Инфоурок / Другое / Презентации / Слайд "Үй іші салт өлеңдері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Слайд "Үй іші салт өлеңдері"

библиотека
материалов
Ашық сабақтар
Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды, - демекші ата-баба мұрасын,дәстүр-с...
Тұрмыс салт өлеңдерінің бір шоғыры үй-іші салтына байланысты туған.Өмірге сәб...
Ұзатылған қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атай...
Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір т...
«Жар-жар» Жігіт былай бастайды: Алып келген базардан, Қара насыр, жар-жар-ау....
Сыңсу. Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезд...
Ақ көйлек кидім етіме, Шатыра салып шетіне. Айналайын әкем-ау Қарамаған бетім...
Жаңа түскен келіннің бетін ашу үшін тойда айтылатын өлеңнің бір түрі– «Беташа...
Бетіңді, келін, ашқаным, Жаңа жұртқа қосқаным. Жасы үлкенді сыйлап жүр, Құрм...
Жұбату. Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл-өсиет айтыл...
Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары,...
Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды...
Арбау,жалбарыну өлеңдері  діни наным-сенім бойынша тіршіліктің, оқиғалардың...
Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болға...
Жарапазан айту салты көпшiлiк жерлерде, бүгiнге дейiн сақталған, елдiң кейбiр...
Қазақ халқының өткендегі тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалардың енді б...
Лирикалық өлеңдер-қазақ халық өлеңдерінің табиғаты өзгеше бір түрі.Өйткені ө...
Ашық сабақтар
Ашық сабақтар
20 1

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Ашық сабақтар
Описание слайда:

Ашық сабақтар

№ слайда 2 Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды, - демекші ата-баба мұрасын,дәстүр-с
Описание слайда:

Ант бұзған оңбайды, Салт бұзған сорлайды, - демекші ата-баба мұрасын,дәстүр-салтын сақтау ұрпаққа қалдырар асыл қазына. “Өткендерін жек көрген-өшкендіктің белгісі, Өткендерін ескерген -өскендіктің белігісі” Ашық сабақтар

№ слайда 3 Тұрмыс салт өлеңдерінің бір шоғыры үй-іші салтына байланысты туған.Өмірге сәб
Описание слайда:

Тұрмыс салт өлеңдерінің бір шоғыры үй-іші салтына байланысты туған.Өмірге сәби келсе, не жарық дүниеден жақын адам өтсе,не болмаса қыз ұзатып,келін түсірсе барлығы белгілі бір салт-ғұрып, жөн-жоралғылардың аясында өтеді.Халықтың тұрмыс тіршілігінен, өмірінің әр кезеңінен орын алған мұндай салттың қай-қайсысында айтылатын өлең жырлардың түрі көп.Солардың бірі үйлену салтына байланысты айтылатын өлеңдер. Ашық сабақтар

№ слайда 4 Ұзатылған қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атай
Описание слайда:

Ұзатылған қыздың тойында айтылатын өлеңнің ұсақ бір түрін той бастар деп атайды. Той бастардың негізгі мақсаты-той жасап отырған үйдің ұзатылған қызына «құтты болсын» айту,жақсы тілек білдіру,тойғажиналған адамдарды көңілдендіру.Сонымен қатар,күйеуге ұзатылып бар жатқан,ел-жұрттың ата-анасын, туған-туыстарды тастап кетуді қимай,қиналып отырған қызға демеу беру,көңілін аулау, «ата-ананың жолы осы» деп көрсету. Сонымен қатар, күйеуге бара жатқан, ел – жұртын, ата – анасын, туған – туыстарын тастап кетуді қимай, қиналып отырған қызға демеу беру, көңілін аулау, “ата – ананың жолы осы” деп көрсету. Осы мақсаттан туған той бастар өлеңінің бір үлгісі мынадай болып келеді ; Бағылан серке, марқасқа қой бастайды, Қой алдында жануар ойқастайды. Құтты тойға кез болған жолды жігіт, Бұрынғының жолымен той бастайды. Құнан қойын шайлатып сойдырған үй, Табақ – табақ ет беріп тойдырған үй, Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз, Құтты болсын, тойыңыз, той қылған үй. Той бастардың өлеңдері төрт жолды,он бір буынды,тілі халыққа түсінікті, біреуден біреудің жаттап алып айтып жүруіне әрі жеңіл,әрі ыңғайлы болып келеді. Ашық сабақтар

№ слайда 5 Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір т
Описание слайда:

Той бастардан кейін, ұзатылатын қыздың тойында айтылатын өлеңнің екінші бір түрі — жар-жар. Мұны ойынға жиналған-дар екі жақ болып, айтыс түрінде орындайды. Бір жағы қыздар, екінші жағы жігіттер немесе қыз алушы және қыз беруші құдалар жағы болып екіге бөлініп айтысқа түседі. Сөзді тойға келген ақындар, болмаса “жар-жардың” жұртқа мәлім, жаттап алынған өлеңін білетін жігіттер бастайды. АйтыСтың басты тақырыбы, мазмұны ұзатылғалы отырған, жарына қосылатын қыз туралы, оның жаңа жерге, жат жұртқа бара жатқандыгы жайында болып келеді. Мұнымен қатар, қыздың көңілін аулай отырып, оның жаңа жерде жақсы тұрмыс құруы, балалы-шағалы, ауқатты болуы ту-ралы сөз қозғалады, жақсы тілек айтылады. Бәрінен де қымбаты қыздь!ң жары екендігі баса айтылып, өлеңнің әрбір жолы “жар-жар” деп қайырылады, “жар” деген сөз қыздың құлағына құйыла беріледі. әрқашан да “жар-жарды” жігіт бастап айтады. Ол өзінің сөзін ұзатылғалы отырған қыздың көңілін аулаудан,секемді болмаудан бастайды. Мәселен: Ашық сабақтар

№ слайда 6 «Жар-жар» Жігіт былай бастайды: Алып келген базардан, Қара насыр, жар-жар-ау.
Описание слайда:

«Жар-жар» Жігіт былай бастайды: Алып келген базардан, Қара насыр, жар-жар-ау. Қара мақпал сәукеле, Шашың басар, жар-жар-ау! Мұнда әкем қалды деп, Қам жемеңіз, жар-жар-ау! Жақсы болса қайны атаң, Орнын басар, жар-жар-ау. Қыз былай деп жауап қайтарады: -Есік алды қара су, Майдан болсын, жар-жар-ау. Ақ жүзімді көргендей, Айнам болсын, жар-жар-ау. Қайын атасы бар дейді-ау, Осы қазақ, жар-жар-ау, Айналайын әкемдей, Қайдан болсын жар-жар-ау. Ашық сабақтар

№ слайда 7 Сыңсу. Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезд
Описание слайда:

Сыңсу. Ұзатылатын қыздың тойында жасалған ойын-сауықтың біразы аяқталған кезде, қыздың аттанар мезгілі таянған шақта сыңсу айтылады. Бұл – ұзатылатын қыздың аттанар алдында ел-жұртымен, ағайын-туыс құрдасымен, туып- өскен жерімен, жастық-балалық өмірімен қоштасу ретінде айтылатын өлеңі. Үзатылып бара жатқан қыз сыңсу өлеңдері арқылы жұртқа естірте өзінің мұңын, қайғы-қасіретін шағады. “Мен сліме өкпелі” деп басталатын сыңсу өлеңінде:  Заманым өтті басымнан, Дәуренім кетті басымнан, Бұл не деген іс болды, Көлінен кеткен құс болдым. Бұлғақтап жүрген заманым, Кандай да жерге тұс болдым. Ата-анам еді дәулетім, Мен жұртыма жау ма едім, Жат-жұрттық болып кеткен соң,     Кетер-ау бастан сәулетім.  Айналайын, ел-жұртым, Не болар менің заманым! Дәуренім менің өткен соң, Бұралқы иттей кеткен соң, Естіле жүрер дейсіз бе, Не болып жүрген хабарым. Заманым қиып болар-ау, Көкірекке қайғы толар-ау, Ел-жұртым, сеннен айырылып. Сана мен жүзім солар-ау,- ұзатылып бара жатқан қыз көңіл шерін толғайды. Бұл зар қаншама ащы, аянышты болғанымен де ескі әдет-гүрып, әділетсіз заңға сүйенген заманда, әйел мұңы ес-керілмеген, аяққа басылған. Солай бола тұрса да, сыңсу өлендері ерте кездегі әйелдердің хал-жайын суреттсйтін, ескілік жол-жобаға қарғыс айтқан, қарсылық білдірген шығармалар болып табылады Ашық сабақтар

№ слайда 8 Ақ көйлек кидім етіме, Шатыра салып шетіне. Айналайын әкем-ау Қарамаған бетім
Описание слайда:

Ақ көйлек кидім етіме, Шатыра салып шетіне. Айналайын әкем-ау Қарамаған бетіме. Айналайын елім-ау, Асқар тау,айдың көлім-ау, Қош айтқанда өзіңе, Үзіліп тұр белім-ау. Айналайын ауылым, Үлкен-кіші бауырым. Өздеріңді ойласам, Езіледі бауырым. Айналайын туған жер, Кір жуып кіндік буған жер, Алысқа кетіп барамын Қош болыңдар думанды ел. Ашық сабақтар

№ слайда 9 Жаңа түскен келіннің бетін ашу үшін тойда айтылатын өлеңнің бір түрі– «Беташа
Описание слайда:

Жаңа түскен келіннің бетін ашу үшін тойда айтылатын өлеңнің бір түрі– «Беташар».Бұл өлеңнің мақсаты –жас келіншекті жаңа ағайын-жұртына,қайын ата мен қайын енесіне, жаңа қауымға таныстыру; келінге насихат айту. Ертедегі салт бойынша жас келіннің түсетін үйіне жұрт жиналады. Олардың үстіне келіншекті енгізгенде, бетін жеңіл желекпен бүркеп əкеледі. Ауылдың бір өнерпаз жігіті «Беташарды» домбыра сүйемелімен айтып, содан кейін домбырамен келіннің бетін ашқан. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі болған. Бұлөлеңде жас ортаны жатсынбай жақын тартып,олардың талап-тілектерінен шыға білуді ұғындыру көзделеді.Жаңа жұртқа келіп жаңа табалдырық аттаған жас келінге жауапкершілік жүктелген.Туыс-туғанға силы,өнегелі келін атанудың жолы айтылған. Жыршы ақын бет ашардың өлеңін айтуға кірісерде «келін,келін,келіп тұр!»-деп бастайды да,жиналған жұртқа келінді таныстырады,келін атынан сәлем береді. Ашық сабақтар

№ слайда 10 Бетіңді, келін, ашқаным, Жаңа жұртқа қосқаным. Жасы үлкенді сыйлап жүр, Құрм
Описание слайда:

Бетіңді, келін, ашқаным, Жаңа жұртқа қосқаным. Жасы үлкенді сыйлап жүр, Құрмет қылып жасқанып. Балалық күнің өтті енді, Аналық кунің жетті енді. Жаңа дәурен есігі Алдыңнан енді ашылды. Бәйбішелер келтірігі, Шараларын толтырып, Шашулары сатырлап, Есіктен төрге шашылды. Айт, келін, ау, айт, келін! Атыңның басын тарт, келін! Қыз көңілден қайт, келін! Сауысқаннан сақ келін! Жұмыртқадан ақ келін! Күйеуіне шақ келін! Ел-жұртыңа жақ, келін! Өзің бір ақыл тап, келін! Ата-енеңді бақ, келін! Кісі келсе үйіңе, Киізіңді қақ, келін! Атаңды бұрын жатқызып, Түндігіңді жап, келін! Сүйгеніңнен сүйсініп, Адалдан бала тап, келін! Қалдырмай ақыл айтайын, Құлақты, Келін, саласың. Қатасы болса сөзімнің, Осы отырған әлеумет Сыңға салып қарасын. Құлағың салып тыңдап тұр, Келінжан, менің тілімді! Әдеп жолын үйренбек, Жас кісіге білімді. Ақылсызға айтқан сөз,— Далаға кеткең шығын-ды. Жырға қосып айтамын Бар өсиет сырымды, Бұрынғы күнің — балалық, Ер жеткен күнің бүгін-ді. Өзім айтқан сөз емес, Осылай деген бұрынғы. Келін боп келмек оң жаққа, Ата-ананың мұрасы. Бұрынғы үйің бекер-ді, Мекенің осы тұрысы. Өз үйінде тұрмақ жоқ, Ұл боп тумай әуелде, Қыз болған соң ырысы, Келін боп келген қиын іс, Жаңа өспірім балаға. Қызмет қыл иіліп, Ата менен анаға. Өзіңнен үлкен адамның Бетіне тіке қарама. Үлкен кісі келгенде, Қатарласып отырмай, Кейіп отыр панада, Лажы болса шығып тұр, Қайтқанынша далаға. Бар айтқаным бұл емес, Құлағың салып тыңдап тұр, Ашық сабақтар

№ слайда 11 Жұбату. Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл-өсиет айтыл
Описание слайда:

Жұбату. Сыңсу аяқталғаннан кейін, ұзатылып бара жатқан қызға ақыл-өсиет айтылған. Мұны жұбату деп атайды. Жұбатуды, әдетте, ауыл ағасы, беделді адамдар айтқан. Жұбату өлеңдері, бір жағынан, ұзатылып бара жатқан қыздың көңіліндегі қайғы-зарды жуып-шаю мақсатын көздесе; екіншіден, қыздың жаңа жерге барғанда атқаратын міндеті, мінез-құлқы қандай болу керектігін насихаттаған, жол-жоба көрсеткен. Мәселен, жұбату өлеңінің бір түрі: Жылама, бикем, жылама, Көзіңнің жасын бұлама. Ұл боп тусаң әуелден, Сені мұндай қыла ма! Көзді жаспен бояма, Біз бермейік десек те, Мал бергенін қоя ма? Тұрмыс-салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің бәрін де халықтың арман-тілегі, ой пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады. Олар өлең-жыр түрінде, шілдехана мен баланы бесікке салу, тұсауын кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу немесе қыз ұзату, келін түсіру тойларында, жиындарда айтылады. Ашық сабақтар

№ слайда 12 Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары,
Описание слайда:

Басқа халықтар секілді, қазақ халқының да ертеден келе жатқан діни ұғымдары, ескі наным-сенімі болған. Мұндай ұғым-дар қазақ арасында ертеде, Шоқанның айтуынша, шамандық дәуірде, көп құдайға сиынған кезде туған.Жаратылыссырын түсіне алмаған,ой-өрісін,дүние тану шама-шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған.Сондықтан ай мен күнге,от пен суға т.б. табынып сыйынған;жаратушы,жарылқаушы деп түсінген.Қазақтың жаңа туған айды көргенде : Айды көрдім,аман көрдім, Баяғыдай заман көрдім, Ескі айды есірке, Жаңа айды жарылқа..- Деуі шамандық дәуірінен қалған ескі ұғымның елесі болуы керек.Мұндағы Ай мен Күн ескі кезде жаратушы,жарылқаушы мағынасында қолданылғанын аңғартады. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз еткенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі,дүние тану дәрежесіқанжай болғанын және олқазақ ауыз әдебиетінде қай түрде суреттелгенін білу жайын көздейміз. Ашық сабақтар

№ слайда 13 Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды
Описание слайда:

Бәдік - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған. Бәдік “Көш-көш” деп басталып, “көш-көш” деп аяқталады. “Асқар-асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш” деп, ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Себебі бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың “иесі” бар деп түсінген. Бәдік әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте бәдікті қыздар мен жігіттер тобы болып бөлініп айту салты шыққан. Ақырында бәдіктің атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап, қыз-жігіттің арасындағы айтыс, ойын-сауық түріне айналған. Ә. Диваев жазып алған: “Айт дегеннен айтамын-ау, бәдікті, Қара мақпал тоным бар барша әдіпті. От оттамай, су ішпей, жата берсе, Бәдік емей, немене бір кәдікті. Ай, көш! Бәдік, бәдік деседі, Бәдік желдей еседі. Асқар, асқар тауларға, Ағыны қатты суларға, Айнала соққан құйынға, “Ай, көш!” десе, көшеді. Ай көш!…” деген Бәдік өлеңнің алғашқы шумағы негізгісі де, соңғы жеті буынға құрылған бөлігі әннің қайырмасы іспетті. Көпшілік боп айтатын мұндай бәдік өлеңдерде ауыз әдебиетінің дәстүрлері сақталған. Ашық сабақтар

№ слайда 14 Арбау,жалбарыну өлеңдері  діни наным-сенім бойынша тіршіліктің, оқиғалардың
Описание слайда:

Арбау,жалбарыну өлеңдері  діни наным-сенім бойынша тіршіліктің, оқиғалардың табиғи болмысына ғайыптан әсер еткіш қасиеті бар сөздер: сыйқырлы сарындар, магиялық сыры бар дұғалар, арнайы айтылатын “жырлар”. Арбаудың бірнеше түрі болады. Жылан,бүйі,қарақұрт, шаян шаққанда уын қайтару үшін немесе олармен “күш сынасу” үшін айтылатын сарындардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктері бар. Тиісті әсер еткіш сөздері табылса Арбауға алынған улы жәндік адамның дегеніне бағынады, жеңіледі, ал денеге тараған у сыртқа шығады деп сенген. Бұлт, жаңбыр шақыру —“күн жайлату” деп аталады. Оған арналған Арбау сөздері табиғат күштеріне бағытталған. Балқаштың Топар аймағында күн жайлатып, бұлт шақыратын қасиеті бар Бұйғамбай деген кісі өтіпті. “Темір, Темір, Теміржан! Темірдің ұлы Қауғажан, Тасырқасаң тас жаудыр, Қаһарлансаң қар жаудыр, Бұрқандансаң мұз жаудыр, Мұздай темір құрсандыр. Кел, Кел, бұлт, кел бұлт!” деп келетін “күн жайлату” сарындары сол Бұйғамбай секілді кісілерден қалғаны мәлім. Барыс жылы Амазонкада болған жойқын өртті тоқтатуда шамандардың “күн жайлатуы” қалай әсер еткенін баспасөз құралдары тосырқай да, таңырқай жазды. Арбау көне сенім-нанымдардың ажырамас бір бөлігі. Ол бақытсыздықтың бетін қайтаратын немесе жауына жамандық жіберетін, сондай-ақ аурудан сауықтыратын, істі оңға бастайтын, кейде қара ниетті іске асыратын т.б. сиқырлы әрекеттерді табиғи емес жолдармен жүзеге асыратын әдіс-тәсіл ретінде қаралған. Арбау көбіне бақсылық сарындарымен үндес болып келеді. Арбау өлең туралы пікір айтып, оның жекелеген үлгілерін 1862 ж. алғаш қағаз бетіне түсірген. Арбау өлеңнің бір түрі мындай: “Кер, кер, кер жылан,Кереге басты мер жылан,Бір жылан бар — сұр жылан,Бір жылан бар — сұм жылан, Бір жылан бар — жеті жылғы ту жылан.Құралай таудың басынан,Қуып келген қу жылан, Дегелек келді, шық жылдам!”.[ Ашық сабақтар

№ слайда 15 Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болға
Описание слайда:

Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен,Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата беруменаяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Үй иесінің көрсеткен құрмет-сыйына қарай оның жомарттығын, шүлендігін марапаттап, алғыс-тілек те айтады. Кейде көңілден шықпағандарды қуақы тілмен келекелеп, әзіл-қалжыңға да айналдыратын сәттер болады. Жарапазанды жоқ-жітік замандарда дүние табу кәсібіне айналдырғандар да болған. Дегенмен, Жарапазанның негізгі мақсаты — ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған, әсіресе, жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған Жарапазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді. Жарапазан айтуға балалар да араласқан, олар, әрине, үлкендер шығарған өлеңдi жаттап айтатын болған. Астымдағы танады, Жатайын деп барады. Құдайдың күнi еңкейiп Батайын деп барады, Қасымдағы бала едi, Қайтайын деп барады, – деген жарапазан айтушылар тобында балалардың болатындығын бекiте түседi. А.Байтұрсыновтың «...ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдiң тұсында тұрып жарапазан өлеңiн айтады», – деп жазуы да осының дәлелi. Ашық сабақтар

№ слайда 16 Жарапазан айту салты көпшiлiк жерлерде, бүгiнге дейiн сақталған, елдiң кейбiр
Описание слайда:

Жарапазан айту салты көпшiлiк жерлерде, бүгiнге дейiн сақталған, елдiң кейбiр түкпiрлерiнде бүгiнге дейiн бар және оларды айтушылар негiзiнен балалар болған. Бiрақ бұл кезеңде жаңа текст тумаған, тек балалар үлкендерден үйренiп жаттап алып айтқан. Сондықтан да болар 1943 жылы шыққан «Бөбек жыры» атты жинақ дәстүрлi жарапазан жырының үлгiлерiн толық қамтыған бiрден-бiр кiтап болып келедi. Жарапазан айтуға балалардың қатысуынан жыр құрылысының қарапайымдылығы, жаттауға жеңiлдiгi, мәтін астарында әсiрелеу элементтерi мен жеңiл әзiл, мысқылдық, ойындық элементтердiң жататындығы да аз әсер етпеген. Балалардың әдет-ғұрып жырларына қатынасы, әрине, мұнымен шектелiп қоймайды. Қай халық өмiрiнде болмасын балалар әдет-ғұрып салттарына да қатыстырылған. Бiрақ балалар бұл ғұрып-салттардың мәнiн терең түсiне бермеген, көпшiлiгiн әуестiкпен жаттап алған жырларын өз түсiнiктерiне, тiл ерекшелiктерiне ойын аралас өмiрлерiне ыңғайлап, өңдеп әндетедi. Мысалы, жарапазан жырлары балалар арасында ешқашан тұтас күйiнде емес, тек үзiк-үзiк күйiнде ғана, әр түрлi жағдайға байланысты айтылады Ашық сабақтар

№ слайда 17 Қазақ халқының өткендегі тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалардың енді б
Описание слайда:

Қазақ халқының өткендегі тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалардың енді бір түрі-адамның көңіл-күйін,қуанышы мен қайғысын,іштей тартқан мұң шерін,ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналаған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең жырлар арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды,оны жеңілдетуді көздеген. Адамның тұрмыс-тіршілігіде,өмірінде шаттық,қуаныш,ойын-күлкі қандай елеулі болса,қайғы-мұң шер де сондай елеулі орын алған.Бұл екеуінде халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген.Бірінде щаттық,қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы-қасірет, күйініш шерін шерткен. Адам баласы қайғы-қасірет,мұң-шер,күйініш-күйік т.б. Тудыратын жағларға әр түрлі жағдайда душар болған. Естірту– қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлау рәсімі. Ауыр қаза, қайғылы оқиғаны жанашырларына, ел-жұртына өлеңмен Естірту дәстүрі қазақ халқында ертеден бар. Ардақты азаматы не батыр-бағланы өлген үйдің жанкүйер жақын, туыстарын азалы хабарға дайындап, әзірлеп алу үшін естірту, көбінесе, “Аққу ұшып көлге кетті, сұңқар ұшып шөлге кетті, ол адасып кеткен жоқ, әркім барар жерге кетті” деген сияқты салыстырулар түрінде болған. Ауыз әдебиетінде естіртудің мол ұшырасуы қазақ халқының жан дүниесінің тазалығын, қайғы көріп, қаралы болғанға қабырғасы қайысып, ауыртпалықты бірге көтерісетінін танытады. Жалғаншы дүниеде баянды ештеңе жоқ, бәрі де өтеді деген ишарадан кейін барып қана өлең қайғылы халді Ал өлеңнің соңғы бөлімі көңіл айтуға - жұбату жырына ауысады.Мысалы, Байшуақ өлгенде баласы Байғараға Қазбасты шешен келіп: “Алып арыстан құласа, жан беруші бар ма екен. Аққан дария құрыса, су беруші бар ма екен” деп естіртеді. Естірту кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Бұған Жошының аң алуап жүріп өлген ұлының өлімін оған күймен естіртуіі дәлел. “Ақсақ құлан” күйі осылай туған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға ауысады. Жоқтау немесе  дауыс қылу деп те аталады, қазақ халқының әдет-ғұрпында адам қайтыс болған күннен бастап оның жылы өтіп, асы берілгенше жоқтау айтылады. Қазаны естіген жанашыр туыстар ауылға “ой, бауырымдап” ат қойып шауып келіп, атынан жығыла түсіп, жақындары жоқтау айтып, қайғылы сарынмен көріседі. Әдетте,жоқтауды өлген адамның әйелі,шешесі,апасы не қарындасы айтатын болған және олар жоқтауын өздері шығаруға тырысқан.Жоқтауда өлген адамның жақысы істері,қызметі,сүйкімділігі,мінезі еске алынған. Жоқтаулардың алғашқы үлгісі ұсақ өлеңдерден басталатын секілді. Жоқтаудың көне де көркем үлгілерінің бірі ретінде Қаз дауысты Қазыбекті қызы Қамқаның жоқтауына тоқтала кетейік: Біссмілләдан бастайын, Шариғаттан аспайын. Ішім толды қайғыға, Азырақ көзім жастайын, Алаштан озған әкекем, Жоқтаусыз қалай тастайын? Алатаудай әкеме Ажалдың сыны келгені, Жылағанды не қылсын? Көздің жасын көрмеді! Қазақ болып зарлады, Тілеуді құдай бермеді, Кешегі жүрген әкекем, Жоқтаусыз тастар ма еді?! Ашық сабақтар

№ слайда 18 Лирикалық өлеңдер-қазақ халық өлеңдерінің табиғаты өзгеше бір түрі.Өйткені ө
Описание слайда:

Лирикалық өлеңдер-қазақ халық өлеңдерінің табиғаты өзгеше бір түрі.Өйткені өмір тіршіліктің сан саласын кеңінен қамтитын лирикалық өлеңдер салтқа тікелей қатысты емес,оны кез келген уақытта орындай беруге болады.Тұрмыс-салт өлеңдерінде халықтың әдет-ғұрпы салт көріністері басым болса,ал лирикалық өлеңдерде халықтың арман-аңсар,көңіл-күйін суреттеу басым.Лирикалық өлеңдерде халық өмірінің сан саласы қамтылады.Жас адамның сезім сыры да,ел басына түскен ауыртпалық та,әлеуметтік үлкен уақиғалар да лирикалық өлеңдерден көрініс табады. Ашық сабақтар

№ слайда 19 Ашық сабақтар
Описание слайда:

Ашық сабақтар

№ слайда 20 Ашық сабақтар
Описание слайда:

Ашық сабақтар


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-017162

Похожие материалы