Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Соңғы қоңырау" кластан тыс іс-шара

"Соңғы қоңырау" кластан тыс іс-шара

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

«Шағала» шипажайындағы орта мектебінде өтетін 

«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»   атты мерекенің сценарийі

1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, ақ халатты абзал жандар, қонақтар. Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында - 2014-2015 оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілуде.


2 жүргізуші: Добрый день всем! Приветствуем достопочтенных учителей, безумно волнующихся воспитателей, родителей и конечно же наших дорогих выпускников!


1 жүргізуші: Ұстаз, әрбір шәкірт үшін ұлы тұлға, тәрбие бастауы, білім негізі, сондықтан, бүгін сіздер үшін үлкен мереке.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметті ата-ана! Тарыдай болып мектепке әкелген тұлымшағы желбіреген балаңыз, таудай болып ер жетті, денесімен қоса, ақыл-ойы, парасаты жетілді. Өз бетімен үлкен өмірге қанат қағатын сәті келді. Мерекелеріңіз құтты болсын ата-аналар!


2 жүргізуші: Сегодня в нашей школе праздник – праздник, которого с нетерпением ждали выпускники. Этот праздник дорог для всех. Он дорог воспитателям, которые волновались за своих детей и вместе с ними переживали победы и поражения. Он дорог учителям, ибо никто не проводил с ними больше времени, чем они. И мы уверены, что сейчас в сердце любого учителя звучат нотки волнения за каждого из сегодняшних выпускников. И, конечно, он дорог самим героям, а не "виновникам", так как они преодолели самый первый этап на большом пути под названием – Жизнь.


1 жүргізуші: Биылғы сонғы қонырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:

Бұл жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жыл толуымен ерекшеленеді.

2 жүргізуші: Бұл жыл – Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойы.

1 жүргізуші: Бұл жыл – ҚР Конституциясының алғашқы қабылдаған күніне 20 жыл.

2 жүргізуші: Бұл жыл – Қазақ хандығының құруылының 550 жылдығы.

1 жүргізуші: Бұл жыл – Елбасымыз Нұсрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлаудан өтіп, айқын басымдықпен жеңіске жеткен жыл.




1 жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары - гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл

Қоштасып бүгінгі ұясынан

Сол құстардыі бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз.


2 жүргізуші: В течении 11-ти лет выпускники, в знак уважения, стоя встречали педагогов, входящих в класс. Давайте же сегодня стоя встретим тех, кто уходит из школы в большой мир.

Школа! К встрече выпускников 2014-2015 года стоять смирно!
Равнение на выпускников школы! 
(Фон)


1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар! 11"А" сынып оқушылары

Сынып жетекшісі – Косумбетова Алия Калиқызы


2 жүргізуші: Встречайте: дружный, веселый и неугомонный, задорный и неунывающий наш выпускной 9"Б" класс.

Классный руководитель – Калиниченко Галина Николаевна.


2 жүргізуші: Ортамызға осы мектеп қабырғасында білім нәрін алған 9 "А" сынып оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық.
Сынып жетекшісі – Сматова Ақпатша Кулумжанқызы.


1 жүргізуші: Мектеп сапқа түзел! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы салтанаты жиынға әкелінсін.

1 жүргізуші: Мектеп қой еліміздің қаны, жаны

Мектептен басталады бәрі-бәрі

Бүгінгі сонғы қонырау салтанатында

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны!

(Әнұран орындалады)


1 жүргізуші: Сол үнменен алғаш есік ашқансың

Болашаққа, тұңғыш қадам басқансың

Жол көрсетіп ұстаздарың тұрғандай

Осы күннен бақытты өмір басталсын.

Жолда талай қиындықтар жолығар

Есейдіңдер, түсінетін болдыңдар!

Сүрінбеңдер, әрі шыдай беріңдер

Бұл өмірдің тарам-тарам жолы бар

Ендеше, өздеріне арналған "Сыңғырла, соңғы қоңырау" атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


2 жүргізуші: Дорогие выпускники! В этот день, важный и торжественный, пусть в вашу честь звучат слова приветствия!


1 жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз "Шағала" шипажайының бас дәрігері – Имамбаев Болат Жағыпарұлына беріледі.


2 жүргізуші: Сегодня на нашем празднике очень приятно видеть блюстителя дисциплины, законодателя расписания – нашего завуча. Слово предоставляется заместителю директора по учебной работе Атраубаевой Райсе Кадыровне.


1 жүргізуші: Бөленіп алтын, күміс, мыс асылдар

Өріліп алдан үлкен-кіші асулар,

Төгіліп сағынышың, қарлығаштар,

Керіліп келешекке ұшасыңдар! – дей келе жүректері лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөз кезегі өздеріңде.

Камила: Кұрметті бүгінгі салтанатты жиынға жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата-аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шықкан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс коңыраудың үнін естімейді.
Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа-тармаса отырмаймыз. Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарыңда отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз!
Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім-төрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасын қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастык сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап журегіміз лүпіл қағып тұр!
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Хор "Ұстазым"





2 жүргізуші: Древняя, прекрасная традиция –

Ученик вручает вам цветы

В этот миг светлеют ваши лица

В этот миг осознаете вы:

Труд ваш был, конечно не напрасен,

И порой бывало тяжко вам,

Но как это все-таки прекрасно –

Отдавать себя ученикам!

(Ұстаздарға гүл сыйлау)


2 жүргізуші: Слово- приветствие предоставляется 9 «Б» кл

Песня «Школа»


9 «А» кл

Күлпаршын: Мектеп деген білім, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім

Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім

Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің

Мектеп, мектеп, анам боп та көріндің

Мектеп, сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен

Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып

Мектеп, сенсің мені жұртқа сый еткен.


Рита: Мектебім – алтын ұям, құт босағам,

Білімге бастау алдым осы арадан

Жалықпай табасың деп сен үйреттің

Шешуің қиындықтың тосар алдан

Мектебім – жұмбақ бағым, құтты мекен.

Ұшырсаң көкке самғап менде кетем

Анамның құшағындай елжіретер,

Шуақты сендей сұлу жер бар са екен?


Айгерім: Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,

Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.

Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,

Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,

Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.

Басқаша енді үйретер бар сабағын,

Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,

Білімің мен ақылың, күйің бөлек,

Енді басқа жиын -той, киім керек,

Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,

Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.

Мектептегі мұғалім кешіргенмен,

Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.


Гауһар мен Айболат орындауында «Мектебім әні»


1 жүргізуші: "Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайлы төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп

Құттықтайды бұлдіршіндер баршаңды" – деп құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.


2 жүргізуші: Дорогие выпускники!
Сегодня все в большом волнении.
Сегодня все хотят поздравить Вас!
И просятся сюда на сцену.
Наш самый младший – первый класс!!
Выступление первоклассников

1 жүргізуші: Гүлдерге толы омырау

Әртүрлі әркім ойлайды

Соғылмақ соңғы қоңырау

Соққызбай өмір қоймайды.


2 жүргізуші: Наступает самая радостная и торжественная минута. Сейчас для вас, выпускники, прозвенит звонок. Этот звонок особенный, он не похож ни на один ранее звучавший. Пусть его звон сохранится в ваших сердцах, как звон детства, школьной дружбы и добрых, хороших воспоминаний об этом дне.
Право дать последний звонок предоставляется ученице 11 класса – Сахыпкереевой Камиле, и ученику 1 класса Шарибданову Еркебулану. Эти ребята лучшие из лучших. Своим поведением и стремлением к учебе они завоевали это право. Еркебулан прибыл к нам из г.Уральска, находится на лечении во 2 отделении на протяжении 2-х лет. И несмотря на это, он отлично занимался. Хочется выразить благодарности родителям за воспитание детей. Пожелать всем крепкого здоровья и успехов во всех начинаниях.





1 жүргізуші: Мында біреу жымияды қызына,
Мында біреу ақыл айтады ұлына,
Мында біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мында біреу елтіп отыр жырыма.
Ол кім?-десең,
Қуаныштан езулерің жымиған.
Ұстаз білім берсе егер, жарық нұрын сыйлаған.
Баласының болашағы үшін өмір сүретін,
Ол ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.

2 жүргізуші: Мы приглашаем на сцену тех, кто не меньше наших выпускников волнуется и переживает. Тех, кто благодарен учителям так же, как и выпускники – ваших любимых пап и мам, которые вместе с вами прошли этот долгий путь с 1 по 11 классы. Слово родителям.


1 жүргізуші: Балалық шақ көңілге кір тимеген

Коштасамыз сағынышты күйменен

Түлектердің сақталады жадында

Мектептегі соңғы вальсы билеген.

(Вальс)



1 жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт сапар!» --деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін! 
(Запуск шаров. Исполняется песня для выпускников.)

2 жүргізуші: Шар - символ детства, с которым Вы сегодня расстаетесь… Шар - это ваша самая сокровенная мечта... Загадайте желание, и пусть оно обязательно сбудется... Так выпускаем мы свои мечты, так выпускаем мы свои надежды...

(Түлектерді шығарып салады)

1 жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығарма, жолдарың болсын!





2 жүргізуші: Дорогие выпускники! Вот и прозвучал для вас последний звонок! Позади у вас только школа, впереди - вся жизнь! В добрый путь!



1 жүргізуші: Мектеп сапқа түзел! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шыгарылсын!

2 жүргізуші: На этом наша торжественная линейка объявляется закрытой.

1 жүргізуші: Осымен біздің салтанатты жиынымыз аяқталды.
Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!



































Шағала» шипажайындағы орта мектебі













«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

атты мерекенің сценарийі

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДВ-173354
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх