Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сочинение на казахском языке "Портреттер сыр шертеді"

Сочинение на казахском языке "Портреттер сыр шертеді"


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Шығарма

Портреттер сыр шертеді.

Қалижан жыры – өрен тасқын



Жоспар

І. Кіріспе.

Қалижан Бекқожиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызы.

ІІ. Негізгі бөлім.

Қалижан жыры – өрен тасқын.

Қазақ поэзиясының қабырғалы қаламгері.

ІІІ. Қорытынды.

Жарқыра жырдың көгінде.

Мынау асқар тау жоғалмай, ақын жыры жоғалмайды,

Бірақ адам бір кеткесін тіршілікке оралмайды,

Сондықтан да анда-санда жыр көктемін қайталағын,

Бұл ақынды – поэзия көктемі деп... айта аламын.

Өтежан Нұрғалиев

Артында аса мол құнды әдеби мұра қалдырған, туған еліне кеңінен танылған, қазақ поэзиясының тарихындағы көрнекті ақындардың бірі - Қалижан Бекқожин. Талант жолы – тар, жыр жолы – тайғақ. Сол тар жол, бұралаң мен бұрылысы көп жолда асқақ таланттығымен, Алатаудың шоқысындай өр мінезімен биік тұратын, асқар парасат иесі - Қалижан Бекқожин. Қалижан аға өзгеше талант иесі. Оған ақынның ешкімге ұқсамайтын, өзгеше өрелі, кең тынысты, сыршыл да нәзік, сан қырлы жырлары дәлел. Ерекше дарын иесінің шығармалары сан салалалы, алуан қырлы. Ол – талғамды, эпикалық ақын әрі шебер аудармашы. Дарынды драматург, ойлы ғалым, азулы сыншы. Өз бойындағы осыншама қасиеттерді ол таразының басында тең ұстай білді. Поэзияда өзіндік дарындылығымен көзге түскен Қалижан Сәбит Мұқановтың назарына ілікті. Бұл жөнінде Сәбит Мұқанов: «1936-1938 жылдары Қалижан институтта оқып жүр, шағын өлеңдер мен бірнеше сын мақалалар жазды. Бұл шығармаларында мені, алдымен сүйсіндірген нәрсе – Қалижанның әлеуметтік лирикасы, өлеңдерінің саяси өткірлігі, марксизм идеясына беріктігі», деп жоғары баға берді. Алғашқы туынды ретінде саналатын «Теңіз жырларынан-ақ» жас ақынның адуын аяқ алысы аңғарылып тұр емес пе!

Ертісте тудым мен өзім,

Туған күні мені анам,

Шомылдырған өзеннің

Толқынына тулаған.

Содан бері толқынның

Қуаты енген жаныма

Желді күні жармасқам,

Көк ала толқын жалына.

Ақындық дүниесінің қайнар көздерінің бірі – халықтың бай фольклоры мен шығыстың классикалық әдебиеті болғаны да ақынның өзі айтып берген: «Бала күнгі менің ұстаздарымның ең ықпалдысы – өз әкем Нұрғожа болды . Шешен, білімді әке айтқан аңыз-әңгімелер, бұрынғы билер мен жыраулар сөздері, тіпті діни қисса, ғибрат хикаяттар уыз бала кезімнен менің ой- қиялыма берік ұялаған еді», - деуі өз шығармашылығының түп төркінің дәл анықтап тұр. Оның үстіне дүние жүзі әдебиеті алыптарының шығармаларынан да аз сусындаған жоқ. Міне, осындай үлкен әдеби мектептен өткен Қалижан Бекқожин өзінің көптеген лирикалық, эпикалық туындыларымен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетіне зор көркемдік үлес қосқан ірі ақын. Қазақ әдебиетінің тарихында салмақты орны бар, оның өз дәуіріндегі көрнекті суреткерлердің қатарына енгені сөзсіз.

Жас ақын өршілдігінен бір сәтке ауытқыған емес. Ел басына күн туған шақта ол қалам мен қаруын қоса ұстап, фашизмге қарсы қанды айқасқа аттанды. Сол тұста оның қаламынан не қилы уытты жырлар бұрқырап шыққан еді.

Кеудемізде кек қайнаған,

Кекпен өзін отқа айдаған,

ҚаҺарлы айқай салған шуды

Дүниеде кім ашулы?

«Біз жігіттер, біз ашулы!»

«Кек дабылы» атты өлеңі осылай басталады. Сонымен қатар, табиғаттың әсем суреттерімен астастырыла, тұтастыққа берілетін адамның сезім күйлері ақын өлеңдерінің негізгі мазмұнын құрайды. Поэтикалық пейзаж ондай өлеңдереде адам сезімін байытады, оның табиғатпен туыстығын ашады. Ақын өзі де табиғат перзенті. Оның жырлары да өзіне керек қоректі табиғаттан тауып, рухани байып жатады.

Тұнжырап бір тұрып ем,

Өзенді көріп өршідім.

Толқындардың тілінен

Тыңдадым мен жыр сырын.

Үйрендім мен өрлікті, - дейді ақын «Өзенді көріп өршідім» деген өлеңінде. Бұл ойымызды дәлелдейтін мысалдар ақынның «Өлкеме бардым соңырқап», «Теңізге қарап», «Тұңғиық, шіркін жарасар», «Жаңбыр жауар», «Ертіспен тілдесу», «Шашым неге ағарды», «Сүйкімді ғой қыстың да бір күндері» сияқты өлеңдерінде молынан кездеседі. Олардан біз адам сырын теңіз мінезіне ұқсатқан ойларды, табиғаттан ақын алған өнер қуатын анық танимыз. Ақын ұйқасты сөз түрінің үндестігіне құрап отырған, соған лайық сурет, теңеу де табады.

Уа, қызық күздің жарқын таңертеңі,

Кеудеңді жұпар самал кеңейтеді

Алматы ару күліп күнге қарап,

Бөледі күлкісіне кең өлкені.



Білімнің сарайы сол ұям едің,

Сенде мен шарықтадым қиял өрін,

Өмірдің қырық жасын қияр едім.

Сүйемін қырдан дарқан өмірді мен,

Көрінген күліп ылғи күн өрінен,

Даланың жұпар желі сақтар мені,

Күншілдік, жалақордың күбірінен!

Әсерлеу (гипербола) ауыз әдебиетінде зор дәстүр болған категория. Сондықтан да, бізге жақын ұлттық өзгешелік сияқты. Осымен байланысты «Ақан Ақтаев» поэмасының ішінде теңеуларді де айта кеткім келеді.

Ойыңнан сусын таптым мен өзіме

Тек қана теңселмеді сол бәйтерек.

Тек қана сусылдады сұрғылт жалы

Өтті қыс, мұз қанатын сілкіп, ұрып.

Тізіліп вагондардай күн тіркеліп,

Ай кетті ай артынан жортып, еріп.

Сағызбай сағынышын талмай ұзақ...

Екеуі тарқатып тұр сыр дұғасын.

Азабы сордай ащы...

Не болмаса: ақын қысқа бейнелі сөзбен бір мақалға сыймайтын ойды беріп өтеді.

Отанның мыс қазаны жалындаса,

Жеңістің тегеуріні шыңдалмай ма?

Еркің бар мұнда жауға сұстануға,

Бұл мыстың құдіреті бар мысқалында...

Бұл айтылғандар ақын шығармаларының тақырыптық ауқымының кеңдігін, ол көтерген мәселелердің әлеуметтік маңызының молдығын анық байқатады. Поэмалары ірі характерлерімен, олардың іс-әрекетіндегі әлеуметтік мотивтің күштілігімен ерекшеленеді.

Атақты ақын Сағынғали Сейітов «Төрт таған сеңгір» деп аталатын өліңдерінде:

Қиялданам Қалекеңді сағына,

Ақын еді туған өлең бағына.

Абзал аға, азиз досым әріптес

Жастайымнан жақын едің жаныма –

десе, халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев: «Қалижан Бекқожин талантының қыры көп. Ол – лирик, ол– эпик, ол – сыншы, әдебиетші. Ол – ән өлеңдері мен оқулықтарының авторы. Ол – шебер аудармашы және драматург» - депті. Нағыз талант иесі Қалижан Бекқожин мәңгілікке халық жүрегінде қалады.














Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров134
Номер материала ДВ-307089
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх