Инфоурок Обществознание ПрезентацииСлайд. "Қожа Ахмет Ясауи"

Слайд. "Қожа Ахмет Ясауи"

Скачать материал
Скачать материал "Слайд. "Қожа Ахмет Ясауи""

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы:Қожа Ахмет Ясауи.

    1 слайд

    Тақырыбы:Қожа Ахмет Ясауи.

  • Қожа Ахмет Ясауи- түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мә...

    2 слайд

    Қожа Ахмет Ясауи- түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.

  • Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясау...

    3 слайд

    Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Ясы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді.
    Өмірбаяны

  • Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса ба...

    4 слайд

    Ұлы бабамыз Ахмет Ясауидің атын асқақтатып, күллі дүниеге мәшһүр еткен аса баға жетпес асыл еңбегі «Диуани хикмет»-«Ақыл кітабы». Осы атақты еңбек Қазан төңкерісіне дейін әлденеше рет басылып, жұртшылық игілігіне айналған. Атап айтқанда 1887,1901жж. Қазан қаласында, ал 1897және 1901жж. Стамбулда өз алдына жеке-жеке кітап болып жарық көрді.
    Диуани хикмет «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.

  • Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табыладыҚожа Ахмет Яса...

    5 слайд

    Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады
    Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады.
    Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді.
    Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр.
    Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес.
    Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну.

  • «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қаси...

    6 слайд

    «Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.

  • Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басын...

    7 слайд

    Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді.
    Қожа Ахмет Ясауи
    сағанасы

  • Қожа Ахмет бабамыз «... пенденің ешқайсысы да дүниенің түбіне жеткен емес, со...

    8 слайд

    Қожа Ахмет бабамыз «... пенденің ешқайсысы да дүниенің түбіне жеткен емес, сол себепті бір жаратушыдан жалбарынып кешірім өтінсін» дей келіп,

    Сенен бұрын жарандарың қайда кетті
    Бұл дүниеге көңіл бөлмей жылап өтті,
    Ғұмырлық тәмәм болды,нәубет саған жетті,
    Күнәң үшін тәубә қылғыл, Ей,батшағар!

    «Диуани хикметтің» қай бетін ашсақ та, оның әрбір сөзінің астарынан ұлылық, парасаттылық, даналықтың ішкі иірімдері, ел жұртын адалдыққа бастаған меруерттей мөлдір сезімдер байқалып тұрады.

  • Қожа Ахмет Ясауидің
 Сүлеймен Бақырғани, 
Мұхаммед Данышманд Зарнұқи, Ғашық Ж...

    9 слайд

    Қожа Ахмет Ясауидің
    Сүлеймен Бақырғани,
    Мұхаммед Данышманд Зарнұқи, Ғашық Жүсіп,
    Маулана Сафи ад-дин Орұң Қойлақы т.б.
    шәкірттері болды. Осы шәкірттері Ясауи жолы тармақтарының негізін қалады. Қожа Ахмет Ясауидің бұл шәкірттері аса талантты кісілер еді.

  • Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы...

    10 слайд

    Сүлеймен Бақырғани, Бақырған ата, Хаким ата, Сүлеймен ата (12 ғ-дың 2-жартысы) – ақын, ойшыл, ғұлама. Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті.

  • Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге...

    11 слайд

    Сүлеймен Бақырғани (туған жылы белгісіз —1186 ж.) Түркістан қаласында дүниеге келіпті. Ол өзінің "Ақырзаман" кітабында: Ысқақ Баб ұрығы, Шайқы Ибраһим құлыны, Машайықтар ұлығы — Шайқым Қожа Ахмет Ясауи. Шариғаты мінсіз, Тариқаты түпсіз, Хақиқатта өрен жүйрік — Шайқым Ахмет Ясауи, — деп жырлағандай, әйгілі Әзірет Сұлтанға шәкірт болған. Кейін Самарқанд, Бұхара, Хорезм, Шам қалаларында білімін толықтырды. Халық арасында Хәкім Ата деген атпен белгілі.

  • Бір күні Қызыр ғалиас-салам Қожа Ахмет Ясауиге қонақ болады. Ясауи шәкірттері...

    12 слайд

    Бір күні Қызыр ғалиас-салам Қожа Ахмет Ясауиге қонақ болады. Ясауи шәкірттеріне тағам пісіру үшін отын әкелуге бұйырады. Ұландар ұстаз сөзін екі етпей, жазықтан отын жинайды. Сол сәтте көктен бір қара бұлт пайда болып, жаңбыр жауып кетеді. Барша ұландардың отындары су болады. Сүлеймен тонын шешіп, отынын киіміне орап, алып келеді. Басқалардың су болған отындары жанбайды. Сүлейменнің құрғақ отыны жанып, тағам пісіріледі, өзгелердің су отындары да Сүлейменнің отынының қызуымен жанады. Қызыр Ата кімнің әкелген отынының жанғанын сұрайды. Сүлеймен жөнін айтады. Қызыр Ата Сүлейменнің ақылы мен даналығына тәнті болып, оған «Хакім» деген ат береді. Қожа Ахмет Ясауи қуанып: «Атың құтты болсын»,– деп риза болады. Қызыр Ата сонан соң, Сүлейменнің аузына түкіреді, ішіне өнер нұры толып, ақындық қонып, «Қызыр Ілияс атам бар» деген арнау өлеңін айтады.
    Хакім ата атану себебі.

  • Бір күні Қожа Ахмет Ясау  Хакім Атаға қарап: «Ботам, ертең таңсәріде бір үлке...

    13 слайд

    Бір күні Қожа Ахмет Ясау Хакім Атаға қарап: «Ботам, ертең таңсәріде бір үлкен ақ түйе пайда болады, сен сол ақ түйеге мініп ол барған жерге дейін барасың», - дейді! Айтқанындай келесі күні таңертеңмен пайда болған түйеге мініп, сапарға шығады. Түйе тез жүріп Хорасанның түстігіндегі бір жерге келгенде, Хакім Атаның қанша әрекетіне қарамай, табандап бақырып тұрып қалады. Осы түйе бақырып тоқтаған жер күні бүгінге дейін «Бақырған» аталып, Хакім Атаға Бакырғани атағы қосылып аталатын болған екен.
    Бұл жер Қарахан мемлекетінің патшасы Бограханға қарасты екен. Кең далада табындап жатқан жылқының бақташылары бұл жағдайды көріп, бір түйенін үдесінен шыға алмай жүрген неткен жансың? - деп Сүлеймен Хакім Атаны мазақ ете бастайды. Кейбіреулері оның түйесін алмакшы да болып бейбастық жасайды. Бақырғани өзінін Қожа Ахмет Яссауидің мүриді екенін және сол кісінің әмірімен жүргенін айтып жалынады. Бұл жағдайдан хабардар болған Бограхан (Қарабура әулие) өзі келіп жағдайды сұрап біледі. Шайх-уш-шайх (Шайхтардың шайығы) Қожа Ахмет Яссауидің муриді екенін білген соң Бограхан (Қарабура әулие) күліп: «Піріміз әдейі жіберген болса керек» - деп Хакім Атаны сарайға алып келіп оған қызы Әмбар бибіні некелеп қосады. Осы өлкенің үлкенді-кішілі адамдары Хакім Атаға мүрид болады. Осылайша Хакім атаның атағы елге кең тарап кетеді.

  • Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырлары...

    14 слайд

    Атақты түрколог А.Боровтың зерттеулері бойынша, Сүлеймен Бақырғани өз жырларын кезінде бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған оғыз-қыпшақ тілінде жазған. Ол сопылық поэзия үрдісін жалғастырып, түркі тілінде діни хикметтер жазған, әулие дәрежесіне жетіп, ел-жұртын имандылыққа, адамгершілікке үндеген. Ғұлама кітаптарының түпнұсқасы сақталмаған, көшірме нұсқаларының жазылу мерзімі 15 ғасырға жатады. 17 ғасырда жазылған қолжазба Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорында сақтаулы. Оның көлемі 652 бет, 119-489 беттері бірыңғай Сүлеймен Бақырғанидің хикметтерінен тұрады. Ғалымның «Ақырзаман», «Бибі Мәриям» кітаптары діни мектептерде оқулық ретінде пайдаланылған. «Ақырзаман» дастанының мазмұндық желісін Тажал мен Мәдінің күресі, ақырзаман белгілері, махшар күні мен Мұхаммед пайғамбардың өз үмбеттерін тозақ отынан құтқаруы құрайды. Ал «Бибі Мәриям» дастанында ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, Аллаға құлшылық ету, Хаққа деген шексіз сенім бейнеленіп, Мұхаммед, Иса пайғамбарлардың үмбеттерінің қамын ойлауы басты назарда ұсталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Орталық кітапханасында «Хакім ата» кітабының 1878 жылы Қазан университеті баспаханасында жарық көрген нұсқасының фотокөшірмесі сақталған. Бұл Сүлеймен Бақырғани жайлы тұңғыш баспа бетін көрген еңбек, Ф.Амашев деген адам бастырған, көлемі 20 беттік прозалық шығарма.

  • «Бақырғани кітабы»- түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған соп...

    15 слайд








    «Бақырғани кітабы»- түркі тілдес халықтардың 12 ғасырдан сақталған сопылық ағымдағы әдеби ескерткіштердің бірі. Бақырғанидың сопылық мазмұндағы хикмет-өлеңдері кезінде ұлан-ғайыр Қыпшақ даласы мен Орталық Азияның түркі тілдес халықтарының арасында кеңінен тарағаны тарихтан жақсы мәлім болғанымен, ақын мұрасы тек 19 ғасырда ғана толық жинақталған.
    “Бақырғани кітабы” — бес бөлімнен тұрады.
    Бірінші бөлімі — көңіл-күй жырлары;
    екіншісі — сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық философиялық хикмет-өлеңдері;
    үшіншісі — Алланы мадақтауға арналған жырлары (“Меғрожнаме”);
    төртіншісі — “Ақыр заман көріністері” дастаны;
    бесіншісі — “Бибі Мариям” толғауы.









  • “Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани...

    16 слайд

    “Бақырғани кітабының” басты идеясы — оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. “Бақырғани кітабы” жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарына, сонымен бірге, адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік беріледі.

  • Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:




Шығарм...

    17 слайд

    Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:





    Шығармасының соңында Сүлеймен Бақырғани әдемілікті 3 түрге бөлген:
    1. Абсолютті өзгермейтін Алла сұлулығы;
    2. Жаратылыс сұлулығы немесе Құдай сұлулығының шағылысып түскен жердегі көрінісі;
    3. Рухани сұлулық. Адам жерге Алла арқылы рухани сұлулыққа жету үшін жіберілген. Философияның түсінігінше, шынайы өмірдің негізін адамгершілік, демократия, әлеуметтік әдемілік қүрайды. Міне, осы ойлардың бәрі сопылық ілімнен бастау алып жатыр. Дәлірек айтқанда, өз ұстазы Қожа Ахмет Ясауи көзқарасын ұстанып, оны ілгері дамытқаны ақиқат. Діни аңыздар желісінде жырлар жазу арқылы Сүлеймен Бақырғани түркі әдебиетінде ХӀӀӀ-ХӀV ғасырларда кең өріс алған нәзирашылдық (бурыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) алғашқы бастауларына жол салған.




    .

  • Хакім ата кесенесі Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданына қарасты Хаким...

    18 слайд

    Хакім ата кесенесі Қарақалпақстан Республикасы Мойнақ ауданына қарасты Хаким ата АПЖ Достық ауылында орналасқан.
    Қазірде Хакім ата кесенесіне Ташкент,Самарханд,Үргеніш т.б қалалардан адамдар келіп зияраттайды.
    Кейбір аңыздарға қарағанда Хакім ата көзі тірі кезінде мен дүниеден өтіп жатсам түйеге мінгізіп жіберің.Сол түйе қай жерге барып шөксе мені сол жерге жерлеңдер деген.Түйе осы жерге келген.Содан кейін осы жерге жерленіп, ауыл Хакім ата атына аталып кеткен деседі.

  • 19 слайд

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 15901
    • PPTX 4.1 мбайт
    • 733 скачивания
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Таласова Алмагул Танжарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    Таласова Алмагул Танжарбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 104960
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания обществознания в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к ЕГЭ по обществознанию в разделе «Право»

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе