Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сәкен Сейфуллин "Аққудың айырылуы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сәкен Сейфуллин "Аққудың айырылуы"

библиотека
материалов

C:\Users\ЕРЛАН\Pictures\MP Navigator EX\2012_01_28\IMG_0002.jpgАлматы облысы

Балқаш ауданы

«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абылхапова Баян Турсынбаевн

Күні 11-сынып Сабақ №


Сабақтың тақырыбы : С.Сейфуллин «Аққудың айырылуы» поэмасы

Жалпы мақсаттар:

С.Сейфуллиннің өмір жолы, шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту;

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру, топпен жұмыс істеу арқылы өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту.

Оқыту нәтижелері : С.Сейфуллиннің өмірі, шығармашылығы туралы жан-жақты біледі; Өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтанады;

Өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыланады;

Топпен жұмыс істеуде оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері артады.

Негізгі идеялар: Заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру /сәлемдесу, түгендеу, сыныптағы психологиялық ахуалды бақылау/ «Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу:

1.Отан

2.Бейбітшілік

3.Тәуелсіздік

Сабақтың ережесімен таныстыру:

Бағалау парағы таратылады (Критерийлермен таныстыру)

1.Білім:

«Миға шабуыл» Бір-біріне сұрақтар қояды (С.Сейфуллин, шығармалары, «Көкшетау» поэмасы, «Аққудың айырылуы» поэмасы туралы)

2.Түсіну:

Оқушыларға осымен тақырыптас тағы кімнің қандай шығармасы барлығын анықтау мақсатында «Авторлық шегініс» әдісін пайдалана отырып, Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының барлығы, оның тақырыбы – сұлулық пен адалдықтың рәмізіндей, көл еркесі, табиғат көркі аққуға оқ ату екендігі айтылады.

Заманымыздың ғажайып ақындарының бірі, алауратқан таңдардан, қарауытқан таңдардан түйсік алатын, көрінбейтін сиқыр бояулардан, естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын Мұқағали мұрасының таза мөлдір шынайы поэзиясынан «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының тақырыбын, идеясын оқушылар көмегімен аша түсемін, кезінде жаттаған, өздеріне ұнаған шумақтарын еске түсіре отырып, осымен тақырыптас «Аққудың айрылуы» поэмасына қысқаша шолу жасаймын.

Сәкеннің терең де мазмұнды, көркем суреті, терең сезімі ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық шығармалары оқырманын тез баурап алады.

Ақын шығармаларының бір алуаны ғажайып табиғат суреттері, қайталанбас сұлу көрініс, өйткені табиғат ақынға қанатты шабыт береді.

Сәкен жырларының ерекшелігі – оның шынайы құдіреттілігінде.

М.Мақатаев пен С.Сейфуллиннің шығармаларындағы ортақ тақырыптың екі алып жүректің лүпіліндей,теңдесі жоқ ыстық қанында қайнап,ерекше сұлу сезімінде тербеле пісіп туылған шығарма екендігі айтылып, (сызба) шығарманы оқыта отырып,төмендегіше сұрақ қойылады.

І топ: Теориялық талдау

1. Тақырыбы: достық, махаббат

2.Идеясы: сезімге тұрақтылық, досқа адалдық, достықты құрметтеу

3.Негізгі кейіпкер: аққу, мерген

4.Қосалқы кейіпкер: лирикалық кейіпкер

5.Әдеби бағыт: поэзия (поэма)

6.Монолог: лирикалық кейіпкердің тікелей тіл қатуы

7.Көркемдік ерекшелік:

а) эпитет (күміс су,маржан құм);

ә) метафора (екі сұлу,екі маңғаз,ақ сұлу);

б) кейіптеу (көл, құстар әрекеті);

в) риторикалық сұрау;

г) аллегория (адамша сөйлеп тіл қату).

8.Кеіпкер мінезі: шын ұнату, берік достықтың иелері болу, сүйіспеншілік, аяушылық, мерген қатыгездігі.

ІІ топ: Шығарма композициясы: 1.Көл сипаты

2.Құстар қызығы

3.Қос аққу

4.Қатыгез мерген

5.Аққудың азаптануы (кульминация)

6.Өзін мерт ету (трагедия, қайғылы көрініс).

ІІІтоп: Семантикалық картамен жұмыс

Үзінді

Ауасы дертке дауа жұпар иісті, Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?

Сақалы төсін жапқан қыр мұрынды, Киюлі баста жатыр дулығасы.

Шіркін тауық, шырқ айналар, жемің болса қолыңда

Қарасаң етегінен шың басына, Тақия жерге түсер тұрған киіп.

Мініп ап Керкөжекке қайран сұлу, Бұралып қош айтысып жөнеп берді.

Астымда ақ боз атым сылаң сағым

Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл ойлы-қырлы панасы бар.

«Жеке батыр»

Сыр сандық»

«Көкшетау»

«Қалмақ қызы»

«Оқжетпес»

«Тау ішінде»

«Ақсақ киік»








3.Қолдану:

Постер құру

Сергіту сәті:

4.Талдау:

Оқулықты қолданып, «Аққудың айырылуы» поэмасына зерттеу жүргізу.

І топ:

Ақындар аққуды неге жоғары бағалайды?

  • Аққудың сұлулық рәмізі, табиғат еркесі мен көл көркі екендігі.

  • Бір-бірінен адалдық,тазалық, шынайылық, тәкәппарлық, тектілік қасиеттерді көретіндігін.

  • Аққу жарасқан қос жүректің лүпілі, ақ махаббат иесі екендігін.

  • Ел арасында «Аққуды атуға болмайды, махаббатты қорлауға болмайды» деген қағида барлығын айтып дәлелдейді.

ІІ топ:

«Сөз-сурет» әдісін пайдалана отырып, аққудың сыртқы сұлулық қасиетін ішкі жан дүниесімен, сезімталдық мінез-құлқымен, көркем сөздермен көмкеріп портретін жасау (постер).

ІІІ топ:

Оларға қастандық неге адамзат қолымен жасалады?

- Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасында қиянат жасаушы – ана. Ана бауыр еті баласы үшін сәуегейдің сөзіне сеніп, отқа түсті. Итермелеуші күш – ана махаббаты. Құс төресі киелі аққу мен бала бір мезетте жан тапсырды. Ананың да көз алдында ақ төсінен қызыл қан ағып дір-дір еткен аққу мен ақ жөргекте екі беті албырап жанары сөніп бара жатқан бала елесі, екі сурет қатар тұрып қалды. Жақындауға, мылтығын жерден көтеруге дәті бармады, есалаң күйде ...

Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасындағы қиянат жасаушы сұр мерген, итермелеуші күш – қараниеттік. Жасырынып тұрып, жағаға жақындауын күтіп тұрып әдейі атты. Мұндай қараниетті, қаныпезер адамдар сирек болса да кездесіп қалып отырады. Ол қаныпезер мерген кеш те болса, өз ағаттығын сезген сияқты. Екінші аққу жалынып, «Мені де ат!» деп алдына келіп жығылса да, екінші рет атуға дәті бармады, ата алмады, - дей отырып, аққуды атушыны өткір сынға алады.

Дайындаған постерлері бойынша баяндайды. Бірін-бірі толықтырады.

Сергіту сәті:

Мұғалім түсінігі.Сәкен ақынның поэзиясын оқи отырып рәміз дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образдарының бар екенніне көз жеткіземіз. Мысалы: альбатрос, асау тұлпар, сыр сандық. Осылардың ішінде сұлулықтың, тазалықтың идеялы ретінде алынатын бейне – аққу. 1925 жылы «Аққудың айырылуы» атты поэмасын жазды.

Аққулар - сұлу құстар. Әдемі, нәзік құстар. Каспий маңында, Көкше өңірінде жиі мекендейді. Қыздардың сұлулығын сөз еткенде аққуға балайды. «Аққудың көгілдіріндей» теңеулері айтылады.

Мәтінмен жұмыс. Поэма мазмұнын оқушыларға баяндату.

Арқадағы сұлу көл, табиғаты көркем. Көлді мекендеген құстар қаншама. Көлдің ажарын ашатын ерекше құстар – аққулар. Су бетінде нәзік сыланады, ойнайды, бір-біріне еркелейді.

Кенет тыныштықты сұр мерген бұзды. Бұрқ етіп атылған оқпен аққу да қып-қызыл қанға боялды. Сыңарынан айырылған аққу мергенге «мені де ат» деп жалынады. Атпасына көз жеткен соң өзін-өзі биіктен тастап мерт етеді.

Оқушылардың өзіндік жұмысы.

Шығарма адамға үлкен әсер береді. Бірінсіз бірі тіршілік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді.

Құстар сөз етілгенмен, ой адамдар туралы. Неге адал, достыққа берік болмасқа? Бүгінгідей сезімнің тым арзандап, математикалық сипат алып, есепке құрылып бара жатқан заманда әрқайсымызға ой салса керек. Ұлы сезімді құрметтей білу керек.

Оқушылар ойын қорыта келіп, Нұрғисаның «Аққу» күйін үнтаспадан тыңдатамын. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алғандығын байқау мақсатында эстетикалық сезім, талғампаздық, тәкаппарлық сөздерінің астарында не жатқандығын екі шығарманы салыстыра отырып суреттейді.

Біз бүгінгі сабағымызда табиғат пен адам бойындағы сан түрлі сұлулықты, тазалықты көрсете білу мен олардың бойындағы адал да, қарапайымдылықты талдап, өз көзімізбен көре білдік. Сол адал жанды, ақылды адамдар сияқты біз де білімді, адал бола білейік.

5.Синтез

І топ: «Аққудың айырылуын» оқығаннан туған ой (эссе).

ІІ топ: Эпистолярлық жанрда әңгіме-сыр.

Авторға тікелей тіл қату (топтық жұмыс).Сәкен аға, сіздің шығармаңыз бізге үлкен ой салды ... .

ІІІ топ: Модельдеу.

Сәкенді бейнеге балау,қорғау (топтық жұмыс).Біз Сәкен ақынды ... ұқсатамыз.

Себебі ...

Рефлексия 1. Өздеріне тест құрастырту (Әр топ 2 тесттен құрастырып, өзара сұрақтаға жауап береді.)

2.Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді? (инсерт кестесі)

Бағалау:Топ басшылары бағалау парағын өткізеді. Қорытынды бағалау

Үйренуге тапсырма Келесі сабаққа:

1. Б.Майлиннің өмірі, шығармашылығы бойынша қосымша материалдар дайындап келу.

3. Б.Майлиннің бір өлеңін жаттап келу

Эйлер шеңберін толтыру (ұқсас шығармаларды салыстыру).





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1275
Номер материала ДВ-305425
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх