Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Социальному педагогу / Презентации / Слайд презентация на тему: "Нашақорлық"

Слайд презентация на тему: "Нашақорлық"

  • Социальному педагогу

Поделитесь материалом с коллегами:

Есірткісіз болашақ!
Біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден бастал...
Құрастырушы: М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп Жобаның та...
Есірткісіз болашақ!
Мақсаты Міндеті Кіріспе
Мақсаты: 	Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, оларды...
Міндеті: 	Бұл жоба – жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында жүйке жүйес...
Ойға жүгінсек.... 	Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жаст...
Жалпы еліміздегі есірткі пайдаланушылар санының күн санап көбеюінің негізгі...
Ғасыр дертіне айналған есірткі заттарын қолданудан жалпы ұлтты, соның ішінде...
Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан...
кері
Тақырыбы: «Жанғақтар»   Мақсаты: әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өза...
  “Қыл көпір” Мақсаты: балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшын беру, көме...
Ассоциация (жаттығу) Мақсаты: өз-өзіңді басқара, меңгере білу, өз мінезіңе ба...
Жұдырықты ашу   Мақсаты: баламен көбірек қарым-қатынаста болу, көңіл бөлу, жа...
Тұңғыш (жаттығу)   Мақсаты: эмоционалды жаттығу, топтық жұмысқа орнықтыру.  ...
“Есірткімен күрес”
Күтілетін нәтиже 	БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конституциясына сай, еліміздің б...
1 из 21

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Есірткісіз болашақ!
Описание слайда:

Есірткісіз болашақ!

№ слайда 2 Біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден бастал
Описание слайда:

Біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады. .... Есірткі өте ерекше және түпке жететін сала, сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында оның «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2030» стратегиясы. (1997ж.)

№ слайда 3 Құрастырушы: М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп Жобаның та
Описание слайда:

Құрастырушы: М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп Жобаның тақырыбы: «Есірткісіз болашақ»

№ слайда 4 Есірткісіз болашақ!
Описание слайда:

Есірткісіз болашақ!

№ слайда 5 Мақсаты Міндеті Кіріспе
Описание слайда:

Мақсаты Міндеті Кіріспе

№ слайда 6 Мақсаты: 	Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, оларды
Описание слайда:

Мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс қөзқарастарын қалыптастыру, шылым шегу, нашақорлық, СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру. кері

№ слайда 7 Міндеті: 	Бұл жоба – жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында жүйке жүйес
Описание слайда:

Міндеті: Бұл жоба – жас жеткіншектер және жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды теріс пайдаланудың бастапқы алдын алу бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға ой қозғау. кері

№ слайда 8 Ойға жүгінсек.... 	Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жаст
Описание слайда:

Ойға жүгінсек.... Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер құрап отырғандығы өкінішті жағдай. Жалпы деректерге көз жүгіртер болсақ, еліміздегі осы дертке шалдыққандардың 51,3 пайызын 20-29; 27,8 пайызын 30-39; 9,7 пайызын 40-49; 8,1 пайызын 15-19 жас аралығындағылар құрап отыр. Ал жыныстық тұрғыдан мөлшерлер болсақ осы атылған 6616 нашақордың 76 пайызы ерлер болса, қалған 24 пайызы әйелдер екен. Ең өкініштісі бұл цифрлар күн санап өсуде. Әйелдің нашақор болуы болашақ үшін өте қауіпті жағдай. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа әуестіктің 0,3 пайызы бала іште жатқанда анасынын қана арқылы есірткі нәрін бойына сіңіріп үлгерген себепті болып отыр. Яғни, бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныс тан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді. Осыған байланысты дана халқымыз «Бала біздің болашағымыз» деп, баланы ұрпағының, тұтас елінің дамуының жалғасы деп біледі.

№ слайда 9 Жалпы еліміздегі есірткі пайдаланушылар санының күн санап көбеюінің негізгі
Описание слайда:

Жалпы еліміздегі есірткі пайдаланушылар санының күн санап көбеюінің негізгі себебі Қазақстанның көрші елдердің есірткі тасымалдауына «есік» рөлін атқарып отырғандығы. Нақты ресми мәліметтер бойынша еліміз арқылы Ауғанстан, Ресей, Қытай секілді елдерге тасымалданатын есірткінің 30 пайызға жуығы Қазақстанда қалып отырады. Есірткінің қоғам үшін әкелер зардаптарының ең негізгі бір түрі еліміздегі түрлі үлкенді-кішілі қылмыстарға себепкер болуы. Біздегі мәліметтер бойынша Қазақстандағы соңғы кездерде пайда болған қылмыстық деректердің 33,4 пайызы осы есірткі пайдаланушылар қолымен жасалған. Оның ішінде 0,6 пайызы адам өлтіру фактісімен тіркелген. Мамандардың айтуынша жазаның бұл түрі көршілес Қытай, Тайланд секілді елдермен салыстарғанда тым жеңіл болып көрінеді. Бір ғана мысал, жоғарыдағы айтылған Қытай елінде соңғы кездері есірткі саудасымен айналысушыларға өлім жазасы немесе өмір бойы темір қапаста отыру жазасы қолданыла бастады.

№ слайда 10 Ғасыр дертіне айналған есірткі заттарын қолданудан жалпы ұлтты, соның ішінде
Описание слайда:

Ғасыр дертіне айналған есірткі заттарын қолданудан жалпы ұлтты, соның ішінде балаларды аулақ ұстау – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да еншісіндегі жауапты іс деп санауға болады. Себебі жарқын болашағымызды денсаулығы нашар нашақорлар емес, дені сау, жан-жақты дамыған азаматтар тұрғызуы қажет. Жалпы Қазақстан үшін есірткі мәселесі кезек күттірмес негізгі проблемаларға айналып отырғанын бәріміз де жақсы білеміз. Бұл таңда атылмыш мәселе ұлттық генефонымызға төнген үлкен қауіп деп айтуға әбден болатын сияқты. Бұл қауіптен құтылудың негізгі жолдары еліміздегі есірткіге қарсы күресті табанды түрде жолға жоюмен бірге мектеп бағдарламасына есірткінің зияны мен залалын терең түсіндіретін факультативтік пәндер енгізу қажет.

№ слайда 11 Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан
Описание слайда:

Есірткі ертедегі Египетте, Грекияда, Римде және Үндістанда өте ерте заманнан – ақ қолданылған. Бұны иіскеп немесе шеккен адамдар көңілденіп, ауырғандары ауруларын сезбей, бей – жай көңілді күй кешеді. Кокаин есірткесін алғашқы рет Неміс ғалымы Альберт Ниман ойлап тапқан. Есірткі жасайтын шөптесін өсімдіктердің түрлері: қарасора, мак, кока (Латын Америкада өсетін шөп) Мусалы, қарасорадан: гашиш, марихуана, «план» нашасы, кокаин мен мактан: морфий, апиын, героин, лаудаум, марихуана. Осылардың ішінде ең улысы – гашиш, уының мөлшері 30-40%. Есірткіні түріне қарай қолданатын адамдардың атаулары: Иіскейтіндер: токсикоман, нюхачи. Гашиш шегетіндер: нашақорлар. Теистер, чефиристер: өте ащы етіп ішетіндер. Морфистер: денесіне, тамырына ине шаншып егеді.

№ слайда 12 кері
Описание слайда:

кері

№ слайда 13 Тақырыбы: «Жанғақтар»   Мақсаты: әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өза
Описание слайда:

Тақырыбы: «Жанғақтар»   Мақсаты: әрбір қатысушының дербестігін, топ болып өзара қарым қатынасын жасау процесінде жеке қарым-қатынас жасау стилін сезу.  Мазмұны: Жетекші әрқайсысына пакеттен бір-бір жаңғақ алуды сұрайды. Бір минут ішінде мұқият қарап өз жаңғағын есте сақтау қажет (оған белгі салуға болмайды) Бір минуттан кейін барлық жаңғақтар пакетке қайта жиналады. Жүргізуші оларды араластырып, шеңбердің ортасына төгеді және әрқайсысына өз жаңғақтарын тауып алуды сұрайды.  Талқылау: - қандай белгілер бойынша өз жаңғағыңды табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленеді?   «Жаңғақтар» жаттығуына әдістемелік ұсынымдама.  Жаттығуды орындағаннан кейін грек жаңғағы мен адамдар арасында олардың ұқсастығына тексеру жүргізуге болады. Ол да, басқалар да үйіндіде (қалың топта) алғаш қарағанда бірдей,ал ерекшеліктерін көру үшін уақыт жұмсап, араласып қарау керек. Жаңғақтың құндылығы оның ішінде орналасумен байқалады.Жаңғақ өте әдемі болуы мүмкін, бірақ іші мүлдем бос болуы мүмкін немесе толық болуы мүмкін. Сондай жағдай адамдарда да болады, сондықтан адам туралы қандай да бір ішкі ерекшеліктер бойынша кінә тағуға немесе шешім шығаруға асығуға болмайды. Жаңғақтың қабығы өте қатты және ол оған ішкі қабатын қозғау үшін қажет. Көптеген адамдар да көбіне өзін қауіпсіз сезіну үшін қабықтың астына тығылады,және басқаларға тез ашылмайды.Қарым-қатынас жасау данышпанына осыны есте сақтаған жөн.

№ слайда 14   “Қыл көпір” Мақсаты: балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшын беру, көме
Описание слайда:

  “Қыл көпір” Мақсаты: балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшын беру, көмектесу. Мазмұны: Жерге ақ парақ қағаздар төселіп, тренингке қатысушылар бірінің артынан бірі ұстап қыл көпірдің үстінен өту керек (үзілмей өту керек), егер тізбек үзіліп кетсе бір-бірінен қол үзіп қалды деген сөз. Бұл жерде балаға қандай да бір қиын жағдайда қол ұшымызды үзбей беруіміз керектігі білдіріледіе.Тек ешқандай ешкімнен үміт жоқ екенін сезінгенде ғана бала құқық бұзушылық пен жаман жолға түседі, өйткені баланың сыртқы жан дүниесінен гөрі ішкі жан дүниесі өте нәзік келеді. Сондықтан ол жеңіл жолға біреудің ықпалымен, ия болмаса өзі осылай болады ғой деп шешіп, сезінгеннің арқасында құқық бұзушылыққа барады.

№ слайда 15 Ассоциация (жаттығу) Мақсаты: өз-өзіңді басқара, меңгере білу, өз мінезіңе ба
Описание слайда:

Ассоциация (жаттығу) Мақсаты: өз-өзіңді басқара, меңгере білу, өз мінезіңе баға бере білу. Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырады, ұйымдастырушының қолында доп. Мысалы: конфликт - келіспей қалу, сезімнің өзгеруі Соны зерттеп көрейік, адамның ішкі сезімінде қалай болады. Доп ұстаған адам сол конфликт туралы айту керек. Ішкі ойыңыз не туралы айт деп тұр. Егер келіспеушілік – әнде болса - ол қандай қатты. Егер келіспеушілік ауада болса - ол қандай суық. Егер келіспеушілік аңда болса - жолбарыс Егер келіспеушілік адамда болса - ашушаң Осыдан кейін көзді жауып тұрып көз алдымызға елестетейік, ішкі сезімді тыңдап, соны істеу керек. Не үшін бұл жаттығуды істедік. Өз мінезіңді басқара білу үшін және өз мінезіңді терең білу үшін.

№ слайда 16 Жұдырықты ашу   Мақсаты: баламен көбірек қарым-қатынаста болу, көңіл бөлу, жа
Описание слайда:

Жұдырықты ашу   Мақсаты: баламен көбірек қарым-қатынаста болу, көңіл бөлу, жағдайын түсіну, егер қателік жасаса жазалауға асықпай, сенімділік көрсету.   Мазмұны: Екі адам қарама-қарсы отырып біреуі жұдырығын түйіп отырады, ал екіншісі жұдырығын ашу керек. Егер жұдырықты қарсы отырған адам күшпен ашса ол дұрыс емес, ал егер жай ғана аш дегенде аша салса, онда бірін-бірі түсінген болып саналады. Бұл-психологтың түсіндіруі бойынша егер жұдырықты күшпен ашсаңыз оның жағдайын түсінбей, күш жұсағаныңыз, Өзіңізге көбірек сенім көрсетіп, құқық бүзушылыққа итермеледіңіз. Сондықтан да баланы күштемей-ақ өзіңізге сенімділік білдіртіп, түсіндіріп айтып, қандай қателік жасаса да жазалауға асықпай, көбірек қарым-қатынаста болып, түсінуге тырысу керек.

№ слайда 17 Тұңғыш (жаттығу)   Мақсаты: эмоционалды жаттығу, топтық жұмысқа орнықтыру.  
Описание слайда:

Тұңғыш (жаттығу)   Мақсаты: эмоционалды жаттығу, топтық жұмысқа орнықтыру.   Жүргізуші қандай да санды қатты дауыспен айтады (мысалы «үш»). Бір мезгілде қандай сан айтылды сонша бала орнынан тұру қажет. Бір-бірімен келісуге болмайды.  Хулиган (жаттығу) Мақсаты: ұйымдастырушыны табу. Мазмұны: Тренинге қатысушылар дөңгелектене тұра қалады. Бір адамды сыртқа шығарып жібереміз. Бір адамды таңдап қозғалыстың ұйымдастырушысы жасаймыз. Жаңағы ұйымдастырушымыз іс-қимыл жасайды (кіріп келе жатқан адамға білдіртпей), біздер сол жасаған қимылды қайталаймыз .Кірген адам түсіну керек және ұйымдастырушыны табу керек.

№ слайда 18
Описание слайда:

№ слайда 19 “Есірткімен күрес”
Описание слайда:

“Есірткімен күрес”

№ слайда 20
Описание слайда:

№ слайда 21 Күтілетін нәтиже 	БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конституциясына сай, еліміздің б
Описание слайда:

Күтілетін нәтиже БҰҰ-ның бала құқығы туралы Конституциясына сай, еліміздің балалар бұқарасын құқықтық біліммен сауаттандыру, ересектер мен балалардың салауатты өмір салты туралы білімін көтеру, алкогольді ішімдіктерді, темекі мен нашақорлықтан аластату мақсатында балалардың қоғамын құру. Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, ішімдікке салынушылық және темекі шегуді алдын-алу мақсатында мұғалімдер мен ата-аналар үшін «Егер үйге бақытсыздық келсе не істеу керек?» атты құралын жасау Балалар мен оқушы жастар арасында нашақорлық, СПИД, ішімділік, темекі шегушілікті ескерту жөніндегі жасалған алдын-алу жұмыстарын мониторингін өткізу

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Социальному педагогу
Подраздел Презентации
Просмотров1206
Номер материала ДВ-367124
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх