Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сочинение ко Дню Независимости

Сочинение ко Дню Независимости

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:



Автор – Ахметов Алмаз



Павлодар облысы



Екібастұз қаласы




Павлодар облысының білім беру басқармасы

«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен – техникалық колледжі» КМҚК





Конкурс «Мен Қазақстандысүйемін»



Номинация «Егеменді еліміздің ертені - біздерміз»



Diyara.park@mail.ru; 87770661664; 39 жас



Батырханова Лаура Саукеновна



«Қ.ПішенбаеватындағыЕкібастұз тау-кен – техникалықколледжі» КМҚК



Арнайы пәндер оқытушысы



15.12.2015








Егеменді елдің ертеңі біздерміз!


Қазақ халқы байырғы бай-халық. Қыранның қанаты толық құланның тұяғын тоздыратын төрткүл алып аймақ қазақ мекені. Бүгінде Қазақстан-егеменді еркін ел. Қазақстан қазақ халқының Отаны, құтты мекені, мерекелі ел, қасиетті ордасы.

Тәуелсіздік таңының атқанына 24 жыл болды. Бірлігіміз жарасып, ынтымақты ел болдық. Тәуелсіз елімізге шет елдер қызыға қарайды. Бүгінде Қазақстан қырандай биікте қалықтаған елге айналды. Тәуелсіздік таңы тіліміз бен дінімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртты. Сол бір арпалыстан, аласапыран жылдары аға-апаларымыз жанын шүберекке түйіп «Елім» деген ұл мен қыздың бар екендігін аналарымыздың қайтпас қайсар, ертеңін ойлар ұрпақты дүниеге әкелгендігін айдай әлемге паш етті. Қайрат, Сабиралардың басқа біз есімін білмейтін қаһарман желтоқсаншылар қаншама. Есімін білмесек те, оларға иілер бас, жүрек тебірентер сезімдер еш кемімек емес. Қүаныш пен өкініш, сезімдер арпалысы әлі күнге дейін таластамайды.

Бабалардан мұраға қалған сердің иесі, егеменді елдің ертеңі, жастар осы қол жеткізген табыстар мен жетістіктерімізді тек мақтан тұтамыз. Егеменді елдің ертеңі-білімді, өнерлі, тәрбиелі, елжанды мақсаты мығым жастар. Бүгінде ел жастарының бойында осы қасиеттер бар деп нық өніммен айтуға болады. Жалпы, қай заманда да қазақ жастары қайтпас қайсарлығымен, ел намысын жыртқан ұлтжандылығымен көзге түскен Қазақстан осындай тәуелсіздікке жастардың жігерімен, тілегімен қол жеткізгені тарихта таңбаланған.

Егеменді еліміз біріншіден, жер шарында Қазақстан деген жаңа мемлекет пайда болғаның, оны бүкіл әлем танып, БҰҰ-на мүше болатының көрсетті. Көк туымыз желбіреп, Елтаңбамыз, Әнұранымыз өмірге келді. Екіңшіден тәуелсіздіктің арқасында Астана қаласы сән-салтанатымен бой көтерді. Шетел қонақтарын өзінің сәулет өнерімен, келбетімен тамсандырды. Үшіншіден кешегі «Жеті жарғыдан» кейін тұңғыш рет қазақтың өз Ата заңы жазылып, қабылданды. Конституциямыз еліміздің өркениет жолымен дамуын қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың құқығын сақтауға негіз болды. Төртіншіден еліміздің төл теңгесі жасалып, экономикалық-қаржылық дербестікке қол жетті. Елімізде жаңа заводтар ашылып, жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Елбасымыз әрқашан жастарды еліміздің алтын қоры ретінде бағалап келеді. Біздің еңбекқорлыққа, ұмтылыс пен үнемі ізденіске шақырған. Сондықтан «Білімдерін мен қайрат-жігерлерінді өз елдеріңнің мүддесіне жұмсаңдар» деген сөздері жастар үшін үлгі өсиет. Біздер еліміздің үміті мен болашаққа сенімінің дәнекері іспетті. Болашақтың сәулетіне нұран шашатын, кемел білімге жол ашатын ұрпақ болұға міндеттіміз. Ал еліміздің ертеңі бұдан да жарқын болатынына сенеміз. Оған еліміздің қазіргі жастардың білімге деген ұмтылысы нақты кепіл бола алады. Мен осы шығармамды әдебиеттің төрінен өз орнын алған М. Жұмабаевтің қанатты өлең жолдармен аяқтағым келеді.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.



Осы конкурсқа шығарған өзімнің жеке шығармашылық өлеңім:


Әр қазаққа арман болған бостандық,

Ұран болды жойылсын деп қастандық.

Әділсіздік қіңдігімді күн қылды,

Қаны жуас қазағым ай жарықтық.


Бар қорлыққа төзім қылды шыдады,

Қарсыластар шымдамдылықпен сынады.

Үндемеуден басынды ғой есісіздікке,

Қандастарды қойша қығып тастады.


Шаштан сүйреп қатын бала – шараны,

Қинады ғой жанды малға санады.

Суық сумен қақаған суық аязда,

Мүсін қылып қатырды да тастады.


Төзім бітті ешкім шыдай алмады,

Әділ жандар көтерілісті бастады.

Тәуелсіздік біздікі деп боздаған,

Желтоқсанның батырлары ай қазады.


Ел аңсаған, жер аңсаған азаттық,

Бойда жігер ер намыс бар қазақтық.

Оян қазақ деген сөзін бабамның,

Ұран етіп жылдар бойы жырладық.


Тәуелсіздік Қазақстан тұрағы,

Әр қазақтың ән ұраны, шуағы.

Болашаққа нық сеніммен талпынған,

Әр қашанда алға бастап тұрады.


Азат елім орындалған арманы,

Жастары да қазағымның талапты.

Азғындардың тұтқынынан босаған,

Көптен күткен, аңсап күткен арманы.


Уа, қазағым болашағым,

Бір өзіңе байланған.

Қу тіршілік өміріне,

Барша пенде жарасқан.


Әр кезеңнің ағынынан,

Сарынынан қалмаймын деп.

Ойға шомған әр қазағым,

Болашағын ойлаған!


C:\Documents and Settings\server\Рабочий стол\чек конкурс 2.tif


Автор
Дата добавления 18.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров362
Номер материала ДВ-269544
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх