Инфоурок Информатика Конспекты"Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы" мақала

"Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы" мақала

Скачать материал

Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы

Мулдашева Айнагуль Алибековна

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,                                                                 Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

«Ойланбай оқыған адам адасады, оқымай тұрып ойланған адам қиындыққа тап болады»

Конфуций

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты дәрісінде заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халықты теңестіретін – білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отырып, мемлекетіміздің ұлы мұраты – білімнің кілтін табу екендігін атап көрсетті. Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан да еліміздің алға өрлеуінің, дамыған 30 елдің қатарына қосылуының ең негізгі түп қазығы ғылым мен білімнің әлемдік стандартқа сәйкес дамуы болып табылатынын ұғынамыз.

Сондықтан да әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Барлық дамыған елдер сияқты біздің елімізде де сапалы бірегей білім беру жүйесін құру үшін ауқымды жұмыстар жасалуда.

Олар білім саласына заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін енгізу, оқытудың инновациялық жаңа технологияларын пайдалану болып табылады. Сондай технологиялардың бірі – электронды оқыту (e-learning).

Электронды оқыту деген не? Алғаш рет E-learning термині 1999 жылы қазан айында АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында CBT Systems семинарында енгізілген екен. E-learning – адамға ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндік беретін ақпараттық, электрондық технологияларды қолдану, білімді арттыру мен еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін кең спектрлі шешімдерді беретін Интернет-технологияларды қолдану. Электронды оқыту әлеміне электронды онлайн курстар, оқытушы мен білім алушы нақты уақытта қарым-қатынас жасайтын виртуалды сыныптар, аудио- және видеоконференциялар, чат, форумдар, т.б. жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ал қазіргі кезде аралас оқыту кең танылған және ол көптеген маңызды артықшылықтарға ие. Бұл оқытудың мәні бір оқу программасында электронды оқыту құралдарымен қоса басқа тәсілдер қолданылады. Мысалы, алдымен білім алушы электронды курстан өтеді, содан соң шеберханада жаттығады, одан кейін виртуалды сыныпта дайындалады, сосын қайтадан өздігінен онлайн оқиды, соңынан емтихан тапсырады.

Осыдан қарап, электронды оқытудың бірқатар артықшылықтарын атап кетуге болады. Біріншіден, білім алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде, тек желіге қосылған компьютер (смартфон, планшет, т.б.) болса ғана жарайды. Кей жағдайларда тіпті Интернеттің де қажеті жоқ. Екіншіден, кез келген уақытта өтілген материалға қайта оралуға болады. Көптеген зерттеулер электронды оқытудың дәстүрлі іштей оқытуға қарағанда әлдеқайда тиімді екендігін көрсеткен.

Қашықтан білім беру және электронды оқыту жаңа бүкіләлемдік құбылыс - Smart Education-нің дамуына бастау болды. Smart Education білім дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады десек, практика жүзінде білім алудың жеңіл, тиімді жолдарын жүзеге асыру, Smart Education-ге көшу проблемасы туралы өз көзқарасымды білдіріп көрейін.

Smart Education деген не? Бұл сұраққа Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің (бұл оқу орнында аталған бағыт өте белсенді түрде даму үстінде) ғылыми жетекшісі                           Владимир Тихомиров: «Smart Education, немесе «ақылды» оқыту – бұл еркін қолжетімділікте болып табылатын бүкіл әлем контентінің көмегімен интерактивті білім беру ортасында оқыту. Smart Education – білімнің ең жоғарғы қолжетімділігі» деп жауап берген.

Өткен онжылдықта электронды мәдениет, электронды үкімет, электронды ғылым, электронды денсаулық сақтау салалары белсенді түрде дамыды. E-learning-мен қатар жаңа инновациялық технологиялар дамыды. Бұл технологиялардың тиімділігі неде деген сұраққа Smart Education тұрғысынан жауап беруге болады. Ол қазіргі әлемнің мүмкіндіктеріне сәйкес келетін білім берудің ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, білім алушыға тез өзгеретін ортаның шарттарына бейімделуге, кітаптық контенттен белсендіге ауысуға мүмкіндік береді.

Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі идеясы қандай?

«Кешегі күні» білім алушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім табылды, сонымен бірге білім алушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен білім алушыға ғана емес, білім алушылар арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы білім алушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады.

Ал «ертеңгі күні» Интернет білім алушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан білім алушыға, білім алушыдан оқытушыға немесе білім алушыдан білім алушыға жылжуы болып табылады.

Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді.

Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады.

Smart Education – бүкіл әлемнің оқытушыларының, білім алушыларының және олардың білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын.

 

 

Аты-жөні (толығымен)

Мулдашева Айнагуль Алибековна

Жұмыс орны

Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі

Қызметі

Информатика пәнінің мұғалімі

Мақаланың тақырыбы

Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы

Мекен-жайы

БҚО, Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы

e-mail

ainaalibekkizi@mail.ru

Телефон

87781705613

Jpg форматында фотосурет

 

Автор жайлы қысқаша мәлімет

Жұмыс өтілі – 4 жыл

Жетістіктері: Аудандық панорамалық сабақтар сайысы – І орын, 2012 ж

Облыстық «Үздік оқу-әдістемелік кешен-2013» байқауы – І орын, 2013ж

Оқушылар жетістігі: Аудандық мультимедиалық жобалар сайысы:

1)    М.Галлемова – І орын, 2011ж.

2)    Г.Мұқанова – І орын, 2012ж.

3)    А.Жасталапов, Н.Жақсығалиева – І орын, 2013ж.

Облыстық мультимедиалық жобалар сайысы:

1)    М.Галлемова – номинация, 2011ж.

2)    Г.Мұқанова – номинация, 2012ж.

3)    А.Жасталапов, Н.Жақсығалиева – І орын, 2013ж.

Республикалық мультимедиалық жобалардың сырттай байқауы:

Ж.Шалабаев – ІІІ орын, 2013ж.

Аудандық пәндік олимпиада: Г.Мұқанова – ІІ орын, 2013ж.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Smart education – білім беруді дамытудың жаңа стратегиясы" мақала"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

                                                                                                                                                                                              

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 839 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2014 1910
    • DOCX 23.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мулдашева Айнагуль Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мулдашева Айнагуль Алибековна
    Мулдашева Айнагуль Алибековна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 18306
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 38 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 34 регионов