Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» …

«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» …


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектеп

















1-қыркүйек – Білім күніне арналған



«Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» ………


«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»





атты салтанатты жиынның сценарийі



























2015-2016 оқу жылы





«Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі


Өтетін орны:

Қатысушылар: ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар.

(1,4,5,9,10,11- сыныптар үшін)

Жоспары:

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Қонақтардың орналасуы

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру.

4. Әнұран шырқалады.

5. Қонақтармен таныстыру.

6. Салтанатты жиынды  ашу, мектеп директорына сөз

7. Ән жолданады.

7. Құттықтау сөз (қонақ, ұстаз, ата-ана)

8. 1- сынып оқушыларының әдеби монтажы

9. Салтанатты жиынның жабылуы.

10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын түсіру.

11. Алғашқы қоңырау қағылады.

12. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

13. Салтанатты жиын 1-сынып оқушыларының алғашқы сабақтарымен жалғасады.


(Әуен ойналып тұрады)






Өтетін күні: 01.09.2013
Уақыты: 10.00 №№№

Сыныптар: 1-11 сыныптар
Жүргізушілер: Жұмаділова Жұлдыз, Арыстанбаев Жолдасбек №№№№№


1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Тақырыбы:   Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!

 Мақсаты:          Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіндіру,

                            Білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын

елжандылыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:     Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер

 

1 -жүргізуші: Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.


Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! Сіздерді бостандығымыз бен еркіндігіміздің басты кепілі, тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры-Қазақстан Республикасы Конституциясының 18 жылдық мерейлі мерекесімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 21 жылдығымен және осы мерекелермен тұспа-тұс келген Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігіміздің басты белгісі: желбіреген көк Туымызды, қасиетті Елтаңбамыз бен асқақтаған Әнұранымызды құрметтеу, Отанымызды мақтан тұту, тәуелсіздігімізді бағалау басты борышымыз.

2-жүргізуші: Өмір бойы мектебімді жыр етем,

                        Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

                        Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Оқушылар, сендер арайлы жаздың үш  айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен қыркүйек айының алғашқы күні алтын ұя  мектептеріңізге қайта оралып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысқалы отырсыздар.

Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекесімен қадірлі қонақтарды, аяулы ұстаздарды, ата-аналарды құттықтай отырып, бірінші қыркүйек білім күніне арналған  «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!» №№№ атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


1-  жүргізуші: Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді,

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі

Көк тудың желбірегені ...

№№№№№№Ерекешов Ә- АӘД пәнінің мұғалімі.

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілсін!
(Туды көтеру рәсімі №№№ тапсырылады).

Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.


2-жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

                            Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

                            Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,   

                            Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп, бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне  де   арналады.


1-жүргізуші:      Біраз жылын мектепте өткізген,

                                 Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

                                 Қуана шәкірт қабылдап,

                                 Білімнің көшін жалғаңдар.

                                 Алғашқы әріп үйретер,

                                 Жанат №№№ қызы мен Ләззат №№ қызын шәкірттерімен  қарсы алыңыздар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан ортаға, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

 2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар...

1.
2.
3.
4.


1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шын жүректен арналсын тілегіңіз,- деп мерекелік алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп басшысы№№№№ Кенжеева Алтынша апайға береміз.

2-жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады, 
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер, 
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!



Ән: «Ұстазым»№№№№№№№№

Орындайтын №№№№№№№№№№№№№

  

1-  жүргізуші:  Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз.

                           Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

                            Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,- деп келесі құттықтау сөз кезегін   бүгінгі салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонағы №№№№№№№№№ №№№ береміз.



2-  жүргізуші:  Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,

Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.

Қуаныш пен салтанатты шақтарда

Қонақтар да ақ тілегін ақтарар.

Сөз кезегі қадірменді қонағымыз №№№№№№№№№№№ беріледі.

Ән.№№№№№№№№№№

1- жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыңа ұқсағын.

                       Адам жанын тәрбиелеп аялар,

                           Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың,- деп келесі құттықтау сөзді мектебіміздің №№№№№№ береміз.



2-жүргізуші: Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

                          Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

                          Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп... деп сөз кезегін 1- сынып оқушыларына береміз. (1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары тыңдалады)



1- жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді,

                                  Бүкіл әлем ерекше бір түледі.

                                  Балдырған жетектеген ата-ана,

                                  Қуаныштан жарылардай жүрегі,

                                  Білім көзін ашатынын біледі, -  деп,

балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата-аналарға қадамдарыңызға гүл, армандарыңызға  нұр бітсін дей келіп, сөз кезегін №№№№№№№№№№№№№№№№

анасы №№№№ береміз.

2- жүргізуші: Құттықтап білім күнімен,

                                           Сыйланар сізге әліппе.

                                           Бар білімнің бастауы,

                                           Қадірлеп оны дәріпте.

(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары «Әліппе»оқулығын 1-сыныптарға тапсырады) 

(Ортаға №№№№ оқушысы №№№ «» әнін орындайды)


1 -жүргізуші: Оқыған әпке, ағаңыз,

                                             Қадірлі мектеп – бұл мектеп.

                                             Сендердей біз де болғанбыз,

                                             Есейдік, міне, қараңыз.

                                             Құт болып алғаш қадамың,

                                             Жағарсың білім шырағын.

                                             Биылғы жыл ерекше,

                                             Ұғарсың оның шын мәнін... деп, алғаш мектеп табалдырығын аттағалы тұрған ізбасарларына шын жүректен өз құттықтауларын білдіру үшін ортаға     11-сынып оқушысы №№№№№№ шақырамыз.



(Оқушының сөзі)№№№№№№№№№№

Құрметті қонақтар, аяулы ұстадар, ата-аналар, оқушылар! Қымбатты біздің ізбасарларымыз! Сендерді алғашқы қоңырау мерекесімен құттықтай отырып, білімнің шынар басына шығуға, үлкенді сыйлауға, қоршаған ортаны қорғауға, әрқашан шындықты айтуға, егеменді еліміздің білімді азаматы болып шығатындарыңа 11 сынып оқушылары атынан кәміл сенеміз.

Бүгінгі мектепке алғашқы аттаған қадамдарың құтты болсын, алтын ұя мектебіңде білім нәрімен сусындап, жарқын болашаққа сеніммен қараңдар!



Сәтті сапар тілейміз қауым болып,

Еркін самға тұғырға аман қонып.

Ұлы болу әркімге міндет емес,

Қалсаң болды кәдімгі адам болып...



Талай, талай жылдар өтті табысты,
Алтын ұямнан
талай түлек жас ұшты.
Томанов мектебінің түлектері
Көтеріңдер биіктерге намысты!





2-жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.
 

1-жүргізуші: Жаңа оқу жылы құт болып,

Ізгілік оты жағылсын.

Бөбек пен түлек жұп болып,

Алғашқы қоңырау қағылсын – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектебімізден биыл түлеп ұшатын және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді шақырамыз.



2 -жүргізуші: Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1-сынып оқушысы №№№мен 2012-2013 жылының №№№ облыстық па№№№№ №№№ пәнінің

олимпиада №№№ жүлдегері 11-сынып оқушысы №№№№№№№№№ беріледі.

(Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау соғады)



1- жүргізуші: Жаңа оқу жылы жемісті

Мерейі үстем жыл болсын

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер қыз бен ұл болсын!

2- жүргізуші: Ақ жол, бүлдіршіндер!

Біліммен асып - тасайық

Тілеуін берсін көк көптің

Тілекпен осы ашайық

Есігін енді мектептің

Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол соғып қояйық! Шәкірттеріміз мектепке кіріп, мұражайдан бастап   сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәттеріне жол берелік.

(Музыкамен мектепке кіреді) 

1 - жүргізуші: Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған «Сәлем саған сүйікті, алтын ұя мектебім!” мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директоры №№№ Кенжеева Алтынша апайға сөз беріледі.

2 -жүргізуші: Қоңырау үні шарықта,

Өзіңнің сиқыр тіліңде

Қызмет көрсет халыққа

Шақырып өнер – білімге.

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Білім күні мерекелеріңіз құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!



(ҚР мемлекеттік туын шығару салтанаты)

№№№№№№№№№
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы түсірілсін!
Оқушыларды мектепке кіргізу





                 

 Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі құрметті қонағымыз_________________________________беріледі.


Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.


Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да.

 



Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп
табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып
оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.




Автор
Дата добавления 30.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров118
Номер материала ДВ-567680
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх