Инфоурок Другое СтатьиСот процесі: «ЖЫЛЖЫМАЛЫ ӘДІЛ СОТ – 2»

Сот процесі: «ЖЫЛЖЫМАЛЫ ӘДІЛ СОТ – 2»

Скачать материал

«ЖЫЛЖЫМАЛЫ ӘДІЛ СОТ – 2»

Сот процессінің сценариі

(1 курс студенттерімен)

 

 (Сот залына сотталушы Омарова А.. кіргізіліп, сотталушы скамьясына отырғызылады)

 

Хатшы: Тұрыңыздар сот келе жатыр!

Судья: Сәлематсыздарма отырыңыздар, бүгінгі қылмыстық іске байланысты                         

             сот отырысын ашық деп жариялаймын!  Хатшы! Іске қатысушылар түгел келді ме?, баяндаңыз.

Хатшы: Құрметті сот, Куә Орынбаев кешугіде  ол адамға соттың болатынын 1 күн бұрын хабарлаған болатынмын, бүгіннің соттың болатынан хабардар, қалған қатысушылар барлығы түгел , сотталушы айдауыл  қызметімен қамтамасыз етілді!

Судья:-Олай болса сот сотталушының жеке басын анықтауға көшеді. Сотталушы Омарова

              орныңыздан тұрыңыз, бетіңізді шешіңіз.

Сіз Омарова Айгүл Серікқызы,                                                                             1980 жылы 07 сәуірде Атырау қаласында туылған, ұлтыңыз қазақ, ҚР азаматы, біліміңіз орта, тұрмыста, асырауыңызда кәмелетке толмаған қызыңыз бар, жұмыста жоқсыз, тұрғылықты мекен жайыңыз Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі 52 участок, айыптау қорытындысын алдыңыз, бұлтартпау шарасы ретінде «қамау» түрі таңдап алынған  -

солайма? 

Сотталушы: Иә солай!

Судья: түсінікті отырыңыз, тараптарда сотталушының жеке басын анықтауға байланысты қосыма сұрақтар болама?

Прокурор: Жоқ құрметті сот

Адвокат: Жоқ

Судья:Олай болса, Қылмыстық ПК-нің 356-бабына сәйкес сот құрамын жариялаймын, Атырау

облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрамында төрағалық етуші судья мен Кенесбаев А., және сот отырысының хатшысы ретінде Бақтыгереева А. болып, мемлекеттік айыптаушы Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы С.Махмутовтың, қорғаушы Атырау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Н.Бақытжановтың және жәбірленуші Жания Бакытованың, Темірханова Эльмираның және оның заңды өкілі Теміртасов Ерболаттың Қатысуларымен жабық сот отырысында Омарова Айгуль Серікқызын  107-бабының 2-бөлімі «1,2,3»-тармақтарымен, 24 бабының 1 бөлігімен,255-бабының 1-бөлігмен, 106 бабының 3 бөлігімен айыптау жөніндегі қылмыстық іс қаралады.

            Олай болса бүгінгі іс бойынша куә ретінде келген азаматтар тұрыңыздар, сіздер осы іс бойынша куә ретінде жауапталасыздар сіздергеге іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борыш пен міндетіңіз, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартып және көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 352, 353 баптарында көзделген қылмыстық жауаптылығымен ескертемін. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сіздер сот залынан  шығасыздар, сот шақыртқан кезде кіресіздер. Түсінікті ма?

     

Судья: Сотталушы тұрыңыз, сіз алдын-ала тергеу немесе анықтау кезінде білдірілген кінәсін

мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екендігін, өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екендіктерін және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған зиян келтірілгендей түсіндірілмейтінін, өз жауабын дәлелдеуге құқылы екенін,  сотталушының жауап бермеуі оның өз кінәсін  мойындамағаны деп түсінілетіндігін түсіндіремін...

 

Сотталушы: Түсінікті,

 

Құқықтарыңыз түсінікті  болса, сот, сот тергеуіне көшеді, мемлекеттік айыпты қолдау үшін сөз мемлекеттік айыптаушыға беріледі

           

Прокурор:     Құрметті сот және сотқа қатысушылар! Іс бойынша жүргізілген алдын ала тергеу кезінде мынандай жағдайлар анықталды: 1980 ж.т. Атырау қаласының тұрғыны Омарова Айгүл Серікқызы, өзімен бірге азаматтық некеде тұрып, 2012 жылдың қыркүйек айында «салафит» дәстүрсіз діни ағымының мүшесі болып жүріп, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлеріне қарсылық көрсету  кезінде қаза болған Бакытов Сержан Темірханұлыныңтуған балалары 14.06.1997 жылы туылған Темірханов Ерхан Сержанұлын және 04.01.1998 жылы туылғанТемірханова Эльмира Сержанқызының көрінеу кәмелетке толмағандарын және кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі, өзіне материалдық, өзге де тәуелділікте екендігін пайдаланып, 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап, жасөспірім Темірханов Ерхан Сержанұлын  және Темірханова Эльмира Сержанқызыныңтуған әкесі Бакытов Сержан Темірханұлының вахталық әдіспен жұмысқа кеткен кезде және 2012 жылдың қыркүйек айында «салафит» дәстүрсіз діни ағымында жүріп құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлеріне қарсылық көрсету кезінде қаза болғандығын пайдаланып, 2012 жылдың желтоқсан айының бас кезіне дейін күш қолданып отырып темір таба, компьютер және үтіктің электр сымдарын қолдану арқылы,  ұдайы ұрып соғып азаптап, тән зардабын мен психикалық зардап шектірген және исламның шарттарын орындап намаз оқуға күштеген. Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған балаларға психикалық әсер беру және күш қолдану жолымен оларды толықтай өзіне қаратып, айтқанын бұлжытпай орындатуға бейімдеген.     2012 жылдың қыркүйек айының 14-нен 15-не қараған түні Атырау қаласының Исатай-Махамбет алаңындағы қоғамдық қауіпсіздікті күзетуші полиция қызметкерлеріне және Атырау қалалық Ішкі Істер Басқармасының ғимаратына қарулы шабуыл жасаған террористік топ құрамындағы С. Бакытов, 21.09.2012 жылы Атырау қаласы Көктем шағын ауданында ұстау шараларын жүргізу барысында, қарулы қарсылық көрсетіп, нәтижесінде сыбайластарымен бірге өлтірілді. Осыған байланысты С. Бакытовтің мұсылмандық некедегі жолдасы А.Омарова Исламның радикалды бағыттағы көзқарасын ұстанып, жолдасы Сержанның өліміне қатысты қарсы кек алуды ойына алып, С. Бакытовтің кәмелет жасына толмаған ұлы 1997 ж.т. Е.Темірхановқа, әкесінің өліміне кінәлі болғандар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  қызметкерлері деп жеткізген. Сонымен бірге Ерханға қайтыс болған әкесі Бакытов Сержан және 2009 жылы ауыр сырқаттан қайтыс болған анасы Сатаева Айна «жұмаққа» кеткен деп, ата-аналарыңның  қасына барғың келсе, «шахид» болып әкесінің өліміне қатысты кек алу және Аллах жолындағы қасиетті соғысқа өміріңді арнасаң, жұмақтан орын аласың деп жас баланың көңілін аударған. Осыған байланысты Темірханов Ерханды «шахид»  ретінде пайдаланып жарылғыш заттарын қолдану арқылы Атырау облысы бойынша ҰҚК Департаменті ғимаратының алдында жарылыс жасауға дайындалған. Бірақта оған Ерхан көнбей мен бармаймын деген кезінде оны үйге әкеліп үйдің шарбағында оны қолдарымен ұрып соға бастаған бірақ Ерхан оған қарсыласқан кезде ол жерде жатырған күректі алып оның басынан соққан нәтижесенінде  басына ауыр дене жарақатын әкеліп абайысызда оның өліміне әкеп соққан.  Сонымен қатар ол  Бакытов Сержанның туған қызы 1998 ж.т. Темірханова Эльмираны ұдайы ұрып –соғып оғап өзгеде күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабын және психикалық зардабын шектірген.12 желтоқсан 2012 жылғы № 1631 санды сот дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша, жасөспірім Темірханова Эльмира Сержанқызының сол жақ иығында, оң жақ қолының қарында, құйымшақ тұстарында, сол жақ жамбасында, тізелерінде қанталаған, сол жақ артқы кеуде тұсында қызарған жеңіл дәрежедегі дене жарақаттары бары, бұл дене жарақаттарының 5-7 күннен бастап 12-15 күн аралығында келтірілгені анықталды.

Судья: тағылған айыппен келісесізбе, мойындайсызба?

 

Сотталушы: жоқ, келіспеймін себебі бұл қылмысқа менің еш қатысым жоқ. Мен оны өлтіргім келген жоқ ол балаларды мені жақсы көрем.

Судья: Олай болса тараптардан жауап алудың тәртібін анықтаймын,

 мемлекеттік айыптаушы? Адвокат?

Прокурор:  Сотталушы өз кінәсін мойындамай тұрғандықтан біріні жәбірленушілер содан кейін сотталаушыны содан кейін  куәларды жауаптауды ұсынамын.

Адвокат: Мемлекеттік айыптаушымен келісемін.

Судья: түсінікті олай болса сот өз орнында отырып Сот тергеуін жәбірленушіні  жауаптаудан бастап, содан соң сотталушыны жауаптауға, кейін куәларды жауаптаумен жалғастырып, жазбаша дәлелдемелерді зерттеумен аяқтауға Қаулы етемін                   (балға соғасын)..

Судья: Олай болса жәберленушілер орындарыңыздан тұрыңыздар, Сіздерге  іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борыш пен міндетіңіз, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартып және көрінеу жалған айғақтар бергеніңіз үшін ҚР ҚК-нің 352, 353 баптарында көзделген қылмыстық жауаптылығымен ескертемін.  Сіздерге құқықтарыңыз бен міндеттеріңіз түсінікті ма?

Жәбірленушілер: Иә түсінікті

Судья: жәбірленуші Темірханова отыра беріңіз

Ал, жәбірленуші Бакытова Жания мінбеге келіңіз, сіздің жеке басыңыз анықталады Толықтай аты жөніңіз, туған жылыңыз, туған жеріңіз, біліміңіз,  тұрғылықты мекен жайыңыз, айта беріңіз.

 

 

 

Түсінікті олай болса сотқа қатысып отырған сотталушымен қандай қарым қатынасыңыз қандай?

Бакытова: Омарова Айгул менің келінім болды.

 

            Енді алдыңызда тұрған антты оқыңыз,

Енді мына қол хатқа қол қойыңыз!

 

Судья: Мемлекеттік айыптаушы жауаптай беруге рұқсат

 

Мемлекеттік айыптаушы: Рахмет, Бакытова болган жайды айтып беріңізші.

 

 

Жәбірленуші Бакытова:-        Сотталушы Омарова менің келінім. Басында өте жақсы болатын.

Бірінші құдайға, екінші оған сендім. Балам Сержан қайтқаннан кейін балаларға қамқорлықты кім алады дегенде, мен алайын деген болатын. Балам қазасынан кейін бәріміз есіркеп қалдық. Мен әрдайым Сержан пен Айгулді басқа балаларыма үлгі ететін едім. Сержан қайтқан кейін 2-3 айдан соң балама білім бөліміне барып, Ерхан пен Эльмираны қамқорлыққа алуға қандай құжатттар керектігін біліп кел деп жұмсадым. Балам келіп оларды қамқорлыққа алуға Айгул барлық құжаттарын рәсімдеп қойыпты деп айтты. Айгул білім бөліміне барып, біздер балдарды пайда көру мақсатында алғысы келіп жүр депменің артымнан жамандап жүр екен.  .Осылардан кейін мен Айгул үйден шық дедім. Содан Айгуль телефон шалып, сендер қамқорлыққа алу бойынша жеңілдіңіздер  деді балалр сонымен тұрды. Содан бір күні  маған Айгулдің көршісі қоңырау шалды тез келіңіз деді. Содан ол үйге барғанда скорый бәрі жүрді ал кішкентай Ерханым жаным –ау қызыл қан болып жерде жатырды. Содан полиция келді ал Айгулдің қайда кеткенін білмеймін ес түссіз жоғалып кетті. Бір кезде маған Ерханның қалтасын тексергенде тапқан записканы берді. Записка маған жазылыпты. Ол Ерханғаа сенің ата-анаң қайтты, соларға барғың келсе, джихад жасау керексің дептісаңан телефон салып берем, «КНБ»-ға барасың, сол жерге барған кезде біз телефон соғамыз, сол кезде кнопканы басып жарасың, жарылған кейін ата-анаңның қасына барасың, жұмаққа барасың деген. Содан ол оны бір жерге машинаға салып апара жатырғанда ол бұған келіспей  машинадан секіріп үйіне қарай қаша жөнелген. Оны анау қасындағы адамдарымен ұуып жетіп шарбағына кіргізіп соға бастаған, соққаны соншалықты байғұс баламды өлтіріп тастады, қанішер, қанішерсің сен, жауыз.

 

Сотталушы:Бәрі өтірік,  өлтірем деген ойым болған жоқ.

 

Судья: (3 рет балға соғу ) Сот залында тыныштық сақтаңыздар!Мемлекеттік айыптаушы сұрақтар барма?

 

Прокурор: иә құрметті сот сұрағым бар, Айгулді содан кейін көрдіңізба?

 

Жәбірленуші:иә ұсталғаннан кейін тергеуде көрдім, ол бір жерде қашып жүріпті.

 

Судья: Қорғаушы сұрағыңыз барма?

 

Адвокат: Иә бар, айтыңызшы ал оның  машинадан түсіп қашып бара жатырғанын қандан білесіз.

Жәбірленуші:  Сол күні сол жағдайды естіп барғанда, кешке маған телефон соққан  көршім алыстан есік алдынан қозғалып бара жатырған машинаны көрген біркезде одан балам секіріп шығып содан бәрі артынан жүгіріп шарбаққа кіріп кеткенін көрген

 

Сұрағым жоқ

 

Судья: Түсінікті, айтыңызшы бүгынгы күні қандай талап қоясыз ?

 

Жәбірленуші: Тек соттан бұған заң бойынша ең қатал жаза беруіңізді сұраймын, басқа одан ештене керек емес.

 

Мемлекеттік айыптаушы: құрметті сот осы жерде мен, дәлелдеме ретінде оқиға болған жерде табылған қару ретінде қолданған мына күректі көрсеткім келеді. Осы күректі іс материалдарына қосуыңызды сұраймын

 

Судья: Қарсылықтар болама?

 

Қорғаушы: Құрметті сот қарсымын, ол нәрсені қабылдауға негіз жоқ деп ойлаймын, себебі ол әлі белгісіз қайдан алынғаны екені.

Судья: Сот өзі баға бере отырып мемлекеттік айыптаушының өтінішін қанағаттандырып  іс материалдарына қосуға Қаулы етемін!

Судья: Жәбірленуші Бақытова Жания отыра беруіңізге рұқсат.

Олай болса келесі жәбірленуші Темірханова келеғойыңыз, Темірханова   кәмелет жасқа толмағандықтан оның заңды өкілі ретінде облыстық білім бөлімінің қызметкері қатысып отыр.

Жеке басы анықталады

02 тамыз 2004 жылы Атырау қаласында туған, ұлты: қазақ, уақытша тұрағы:______________________________

 

Судья: Заңды өкілі мына қолхатқа қол қойыңыз

Мемлекеттік айыптаушы жауаптауға рұқсат

Мемлекеттік айыптаушы:Эльмира  не болғанын айтшы, Айгуль не істеді сендерге?

Жәбірленуші Эльмира:Менің анам қайтқаннан кейін әкем Айгул апаны үйге алып келді. Біз Ерхан екеуімізге барлық үйдегі шаруаларды істететін. Маған ешкім жоқта «косой» деп айхайлайды. Ерхан екеумізді үнемі соғатын болды сондықтан   ападан жаман қорқатынмын, өзінің қызынан бір рет мен қалған сникерсті жеп қойғаным үшін басымнан скавородкамен соқты, неше түрлі жаман сөздермен біздерге ұрысып, жынданып кетсе шнурмен соғып, аяғымен тебетін еді.

Мемлекеттік айыптаушы:  Осы жерде құрметті сот!  №209 сот дәрігерлік қорытындысына сәйкес Темірханованың басының ми қабаты шайқалып оған «орташа» түрдегі дене жарақаты келгендігінін аитып кеткім келеді. Басқа сұрағым жоқ.

Судья: түсінікті қорғаушы сұрағыңыз барма?

Адвокат:Иә, Ал Айгүлдің Ерхан жарылыс жасайсың деп оны мәжбүрлегенін көрдіңба?

Жәбірленуші Эльмира: жоқ көрген жоқпын, бірақ ол оны бір ретте ұрып соғып тектентек жүре бермей жақсы нәрсе жасап әке шешеңнің қасына бармайсыңба, намаз оқы  деп айқайлап соғып жүрді.

Судья: Жәбірленуші кәмелет жасқа толмағандықтан көп шатастырма сұрақтар қоймауларыңызды сұраймын.

Сұрақтар барма?   ... Сұрақтарыңыз жоқ болса Темірханова отыра беріңіз

Келесі сотталушыны жауаптаймыз, сотталушы тұрыңыз: Қорғаушы жауаптауға рұқсат

Адвокат: Болған жайды айтып беріңізші?

Сотталушы:«Мен 2010 жылы тұрмысқа шықтым. Менің бір қызым, оның екі баласы болды. Жолдасым вахтамен жұмыс жасады. Балаларды мен қарадым.Ерханды соқтым, себебі, ол тентек бала, қолының сұғанағы болды. Оқуда да нашар болды.Эльмира. Сабақтарын қарап жүрдім.. Эльмираны ешқашан ұрған жоқпын. Ал Ерханменің қызымның етегін көтеріп, сипалап, үстіне мініп өте ұят нәрселер жасап жүрді. Мұндай қылықтары үшін әкесі де соғып жүрді. Тағылған айып жалған, Мен балаларға зұлымдық ойлаған жоқпын. Исламда жетім балаларды бағу үлкен сауап. КНБ ға барып жарылыс жасайсың дегенде жалған.

Мемлекеттік айыптаушы: Құрметті сот,  сотталушы бұл жерде жалған жауап беріп отыр, себебі алдын ала тергеу кезінде ол бәрін мойындап жарылыс жасау мақсатында кетіп бара жатырмыз деген.

Сотталушы: Жоқ, тергеу кезінде тергеушілер маған қорлық көрсетті, біздің жазғанымызға қол қой бостан босқа түрменің түбінде шірисің деді. Сол себепті мен сондай жауап бердім.

Судья:Омарова сіз бұл туралы шағымдандыңызба?

Адвокат: осы жерде құрметті сот мен  жауап бере кеткім келеді сотталушы бұл іс әрекеттерге облыстық прокуратураға шағым жазды, бірақ прокуратура  ешқандай жауап қайтармай ешқандай әрекет қолданбаған.

Судья: мемлекеттік айыптаушы жауап неге қайтарылмады?

Прокурор: құрметті сот бұл шағым бойынша арнайы прокурорлар бақылау жүргізді, бақылау барысында бұндай іс әрекеттің болмағаны анықталған. Бұл жауап алу кезінде түсірілген бейне жазбаларда бар. Жауап почта арқылы қайтарылды.

Судья: Омарова  олай болса сот сіздің жауабыңызды жалған жауап беріп, шындықты айтудан жалтарып тұрған деп баға беріп, сізге бұл жазаны ауырлататын мән жайлар деп түсіндіремін.

Судья: Отырыңыз келесі, куәларды жауаптауға көшеміз, Куә Орынбаевты шақыртыңыздар

Пристав: Куә Орынбаев

Судья: Сәлематсызба кіріңіз, мінбеге тұрыңыз, өзіңізді таныстырып өтсеңіз?

 ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сіздің осыған дейін сотқа бірнеше рет шақыртқан болатынбыз, неге келмедіңіз және сотқа неге мынадай қысқа үй киімімен келдіңіз?

Куә Орынбаев:  машинамен жүргесін шортикпен келгем, ал алдында келмегенім ұйықтап қалдым мен.

Судья: Бұны сот ҚК-нің 410 бабына сәйкес сотты құрметтемеу деп бағалайды, себебі мемлекеттік органдармен мекемелерге бұндай түрде кіруге тыйм салынады, тіпті мейрамханаларға да кіруге болмайтынын білесіз ғо, сондықтан сот сіздің әрекетіңізді сотты құрметтемегеніңіз деп танып жаза ретінде бір тәулік мерзімге қамауға алады.

Куә: Кешіріңізші, білген жоқпын, қамамаңызшы.

Судья:Мен заң бойынша бұны қолдануға міндеттімін, алып кетіңіздер.

Судья: Әрі қарай жалғастырамыз, келесі куә Сәрсеновты шақыртыңыздар:

Пристав: Куә Сарсенов

Судья: Сәлематсызба кіріңіз, мінбеге келіңіз, өзіңізді таныстырыңыз ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сот залындағы адамдар сізге таныспа, олармен араңызда ашу араздығыңыз барма?

Куә: Иә сотталушыны танимын, және Эльмираны танимын ол біздің мектепте оқиды, және әжесін танимын. Ешкіммен ашу араздығым жоқ

Жарайды, сот басында сіздерге құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді түсіндірілген болатын, Сізге  түсінікті ма?

 Олай болса алдыңыздағы антты оқыңыз.

Куә:«сотқа іс бойынша өзіме белгілі болған барлық мән-жайды, тек қана шындықты айтуға және шындықтан басқа ешнәрсе айтпауға ант етемін» 

Судья:Енді мына қол хатқа қол қойыңыз

Прокурор сұрақ қоя беріңіз

Прокурор:Сіз Ерханның сынып жетекшісі болдыңыз солайма?

Куә: Иә ,

Прокурор: Осы іс бойынша не білесіз айтыңызшы?

Куә: Ерхан ол менің сыныбымда оқыды, сабақ үлгерімі орташа болды себебі ол көп сабаққа келмей қалатын, оқиға болмас бұрын бір ай бұрын сабаққа келген кезде беті ауызы қолдары көгерген болатын. Содан мен одан кім бұлай істеді дегенде ол оның апасы Айгүл соққанын айтты. Содан мен мектепке Айгүлді шақыртып сөйлескенде, баланы неге соғасың деп сұраған да ол, оның өзінің баласы не істеседе өзім білемдеп менің араласпауымды сұрады. Бірақ мен қоймай одан осыншама не істеп қойды олай жазалайтындай дегенімде ол маған оның өте тентек ұятсыз бала сондықтан мен оны жазалаймын деп алып кетті. Содан бір айдан кейін Ерханның осындай жағдайда қайтыс болғанын естідім.

Прокурор: Сіз бұл жағдайды ешкімге айтқан жоқсызба?

Куә: Айттым, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына айтқан болатынмын, ол кісі жақсы оларды шақыртып психолог маманмен сөйлестіреміз деп айтты.

Прокурор: басқа сурағым жоқ

Судья: Қорғаушы

Адвокат: Айтыңызшы, сіз айтасыз ол осы оқиғаға дейін бір ай бұрын осындай денедегі көгергендермен келді деп, ал оған дейін ондайды көрдіңізба?

Куә: Оған дейін көрген жоқпын, бірақ ол сабаққа мүлдем келмей жүретін, біз үйіне де талай барғанбыз бірақ ешкім есік ашпайтын еді.

Судья: Сотталушы оны тентек мүлдем тыңдамайтын оның қолының сұғанағы бар деп отыр, ол жөнінде не айтасыз.

Куә: Иә, Ерхан кішкене тентектеу, ол өз достарымен сыйыспайтын, бірақ оның ұрлық жасайды дегенін естіген жоқпын.

Отыра беріңіз

Судья: жарайды басқа сұрақтар жоқ болса куә Беккалиеваны кіргізіңіздер. Сәлематсыздарма?

Судья: Сәлематсызба кіріңіз, мінбеге келіңіз, сіздің аты-жөніңіз, туған жылыңыз, тұрғылықты мекен-жайыңыз?-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сот залындағы адамдар сізге таныспа, олармен араңызда ашу араздығыңыз барма?

Куә: Иә бәрін танимын. Айгүлдің көршісімін. Ешкіммен ашу араздығым жоқ

Жарайды, сот басында сіздерге құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді түсіндірілген болатын, Сізге  түсінікті ма?

Енді алдыңыздағы антты оқыңыз

 

Енді қол хатқа қол қойыңыз

Судья: Сұрақ қоя беріңіз

Прокурор: Оқиға бойынша не білесіз.

Куә: Сол оқиға күні мен далада кір жайып жатырдым, бір кезде Айгулдің шарбағынан сақалы бар екі жігіт шығып машинаға отырды. Содан кейін Айгүл Ерханды сүйреп шығып машинаға кіргізді. Енді машина қозғалып бара жатырғанда Ерхан секіріп шығып қашты  сосын онын артынан аналар қуып ұстап алып шарбаққа кіргізіп қақпаны кілтеп тастады, мен жайып жатырған киімдерді тастап жүгірдім, қатты дауыстар шығып Ерхан жылағаны естіліп жатырды, қақпаны тартсам кілтеп алған бір мезгілде тып тыныш болып қалды, қақпаны ашып мені итеріп жіберіп үшеуі атып шықты. Жанталасып шарбаққа кірсем Ерхан қызыл қан болып жерде жатыр, не істерімді білмей Ерханды көтеріп алып шарбақтарындағы сәкіге жатқыздым да жүгіріп барып скорыйға сосын әжісіне телефон соқтым. Содан бәрі келді скорый келді, бала өліп кетті деді. Мен есім жинай алмай өзім талып құлап қалдым.

Прокурор:  Ал Эльмира қайда болды сол кезде?

Куә:оны үйге кілтеп кетіпті

Адвокат: Айгулдің қасындағы адамдартанисызба кімдер ол?

Куә: Қой қайдан таним білмим

Судья: Айтыңызшы осы уақытқа дейін оның балаларды соғып жатырғанын көрдіңізба?

Куә: жоқ олардың қақпалары биік көрінбейді ештеңе білмеймін

Отыра беріңіз

 

Судья: Жарайд отыра береіңіз! Куәларды жауаптап болсақ, сот іс материалдарын зерттеуге көшеді. Іс материалдарында Омарованың тергеу кезінде қылмысты қалай жасағанын көрсеткен жауабының бейне жазбасы бар.

Судья: Бұл бейне жазбаны көруге қарсылықтар бола ма?

Адвокат: Мен қарсымын.

Прокурор: Мен осы жерде айта кетейін бұл бейне жазба сотталушының рұқсатымен түсірілген бейнежазба.

Судья: Сотталушы сізден рұқсат сұрады ма?

Сотталушы: иә менің рұқсатыммен түсірілді.

Судья: Жарайды, олай болса Сол бейне жазбаны  қосыңыз хатшы.

(Іс материалдары зерттеледі және  бейне жазба көрсетіледі.)

            Іс материалдарымен танысу қажет па?

Прокурор: Жоқ қажет емес деп ойлаймын

Адвокат: Қажет емес

Судья: Олай болса , жарыс сөзге көшеміз, сөз мемлекеттік айыптаушыға беріледі.

Прокурор: - Құрметті сот және сот отырысына қатысушылар! Бүгін біз, жабық сот отырысында ҚК-тің 24 бабы 1 бөлігі, 255 бабы 1 бөлігі, 107 бабы 2 бөлігі «1,2,3» тармағымен Омарова айыптау туралы қылмыстық ісін аяқтағалы отырмыз.

Құрметті сот!

Атап айтсам,Атырау қаласының тұрғыны Омарова Айгүл Серікқызы, жасөспірім Темірханов Ерхан Сержанұлын  және Темірханова Эльмира Сержанқызын 2012 жылдың желтоқсан айының бас кезіне дейін күш қолданып отырып темір таба, компьютер және үтіктің электр сымдарын қолдану арқылы,  ұдайы ұрып соғып азаптап, тән зардабын мен психикалық зардап шектірген және исламның шарттарын орындап намаз оқуға күштеген. 1997 ж.т. Ерхан Темірхановқа, әкесінің өліміне кінәлі болғандар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің  қызметкерлері деп жеткізген. Сонымен бірге Ерханға қайтыс болған әкесі Бакытов Сержан және 2009 жылы ауыр сырқаттан қайтыс болған анасы Сатаева Айна «жұмаққа» кеткен деп, ата-аналарыңның  қасына барғың келсе, «шахид» болып әкесінің өліміне қатысты кек алу және Аллах жолындағы қасиетті соғысқа өміріңді арнасаң, жұмақтан орын аласың деп жас баланың көңілін аударған. Осыған байланысты Темірханов Ерханды «шахид»  ретінде пайдаланып жарылғыш заттарын қолдану арқылы Атырау облысы бойынша Ұлттыұ Қауіпсіздік Комитетінің  Департаменті ғимаратының алдында жарылыс жасауға дайындалған. Бірақта оған Ерхан көнбей мен бармаймын деген кезінде оны үйге әкеліп үйдің шарбағында оны қолдарымен ұрып соға бастаған бірақ Ерхан оған қарсыласқан кезде ол жерде жатырған күректі алып оның басынан соққан нәтижесінінде  басына ауыр дене жарақатын әкеліп абайысызда оның өліміне әкеп соққан.  Сонымен қатар ол  Бакытов Сержанның туған қызы 1998 ж.т. Темірханова Эльмираны ұдайы ұрып –соғып оғап өзгеде күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабын және психикалық зардабын шектірген.

Сотталушының кәмелетке толмаған баласы барын, бұрын сотталмағанын жеңілдететін мәнжай ретінде ескеріп. Ауырлататын мән жай жоқ деп ойлаймын.Құрметті сот! аталғандардың негізінде Омарова Айгүлді ҚК-тің 24 бабы 1 бөлігі, 255 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танып 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, ҚК-тің 107 бабы 2 бөлігі «1,2,3» тармақтарымен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, 106 бабының 3 бөлігімен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, ҚК-тің 58 бабы 3 бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау Жаза өтеу орны ретінде түзеу колониясының жалпы режимін белгілеуді.ҚПК 121 бабына сәйкес айғақтық заттардың мәселесін шешуді сұраймын.

 

            Судья: Сотталушы!

Сотталушы: Жасаған әрекетімді ішінара мойындаймын осы әрекеттеріме өкінемін кешірім сұраймын.

Судья: Келесі жарыссөзімізді қорғаушыға ұсынамыз.

Адвокат:-Құрметті сот! Қылмыстық іс қозғалғаннан бастап менің қорғауымдағы Омароваға терроризм бар деп айып тағылып отыр. Терроризм деген өте қиын қылмыс, ауыр қылмыс. Ойыннан от шығады деген бар емес пе. Осылайша Бакытовтар,Темірхановтар отбасында жаны күйзеліске ұшырағасын, Аллаға бетін қаратып, намаз оқыған, аяғы осыған келді. Сол шабуылдан кейін Темірхан үйіне келген жоқ. өз отбасына, балдарына тәрбие отыратын әкесінің мынадай жағдайда қайтқаны, әрине өкінішті. Үш түрлі пазыл бар: көрінгенге сенбе, өнбесті қума, өткенге өкінбе деген. Алынған айғақ заттардың бәрін Омарованы алып кеткеннен кейін, ашық қалған үйден  алынған. Темірхан өзінің кететінін сезіп,көлігін інісіне сыйға тартып кетті.  Өкініштісі  сотталушының баланы тәрбиелеймін деп оны соғып оның абайысызда өліміне әкелгенін ол түсініп отыр окініп отыр . Эльмира да оны табамен соғады деп көрсетіп, Гульмира өз жауабында табаның ауырлығын айтқаннан кейін, ал алдын ала тергеу кезінде Эльмира да өзінің жауаптарын өзгертіп, табамен соққан жоқ, ішіндегі майын жақты деп көрсете бастады. Бұл жерде қияалдау бар ма жоқ па оған соттың өзі баға береді.Ерханның сынып жетекшісі баланың тентек ешкіммен сыйыспайтынын айтып кетті. Сондықтанда Айгүл оынн бұл қылықтарын көтере алмаған болар деп ойлаймын.  Терроризм жаман нәрсе. Бұның бәрі Ерханның жазған хатынан, яғни ол белгісіз неге жазғанын тіпті ол жаздыма жазған жоқпа ол қайдан ыққан нәрсе мүмкін оның қиялынан туындаған іс болар, қамап қойып шығармады дегенінеде келіспеймін себебі Гүлмира өз жауабтарында оларды қонақтарға апарып жүргендігін күндіз сабақтарына барып келіп ойнайтынын аитқан  . Гульмираның да өз баласы бар. Мінездемелер, туу туралы куәліктер көшірмелері іс құжаттарына тіркелген, соларға баға беруіңізді сұраймын. Сот отырысында берілген жауаптарға сын көзбен қарауызды сұраймын. Барлық мән жайларға сот дұрыс баға береді деп ойлаймын. ҚК-тің  24-бабының 1-бөлігімен 255-бабының 1-бөлігі бойынша ақтауға, ал 107-бабының 2-бөлігінің «1,2,3»-тармақтары және 106 бабының 3 бөлігі бойынша кінәлі деп тануға, оған ҚПК-нің 63-бабын пайдаланып бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындау мүмкіндігі бар деп есептеймін.

Жәбірленуші Бакытова: Құрметті сот, мен сізден сотталушыға әділ және тиісті жазасын қолдануыңызды сұраймын.

Жәбірленуші Темірханова:  Мен онын ағамды өлтірген үін кешірмеймін, оны жазалауыңызды сұраймын.

Сотталушы: Кешірім сұраймын бас бостандығымнан айырмауыңызды сұраймын.

Сотталушы  А.Омарованың  соңғы сөз беріледі:  Құрметті сот, менің Ерханды қасақана өлтірейін деген ойым болған жоқ, тек қана қорқытқым келді, сіздерден әділ шешім шығаруларыңызды сұраймын, басқа айтарым жоқ.

 

Судья: Осымен сот тергеуі аяқталды, іс обьектитві жан жақты қаралды деген пікірге келіп, сот үкім шығару үшін кеңес бөлмесіне кетеді.

Хатшы: тұрыңыздар

ҮКІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫНАН

 

2015 жылғы 22 желтоқсан                                                            Атырау қаласы

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрамында төрағалық етуші судья мен Кенесбаев А., және сот отырысының хатшысы ретінде Бақтыгереева А. болып, мемлекеттік айыптаушы Атырау қалалық прокуратурасының бөлім бастығы С.Махмутовтың, қорғаушы Атырау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі Н.Бақытжановтың және жәбірленуші Жания Бакытованың, Темірханова Эльмираның және оның заңды өкілі Теміртасов Ерболаттың қатысуларымен жабық сот отырысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 107-бабының 2-бөлімі «1,2,3»-тармақтарымен, 24 бабының 1 бөлігімен, 255-бабының 1-бөлігмен, 106 бабының 3 бөлігімен көзделген қылмысты жасаған деген айыппен сотқа берілген

 1980 жылы 07 сәуірде Атырау қаласында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, білімі орта, тұрмыста, асырауында кәмелетке толмаған қызы бар, жұмыста жоқ, бұрын сотталмаған,  тұрғылықты мекен жайы: Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі 52 участок, іс бойынша , бұлтартпау шарасы ретінде «қамау» түрі таңдап алынған, айыптау қорытындысының көшірмесін алған сотталушы Омарова Айгүл Серікқызына,

Қатысты қылмыстық істі қарай келіп, сот талқылауында зерттелген дәлелдемелер негізінде, сот

 

 

 

ҮКІМ ЕТТІ

 

Омарова Айгүл Серікқызына Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 107-бабының 2-бөлігі «1,2,3»-тармақтарымен, 24 бабының 1 бөлігімен, 255-бабының 1-бөлігмен, 106 бабының 3 бөлігімен көзделген қылмыстық әрекеттері үшін айыпты деп танылып, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 107-бабының 2-бөлігінің «1,2,3»-тармақтарымен 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сонымен қатар

255-бабының 1-бөлігімен 10 жыл бас бостандығынан айрыу жазасы және де 106-бабының 3-бөлігімен 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 61-бабына сәйкес Жаза мерзімдерін қосу кезінде мерзімдерді айқындау тәртібі бойынша 25 жыл мерзімге  бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сот процесі: «ЖЫЛЖЫМАЛЫ ӘДІЛ СОТ – 2»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 710 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 930
    • DOCX 45 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 140426
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1709 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 150 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе