Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сочинение на тему " Менің Қазақстаным"

Сочинение на тему " Менің Қазақстаным"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Менің Қазақстаным-менің елім.


Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдыретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған « Отан »деп сыбырлаған.

Жаным менің, Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

М. Мақатаев.


Еліміздің тәуелсіздігі-ата- бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі

ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс.

Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр «Тар жол,тайғақ кешулерден»,соқтықпалы,соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік генацидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды.Ойлап отырсақ, қазақ елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес.Даламыз қандай кең болса,халқымыз да қасіретті тағдырымен бетпе бет тұрғанда сабырлы мінезінен бір танбапты.Қаншама қиындықты бастан өткерсе де, еліміздің бар мақсаты біртұтас халық болып бірігіп, тәуелсіздікке қол жеткізу болатын.Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз азаттыққа ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қол жеткізді.

Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді.Ұлы байтақ жері бар, сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Ата бабадан қалған ұлан ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық,дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.

Бүгінгі Қазақстан - әлемдік аренадан өз орнын ойып алған,Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені.

Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен елшілік қарым- қатынас орнатты.

Менің Қазақстанымның тәуелсіздігі әлемдік саясатта өз бейнесін еркін танытқан тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың тағдырымен, 1991жылғы Тәуелсіздік алу жолы Конституциялық заңмен байланысты басталғандай көрінеді.

Себебі еліміздегі тыныштық,төріміздегі Ата Заң, көгіміздегі азаттық көк байрағы,ұлттық теңгеміз,республикалық « Ұланның »құрылуы,ЮНЕСКО- ға

мүшелікке қабылдану- елдігіміздің, еркіндігіміздің белгісі емес пе?!

Ақиық ақынымыз Мұқағали:

Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,

Тарихы оның біздерменен ашылды.

Біздің мынау қолтаңбамыз басылды,

Құрметтеңдер жиырмасыншы ғасырды!- деп адамзат

тарихында –өзіндік орны бар, шежіреге толы, ұмытылмас ерекше ғасырды үлкен ақындық тебіреніспен жырлаған екен.

Тәуелсіздігімізбен бірге адамзат тарихындағы өсу мен өркендеудің, даму мен болашаққа ұмтылудың өзімізге бұйырған қадамын бастық.Сондықтан, әрбіріміз ата- бабамыздың қанымен, ерлігімен, қайратымен, қуғын- сүргіндерге арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымызбен жеткен Тәуелсіздікті күнделікті қорғау, қолдау керектігін сезінуіміз керек. Соның бірі- Астана болашағы.Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару Алматыдан Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты.

Аз уақыт ішінде көркейіп,түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа бөктерін ашқандай, тәуелсіздігімізде әйгілегендей болып тұр.Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз,арман қала жас қаламыз өнер- білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.

Міне, бүгінгі таңда Отанымыз бақыт жолында. Отансыз бақыт жоқ ,кім -кімнің де тамыр жаяр жапырағы- туған жері, Отаны.Отанымызбен біздер барлық елдер алдында өз күштерімізге сенім тұғызып,ел туын биік көтердік. Енді осы желбіреген көгілдір туымызды төмен түсірмеу- басты борышымыз.

Бізде ұлттық мақтаныш сезімі жеткілікті.Отаным менсіз- ақ күн көрер- ау, ал менің Отансыз күнім қараң ғой! Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен,жас дос! Бізді бесігінде тербеген Отан үшін аянбай , Отанды сүйген үстіне сүйе берейік! Мен Отанымды жанымдай жақсы көремін және бүгінгі бақытына ортақтаса отырып ,Тәуелсіздік тұғырың биік, мәртебең асқақ, бақытың мәңгілік болсын деймін, Отан!

Мен тәуелсіз елдің ең жас ұланымын. Сондықтан өз жерімді, өз елімді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеу,сүюге,қорғауға тиіс екенімді естен шығармаймын.Кең байтақ Қазақстан- менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы- менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.


О, туған жер, қасиетті топырағың,


Сендік махабатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров32
Номер материала ДБ-279898
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх