Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Сәлем -сөздің анасы " сыныптан тыс іс-шара

"Сәлем -сөздің анасы " сыныптан тыс іс-шара


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Жамбыл ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Равдал Мейрамгул



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сәлем-сөздің анасы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін

түсіндіріп, білімдерін нығайту.

ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер.

Барысы:



1/ Мұғалім сөзі

Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға сұрақ қою.

1. Сен бір жұмыспен көршіңе келдің. Есік ашқан кісіге алдымен не деу керек?

2. Ассалаумағалейкум!

Сәлеметсіз бе?

1. Сенің үйіңе қонақтар келді. Кіріп келген адамға не дер едің?

2. Саламатсыз ба? Қош келдіңіз!

Атамыз қазақ «Сәлем – сөздің анасы» деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Тегінде, әдеп, адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні- ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою, өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану, ниеттерінің ақ, адал, таза, екенін білдіру.

Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкүм» деген сөзден басталады.Ол «сізге Алланың нұры жаусын» деген сөз екен. Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып, алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы «Уағалейкүмассалам» деп оң қолын береді. Ол «Алланың нұры сізге де жаусын дегені екен.

Сыртта жүргенде қария не жасы үлкен кісі өтіп бара жатса, жасы кіші адам оған әдейі бұрылып барып амандасу керек.Амандасып болғаннан кейін жасы кіші адам: «Жолыңыз болсын,қария!» - дейді. Ал қария: «Сенің де жолың болсын!»- деп жауап береді.

Көріспегеніне біраз уақыт болған жолдас, құрдас, ағайын-туыстар қауышып амандасады.Олар әуелі қос қолдап амандасады, содан соң құшақтарын жайып барып бір-біріне төс қағыстырып оңға бір, солға бір кеуде түйістіріп амандасады.

Жастардың амандасу түрлері: «Сәлеметсіз бе?», «Амансыз ба?»,т.б .Адам баласы қашанда тыныш, бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір-бірімен тату-тәтті сыйласып өмір сүруді армандаған. Соның негізінде сәлемдесу әдебі салынған.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.

Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу

2. Мағынаны тану

Сайыс бағдарламасы:

1. «Сәлем-сөздің басы» атты таныстыру бөлімі.

2. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» атты сәлемдесу жолдары.

3. «Ескірмейтін есті сөз» мақал-мәтел сайысы.

4. «Кішіпейілділік кісінің көркі» сурет сайысы.

5.. «Кім көп біледі?» жұмбақ сайысы.

6. «Әдептілікке байланысты тиым сөздер

7.Ой толғаныс.Сиқырлы сөздер.

1. Топтардың аты:

«Сәлем сыры»

«Әдептілік»

Әр топ ортаға шығып топтарын таныстырады.

2. Сәлемдесу жолдары:

1. Қазақ елінің амандасуы

2. Әр түрлі елдің амандасу

3. Мақал- мәтел сайысы. Жалғасын табу.

1. Үлкенді сен сыйласаң,

(Кіші сені сыйлайды)

2. Әдепті елдің баласы

(Алыстан сәлем береді)

3.Сәлем беру де –парыз,

(Сәлем алу да –парыз.)

4.Алыстан алты жасар бала келсе

( Алпыс жасар қария сәлем берер.)

5. Бір күн тұзын татсаң

(Қырық күн сәлем бер.)

6.Әдепті бала-арлы бала,

(Әдепсіз бала-сорлы бала)

7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)

9. Сәлем беру бір абырой

( Сәлем алу мың абырой)

10. Әдептілік ар-ұят

(Адамдықтың белгісі)

11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)

12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)

13. Кішіден –ізет,( үлкенге-парасат)

14.Әдептілік белгісі- ар-ұят

4. «Кішіпейілділік- кісінің көркі» атты суреттер сайысы.

1-сурет. «Әдепті бала, алыстан сәлем береді».

2-сурет. « Әдепті бала арлы бала,

әдепсіз бала сорлы бала»

Оқушылар салынған суреттер бойынша көрініс қою.

5. «Кім көп біледі?» ойыны

Жаурағанды күлдірер,

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер. ( От)

Аласа ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Асқар тауда

Қалың орман,

Оны кейде

Шөптей орған. ( Шаш)

Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.

Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. ( Сыпыртқы)

Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. ( Мектеп)

Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады. ( Кітап)

Қалпақты шымырды

Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды

Дәйім дайын тұрады. ( Балға)

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. ( Автобус)

Әжем уыстап сығып

Далада кептірген.

Қатты әрі тәтті дәмі,

Кім бар жеп көрген? ( Құрт)

Күмбір- күмбір күйі бар

Құлағыңа түйіп ал. ( Домбыра)

6.Бұл айналымда оқушылар әдептілікке байланысты тиым сөздер айтады.

1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма

2. Үлкен кісімен сәлемдескенде қолыңды бұрын ұсынба

3. Бас киімді теппе, аяқ асты тастама.

4. Кемтар адамға күлме.

7.Ой толғаныс. Сиқырлы сөздер.

Қайырымдылық, мейірімділік.

Жағдаятты сұрақтарға жауап беру.

1. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.

Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?

2. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.

Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?

Марапаттау.

Қорытынды.

Оқушылар сөзімді қорыта келе әр халықтың өзіне тән мінез-құлқы мен өзіне ғана жарасатын әдет- ғұрпы болады, ұрпақтары ата-баба дәстүрінің кәусарын бойына сіңіріп өссе ғана халқына аброй әкеледі. Күн сайын біз қанша адаммен жүздесеміз, тілдесеміз, пікірлесеміз. Амандасудан адамның иманжүзділігі және инабаттылығы мен тәрбиелігі көрініп тұрады.

Қазақта «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария келіп, иіліп сәлем береді» деген қанатты сөз бар. Мұнда жасы үлкен адам келген баладан амандық сұрап, жасының үлкендігін бұлдамай өзінің кішіпейілділігін көрсетеді. Олай болса, сәлеміміз дұрыс болса, әлемімізде тыныш болады деп ойлаймын.


Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров73
Номер материала ДБ-008088
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх