Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыСоңғы қоңырауға арналған жоспар

Соңғы қоңырауға арналған жоспар

Скачать материал

Қош бол, алтын ұя - мектебім!

 

№1 жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар, ата-аналар «Қош бол, алтын ұя - мектебім!»  атты салтанатты жиынға жиналған көпшілік қауым! Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

№2 жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

                       Жан сәулесін тарататын баршаға.

                       Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

                       Түлектерді шақырайық ортаға.

(Ортаға түлектер шығады. Сап түзеп тұрады.)

№1 жүргізуші: Әнұраным көгімде шарықтасын,

                        Көгілдір ту қиялда қалықтасын.

                        Әлем танып, білетін  Елтаңбамды,

                        Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

Мектеп сапқа түзел! Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Туы салтанатты жиынға әкелінсін.   (Батырхан, Аяжан, Меруерт, Ақтоты туды алып шығады)

№2 жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа,

Жарасады жігер берер әнұран.

Оқушылар ҚР Мемлекеттік әнұраның орындайды.

№1 жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттанған ұл-қыздарымыз, ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасуға келіп отыр. "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім" деп атақты жазушы М.Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған, ұлттық рухта тәрбиеленген ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.

Онда  білім беретін білім ордасы – ол мектеп! Бүгінгі мектеп қабырғасында  отырған және бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміздің алдында тұрған басты мақсат әлемнің басқа да халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.

Құтты болсын алғашқы өмір баспалдағы,

Қорқытпасын мұз көлі, асқар тауы.

Кірпіш болып қаланып жеміс бергін,

Сіздер үшін айтылады көп арнауы.  

№2 жүргізуші:

Дана халқымыздың тамаша дәстүрлерінің бірі – бата беру. "Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер" дегендей, бүгінгі мектеп бітіруші түлектердің жолы ақ болсын деп, ауылымыздың ардақты азаматы, аузы дуалы, әрі ұстаз Талғат Қасымұлынан бата сұрайық.

Бата беру рәсімі.

№1 жүргізуші:  Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.

                        Мектебімнің қиынына көнеді,

                       Табыстарға мәз-мейрам боп жүреді.

                       Алтынжан апай мектебімнің басшысы,

                      Халқы еңбегін ерекше деп біледі.

                     Кешімізде ақ тілегін айтсын деп

                    Шәкірттерің сөз кезегін береді -  дей отырып сөз кезегін мектебіміздің директоры Казкеева Алтынжан Тіржанқызына беріледі.

 

№2 жүргізуші: «Ұстазым» әні орындалады. (Хормен)

 

№1 жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей келе, сөз кезегі (немесе Мирас Дүйсембекұлына беріледі)    аудандық білім бөлімінен келген құрметті қонағымызға  беріледі.

 

№2 жүргізуші:

         Абзал жандар биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды:

КЕЗЕК БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БЕРІЛЕДІ.

 

Аяжан:

Ғұлама білгіш ғалымнан

Оқушы жас жалыннан

Жазушыдан, ақыннан

Ел қорғаған батырдан

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден

Оқыған жас кәріден

Оқушының бәрінен

Түлектерге мың сәлем!!!

Камиля:

Тоғыз жыл бойы оқыған,

Ойға білім тоқыған.

Апалар мен ағалар!

Орындалды ойыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!

Үлгілі болып сіздердей

Үлкейеміз біздер де.

Біз де ойшыл, өнерлі

Боламыз істің шебері.

Көп екен «төрт», «бесіңіз»

Өмірде өстіп өсіңіз.

Талай сыннан өттіңіз

Белестерге жеттіңіз.

 

№1 жүргізуші:  Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген

ақын–жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.

Алдына келіп ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен,

Мейірімді сезінгем.

Сипадың да басымнан,

"Әліппені" ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім, - деп ақын жырлағандай, ендігі сөз ардагер ұстаз, бастауыш сынып мұғалімі Нұрғайша Шонуқызына беріледі.

 

Дархан:                    Келешек қой түлектер барға шүкір,

                         Алдарында ақ қанат арманы тұр.

                         Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

                         Жетелейді  қиялы алға ұшқыр!

Диас:         Мойытпасын қиындықтар сендерді,

             Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

             Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

             Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.

 

№2 жүргізуші:                          «Бақыт таңы» әні.         Қабыл алыңыздар!

 

№2 жүргізуші:         Думанды дүбір ән жырлы

                          Жайқалған өмір жас бағы.

                          Мінеки, тағы бір жылды

                          Сырғытып  артқа тастады.

                          Ұстаздардың  – жаны нұр

                          Шаттық кейін бөліскен.

                          Аяқталды тағы бір

                          Оқу жылы жеміспен.

 

№1 жүргізуші:         Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,

                          Жақұтың  жарқырап тұр нұр төге бір!

                          Аты тым жақын ұяң - мектеп болса,

                          Бақытың – алдыңдағы  үлкен өмір!

                          Бөленіп алтын, темір, мыс, асылдар,

                          Өріліп алдан үлкен, кіші асулар,

                          Төгіліп сағыныштарың, қарлығаштар,

                          Керіліп келешекке ұшасыңдар!

 

Ыбырай:    

             Ұшырады жетекшің өз қолынан,

    Ғылымның көрінші деп сан қырынан

    Балғын апай шәкірттік тілегім сол,

    Көріне біліңіз тұғырдан биік шыңынан.

    Біз сізге сөз кезегін береміз

    Өткізіп тұрсыз міне бізді биік шыңнан.

Жамиля:

    Атағым Алатаудай болса биік,

    Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.

    Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

   Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп. 

 

№1 жүргізуші: Сөз кезегі, бастауыш сыныптан бастап жетекшілік еткен, бүгінгі күнде мектеп табалдырығынан ұшырып жатқан ұстаз Сағындықова Балғын Сыздыққызына беріледі.

 

Құндыз: Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам таңданба,

Қорлық үшін келген жоқсын мына өмірге, жалғанға.

Мына өмірде, жүрегіңде,

Бойында ыстық қан барда.

Болмысты да, болмасты да,

Болады деп арманда.

Ал енді мен ақыл айтам,

Ақыл айтам таңданба,

Мәзіріне, әзіріне әуелгі боп,

Алданба!

Шығатұғын күндерге де,

Ататұғын таңдарға

Үмітпенен қарағайсың жүрегіңде жан барда!

 

№2 жүргізуші:      7/8 сынып оқушыларының жас түлектерімізге деп арнаған тартулары бар екен. Ендеше, тамашалайық! Би, ортада 7/8 сынып оқушылары. Қабыл алыңыздар!

№2 жүргізуші:      Шешуші сәтте осындай,

                        Өсиет әндер жаттар шын.

                        Қуанышқа қосылмай,

                        Ата-ана қалай шет қалсын.

                        Көпшілік қауым сүйетін,

                        Сөз алып сыйлы ата-ана,

                       Жастарға айтып ниетін,

                       Ұйытсын елді батаға.

№1 жүргізуші: Бала үшін күйетін ана жүрек,

Бала үшін қуанар ата тілек.

Бала, бала деуменен самайды да,

Қырау шалды ол айтсын ізгі тілек.

Сөз ата-аналарға беріледі:

1. Ыбырайдың ата-анасы.

2. Жамиляның ата-анасы.

3. Нұрмұқанның ата – анасы

4. Ақбидайдың ата - анасы

 

№1 жүргізуші: «Армандастар» әні. Орындайтын --------------------------------------

 

Данияр: Артта қалып балғын шағы - ертегі,

Дәл бүгіннен басталады ертеңі.

Алып шығар ашық, терең теңізге

Арман атты ақ кеменің желкені.

Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,

Ел мүддесі болсын асқақ ұраны

Мәртебесін көтеретін биікке

Жас түлектер  - тәуелсіз ел қыраны!

Асқан сайын өмір-жолдың өткелін,

Жастық шағың - сағындырар көктемің.

Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай

Алыстағы алтын ұя мектебің... 

Жас түлектер қақты бүгін қанатын,

Сәулелік күн жүрекке от жағатын.

Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын

Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек!
Шақырып дала, қалаға,
Сан тарау алда тұр өмір.
Талғаммен таңдап, қала да,
Бірімен соның жүре біл!
Тұмарлық болып адамдық,
Мейірге толсын әр ізің!
Болмасаң – дағы кемеңгер,
Азамат болу – борышың!

 

№2 жүргізуші: Жайнаса бал-бұл  бүлдіршін,

                       Бір сынып тағы өрлеген,

                       Түлектер тұйық, кім білсін.

                       Сезім бе қимас кернеген,

                       Мерейлі топтан алқалы,

                       Сыр тартып бір көрейік. 

                       Сөз кезегін, ал қане,

                       Меруертке берейік.

 

Меруерт: Қыран болып ұшыңыз,

Оқуға барып түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын!

 

№1 жүргізуші:  Сөз кезегі Мирас Дүйсембекұлына беріледі.

№2 жүргізуші:  «Ұстазым менің, ұстазым» әні. Қабыл алыңыздар!

 

Серік:  Білімді шәкірттерін аялаған.

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.

 

Ернар: Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,

Шаттық пенен қайғы-мұңға жаны бір.

Балғын шәкірт жүрегіне жол тапқан,

Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.

 

Ақтоты:            Жаза аламыз, хат танып,

                   Оқуға да машықпыз,

                   Тақпақ та талай жаттадық.

                   Көп білуге асықпыз.

 

Батырхан:         Өмірдің жолы сән өмір,

                   Алдыңда толған таңдау бар.

                   Білімге қосып өнерің

                   Биікке асқар самғаңдар.

 

Жансая:            Жігерлеріңмен  арынды,

                   Арманды балғын гүлдетіп.

                   Толымды табыстарыңды,

                   Жүрейік біздер үлгі етіп.

 

Дархан:               Қыран боп көкке самғаңдар.

                   Атағың кетсін көп-көпке.

                   Намысты ту ғып ұстаңдар,

                   Кір келтірмей мектепке.

 

Ақбидай:         Ашылып өмір бағы алдан,

                   Қиялдың құсын ертіп ап

                   Бұл күнге, арман саналған,

                   Жетерміз бізде ертең-ақ. 

 

Камиля:             Армандаңдар,

                    Сол арманда зор мән бар,

                    Жақсылықты ақ жүрекпен қолдаңдар.

                    Асқақ арман-үлкен өмір бастауы,

                    Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

 

№1 жүргізуші: Жүректер лүпіл қаққан қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек.

 

9 сынып оқушыларының орындауында «Вальс» биі, қабыл алыңыздар!

№2 жүргізуші: Айта берсек таба берер жалғасын,

                           Көңілге толғаныстар орнасын.

                           Мүмкін емес ардақтамау осындай,

                           Ұшқан ұя нағыз білім ордасын.

 

№1 жүргізуші: «Атамекен» әні. Орындайтын 7-8 сынып оқушылары. Қабыл алыңыздар!

 

№1 жүргізуші:         Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

                           Орындалсын өмірде тілектерің.

                           Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

                           Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

 

Соңғы қоңырау соғылады.

 

№2 жүргізуші:  Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу

үні. Осыдан 9 жыл алдын өздеріңе жаңа ғана ақ жол тілеген бүлдіршіндер секілді едіңдер.

 

Нұрмұқан:   Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

             Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

             Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

             Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

             Алтын ұя мектебім мен аяулы

             Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

             Қош бол енді балалығым бал дәмім

             Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

 

№1 жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!!!

 

Назкен:   

          Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті,

Сәт-сапар болсын жолдарың.

 

№1 жүргізуші:        Қоштасады алтын ұя мектебің,

                          Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

                          «Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз,

                          Тілейік біз армандарға жеткенін.

 

Сөз тізгіні мектеп қабырғасынан биік белестерге ұшқалы тұрған, «өмір» деген даңғыл жолға қадам басқалы жатқан биылғы жас түлектеріміз, 9 сынып оқушыларына беріледі.

 

 

№2 жүргізуші:     Ұстазым сені таңдадым,

Әрқашан саған ризамын.

Көрсеткен өзің құрметке,

Елжіреп менің тұр жаным,

Ұстазым, мәңгі ризамын!

Қымбатты ұстаздар мен аяулы шәкірттер! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, өмірлеріңіз нұрға толсын. Сәт сапар, ақ жол тілейміз!

 

№1 жүргізуші:

Талмасын қанат, сөнбесін үміт

Армандар алға жалғансын,

Қимастықпен шығарып  салдық бүгін,

Түлектерді үлкен өмір жолына.

Келешек өмір қандай  болса да қуанышы мен реніші қатар  келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде  алтын ұяң - мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!

Осымен «Қош бол, алтын ұя - мектебім!» атты салтанатты жиынымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстазым

 

Әні мен сөзі : А. Дүйсенов

Орындаушы:  Д.Қырықпаева

Тыңдағанған көңілдегі толғамымды

Шындаған тәрбием мен талғамымды

Өмірдің маған сыйы деп білемін

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды

 

Табылған балапан ем ұядағы

Қырандай жетілдірдің қиядағы

Ұстазға деген ыстық сағынышым

Бір әнге қалай ғана сия алады

 

Ұстазым менің

Қамқорым едің

Баулыған осы өнерге

Жүрегің дархан

Өзіңнің арқаң

Биікке шықсам егерде

 

Өнердің мен білмейтін қатпаларын

Жаныма сіңіргенше тоқталмадың

Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап

Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым

 

Ұстазым менің

Қамқорым едің

Баулыған осы өнерге

Жүрегің дархан

Өзіңнің арқаң

Биікке шықсам егерде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақыт таңы

 

Көздеріңнің гүлі көк, оты  нұрлы үміттен

Еліктейсін жанымда назыбалдай қылықтың.

Пәк сезімдер гүл ашқан көңіліме нұр шашқан,

Қалай ғана сол сезім махаббатқа ұласқан

 

Қайырмасы:

Бақыт күткен ақ таңдарым,

Тәтті арманың, тапқан бағым.

Қарсалайық бақыт таңын, бірге жаным ғашығым

Арайлы таң нұр сыйласын, гүл сыйласын, жыр сыйласын

Жарық шашқан жұлдызымсын, құндызымсын асылым.

 

Ештеңе жоқ таңданар саған әнім арналады,

Сүйген  жүрек алдыңда шарасыз біз бар ма амал?

Жүрек от боп жанса да  аңыз болған баршаға,

Ғашықтар көп өмірде қосылмаған қаншама.

 

Қайырмасы:

Бақыт күткен ақ таңдарым,

Тәтті арманың, тапқан бағым.

Қарсалайық бақыт таңын, бірге жаным ғашығым

Арайлы таң нұр сыйласын, гүл сыйласын, жыр сыйласын

Жарық шашқан жұлдызымсын, құндызымсын асылым.

 

Танғашықтай тұнығып сездің бе жан жылуын,

Жүрегіңе жол салар махаббаттың жырының

Баурап алдың жанымды бағалай біл сағымды

Өшіре алмас  ешкім де біздей ыстық жалынды.

 

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                              

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Егінді-Ағаш орталау мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:

"Қош бол, алтын ұя 
мектебім!"

Картинка 36 из 81936

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Қожабеков М.Д.

 

 

2016 жыл

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Соңғы қоңырауға арналған жоспар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 644 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.07.2016 1871
    • DOCX 273.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожабеков Мирас Дюсембекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожабеков Мирас Дюсембекович
    Кожабеков Мирас Дюсембекович
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61877
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе