Инфоурок / Другое / Конспекты / Сәлемдесу туралы. Ашық сабақ.

Сәлемдесу туралы. Ашық сабақ.


библиотека
материалов

5 «А» сыныбы.

Тақырыбы: «Сөз анасы – сәлем »

  Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды әдеп-тілекке, адамдармен қарым-қатынас жасай білуге баулу, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді ұғындыру.

2. Халықтың салт-дәстүрінмен таныстырып, мәдениетін үйрете отырып, бой- ларына  сіңіру.

3. Оқушыларға қазақ халқының сәлем беру, сәлем алу, сәлемдесу рәсімдерін айту арқылы «Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы» атты нақыл сөз негізінен тәрбие беру.

    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу.

    Сабақтың көрнектілігі: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сәлем - әдептілік- тің белгісі» сөздері.

    Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

    Мұғалім: Балалар, бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу сияқты қасиетті сөздермен танысамыз. Тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді үйрене-  міз.

     Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.

     Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.

     Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.

     Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.

     Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.

    «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.

      Сәлемдесу түрлері:

     - Сәлеметсіз бе?

     - Сәлеметте болыңыз!

     - Аман-саусыз ба?

     - Аман-сау болыңыз!

     - Аман-есенсіз бе?

     - Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба?

     Әсіресе араб тілінен енген

     - Ассалаумалейкум

     - Уаалейкум салам!

     Яғни,

     - Сізге амандық тілеймін!                                                                                                         -    - Сізге де амандық тілеймін,- деген сәлемдесу түрлері қолданылады.

     Оны тілінің дыбыстық үйлесіміне қарай халық:

     - Ассалаумағалейкум!

     - Уғалейкумассалам! – деп айтып жүр.

Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес келмейді. Ондай сәлемдесу көбі-несе еуропа халықтарында кездеседі.

    Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді» деген әдеп бар.

    Жасының үлкен екендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш ат басын тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай үлкен адамдарға өздері сәлем береді.

    Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі, жасқа, үлкен-кішіге байланысты емес.

    Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені – жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу – ата дәстүріміз.

    Қазақтарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.

    Ендігі кезекте:

    I. Қарт пен жас жігіттің сәлемдесу түрі.

    II. Әже мен қыз бала сәлемдесуі.

    Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.

    Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті. Ол - әдептіліктің бір белгісі ретінде қалыптасқан дәстүр.

    Ертеде ауыл сыртында отырған қарияға ат үсті келе жатқан жолаушы арқан бойы жақындағанда аттан түсіп, айрықша құрметпен сәлем беретін болған.

    Соңғы қалыптасқан дәстүр бойынша сәлемдесуші, не сәлем беруші қол алысады, ұзақ уақыт көріспегенде қауашып (көрісіп) құшақтасып амандасады. (Қытайда бас ию, үнді халқында екі алақанды түйістіріп, қолды маңдайға тигізу, қазақтарда оң алақанын жүрегіне қойып басын иіп амандасу керек).

     Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әрине, үннің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, қоңыр дауыспен, сыйластық үнмен, аптықпай, салмақпен, әдеппен сөйлеу керек.

     - Енді, балалар, мақал-мәтел айталық.

     Шығармалар оқыту, тақтадағы мақал-мәтелдермен жұмыс.

 

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-421677

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG