Инфоурок Другое Презентации"Соғыстан қайтқан солдаттар" іс-шара

"Соғыстан қайтқан солдаттар" іс-шара

Скачать материал

«З.Ақышев атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ

 

 

 

 

Сахналық қойылым

Соғыстан қайтқан солдаттар

 

 

 

 

«Театр отауы» үйірмесінің жетекшісі

Жұмабекова Баян Рамазанқызы

http://ds87.centerstart.ru/sites/ds87.centerstart.ru/files/star_victory.jpg

1.     Автордың тегі,аты, әкесінің аты:

Жұмабекова Баян Рамазанқызы

 

2.    Санаты: І-ші

 

3.    Лауазымы, жұмыс өтілі:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 17 жыл

 

4.    Білім беру мекемесінің атауы:  «З.Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»

 

5.    Жұмыс атауы:  Сахналық қойылым «Соғыстан қайтқан солдаттар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған сахналық қойылым

«Соғыстан қайтқан солдаттар»

 

 

Өтілген күні: 20 ақпан 2015 жыл.

                                                                  

Өтілген жері: Акт залы

 

Мақсаты:

                 білімділік:1941-1945 жылғы соғыста қазақстандықтардың жанқиярлық ерліктері туралы мәлімет беру;

                 тәрбиелік: оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге , батыл да батыр ержүрек болуға үйрету; елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.

                 дамытушылық: тарих туралы біліктерін жетілдіріп, көпшілік алдында, сахнада сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.

 

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта, слайд, әуенмен әрлеу,қару-жарақтар.

 

Қатысқандар:

Жүргізушілер: Күмісбек Данагүл-10 сынып, Мұхамеджан Ақбөпе-10 сынып

Күлпаш ана: Базарбай Бағлан-8 сынып

Женеше: Амангельдинова Гүлбаян-8 сынып

Мәншүк Маметова: Шақырманова Айдана-8 сынып

Қарындасы: Совет Дана- 8 сынып

Қызы: Ғалымжан Ақерке- 8 сынып

Әмина апай: Сағыдат Айторы- 8 сынып

Әкесі: Сағадат Қаныш- 9 сынып

Ағасы:  Ермеков Қайыргелді- 9 сынып

Солдат: Рахымғали Әділет- 9 сынып

Лейтенант: Өмірбек Манарбек- 9 сынып

 

     Екінші жаһан соғысының қайғы-қайғы қасіреті ,

зардап зары әр қазақ отбасының шаңырағын шайқалтты.

 Ұлдарын қан майданға аттандырып елде солардың

тілеуін тілеген талай-талай ата-аналардың қабырғасы

қайсып белдері бүгілді.

  

І бөлім

 

Радиодан дауыс : Внимание, говорит Москва. Передаем важное правительственное сообщение. Граждане и гражданки Советского Союза! Сегодня в 4 часа утра без всякого объявления войны германские вооруженные силы атаковали границы Советского Союза. Началась Великая Отечественная война советского народа против немецко-фашистских захватчиков. Наше дело правое, враг будет разторгнуть!

 

 

Жүргізуші: Төнгенде қатерлі түн, қара тұман,

                      Аяққа шырмалғанда шұбар жылан.

                      Ту ұстап , тұлпар мініп ел қорғауға

                      Азамат азамат па аттанбаған.

      /  Осы кезде күбісін тастай бере /

 

Күлпаш  : О! Сұмдық! Не дейді!

/ Осы кезде ауылдың қария анасы таяғына сүйене басып кіріп келеді./

 

Күлпаш: - Жеңеше , естідің бе бұл сұмдықты , не дейді!?

 

Жеңеше:-  Естідім, естідім Күлпашжан, суық хабар жатпас болар. Елдің үлкені болған соң ,тым болмаса сөзім медет болсын деп басу айта келдім. « Көппен көрген – ұлы той» деген.

 

Күлпаш:- Жеңеше-ау! Құдайдан бір, адамнан екі сұрап алған жалғызымызды аттандырып , аңырап не болғаным , өзегім өртеніп кетті-ау !

 ( жылайды)

 

Жеңеше:- Сабыр, сабыр, Күлпаш. Ортақ Отанымыздың басына күн туғанда ешкім де жай жатпас болар.

 

Күлпаш:- Жеңеше-ау, елі үшін, жері үшін аттанар азаматтарымыздың жеңіспен аман-есен оралуын тілегеннен басқа не істейін-ау , не істейін !

           Маңдайыма біткен жалғызды құдайдан тіледім ( жылайды). Тағдыр жазған өмірге көнбейтін пенде бар  ма екен , қабырға-қолқам сөгілді-ау.

 

Жеңеше:- Иә , сабыр , Күлпашжан, сабыр. Қазақ халқы небір зұлмат заманды басынан өткермеді дейсің.

           Естеріңде болса Ұлы Қазан төңкерісінен соң өзінің туған жерінде өзінің қанын төккенде , 31-32 жылдары жазықсыз құмырсқадай қырылғанда, 37-38 жазықсыз халық жауы атанып тентіреген де біздің қазақ емес пе еді!...

           Біз қазақ күрескенбіз де, женгенбіз де, жеңеміз!

 

Әмина апай:- Қызым-ау, қырғын соғысқа барғанда не ұтпақсың?

 

Мәншүк Маметова:- Жоқ,апа! Әкемді « халық жауы» деп әкетті. Артымда інім, иек артар ағам жоқ. Мен майданға әкемнің адалдығын дәлелдеуге барамын. Мен де адам болып дүниеге келдім ғой !Білімнің нәрімен сусындап, мектепте де оқыдым. Институтқа да түсіп, дәрігер болсам ба деген арманым орындалмады. Ел басына ауыр күн туғанда толарсақтан саз кешіп, Отанымды жаудан қорғаймын, өйткені кезінде Жәңгір хан қасқайып:

« Хан емессің қасқырсың,

  Қас албасты басқырсың»,- деп асқақ қараған Махамбеттің жырымен сусындап өстім. Сол баба жырын ұран ғып шайқастарға кіргім келеді.

           / Осы кезде ауыл азаматтары жиналып соғысқа аттанатын кезі көрсетіледі./

 

           /  Сахнада « Свещенная война » музыкасы ойналады./

/ Қыз балалар ауыл адамдарын шығарып салады /

 

 Қарындасы :- Аға елге аман-есен оралуыңды тілеймін дәл қазір аттанар сәтте осынау туған өлкен Арқаны есіңе түсірші! Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-ананы еске  түсірші, соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып тұр,  аға .

 

 Ағасы :-Отан деген бір ғана сөздің мағынасына тең келер сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр. Қарындасым жасыма!

 

Қарындасы:- Аға, біз апам екеуміз, сағынамыз . Хат жаз! Ауылда өздеріңнің іздеріңді басып, елге тірекші болып, біз жас өспірімдер қалмақшымыз. Барған жеріңнен  хабарласып тұр. Күтеміз!

 

Қызы: - Әке , әкетайым!  Анамыз екеуміздің ауылдағы кішкене ғана етер еңбегіміз өзіңе , жүрегіне қуат болып , күш берсін. Қолымыздан келер ештеңе жоқ, барлық ауыр еңбек , қайғы жер үміт болар күн туса арман жоқ.

 

Әкесі: -Жаман солдат болуға біздің құқығымыз жоқ. Біз Исатай мен Махамбеттің , Амангелді мен Абайдың ұрпақтарымыз. Біздің қылышымыз фашист қанымен суарылуы керек , серт осы болсын.

/ Музыка ойнайды. Қоштасу. /

 

Қарындасы: Апа! Апа! Майдандағы ағамнан хат келді!

 

Күлпаш ана: Е, құлынымнын хаты ма , оқып бір мауқымды басайын!

 

Солдат:  Хат жазамын майданнан

                 Мейірімшіл ғазиз- анама

                «Жақыным-жарым» дегенмен

                 Анандай жақын бола ма?

                 Көніліңде тілек, көзде жас

                 Екі қолын жағанда

                 Қасірет шегіп, қан жұтып

                 Сарғайдың ба санаға?

                 Сағынған соң мені ойлап.

                 Жүрегің оттай жанама

                 Ет бауырым елжіреп

                 Қайғыра берме балаңа

                 Сабырдың суын бере көр,

                 Жаныңдағы жарана.

                   Ажалсыз адам өлмейді.

                   Мезгілсіз шөлмек сына ма ?

                   Ердің басы ел үшін.

                   Арыма жаным садаға

                   Бұлт жамылған қар төсеп

                   Мен жатырмын далада.

 

Лейтенант: Солдат Сағадатов, саған ананнан хат келді.

                    Майданға хат
Құлыншағым аман ба?
Қолыма тиді сенен хат.
Хабарыңды есітіп,
Қуанып қалды ғаламат.
Күніге тоқсан тілеймін,
Құлыным кел деп саламат.
Жүрегім – жалын, ішім у,
Жанымда ауыр жарақат.
Суретің келді хатыңда,
Шекпен киген жалаңқат.
Ерге лайық бес қару,
Асыныпсың автомат.

Суретіне қарасам,

Емшегім иіп, сүт тамат
Көзімнің жасы төгіліп,
Ұйқыдан кетті рахат.
Отаның үшін қарағым,
Арың қымбат жаныңнан.
Бөбектерің аман – сау,
Ас жейді әзір қолымнан.
Ербеңдеген ермегім,
Тастамаймын қолымнан.
Лақ – қозы қайырсам,
Қалмайды сүйем соңымнан.
Жағдайсыз емес келінім,
Оны да көрем бағымнан.

Қайырмайды тілімді,

Жібектей майда жамылған

Көңілімде алан жоқ

Жаны сүйген жарынан

Уһілеп кейде демалып

Шығады түтін жалыннаң
Хабарыңды жиі жаз.
Өтпесін көп күн арадан.
Талқандап жауды аман қайт,
Бұлт серпіліп көгімде.
Жазылсын жүрек жарадан!

ІІ бөлім

 

/ Гранатаның, мылтықтың дауысы /

Солдат: -Жолдас лейтенант әзірше тыныштық.

 

Ағасы: -Лейтенант гранаталарың бар ма?

 

Лейтенант:- Үлкеннен екеу бар, бір қармануға жетер.

 

Солдат:- Қаза тапқан жігіттердің қаруын жинап алыңдар керек болады.

 

Екі солдат:- Жарайды. Жолдас лейтенант, бізге көмек келмейме, екен?

Тым қиын болып барады- ау!

 

Лейтенант:- Жолдастар біз жақсы достарымыздан айырылдық. Олар асқан ерлік көрсетті. Бізді де ерлікке қарыздар етіп кетті. Шегінер жол жоқ?

Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант береміз.

/ Шымылдықтың сыртынан оқылады./

Кең дала, дала

Жол ұзақ жатқан.

Бейшара солдат

Ол қаза тапқан.

Өлерін  сезіп,

Бар күшін жинап,

Жолдасын қинап,

Ол бір сөз айтқан.

/ Жауынгер бір ауыз сөз айтады./

Жолдасым менің,

Қинадым сені.

Көміп кет мені

Осы далаға.

Сәлемді жеткіз

Байқұс әкеме

Көптен көп сәлем

Туған анама

 

ІІІ бөлім

Жүргізуші:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,

Көктем, шуақ тоғызыншы май күні.

Айтшы, кәне, біздің Жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі?!

Біздің осы жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы тоғызыншы май күні,

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

           Бүгінгі күн-көптен күткен салтанатты күн , зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің жетпісінші көктемі де келіп жетті.

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл шуақты күн таратты әнін

70 рет көктем де содан бері

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

           Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін , келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

 

Жүргізуші:

Мақтанбаймын қалайша, марқаймаймын,

Уақыт бізге ғажап сыр айтар дәйім.

Барлығында сыйлапты адамзатқа

Ынтымақты , жеңісті дархан мамыр.

Күш-қайраттың бойында тасқыны бар,

Мұқалмайтын төзімді достығы бар.

Талай тарих таңқалып куә болған

Елімнің ерлік деген дәстүрі бар.

            «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес» Бұл сөздің астарындағы мағына өткенге емес , болашаққа арналған. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы есімізде мәңгі сақталады.

 

Жүргізуші:  

Жасасын Жеңіс , еңбегі барлық солдаттың,

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.

Қаншама адам ерліктер жасап майданда,

Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың.

Жасасын Жеңіс ! Бақытты елім күле бер,

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер.

Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс!

 

Соңы

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журанлы 2014 жыл №6 ,2011 жыл №5.

2.     «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2003 жыл №7

3.     «Жұлдыз» журналы .1985 жыл №3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім

Күлпаш ана мен жеңеше

 

 

 

Мәншүк пен анасы

 

 

 

 

Соғысқа шығарып салу сәті

 

 

 

Қызының әкесіне айтқан соңғы сөзі

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім

Майданнан келген хат

 

 

 

Ананың хаты

 

 

 

Қан майдан сәті

 

 

Солдаттың соңғы сөзі

 

 

 

ІІІ бөлім

Ерлікке тағзым

 

 

Соғыстан қайтқан солдаттар

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Соғыстан қайтқан солдаттар" іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 391 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2015 2140
    • DOCX 3.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Махаббат Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38331
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе