Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / "Слайдтарды безендіру" әдістемелік өңдеу

"Слайдтарды безендіру" әдістемелік өңдеу

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifШЖҚ«Талдықорған қалалық медицина колледжі» МҚК

















Оқу әдістемелік комплекс.



Пән: Информатика


Тақырыбы : «Слайдтарды құру және безендіру. Жан бітірімді баптау»


Мамандығы: стоматология


Курс: 3 курс










ЦӘК отырысында қаралып,

Бекітілді

ЦӘК төрайымы

Манарбекқызы А_______

«___»_______2015ж.




Оқу әдістемелік комплекстің мазмұны:



  1. Сабақтың хронокартасы

  2. Үй тапсырмасын сұрауға семантикалық картаны қолдану.

Қосымша 1

  1. Дәріс

  2. Орындау алгоритмі Қосымша2.

  3. Тәжірибелік тапсырмалар

Қосымша 3

  1. Сабақты қортындылау сұрақтары. Қосымша4.







































Сабақтың тақырыбы: Слайдтарды құру және безендіру. Жан бітірімді баптау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Слайдқа мәтін, суреттер, графикалық объектілер енгізу. Программада жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеру әрекеттерін меңгеру.

тәрбиелік : Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу

дамытушылық: Оқушылардың жаңа ақпараттың технологияларға қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: тәжірибе

Сабақтың әдісі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың уақыты: 180

Сабақты өткізу орны: компьютер класы

Пәнішілік байланыс: Microsoft Word, Excel

Пәнаралық байланыс: Математика, физика

Сабақтың жабдықталуы: электронды дәріс, электронды оқулық

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Негізгі: В.Я. Гельман «Медицинская информатика»

  2. Энциклопедия «Персональный компьютер 2003»

  3. Самоучитель работы на персональном компьютере

  4. Е.К. Балафанов, Б.Бурибаев, А. Даулеткулов «30 уроков по информатике»


Оқушы білуі тиіс:

  • Слайдтарды құру

  • Слайдтарды безендіру

  • Сурет құралдыр үстелі


Студент істей білуі тиіс:

  • Көрмені әзірлеуді

  • Слайдтарды безендіру

  • Слайдққа өң беру

  • Жан бітірімді баптау

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы

І Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 25 мин

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 30 мин

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 100 мин

Ү Қорытындылау – 15 мин

ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин

Сабақ барысы.



І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, жоқ оқушыларды белгілеу. Жаңа сабақтың мазмұны ашу.



ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Семантикалық картаны қолдану.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсндіргенде қысқаша баяндаймын. Электронды оқулықты ашып гипермәтіндерді жазып алуларына тапсырма беріледі.

ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту.

1.Электронды оқулықтағы тапсырмалар ретін орындайды.

2. Компьютерлік технологияны қолдана отырып, өз беттерінше жұмыспен айналысу.

Ү Қорытындылау.

Сұрақтарды қолдану.

1. Жасалған нысандарды қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?

2. Кірістірілген суреттерді қандай құралдар үстелінің көмегімен өңдеуге болады?

3. Слайдтарды безендірудің дайын қалыбын қалай қолдануға болады?

4. PowerPoint бағдарламасы көрмесінің слайдына дайын дыбыстық файлды қандай әмірлердің көмегімен кірістіруге болады?



ҮІ Үйге тапсырма. Компьютерлік сауаттылық юойынша оқу –әдістемелік құралы 94 бет.





































Дәріс жоспары:



  1. Слайдтарды безендіру

  2. Жан бітірімді баптау.



Слайдтарды безендіру



Слайдтарды безендіру кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.

Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.

Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10.3-сурет). Сізге қажетті безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.

Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:

өң түсін;

байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;

тақырыптың түсі мен өлшемін;

негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;

еренсілтеме түсін;

өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.

Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп турады - ол мұқаба слайд емес пе!

Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады.

Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан түрады (10.4-сурет).

Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп апыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы - Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.

Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.

PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Cypem және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс - Құралдар үстелі әмірін тандаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.



Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (10.6-сурет).

hello_html_3e9bd786.png

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.

Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы hello_html_154feee2.png батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.

Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:

- недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы);

- ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында пернесін басу);

- ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары);

- жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;

- қаріп түсін таңдау және т.б.

Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар - Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.

Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.

PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды -Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.

Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.

Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.

Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері hello_html_m710a6273.png батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса - Штрих мәнері hello_html_m52d1a4ee.png батырмасы қолданылады.

Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру hello_html_5a35ad7.png батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің - Сурет - Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.

2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.

Кірістіру әмірін орындаңыз (10.7-сурет).

hello_html_m25860645.png

Суретті сәл-сәл өңдеуге Сурет құралдар үстелі көмектеседі (10.8-сурет).

hello_html_73495807.png

Осы құралдар үстелінің көмегімен жаңа суретті кірістіруге, суретті ақ-қара түсті етуге, суреттің жарықтылығы мен контрастын өзгертуге, суреттер шеттерін қиып, алып тастауға, оларды 90 градусқа бұруға, жақтау сызуға және т.б. әрекеттерді орындауға болады.

Дайын суретті кірістіру үшін Сурет caлy құралдар үстелінде Суретті кірістіру hello_html_6c590912.png батырмасын басыңыз немесе Кірісгіру мәзірінің - Сурет - Суреттер (жинағы) әмірлерін орындаңыз. Тапсырмалар аймағында суреттер жинағы пайда болып, таңдағаныңызды слайдқа бір шертіп кірістіруіңізге болады.

WordArt мәнеріндегі жазбаны да дәл осындай алгоритммен: Сурет салу құралдар үстеліндегі hello_html_24c50ff8.png батырмасының көмегімен немесе Кірістіру мәзірінің - Сурет - WordArt нысаны әмірлерін орындау арқылы кірістіруге болады. Әдетте WordArt нысанын кірістіргенде (немесе нысанды бөлектеген кезде) жазбаның сыртқы түрін өңдеуге мүмкіндік беретін WordArt үстелі бірге шығады. Мысалы, WordArt нысаны түсін WordArt пішімі терезесін шақырып, пайда болған терезеде Түстермен сызықщтар қосымшасында Бояу және Түс әмірлерін таңдау арқылы өзгертуге болады.

PowerPoint көрмесі слайдына диаграмманы Кірістіру - Диаграмма әмірлерінің көмегімен кірістіруге болады.

Егер Сіздің слайдыңызда бірнеше нысан бар болса, олардың бір-біріне қатысты орналасуын өзгертуіңізге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, Сурет салу құралдар үстелінде Әрекеттер батырмасын басып, Рет әмірін, содан кейін қажетті параметрлерді тандау керек.

Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командаларын орындалған соң, Слай құру сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батымасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады.

PowerPoint программасында презентацияларды безендіру үшін көптеген фондық өрнектер, слайдтарды эффектті түрде ауыстыру әрекеттерін орындау мүмкіндіктері бар. Презентация слайдтарын шаблон арқылы және өз қалауымызша безендіре аламыз. Сондай-ақ, слайдқа енгізілген объектілер, диаграммалар безендірілуін де өз қалауымызша орындай аламыз. Сонымен қоса жарнама роликтерін де жасай аламыз.

Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлері:

  • Дайын шаблондар арқылы безендіру.

  • Слайдтарды безендіру элементтері.

  • Слайд белгіленуі арқылы.

  • Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.

  • Фондық түстерді өзгерту арқылы.

  • Құю тәсілдерін таңдау арқылы.

  • Жеке слайдтарды безендіру.

  • Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.

  • Мәтін анимациясын таңдау арқылы.

  • Мәтін жазып, безендіру арқылы.

  • Сурет қою арқылы.

  • Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.

  • Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.



Презентациялық бағдарламада слайдпен жұмыс жасаудың 5 режимі бар.

  • Слайдтар режимі./ режим слайда/

  • Құрылымдық режим./ режим структуры/

  • Слайдтарды сұрыптау режимі./ режим сортировщика слайдов/

  • Бетке ескертпе жазу режимі./ режим страниц заметок/

  • Слайдтарды көрсету режимі./ режим показ слайдов





Қосымша 1.

Үй тапсырмасына арналған семантикалық карта.

Семантикалық карта. Төмендегі кестені толтыр. Қатар мен бағанның қиылысына дұрыс жауапқа «таңбасын қоясыз.


Жолдар

Бағандар

Ұяшық

Формула ұяшыққа қалай енгізіледі

Дұрыс жазылған ұяшықтың аумақтары

Қаріптің керекті параметрлерін тағайындау

Латын әріптерімен







Араб цифрларымен







В13:С19







Жол мен бағанның қиылысуы







Ұяшық адресі және теңдік белгісінен басталады.







Ұяшықты пішімдеу



























Қосымша2.

Сабаққа арналған орындау алгоритмі.

        1. Компьютерді іске қосу

        2. Power Point бағдарламасын іске қосу – Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office - Microsoft Power Point.

        3. Слайдтарды безендіру:

  • Вставка –Рисунок - Слайдққа объектіні кірістіру

  • Вставка - Клип- дайын бейне клиптерді кірістіру

  • Вставка – Фигуры – әр – түрлі фигураларды кірістіреді

  • Вставка – Диаграмма- диаграмманы кірістіру

  1. Слайтқа өң беру:

  • Дизайн – Тізімнің ішінен керектісін таңдау

  • Тінтуірдің оң жақ батырмасына басу – Формат фигуры- Заливка – рисунок или текстура – Файл – Обзор – керектісін таңдау- Вставить – ОК басу.

5.Жан бітірімді баптау.

- Анимация - Эффекты анимации – керектісін таңдау.

Әр объектіге жеке – жеке – жан бітіру үшін:

  • Объектіні белгілеп алу

  • Анимация- Настройка анимации – добавить эффект - вход немесе выход – пути перемещения осылардан керектісін таңдау.

  • Просмотр командасы арқылы тексеріп көру.

  1. Дайындалған слайдтты сақтау.

























Қосымша3.

Тәжірибелік тапсырмалар:

1- тапсырма : «Менің мамандығым» атты тақырыпта бірнеше слайдтан тұратын жарнамалық презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



2- тапсырма : «Менің тобым» атты тақырыпта презентация құру.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



3- тапсырма : «Алтын ұя - колледжім» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.



4- тапсырма : «Ұстазым менің, ұстазым» атты тақырыпта бір слайдтан тұратын мәтіндік, көркем презентация жасаңыз.

а/. жарнаманы сол атпен «Жұмыс столында » сақтаңыз .

ә/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

б/ өлең шумақтарын пайдаланыңыз.

5- тапсырма : «Бүгінгі сабақ жайлы эссе» атты тақырыпта бір слайдтан және бірнеше сөйлемнен тұратын, өз пікіріңзді қорытындылайтын эссе презентациясын жасаңыз.

а/. Сабақ қалай өтті? Қандай әсер алдың?

ә/ Тобыдағы достарыңа не айтасың?

б/ безендіру мүмкіндіктерін пайдаланыңы, сақтаңыз.







































Қосымша4.

Сабақты қортындылау сұрақтары.

Сұрақ: Power Point бағдарламасында презентацияларды безендірудің түрлерін атаңдар?

Жауап: Презентациялық бағдарламада презентацияларды безендірудің бірнеше түрі бар.Мысалы..

  • Дайын шаблондар арқылы безендіру.

  • Слайдтарды безендіру элементтері.

  • Слайд белгіленуі арқылы.

  • Түрлі түстер схемасын пайдалану арқылы.

  • Фондық түстерді өзгерту арқылы.

  • Құю тәсілдерін таңдау арқылы.

  • Жеке слайдтарды безендіру.

  • Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері арқылы.

  • Мәтін анимациясын таңдау арқылы.

  • Мәтін жазып, безендіру арқылы.

  • Сурет қою арқылы.

  • Аниммациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы.

  • Музыка, дыбыс, бейнеклиптарды енгізу арқылы.











Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров319
Номер материала ДВ-387548
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх