Инфоурок / Другое / Конспекты / "Соңғы қоңырау" мерекелік бағдарлама

"Соңғы қоңырау" мерекелік бағдарлама

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

І жүргізуші: Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз

Той жиынсыз өмірдің мәні болмас.

Арамыздан талпынып қақты қанат

4 жылда оң мен солын таныған жас !

ІІ жүргізуші:

Бастайтын жолға сан тарап,

Басталсын көне салтанат.

Дәл осы сәтті біздермен,

Тойлайды бар ел, шартарап !

І жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен және төрт жыл білім алып, бүгін ортамыздан қанат қаққалы тұрған түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі біздің мерекемізге мектеп ұжымы, оқушылар, ата – аналар және арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысып отыр.

ІІ жүргізуші:  Бүгінгі біздің қуанышымызға ортақ болып, түлектерге ақ жол тілеуге келіп отырған салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!

І және ІІ жүргізуші /кезектесіп/ :

  1. Сұлтанова Бақыт Исламқызы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы

  2. Валиева Қанымкүл Әлібекқызы – аудандық білім бөлімінің әдіскері

І жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр

Үлкен өмір есігін ашпақ, міне.

Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін !

ІІ жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық,

Биылғы 4-ші сынып түлектерін,

Қошеметпен қол соғып қарсы алайық !

( Әуенмен түлектер келеді)



І жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 4 «А» сыныбы. 4 «А» сыныбын 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып тәрбиелеген, қызыққа толы күндерін бірге өткізген ұлағатты ұстаз Хамзина Рыскелді Мұхтарқызы.

ІІ жүргізуші: 4 «Б» сыныбын 4 жыл бойы оқытып, оңы мен солын танытқан тәжірибелі ұстаз Кенжебаева Камшат Дәуренқызын қошеметпен қарсы алыңыздар!

І жүргізуші: Оқушылар, түзеліңдер, тік тұрыңдар! Өз туларыңа сап түзеңдер!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін! /оқушылар сапта тік тұрады/

ІІ жүргізуші: Туды әкелу құрметі мектебіміздің үздік оқушылары Тумырза Азат, Арыстанбек Жансая және Адай Сымбатқа сеніп тапсырылды. /Ту әкелінеді/

І жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, ата - аналар, шақырылған қонақтар және мектеп бітіруші түлектер, 2015 – 2016 оқу жылының аяқталуына арналған «Қош бол, аяулы мектебім!» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын. /Әнұран ойнайды/

ІІ жүргізуші:

Ақтарады арман ойын ақ жүрек,

Шәкіртіне ақ жол тілеп, бақ тілеп !

Өмір деген үлкен жолда әрдайым,

Жолың болсын, жасыма сен жас түлек !

Алғашқы құттықтау сөз мектебіміздің басшысы Мирамова Жұмабике Жұмабекқызына беріледі.

І жүргізуші:

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,

Түлектерге арналсын тілегіңіз –

деген өлең жолдарымен құттықтау сөз кезегі мерекеміздің құрметті қонағы аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сұлтанова Бақыт Исламқызына беріледі.

ІІ жүргізуші: Келесі құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызына беріледі.

І жүргізуші: Құрметті қонақтар ! Үздік оқушыларды марапаттауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші: Белсенді өзі, талапты,

Жақсы оқып сабақты.

Үлгі болып өзгеге

Алған ылғи мадақты

деген өлең жолдарымен ортаға мектебіміздің үздік оқушыларын шақырамыз.

/оқушылардың аты-жөні оқылады. Оқушылар келіп мақтау қағазын алады/

І жүргізуші: Бала тәрбиесіне жете көңіл бөліп, білімді де тәрбиелі тұлға үшін ата –аналарды марапаттауға кезек береміз.

Екі жүргізуші кезектесіп оқиды. / /

І жүргізуші: Арнаған бар өмірін өзгелерге,

Оқуға, балаларды тәрбиелеуге.

Баланы тәрбиелеп, тұлға еткен,

Ұстаздар лайык болар зор құрметке !

ІІ жүргізуші: Биылғы оқу жылында жемісті еңбек етіп, жетістіктерге қол жеткізген ұстаздарды марапаттауға рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші: Мектепішілік «Үздік педагог - 2016» сайысында «Үздік педагог» атағын иеленгені үшін Бекенова Жанат Төлемісқызы марапатталады.

ІІ жүргізуші: Мектепішілік «Үздік педагог - 2016» сайысында жүлделі І орынды иеленгені үшін Баймұхамбетова Жанар Мұхамбеджанқызы марапатталады.

І жүргізуші: Ауданымыздың дене тәрбиесі және спорттың дамуына үлес қосқаны үшін Бобжиков Момынғали Қадырұлы марапатталады.

ІІ жүргізуші: Келесі мұғалімді марапттау үшін ортаға аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Валиева Қанымкүл Әлібекқызын шақырамыз.

І жүргізуші: Мемлекеттік бақылау департаментінің кезекті аттестатциялық сынағында оқушылары озық нәтиже көрсеткені үшін 4 «А» сыныбының жетекшісі Хамзина Рыскелді Мұхтарқызы марапатталады.

ІІ жүргізуші: Мемлекеттік бақылау департаментінің кезекті аттестатциялық сынағында оқушылары озық нәтиже көрсеткені үшін 4 «Б» сыныбының жетекшісі Кенжебаева Камшат Дәуренқызы марапатталады.

ІІ жүргізуші: Республикалық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерін марапаттау үшін ортаға аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Сұлтанова Бақыт Исламқызын шақырамыз.

БЕКЕНОВА ЖАНАТ марапатталады. / ГРАМОТАДАН ОҚУ КЕРЕК /

І жүргізуші:

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенін қас-қағым.



ІІ жүргізуші:

Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,

Жазып шықты қаншама іс-қазына.

Балапанын ұшырған ұясынан,

Сөз берейік жетекші ұстазына – деп құттықтау сөз кезегін бүгінгі түлектердің қолына алғаш рет әліппе ұстатып, 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Хамзина Рыскелді Мұхтарқызына береміз.

І жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп, аялаған алақанын.

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын !

ІІ жүргізуші:

Білімнің сусап нәрімен 4 жыл бойы,

Асыға күткен едік осы күнді.

Өсті бүгін баламның ой мен бойы,

Сәтті болсын өмірдегі ақ жолы ! – деген өлең жолдарымен ата – аналар атынан Айкүмістің әжесі Шалдыбаева Әсима апайға құттықтау сөз кезегін береміз.

І жүргізуші:

Сырттан құр не десек те

Төселдірген есепке

Мына ән-жырды түлектің

Алғысы деп есепте !

ІІ жүргізуші: олай болса, келесі кезекті түлектерге берейік !

/Түлектер тақпақтарын айтады/

І жүргізуші:

Түлекпіз түлеп ұшар ұямыздан,

Жетерміз мақсатқа біз алға қойған.

Ақ тілекті айтқалы отырмын мен,

Сенім білдірген сыныптастар атынан !

ІІ жүргізуші: 4 жыл бойы сапалы білім алып, саналы тәрбиені бойларына сіңірген ұстаздарына және алтын ұя – мектебіне деген сыныптастарының ақ тілеген айту үшін ортаға Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатына оқуға түскен мектебіміздің мақтанышы Аралбай Сабинаны шақырамыз!

САБИНАДАН КЕЙІН ҚҰНДЫЗ ӨЛЕҢ АЙТАДЫ.

І жүргізуші:

Қош аяулы мектебім,

Өзіңде өсіп ер жеттім.

Соңғы рет сенің аяңда,

Тербеліп вальс билеймін !

ІІ жүргізуші: «Мектеппен қоштасу» вальсін билеу үшін ортаға түлектерді шақырамыз!

/түлектер вальс билейді. Сосын флешмоб биленеді./

І жүргізуші:

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Естілсін дауысың әлемге.

Түлектер күміс даусыңды,

Сақтасын мәңгі есінде!

І жүргізуші: Соңғы қоңырау үнін сыңғырлата соғу үшін ортаға үздік оқушыларды шақырамыз!

ІІ жүргізуші: 4 жыл мектебіміздің мәртебесін көтеріп, бастауыш сыныпты үздік бағамен аяқтап отырған түлектермен таныс болыңыздар ! Олар:

І жүргізуші: Аралбай Сабина, Жаугашев Таир, Серікова Ділназ, Маханбетова Аружан,

Нұрақан Мөлдір, Ерғали Айкүміс, Сәрсенбек Нұрбек және Рысмағанбетова Айгүл. Қошеметтеп қойыңыздар !

ІІ жүргізуші:

Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Қош айтып, ұстаз,балаға

Соғылды соңғы қоңырау!

І жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Қош бол, аяулы мектебім!» атты соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын! /Әнұран ойналады/

ІІ жүргізуші: Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! Өз туларыңа сап түзеңдер! Ту әкетілсін! /Ту әкетіледі/.

І жүргізуші: Құрметті ата - аналар және оқушылар, жазғы демалыстарыңызды көңілді өткізіп, жаңа оқу жылында жақсы көңіл күймен оралуларыңызға тілектеспіз.

ІІ жүргізуші: Тәуелсіз «Қазақ елінің» болашағы – дені сау жастардың қолында екенін естен шығармаңыздар. Сау болыңыздар!

/Әуен ойналып тұрады/

















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-259136
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>