Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сәкен Сейфуллин "Наурыз" өлеңі 4-сынып

Сәкен Сейфуллин "Наурыз" өлеңі 4-сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_5be6f1ad.gifhello_html_58258ea9.gifhello_html_4374ea5e.gifhello_html_m28cd65e9.gifhello_html_6e74a038.gifhello_html_m1741a300.gifhello_html_52f23f14.gifhello_html_m1d3fbc55.gifhello_html_m51eb1d11.gifhello_html_m5a035749.gifhello_html_m5a035749.gifhello_html_m4f6a60a4.gifhello_html_m4f6a60a4.gifhello_html_4d44125d.gifhello_html_1c1bc474.gifhello_html_43ad8278.gifhello_html_3f661a9f.gifhello_html_27629781.gifhello_html_m4438dcc9.gifСабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. Наурыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Өлеңді дауыс ырғағын келтіріп,оқи отырып,мазмұнын ашу, автор туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушыларға көркем мағынасын меңгерте отырып, тілдік қорларын қолдана алу,өз ойларын еркін айту дағдыларын дамыту , шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің ұлттық мәдениетін сақтауға,табиғатын сүйе білуге баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ –жауап,түсіндіру, салыстыру, топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: С.Сейфуллиннің суреті,слайдтар,интерактивті тақта,оқулық,постер,стикерлер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық

Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым,бақытым дара тілім.

ІІ-ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау,бекіту

1.Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау

2.Сұрақ-жауап

- Міржақып Дулатов кім?

-Міржақып Дулатовтың қандай шығармаларын білесің ?

- Өлең жылдың қай мезгіліне арналған ?

- Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Жан-жануарларда ше ?

ІҮ-Ү Жаңа сабақты түсіндіру, бекіту

1.Бүгінгі сабағымыз өткен сабағымыздың жалғасы десек те болады. Олай болса, көктем мезгілі туралы ой қорытайық.

Топтық тапсырма: (постер қорғайды)

І топ.Көктемгі табиғат көрінісі (жылғалардан су ағады; күн мейірленіп жерге жылу төгеді; самал жел еседі; айнала жасыл түске енеді;)

ІІ топ. Көктемгі тіршілік туралы (ұйқыдағы жануарлар оянады;төрт түлік төлдейді; құстар туған жерге ұшып келеді; қызу тіршілік басталады.)

ІІІ топ. Наурыз мерекесі жайлы (Наурыз - жыл басы, жаңа жыл мейрамы; наурыз- жаңа күн деген сөз; бұл күн мен түннің теңелген мерзімі; наурыз көже- тоқшылықтың белгісі;)

2.Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин туралы оқушы ойын тыңдау

Топтастыру стратегиясы

Қарағанды драма театры С.Сейфуллин атында

Шын аты Сәдуақас

15 қазан1894 жылы Қарағанды облысында туған



hello_html_1aca5ddd.pngСәкен Сейфуллин

(1894-1938)







Алматы,Астана қалаларындағы басты көшелеріне есімі берілген

ақын





жазушы





Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті

Қоғам,мемлекет қайраткері









«Қыр балалары» «Тар жол тайғақ кешу» т.б шығармалары бар





3. Оқулықпен жұмыс.

3.1.Өлеңді таспадан тыңдату.

3.2.Оқушыларға оқыту.

3.3. Өлеңде не жайында айтылған ?

Көктемде қандай өзгерістер болады екен ?

4. Сергіту сәті

5. Дәптермен жұмыс

Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) үлгі бойынша жазу

Қайтеді?

Жаз құшақтайды,беттен сүйеді.

Су сылдырлап ағады, күліп былдырлайды.

Құстар ұшып келеді,шаттанады,жырлайды.

Мал қуанады,жадырайды.

6.Сұраққа жауап берейік:

Құстар қайтеді?

Балалар қалай қуанып жүр ?

Қар қалай еріп жатыр ?







Сұраққа жауап берейік











Биыл қандай жыл келіп тұр?

Судың ағысын сипатта



Қазақша жыл аттарын атап бер







7.Бағалау.

8.Рефлексия. Көңіл күйлерін білдіру (стикерлер)

ҮІ. Үйге тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңін салыстыру.







































142 орта мектеп

















Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Наурыз»

Сыныбы: 4

Пән мұғалімі: Күлімсейітова М.С





















2015-2016 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров212
Номер материала ДВ-532191
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх