки

Воспитание детей дошкольного возраста

Воспитатель детей дошкольного возраста

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 3408 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 290 человек

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 12 человек