Инфоурок Директору, завучу Конспекты«Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!»

«Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!»

Скачать материал

 «Бекітемін»

Мектеп директоры:

______М.К.Хасенова

         М.Хасенов атындағы Қошқарбай негізгі  мектебі

 

 

 

1-қыркүйек- Білім күні

 

«Сәлем саған, сүйікті алтын   ұя    мектебім!»

 

 

 

 

 

 

 

Жауапты: Қалымжанова С.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 о.ж

                     “ Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!”

Білім күнінің мақсаты – Мәңгілік Ел ұлттық идеясы контексінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын білім беру процесіне енгізу.

Білім күнінің идеологиялық және тәрбиелік мақсаты – қоғамда қазақстандық патриотизм идеясын дамыту, Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін насихаттау,  жылдары, басты құндылықтар – тәуелсіздік, бейбітшілік және келісімді нығайту. 

Мемлекеттік рәміздерді, өз елінің дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін, Қазақстан Республикасының Конституциясын  мақтаныш ету және құрметпен қарау сезімін жандандыру.

Білім күнінің дамытушы және білім беру мақсаты – балалардың өз Отанының тағдыры үшін жауапты азамат екенін түсінуіне ықпал ету. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын түсіндіру, олардың Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы маңызын ашу.

Білім күнінің тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Білім күні өткізілетін дата: 2015 жылғы 1 қыркүйек

І жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата-аналар! 
ІІ жүргізуші:  
Арма ағайын, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! 
І жүргізуші

Барлығымыз  сағынышпен күткен “ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!”атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
ІІ жүргізуші

Үстіміздегі жылы еліміздің даңқын асқақтатқан оқиғалар көп болды.  

Олар:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығы және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  70 жылдығы. Осы айтулы мерекелер үстіміздегі жылы мемлекеттік көлемде атап өтілді.  Бүгінгі Білім күніне арналған алғашқы Білім Сабақтары осы айтулы мерекелерге арналады.

І жүргізуші:

Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. 
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын! 

ІІ жүргізуші:

Ендеше, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларын сынып жетекшісімен қол соғып қарсы алайық!

Қайролла Мәншүк Ыбырайқызы

Сағди Тілеужан Жангелдіқызы

Хасенова Аружан Кенжебайқызы

және сынып жетекшілері Балтағарин Ыбырай Қайроллаұлы

 

І жүргізуші: 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.
ІI жүргізуші:  
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар: 

ІІ жүргізуші:  
Жан шуағы, күн шуағы арай ма, 
Ұстаз деген әулиедей талайға 
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл, 
Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да. 
«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Хасенова Муслима Касымовнаға беріледі. 

І жүргізуші
Оқушыларды сыныптан сыныпқа қабылдау бұйрығымен таныстыру үшін сөз кезегі мектептің оқу ісі меңгерушісі Қалымжанова Сауле Тулебаевнаға беріледі.

  ІІ  жүргізуші 
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар, 
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды. 
Қуаныш пен салтанатты шақтарда 
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар. 
Сөз кезегі қадірменді қонақтарда. 
( қонақтарға сөз беріледі) 

 

 


Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 7-сынып оқушылары          « Жаса Қазақстан» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.  

I Жүргізуші сөзі: 
Өмірдің бейбіт бағы гүл, 
Асудан асып асқарлы 
Мінекей биыл тағы бір 
Жаңа оқу жылы басталды. 


Шаттықпен шалқып толғана 
Ой толқытқан жүрегін 
Өмірге алмақ жолдама 
Сыр шертсін енді түлегің 

(Тоғызыншы сынып оқушысы Жадыра)  
Кеше ғана аттаған, 
Мектеп табалдырығын 
Бүлдіршін едік бастаған 
Ақ бантикті тұлымың 
Иә, кеше, кеше еді, 
Сәби едік балдырған 
Азамат болып көшелі, 
Табылмақпыз сан қырдан 
Сусындап білім нұрына 
Өткеріппіз сан жылды 
Қанығып өмір қырына, 
Зердеге түйдік мол сырды. 
(Фаризат:9-сынып оқушысы)

Оқыған әпке, ағаңыз, 
Қадірлі мектеп – бұл мектеп. 
Сендердей біз де болғанбыз, 
Есейдік, міне, қараңыз. 
Құт болып алғаш қадамың, 
Жағарсың білім шырағын. 
Биылғы жыл ерекше, 
Ұғарсың оның шын мәнін.  

9-сынып оқушысы Жадыра:

 Құттықтап білім күнімен, 
Сыйланар сізге әліппе. 
Бар білімнің бастауы, 
Қадірлеп оны дәріпте.  (1-сынып оқушыларына «Әліппе» оқулығын ұсынады)
I Жүргізуші: 
Егемен елдің төсінде, 
Шуағын шашсын арай ,күн 
Азамат болып өсіңдер, 
Қызыға жұрттар қарайтын. 

9-сыныптың рындауында “Мектебім” әнін қабыл алыңыздар.  
Жүргізуші: 
Біреулер енші ап өмірден, 
Аттанбақ болса асып қыр 
Біреулер балғын көңілмен 
Алғашқы қадам басып тұр 

Сондықтан да назарды, 
Солар жаққа бұрайық 
Балдырғандарды базарлы 
Қарсы алып, қол ұрайық. 
II Жүргізуші: 
Айқара ашқан есігін 
Қайнары білім нұрының 
Мектебің – алтын бесігің 
Жылы ұяң, міне сыныбың 

Қаламсап алып қолыңа, 
Достасарсың әріппен 
Шуағын себер жолыңа, 
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп 
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып 
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз. 

I Жүргізуші: 
Халқымыз “Ата-баба дәстүрі- асыл мұра” дегендей “Бала- бауыр  
етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір 
қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға 
отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз 
бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып ,“Алғашқы 
қоңырау мерекесіне қатысу сәті.  
Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге 
талпынған қадамы. 
Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға 
рұқсат етіңіздер! 
(1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, 
өнерлері тамашаланды) 
ІІ блок  
Музыка әуенімен ойнап келе жатқан балалар дауысы естіледі. Осы кезде 2-3 балдырған (қолдарында добы, қуыршағы, машинасы бар) өзара таласып келіп ортаға кіреді. 

II-жүргізуші:

Ойын қуған, жүрген думан бұл кімдер? 
Сылдыраған балаң тілмен естіледі бір үндер. 

1-балдырған: Мамам айтқан күзде мектепке барасың деп, (Аружан) 
Көп-көп оқу құралдарын аласың деп. 

2-балдырған: Онда мына қуыршағыңды неге тастамайсың? (Тілеужан) 
Сен әлі еш нәрсені түсінбейтін кішкентайсың. 

3-балдырған: Жоқ, ол жетіге толды, (Мәншүк) 
Үлкен бала болды. 
Мына қуыршақты, машинаны 
Бөпелерге сыйлайтын болдық. 
Балалар ойыншықтарын бөпелеріне береді. Осы арада мектепке бара жатқан 2-сынып оқушылары ортаға келіп қосылады. 

2-сынып оқушысы: Балалар, мектепке бармайсыңдар ма? (Нұрдәулет) 

1- Балдырған: Мектеп.Мектеп деген ол не өзі? (  Аружан ) 
Оның бар ма мұрны, аузы, көзі? 

2-сынып оқушысы: Мектеп – ол үлкен орда, 
Оқимын дегеннің бәрі сонда. (Нұрдәулет)  

2- Балдырған: Онда не береді? 
Менің де барғым келеді. (Мәншүк)

2-сынып оқушысы: Жетіге толсаң, ойын қумай бос текке, (Аяжан)           
Оқисың, әрине, сен де мектепте. 

3- Балдырған: Мектептен үйрендің сен нені? ( Тілеужан) 
Көп пе оның сендерге бергені? 

2-сынып оқушысы: Мектепте бәріміз білім аламыз, (Диана)
Жан-жақты дамып өседі санамыз. 
Біз секілді ағылшын тілін меңгересің, 

Мектепте домбыра қағуды үйренесің, (Аяжан)
Үйірмеде билегенде бір ғажайып күйге енесің. 
Ән сабағына қатысып ән айтасың, 
Интернетке кіріп жаңалықпен қайтасың. 
Спорттың неше түрімен шынығасың, 
Қарның ашса, асханада сусын ішіп тынығасың. 
Бүгін 1- қыркүйек білімнің күні, (Аружан)
Сыңғырлайды мектепте қоңырау үні.
Мектебім мінеки, ақ ордам тым асқақ,
Ұстазым, достарым тұр әне қол бұлғап.
Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.

 

I жүргізуші: Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,
Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

II жүргізуші: 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы: Сәлем, саған мектебім
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

2-оқушы: Қуаныш бүгін – мереке
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.

3-оқушы: Бірінші қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем, қарсы алар мектебім
Сүйкімді қоңырау үнімен. 

4-оқушы: Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

5-оқушы: Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

6-оқушы: Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен
Мейіріңді сезіндім.

7-оқушы: Отанның біз ұл-қызы,
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

8-оқушы: Сылдырлайды, сыңғырлайды
Мектеп жақта қоңырау.
Ұмытпаймыз бұл бір айды,
Гүлге толы омырау.

9-оқушы: Гүл толы қала, дала да,
Гүл толы бүгін омырау.
Шақырып мектеп – анаға,
Соғылмақ тұңғыш қоңырау.
І жүргізуші:

 

Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндерімізге сәттілік тілей отырып , 5-сынып оқушылары  «Ертегілер» әнін жолдайды, қабыл алыңыздар.

 

ІI -жүргізуші:

 Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – деп сөз кезегін 1-сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстаз Балтағарин Ыбырай Қайроллаұлына  береміз.

1 жүргүзуші:

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдың, қарағым,
Білімнің кілтін ашатын, - деп сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата-аналарымызға береміз. Ортаға 1- сыныптың ата-аналарын шақырамыз.

ІІ жүргізуші: 
Күтіп тұр, алда сан қызық,
Асулар, асқар, неше сын
Кеудеңе үміт жанғызып,
Азамат болып өсесің.
Үміттің отын жандырған
Қызырдан болсын қолдаушың
Хош келіпсің, балдырған
Қадамдарыңа нұр жаусын!
Ұшталған үміт арманнан,
Таудай бір болсын талабың! – келесі әсем ән өздеріңе арналады.
I жүргізуші:
Жаңа оқу жылы құт болып,
Ізгілік оты жағылсын.
Бөбек пен түлек жұп болып,
Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоғырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыларды шақырамыз.

9-сынып оқушысы:

1-сынып оқушысы

IІ Жүргізуші:

Аялар бейбіт күн нұры,

Мектебім, бізге жөргексің.

Алғашқы қоңырау сыңғыры

Ән болып сені тербетсін.

 

І жүргізуші:

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын

Бал үнің сенің сырлы ырғақ

Сыныпқа бізді бастасын

 

ІІ жүргізуші:

 

Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге

 

І жүргізуші:

 

Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын!

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер ұл мен қыз болсын!

 

II Жүргізуші:

Ендеше, балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Мектепке 1-сынып оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне арналған сабаққа шақырамыз.

 

І жүргізуші:

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар – алғашқы қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар.

 

ІІ жүргізуші:

Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып - тасайық

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің

 

І - жүргізуші:

Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «“ Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!

ІI жүргізуші:

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 2015-2016 оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады.

Ақ жол сіздерге, мектеп оқушылары!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Сәлем саған, сүйікті алтын ұя мектебім!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 756 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 1503
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калымжанова Сауле Тулебаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калымжанова Сауле Тулебаевна
    Калымжанова Сауле Тулебаевна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5981
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Техногенные системы и экологический риск

72 ч. — 180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе