Скачивание материала началось

Предлагаем Вам установить расширение «Инфоурок» для удобного поиска материалов:

ПЕРЕЙТИ К УСТАНОВКЕ
Каждую неделю мы делим 100 000 ₽ среди активных педагогов. Добавьте свои разработки в библиотеку “Инфоурок”
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСочинение по казахскому языку

Сочинение по казахскому языку

библиотека
материалов

Тақырыбы:«Менің Елім-Мәңгілік Ел»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
(М. Мақатаев)

Әр адам үшін өмірде қымбат екі нәрсе бар. Оның біріншісі –Ана да, екіншісі –Отан. Өйткені, бұлар жайлы сөз қозғағанда елжіремейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірінің ақырына дейін, адамдар ардақты, абзал анасын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген- қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан да біз «Отан-Ана» дейміз.

Отан дегеніміз-адамның туып- өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы. Кең-байтақ Қазақстан менің туған өлкем,оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы-менің ақ бесігім.Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін, алыс кетсем сағынамын.

Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Оның мыңдаған шақырым ормандары, шөл, шөлейт жерлері, өзен-көлдері, таулары өте көп. Республика жерінің үлкендігі соншалық оның онтүстігі мен солтүстігіндегі, батысы мен шығысындағы өлкелердің табиғаты бір- біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде өрік гүлдеп тұрғанда, солтүстігінде қарлы боран соғып тұрады.Біздің еліміздің табиғатының сұлулығын көркемдеп, қаншама ақын-жазушыларымыз қалам тартты десеңізші! Ақиық ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев өзінің Отанына деген сезімін:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған "Отан" - деп сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан! Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...-деп, өлеңмен өріп, өз ойын көркем сөзбен өрнектей білді.

Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің барлығы да бар. Қазақстанға әлемнің басқа елдері қызыға қарайды.        

  Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған, көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.

Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздікке қол жеткізді. Ата- бабаларымыздың аңсаған тәуелсіздік таңы атты. Дербес, Тәуелсіз ел болу қандай бақыт! Сан ғасырлар бойы халқымыздың басынан өткен қиындықтары мен көрген қасіреті қаншама?

Дәл бүгін қуанышты қала, далам,

Жасадың сол арманға жаңа қадам.

Жеткенше ұлы мақсат шетіне біз,

Басты ғой қызыл шоқты қара табан,-деген өлең жолдарынан тәуелсіздіктің қолымызға қалай жеткенін аңғаруға болады.

Егеменді еліміз-әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, қуатты, бай ел.Өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туын белгілеп алды.Осы бір қасиетті белгілердің мәнін түсініп, оны қастерлей білу, жас ұрпақтар, біздің еншімізде.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың астанасы –Астана қаласы. Астана –жаңа Қазақстан ұлылығының белгісі.Ол Еуразия кеңістігінің орталығында Сарыарқа жүрегінде орналасқан. Жаңа астана тағдыры жас ұрпақтар тағдырымен, жастардың арман-үмітімен тығыз байланысты. Ертеңге қол созған ел Астанаға зор үмітпен қарайды.Бүгінде Астананың өзіне ғана тән қайталанбас келбеті бар. Жастар алаңының әсем сәулет ансамблі, Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бірқатар жаңа корпустары, Ел анасы монументі, толқында тербелеп тұрғандай осы заманғы спорт кешені, Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрлігінің зәулім ғимараты, фонтан жүйелері орнатылған.Бірқатар жаңа сәулет ғимараттары- осының бәрі астананың келбетіне жаңа түр береді.Аспанмен таласқан Бәйтерек айнадай өзіңе шақырып тұрғандай, қалаға көрік беріп тұр.

Астана біздің баршамыздың, әсіресе шетелдіктерді өзінің құрылысының екпінді және қуатты жылылығымен, қайталанбас әдемілігімен қазіргі заманғы сәулетінің алуан түрлілігімен таң қалдырады.

Қазақстанда тұратын барлық халықтардың достығы мен бірлігін нығатуда , жас ұрпақтардың сапалы білім, саналы тәрбие алу жолында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі зор.Президентіміздің ел бірлігін, жер тұтастығын, мемлекеттің қуаты мен халықтың болашағы туралы орамды ойлары топтастырылған «Туған елім-тірегім» атты кітабы бар. Осы кітаптан үзінді келтірейін:«Менде Қазақстан елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ.Осы елдің Президенті ретінде де, осы ұлттың бір перзенті ретінде де дәйім көңілімнің төрінде тұратыны - туған халқым»- деп, тебіренеді. Осындай Президентіміздің барына өте қуанамын және онымен мақтанамын. Өз жұртының ұлты мен ұлысына қарамай, арман -мұңын сезіне білетін тәжірибелі саясаткер, биік парасат иесіне ұқсағым келеді.





Курс профессиональной переподготовки
Тьютор
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты профессиональной компетентности педагогических работников в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.