Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Сольфеджио пәнінен ашық сабақтар

Сольфеджио пәнінен ашық сабақтар

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_1ff102e.gifhello_html_1ff102e.gifhello_html_1ff102e.gifhello_html_m3b0190e6.gifhello_html_bfd4b35.gifhello_html_3763683b.gifhello_html_3763683b.gifДарынды балаларға арналған мамандандырылған

С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені





Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Аккордтар еліне саяхат»





«Өнер» бөлімінің сольфеджио пәнінің мұғалімі:Еркінгалиева Г.Қ.















Орал қаласы









Сабақтың жоспары





  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Ақпараттық кезең.

  3. Практикалық кезең.

  4. Таблицамен жұмыстану.

  5. Естіп ажырату.

  6. Сергіту сәті.

  7. Сабақты қорытындылау.

  8. Бағалау.

  9. Үйге тапсырма.



























Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әртүрлі аккорд түрлерімен таныстырып, осы аккордтардың құрылымын білуге, әндетіп, ажыратуларын бақылап, музыкалық білмдерін көтеру.



Күтілген нәтиже: Берілген әуендерде аккорд түрін анықтау, карточкалар бойынша әртүрлі тапсырмаларды шешулері, ойналған үзінділерде аккорд түрін тыңдап, есту арқылы ажырату.



Сабақтың көрнекілігі: Тақта, әртүрлі карточкалар, сольфеджио оқулықтары, фортепиано аспабы.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ



Сабақтың жүру барысы: Ре - бемоль мажор гаммасын әртүрлі өлшемдерде дирижерлап әндету, дауыс келтіру.



а) Ре - бемоль мажор тональдігінде жоғары, төменгі бағыттағы секвенцияларды жылдам екпінді мәнерлі әндетулерін тәрбиелеу.



б) Ре - бемоль мажор тональдігінде басқыштарын, аккордтар тобын естіп ажырату.



в) Ре бемоль мажор тональдігінде келесі аккордтар тобын әндету:

Т5/3 - S6/4 - T5/3 - D6/5 - T5/3

I I I VII I



Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Ре, ми дыбыстарынан доминантсептаккорд айналымдарымен және көшулерімен құрып келу.

  2. В.Флис, Я.Якубяк №46, №51 жатқа әндету. Бұл жаттығуларда кездесетін аккордтарды талдап, тасымалдап әндету.

  3. Г.Ф.Калинина «Жұмыс дәптері». Келесі жаттығуларды, секвенция арқылы әндету.

Есте сақтау қабілетін сергіту: Өткен аккордтарды тыңдап, қай аккорд шырқалғанын анықтап, есте сақтау қабілетін тексеру.



Сыныптағы жұмыс: Музыкалық диктантты талдау, әндету.

Р.Ромм №80, №85 жаттау, дирижерлап әндету, тасымалдау.

80 келесі сөздермен әндету: «Тоника, субдоминанта, терцквартаккорд, тоника, терция, кварта, квинтсекстаккорд, тоника».

85 «Пунктир ырғағымен, секундаккорд, тоника, пунктир ырғағымен, доминанта, тоника».

В.Флис, Я,Якубяк келесі ырғақтарды екі топқа бөлініп, кезекпен-кезек соғу, екі қолымен жеке соғу. Екі дауысты жаттығуды әндету, №117.



Теориялық білімдерін тексеру:

Келесі тональдіктерді әріп арқылы шешіп, таңба белгілерін атау.



Fis

Cis

Es

А

В

1)





2) Келесі ноталар арқылы үшдыбыстықты анықтап, энгормониялық теңдік тональдықты анықтау.

Фа # - ля # - до # = ?



Cu b - ре b - фа = ?









До # - ми # - соль # = ?



Ми b - соль b - cu b = ?









3) Келесі үлкен, кіші аккордтардың түрін шешу:

m.3 + ? = Ү6/4



ү.3 + m.4 =









m.4 + к.3 =



? + m.4 = Ү6









4) Келесі негізгі үшдыбыстылықтардың айналымдарын, көшуімен шешу:

hello_html_m563025a4.gif hello_html_m4912229b.gif hello_html_m4590a7eb.png hello_html_m7c2d01e.gif hello_html_m6902dcfc.gif

5) Келесі сандар арқылы үшдыбыстың түрін шешу:

572

461

135





00



01

10

11









6) Д7-тың айналымдарын шешу:

ү.3 + к.3 + к.3



ү.2 + ү.3 + к.3







к.3 + к.3 + ү.2



к.3 + ү.2 + ү.3









Үйге тапсырма: Музыкалық диктантты жаттау, ля-минорда ойнау. Фа дыбысынан Д7-тың айналымдарын құрып, әуендерді қайталау.











































Ашық сабақ

Тақырыбы: «Жеті музыкалық дыбыс әлемі»

DSC_0494 (4).jpg





DSC_0495 (5).jpg







C:\Documents and Settings\Admin\Рабочий стол\фотки\DSC_0496 (6).jpg



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Доминантсептаккорд»

Сабақтың жоспары:


  1. Ми бемоль мажор гаммасын, сатыларын, интервалдар, аккордтар тізбегін әндету, естіп ажырату.

  2. Ми бемоль мажор гаммасың

а) Полька 2/4 б) Вальс 3/4 в) Марш 4/4 өлшемдерінде әндету.

3) Ф.Шуберттің си минорлық «Вальсінен» үзінді ойнау.

4) Жаттығулар әндету (тасымалдау)

5) Ауызша диктант (тасымалдау)

6) Ырғақтық лабиринт

7) Математикалық есеп

8) Аккордтардың қателерін табу

9) Аккордтарды естіп ажырату

10) Альтерация белгілері бойынша тональдіктерді ажырату

11) «Жеті музыкалық дыбыс әлемі» әнің орындау



Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Балалар музыка мектебі оқушыларының эстетикалық және музыкалық қабілеттерін дамыта отырып, пәнаралық байланыс арқылы және әртүрлі әдістерді пайдаланып жұмыстану.

Дамытушылығы: Тақырыпты меңгеріп, ырғақтық лабиринтпен жұмыстану, эстетикалық ой – өрістерін, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: өнерді сүйіп, сольфеджио сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: сольфеджио оқулықтары, жұмыс дәптерлері, интервалдар, аккордтар кестесі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Балалар бүгінгі тақырыбымыз «Доминантсептаккордты» қайталап, бекіту.

  1. Ми бемоль мажор гаммасын, тұрақты, тұрақсыз, кіріспе дыбыстарын қол қимылы арқылы сатыларын, интервалдар тобын (Т5/3, Т6, Т6/4) – аккордтарын әндету. (Е.Давыдова, С.Запорожец, 55 бет).

  2. Ми бемоль мажор тональдігінде келесі тапсырмаларды есту арқылы талдау тұрақсыз дыбыстардың көшулері (VI V) (II I) (IV III) т.с.с.

Ми бемоль мажор гаммасын әртүрлі жанрда әндету.

  1. Ф.Шуберт «Вальс». Балалар жаңа кімнің шығармасы ойналды?

Иә, дұрыс. Біз музыка әдебиеті пәнінен өтіп жатырған Ф.Шуберттің «Вальсі». Мұнда екінші тактіде Д7 шырқалды.

  1. Келесі әуендерді дирижерлап әндету. Д7 кездесетін тактілерді ажырату. В.Флис, Я.Якубяк №57. Осы әуенді тасымалдау – ре, до дыбыстарынан әндету. Г.Ф.Калинина, «Поляк» халық әні. Осы әуенді до, ля дыбыстарынан әндетіп тональдіктерін табу.

Г.К. Еркингалиева «Доминантсептаккорд» . Осы әуенді нотамен,

сөзімен әндету.

  1. Ауызша диктант Русяева №713. Осы диктантты Ми минордан – Ре, До минорға тасымалдап әндету.

  2. Ырғақтық лабиринтпен жұмыстану.

  3. Математикалық есеп (интервалдарды шешу)

ү2+т4=?

к6-ү3=?

т.с.с

Аккордтарды шешу

ү3+т4=?

т4+к3=? т.с.с

Үйге тапсырма

Ми, фа, ля, си дыбыстарынан Д7 құру.Дәптердегі әуендерді қайталау



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Ән айтамыз – ырғағын соғамыз»

Сабақтың жоспары:

Балалар музыка мектебі оқушыларының эстетикалық және музыкалық қабілеттерін дамыта отырып, пәнаралық байланыс арқылы және әртүрлі әдістерді пайдаланып жұмыстану.

Дамытушылығы: Тақырыпты меңгеріп, ырғақтық жаттығуларымен жұмыстану, эстетикалық ой – өрістерін, есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, 2/4 өлшемінде дирижерлау кестесін меңгеру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі


Сабақтың мақсаты мен міндеті


  1. Ре мажор гаммасың әндету

  2. Ре мажор гаммасында тұрақты, тұрақсыз кіріспе дыбыстарды әндету

  3. Ре мажор гаммасында тұрақсыз дыбыстарды тұрақтыға бағынуын шешу:VI V, ІІ І т.с.с.

  4. Ре мажор тональдігінде әуендер әндету. Мысалы: Ре мажорда ән айттық, Ре мажор тональдігі (нота бойынша және сөзімен)

  5. Ауызша диктант Металлиди №7. Диктантты әр түрлі дыбыстан әндету

  6. Дәптер бойынша берілген ырғақтарды екі қолмен соғу

  7. Карточка бойынша жұмыстану

  8. Өткен тақырыптар бойынша құрастырылған әуендерді нота бойынша және сөзімен қайталау. Мысалы: 1.Альтерация белгілері, 2.До ми соль (тұрақты дыбыстар), 3.Пауза.4.Октава.5.Баскольта.6.2/4 өлшем

Үйге тапсырма:

Ре мажор гаммасын әндету, ойнау. Дәптердегі әуендерді қайталау, ырғақтарын соғу.

























Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы

11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені «Өнер» бөлімі








Ашық сабақ







«Оркестрдің даму тарихы»







Саз әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Еркингалиева Г.Қ.









Орал қаласы





Сабақтың жоспары

  1. Симфониялық оркестрдің шығу тарихы.

  2. Дирижер туралы мәлімдеме.

  3. Симфониялық оркестр аспаптарының сызбасы.

  4. Гайднның №103 «Ми бемоль мажор» симфониясы.

  5. Моцарттың №40 симфониясы.

  6. Бетховеннің №5 симфониясы.

  7. Шуберттің «Аяқталмаған си - минор симфониясы».

  8. Викторина, сөзжұмбақ.

  9. Ойналған үзіндінің авторын, бөлімін анықтап белгілеу.

  10. Аспаптардың шырқалым арқылы түрлерін ажырату.



Сабақтың мақсаты:

  1. Симфониялық оркестрдің шығу тарихымен, аспаптарының орналасу тәртібімен таныстыру.

  2. Еуропа композиторларының симфонияларымен таныстырып, классикалық музыканы тыңдатуды тәрбиелеп әр түрлі тәсілдер арқылы сабаққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.



Көрнекілігі: Магнитофон, күйтабақ, үнтаспа, композиторлардың суреттері, симфониялық оркестр сызбасы, слайдтар.



Сәлематсыздарма балалар. Бүгінгі тақырыбымыз: «Оркестрдің даму тарихы». Сонымен, біз сіздермен музыкалық аспаптардың көптеген түрімен таныстық, сол кезде Оркестр деген сөзді бірнеше рет айттық. Ол не сонда? Елестетіп көріңіз, сіз концерт залына келдіңіз. Сахнада ерекше «қоғам» пюпитрлар орындықтар, олардың үстінде-музыкалық аспаптар. Кейін эстрадаға бал киімдерін киген адамдар шығады: ер адамдар - қара фракпен, әйел адамдар қызыл көйлекпен. Орындарына отырып, қолдарына аспаптарын алады да, бір сәтте адам айтқысыз әлдене басталады.

Астан кестен әуен. Бұл музыканттардың аспаптарын күйге келуін тексеруі. Сосын сахнаға тағыда бір фрак киген, қолына таяқ ұстаған адам шығады, бізге арқасын беріп тұрады да сиқырлы таяқшасымен сілтеп, дүние орындайды, яғни музыка естіледі. Бұл симфониялық оркестрдің дауысы. (Оркестрдің суреті).

Оркестр-бұл ерекше бір ел, әрбір тұрғындарының «ансамбль» деген қоғамда өз міндеттері болады, және де егер олар оны орындамаса, тұтастықты бұзады. Оркестрдің ғасырлар бойы қалыптасқан өз құрылымы бар.

Ежелгі Грецияда «орхео» етістігі «билеймін» дегенді білдірген, ал оркестр деп гректер әрбір пьеса қатысушысының өзінің хор партиясын шырқайтын, ырғақтылық қимылдарын жасайтын сахна алдындағы жарты шеңберлі алаңды атаған.

Ғасырлар өтіп, ұлы өркениет құрып кетті, бірақ бұл сөз өмірін жалғастырды. Ұлы суретшілер Микеланджело және Тициан өмір сүрген заманда, оркестр тіпті болған да жоқ.





Бірақта, сіздер ойлап қалмаңдар, сол кездегі адамдар өнермен айналыспаған деп. Әрине, көне заманнан бастап айналысты.

  1. Ерте кездегі өнер туралы әңгімені, кім айтады?

Былайша мәлімдейді.............

Б.з.д. ІІІ ғасырда өз өнерлерін көрсету үшін Римге он үш грек сырнайшысы келеді. Алайда римдік көрермендер мұндай түрдегі әндетуді бастарынан өткізген соң, көңілдерін көтеру үшін, музыканттардың бір-бірімен төбелестіріп қоюға мәжбүр болады.

Енді оркестрімізге қайта оралайық.

  1. Симфониялық оркестр қашан дүниеге келді және ол немен байланысты?

Симфониялық оркестрдің тарихы музыканың жаңа жанрларын опера, оратория және басқалары пайда бола бастаған ХVІ-ХVІІ ғ. шегіне жатады. Оркестр ол кезде сүйемелдеу қызметін ғана атқаратын. Оған үнемі лютня, виола сияқты ескі аспаптар кіретін Король сарайындағы ақсүйектердің әуеңінен рахат алуы үшін әдетте тек қана шекті аспаптардан тұратын оркестр құрылатын. Атаулары өздері үшін үн қататын.

Мысалы: Францияда мұндай оркестрді «Корольдің 24 скрипкасы» деп атаған. ХVІІІ ғасырдың аяғында шағын оркестр: отызға жуық шекті аспап, екі флейта, екі гобой, екі - үш вальторна мен литаврадан құрыла бастады. Мұндай құрамға Й.Гайдн, В.Моцарт жазды. Тек Бетховен шығармасында ғана (1770-1827) «классикалық» оркестрдің құрамы құрылды.

  1. Симфониялық оркестрдің аспаптары қалай орналасқан? (Слайдпен симфониялық оркестр аспаптарының орналасу сызбасы көрсетіледі).

  2. Оркестрге кім жетекшілік етеді?

Міне, біз тағы да ДИРИЖЕР сөзін қайталадық. Ол кім сонда? Дирижерлық өнер ерте кезден қалыптасты ма, оның ерекшелігі мен құпиясы неде? Осы сұрақтарға біз қазір жауап беріп көреміз.

Былайша әңгімелейді....

Алыс өткенге көшейік. От айналасында сәтті аңшылықтарын атап өтпекке барлық тайпа жиналады. Ер адамдар салттық би орындайды. Билеушілердің басында-тайпа көсемі. Ол өзінің дене қимылы арқылы билеушілер мен қамысты кернейлерде, қабыршақ қуыстар мен барабандарда ойнаушы музыканттарға ырғақ береді. Көсемнің әрбір дене қимылы-бидің жалғасының қандай болу керектігін білдіретін, бәріне түсінікті шартты белгі.

Мүмкін дирижерлаудың алғашқы сахнасы да осылай көрінген шығар. Дәл солардан музыканттардың немесе әншілердің басында барлығы бағынатын бір адам-дирижердің болуы сияқты салт бастау алды.

  1. Гайднмен байланысты қызықты әңгімені кім айтады?

Былайша әңгімелейді...

Бірде Гайдн Лондонда өз симфониясына дирижерлық жасап тұрады. Әуесқой лондондықтар залдағы орындарынан көтеріліп, атақты музыкантты жақынырақ көргілері келіп, сахнаның жанына барады. Кенеттен төбедегі үлкен аспалы шам жерге құлап түседі. Көрермендер әйтеуір аман қалады.

  1. Тағы да кім толықтырады?

Дирижер кез-келген оркестрге қажет. Және олардың әрқайсысы дирижердің қимылын өзінше елестетулері қажет. «Камералық оркестр», «порше» автокөлігі сияқты, тез сезінгіш. Ал симфониялық оркестр «Роллс-ройс» іспеттес: ол соншалықты тез бұрыла алмайды, алайда онымен жүру таң қаларлықтай.

Күйтабақта музыка шырқалады. Бұл кімнің симфониясы? Ия, дұрыс бұл Гайднның №103 «Ми бемоль-мажор» симфониясы. (Слайдпен Гайднның суреті көрсетіледі.)

Гайдн шығармашылығындағы симфониялық циклдің жарқын мысалы, «Лондондық симфониялардың» бірі - №103 симфония. Композитор оны жарқын қабылданыммен ашады - тремоло литавр. Симфонияның аталуы да осыдан шыққан. Шығарма төрт бөлімнен тұрады. Симфонияның бірінші бөлімі жәй кіріспемен ашылады. Симфония күннің күркіреуін еске түсіргендей литавралардың гүрсілімен ашылады......

Симфония атасы Гайдн қалыптастырған оркестрдегі аспаптардың орналасуы. (Слайдпен көрсетіледі.)

Күйтабақта музыка шырқалады. Бұл кімнің шығармасы? (Моцарттың суреті слайдпен көрсетіледі).

Бұл №40 «соль минор» симфониясы. Бұл симфония 1788 ж. Вена қаласында жазылып, Моцарттың ең танымал деген шығармаларының бірі болды. симфонияның музыкасы бірінші шырқалымнан-ақ, автордың жеткізімін шынайы жеткізе отырып, тазылығымен баурап алады.

Бірінші бөлім - бұл шығарманың қайғылы ойының бірінші құрылымдық кезеңі. Бұл сонаталық аллегро үлгісінде жазылған. Тақырып, үлкен толқу үстінде, шағымдана сөйлеп тұрған адамға өте ұқсас........

Күйтабақта музыка шырқалады. (Бетховенның суреті слайдпен көрсетіледі). Бұл кімнің симфониясы? Ия, дұрыс. Бұл Бетховеннің №5 «до минор» симфониясы. №5 симфониясы 1805 жылы бастап, 1808 жылы аяқталды. Тума талант –симфонист Бетховен бүкіл өмірінде неге тоғыз симфония жазды? Моцарт елу бір симфония. Гайднда жүзге жуық. Салыстыршы? Бетховен шығармашылығындағы бұл шығарманың жағдайы - әріптестерінің оған деген көзқарастарымен салыстырғанда, мүлдем жаңа көрсеткіш. Алдымен бәрінен бұрын симфонияның мазмұны өзгерді. Композитор жанрлық - тұрмыстық тақырыптан үлкен ұстанымды, әлеуметтік философиялық мәселелерге ауысты. Бұл, ұлан асыр бүкіл адамзат баласына үн қататын жаңа үлгіні талап етті. Бетховен симфонизмнің өте ашық мінезділігі оның №5 симфониясында көрініс тапты...........

Күйтабақта музыка шырқалады. Бұл кімнің шығармасы? (Шуберттің суреті слайдпен көрсетіледі). Ия, дұрыс. Бұл Шуберттің «Аяқталмаған си - минор симфониясы». 1865 жылы веналық капельмейстерлердің бірі ескі вена музыкасының концерттік бағдарламасын жасаған. Ол үшін ол ескі қолжазабаларды жинайды. Мұрағаттарды ақтара отырып, ол Шуберттің бұрынан белгісіз партитурасын табады. Бұл си минорлық симфония болатын. Ол 1865 жылы жазылғанына 43 жыл өткен соң-желтоқсан айында алғаш рет орындалды.

Бұл симфонияның екі бөлімі таңқаларлық тұтастықты, аяқталымдық пікірді білдіреді. Әдеттегідей бірінші бөлімі сонаталық аллегро формасында. Ол жәй кіріспеден басталады...........

Викторина.

  1. Полифониялық музыканың формасы.

а) сонаталық ә) фуга б) рондо

  1. Симфониялар мен сонаталардың бірінші бөлімдерінің жазылатын формалары?

а) вариациялық

ә) 3 бөлімді

б) сонаталық

  1. Флейта, гобой, кларнет, фагот симфониялық оркестрдің қай топ аспаптар түрін құрайды?

  2. Қай аспапты симфониялық оркестрдің королевасы деп атайды?

  3. Антонио Страдивари, Бартоломео Кристофори бұлар кімдер? Қай істерімен атаққа ие болды?

  4. Рондо формасында тақырыптың бірнеше рет қайталануы?

а) рефрен

ә) эпизод

б) интермедия

(слайд аспаптардың суреті).

  1. Келесі формалардың шешімін шешу?

А В А

А А1 А2 А3 А4

А В А С А

(слайд арқылы көрсетіледі).

  1. Симфониялық оркестр ойыны, сөз жұмбақты шешіп, аспаптарды көрсету.

  1. Нақты дыбыс биіктігі жоқ соқпалы аспап?

  2. Бірнеше ағаш пластинкадан тұратын нақты дыбыс биіктігі бар соқпалы аспап?

  3. Төменгі дауысты жезді үрлемелі аспап.

  4. Шекті шертпелі аспап?

  5. Ағашты үрлемелі аспап?

  6. Жұмсақ тембрлі жезді үрлемелі аспап?

  7. Нақты дыбыс биіктігі бар соқпалы музыкалық аспап?

  8. Шекті ысқымалы аспап?

  9. Ағашты үрлемелі аспап?

  10. Ең төменгі қоңыр дауысты шекті ысқымалы аспап?

  11. Нақты биіктігі жоқ соқпалы аспап?

  12. Шекті ысқымалы аспап?

  13. Жоғарғы дауысты ағашты үрлемелі аспап?

  1. Музыкалық шығармалардан үзінділер ойналады. Қай үрлемелі аспап орындағанын ажырату?

  2. Біздің Қазақстанның қай композиторы тұңғыш симфония жазған?



Үй тапсырмасы: М.И.Глинканың шығармашылығын қайталап келу.



Қорытынды: Оқушылардың симфониялық оркестр және аспаптары туралы музыкалық шығармалардың үзінділері арқылы есте сақтап ажыратулары.







Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров231
Номер материала ДВ-480190
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх