Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Сәлем-сөздің анасы" атты тәрбие сағаты/3-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Сәлем-сөздің анасы" атты тәрбие сағаты/3-сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Сәлем- сөздің анасы»

Мақсаты:

  • Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

  • Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрі мен салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

  • Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби монтаж.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, «Сәлемдесу - әдептілік белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты қабырға газеттер. Оқушылар шығармашылығынан көрме.


І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім: Халықтық педагогика – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар, шешен билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы болып табылады. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін тәрбие кітабы. Тәрбие тамыры қазақ халқының қаны мен жанында.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың «Сәлем - сөздің анасы» деп аталуы тәрбие көзі сәлемнен басталатынын балаларға түсіндіру болмақ. Оның ішінде ең адамға керектісі ата дәстүрі деп ойлаймын. Сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысып, оның мән-мағынасын жете ұғыну болып табылады.

1-оқушы: Сәлемдесу- әдептілік белгісі.

2-оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

3-оқушы: Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп, жақсылыққа жарылқауы.

4-оқушы: Әрбір адам «қайырлы таң» , «қайырлы күн» , «қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақ жарқын амандасуға тиіс.

5-оқушы: Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

6-оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.

7-оқушы: Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолымен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе Еуропа халықтарында кездеседі.

8-оқушы: Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар.

9-оқушы: Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш рет ат басын тіреген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.


ІІ. Мақал - мәтелдер айтысы.

«Көргенді бала алыстан сәлем береді.»

«Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді.»

«Сәлемдесудің артығы жоқ.»

«Әдебі жақсының-сәлемі жақсы.»

«Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы.»

«Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.»

«Сәлем берген саулық алады.»

«Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді.»

10-оқушы: Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес.

11-оқушы: Халқымызда ақсақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.

13-оқушы: Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

ІІІ. Көрініс көрсету.

1. Қарт ата мен жас жігіттің сәлемдесуі.

2. Әже мен қыз баланың сәлемдесуі.


14-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болып саналады.

15-оқушы: Сәлем беру – амандық, инабаттылық, көргенділік және мәдениеттілік белгісі.

16-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті, ол әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

17-оқушы: Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үстінде келе жатқан адам арқан бойы жақындағанда, аттан түсіп, айрықша құрметтеп сәлем беретін болған.

18-оқушы: Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші не сәлем беруші қол алысып амандасады, ұзақ уақыт көріспегенде қауышып, құшақтасып амандасады.

19-оқушы: Сәлемдескенде, сәлем бергенде әркім дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйласымдылық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.

Мұғалім: «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені», деп халқымыз бекер айтпаған.

«Не деу керек?»

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

- Не деп барып жеу керек? Бәрі: «Рахмет!»


Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сен де шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай.

- Мұндайда не деу керек? «Кешіріңіз!»


Әжең сенің түскі асқа,

Қант-кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.

- Жөн еді не айтқаның? «Рұқсат па?»


Осы келген бетіңде

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Не деу керек? «Сәлеметсіз бе?»



ІҮ. Қорытынды

Көп жасаған қария Ата салты – ардақты,

Ақылы теңіз – дария. Әрбір сөзі - салмақты

Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді ұқпасаң,

Сөзі соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір күні бармақты.


Мақал-мәтелдерге түсінік беру:


  • «Алыстан сәлем – береді, әдепті елдің баласы.»


  • «Сәлем - әдептіліктің белгісі.»


  • «Үлкенге құрмет – кішіге міндет.»


Мұғалім: «Сөз саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын», - деп Жамбыл атамыз айтқан екен. Ендеше, «Сәлем – сөздің анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы» дей келе,тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Сәлем- сөздің анасы»

Мақсаты:

1.Оқушыларды әдептілікке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу. Бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;

2.Халықтың салт-дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрі мен салтын, мәдениетін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, бойларына сіңіру;

3.Оқушыларға  қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінде тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, әдеби монтаж.

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, «Сәлемдесу - әдептілік белгісі», «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты қабырға газеттер. Оқушылар шығармашылығынан көрме,слайд.

 

 

Автор
Дата добавления 23.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1448
Номер материала 330259
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх