Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сочинение на тему: Отанды от шарпыған жылдарда
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Сочинение на тему: Отанды от шарпыған жылдарда

библиотека
материалов

Шығарма

Отанды от шарпыған жылдарда

Елімізге тұтқиылдан опасыздықпен шабуыл жасап, жерімізді от-жалынға орап, әр ұрпақтың, әрбір отбасымен жекелеген адамдардың тағдырларында терең із қалдырып, санада мәңгі өшпестей қалған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. Біздің жарқын болашағымыз үшін майдан алаңында теңдесі жоқ күшті жаумен қасықтай қаны қалғанша айқасып, жанын пида еткен азаматтар қаншама құрбандар, қыршын жастар қалды. Сол алапат соғыста елден майданға аттанғандар ішінде менің атам да бар.

Менің атам Нұртазин Шайғапбас 1920 жылдың 10 қыркүйегінде Ресей мемлекетінің, Омбы облысы, Азов ауданы, Бәкзе ауылында дүниеге келген. 7 сыныптық білімі ғана болған. Отбасында 9 бала тәрбиеленген. 1941 жылдың 29 сәуірінде Азов аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынып, Кемерово жеріне түседі. Әскери қызмет атқарып жүрген жерінен 20 жасында Ленинград майданына аттанады. 1943-1944 жылдары 128 атқыштар полкіне атқыштар бөлімінің командирі болады. Жаумен айқаса жүріп қызу шайқаста өз бөлімімен жау тылында қалып қояды. Украина орманы сарбаздарға пана болып, 3 ай бойы орманда сенделіп, Житилов атындағы партизандар отрядына қосылады. Атам әңгімелерінде айтқандай , соғыстың залалы мен қиыншылығы, әр бұтаны паналап жауға тосыннан қимыл жасайтын партизандар көп көрген. Орман ішінде кейде апталап ас-сусыз аш қалған кездері де болған, сондай бір сәттерде жылқының терісін тауып алып, оны қайнатып талғажу еткен. Атам еңселі, нар тұлғалы қарулы адам болған. Бірде жаудан «тіл» әкелмек үшін барлауға шығады, сапары сәтті болып екі немісті екі қолтығына қысып, өз бөліміне жеткенше екі фриц тұншығып өліп кеткен екен. Қайратты, күшті қарулы қолдарымен немістермен жекпе-жек айқасқа да шығып, талай фашисті жан тәсілім еткізген. Атам 1945 жылы 20 ақпанда қолына оқ тиіп, жараланып госпитальға түседі. Ұлы Жеңіс күндері жақындап қалған сәуір айында Украинада 34 мотоатқыш бригадасының атқыштар бөлімінің командирі болады. Атам құралайды көзге атқан мерген, нысанаға атқан қараны құлатпай тынбайтын мерген атқыш болған. Алапат соғыстың соңғы күндеріне дейін болып, тізе бүккен фашистерді түре қуып Берлинге дейін жеткен.

Майданда көрсеткен ерліктері үшін бірнеше орден-медальдармен марапатталған. «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», 1941-1945 жылы Ұлы Отан соғысында «Германияны жеңгені үшін» медальдармен және Отан қорғау жолындағы батырлығы үшін Қызыл Жұлдыз орденімен екі мәрте марапатталған. Атам майданнан кейін екі жыл әскери міндетін атқарып елге 1947 жылы оралады. Ол жауынгер қандыкөйлек жолдастары арасында өзінің мергендігімен, ақылдылығымен өте беделді болған. Соғыстан кейін бейбіт өмірде де өзінің жолдастарымен 1970 жылға дейін хат алысып тұрған. Бұрыңғы пулеметші Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Н.А. Трещилов және С.Г.Самриди жауынгер жолдастарының суреттері мен хаттары үйде сақтаулы.

Елге келгесін үйленіп, 5 бала тәрбиелеп өсірген. Светнополье ауылында майзауыт директоры, одан кейін сельпо төрағасы қызметтерін атқарған. 1973 жылы Ресейден атамекені Қазақстан жеріне көшіп келеді. Туған атамекеніне келгесін де еңбектен қол үзбей кеңес шаруашылығында әр түрлі қызмет еткен. Атам 1991 жылдың 17 наурызында өз атамекені Қоскөл ауылында қайтыс болады.

Соғыс жылдарында майдан жолымен жүріп өткен атамның ерліктері, қиыннан жол тапқыш ерекше қабілетті, еңбекқорлығы жайлы естіп, осындай атамның болғанын мақтаныш тұтамын.

















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

     Елімізге тұтқиылдан  опасыздықпен шабуыл жасап, жерімізді от-жалынға орап, әр ұрпақтың, әрбір отбасымен жекелеген адамдардың тағдырларында терең із қалдырып, санада мәңгі өшпестей қалған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толды. Біздің жарқын болашағымыз үшін майдан алаңында теңдесі жоқ күшті жаумен қасықтай қаны қалғанша айқасып, жанын пида еткен азаматтар қаншама құрбандар, қыршын жастар қалды. Сол алапат соғыста елден майданға аттанғандар ішінде  менің атам да бар.

     Менің атам Нұртазин Шайғапбас 1920 жылдың  10 қыркүйегінде  Ресей мемлекетінің, Омбы облысы, Азов ауданы, Бәкзе ауылында дүниеге келген. 7 сыныптық білімі ғана болған. Отбасында 9 бала тәрбиеленген. 1941 жылдың  29 сәуірінде Азов аудандық әскери  комиссариатының шақыруымен әскерге алынып, Кемерово жеріне түседі. Әскери қызмет атқарып жүрген жерінен 20 жасында Ленинград майданына аттанады. 

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров284
Номер материала 399739
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх