1648165
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
До повышения цен на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации осталось:
0 дней 0 часов 0 минут 0 секунд
Успейте подать заявку на курсы по минимальной цене!
Лабиринт
ИнфоурокКлассному руководителюРабочие программыСоңғы қоңырау "Киелі орда мектебім, Жүректе сақтап өтемін" сценариі

Соңғы қоңырау "Киелі орда мектебім, Жүректе сақтап өтемін" сценариі

Лабиринт
библиотека
материалов

hello_html_4057235f.gifМектеп директорының тәрбие оқу жөніндегі орынбасары:

Ұрпағың мақтануға болса лайық

Біз бүгін мақтанайық жар салайық

Биылғы 11-ші сынып түлектерін

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық

Бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

11 «АБ» сынып оқушылары.

Флеш моб билейді

Жұлдыз: Бүгін- алғашқы қоңырау мен соңғы қоңғыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
Бүгін- атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бүгін- әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін- әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
Бүгін –анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
Бүгін- ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін- арман қуып алысқа аттанар күн.
Жұлдыз Нұрсұлтан: Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Нұрсұлтан: -Армысыздар, ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, оқушылар! «Киелі орда мектебім, жүректе сақтап өтемін!» атты салатанатты жиынға жиналған қауым.

Жұлдыз:- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 33 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Нұрсұлтан:--Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Жұлдыз: -Білімді шәкірттерін аялаған

Жақсылығын ешкімнен аямаған,

Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың

«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.

Нұрсұлтан: ---Күмбірлей күй естілсе домбырадан

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлай шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбыраған.

Хор «Ұстазым»

Маназля апай: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!
Бүгінгі «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» салтанатты жиынымызға 1969 жылы бітірген мектеп түлектері ортамызда.

Балалық шақ - бәрі ыстық, ортақ бәрі
45 жыл болды жапқалы сол қақпаны
45 жыл болды мектептен түлеп ұшып
Әрқайсысы сан тарау жол тапқалы
Осыдан 45 жыл бұрын мектеп табалдырығын аттап үлкен өмірге қадам басқан 1969 жылы бітірген 10 «аб» сынып түлектерін қол соға қарсы алайық.

Маназиля апай: -Тек жүректен арналар сөзіміз де,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

Сөз кезегі 45 жылдық түлектерге беріледі.

Нұрсұлтан: Ұсатаздарға алғыс айта отырып, барлық ұстаздардың құрметіне Темірланның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

Жұлдыз: -- Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан:---Асылбек ағаға беріледі. .

.Ән: «Алтын анам» орындайтын Айбар

Нұрсұлтан: ---Алдарыңнан арман жолы ашылады.

Түлектерге бақыт гүлі шашылады.

Қимастықпен 11-дің алтын кілтін

Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің алтын кілтін 2014 жылғы «Алтын белгі» үміткері Көсем Гүлдана 2015 жылғы түлектерге тапсырады.

Гүлдана: - Білімге басқан жастарың,

Ғылымды іздер үңіліп,

Өмірге сапар бастадық,

Алдымда күліп тұр үміт.

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болыңдар білікті.

Орнымызды нық басар деп,

Тапсырамыз «Алтын кілтті»

10 сынып: -Қанатын қағар ақ жолдан

Болыңдар сендер жаңа ұрпақ.

Жарқыраңдар жұлдыздай

Қарасын жұрт таңырқап.

Аяқтап бүгін мектепті

Гүлдерге толды қолдарың.

Шаттықтан тіпті ес кетті ,

Сәт-сапар болсын жолдарың.

Намазбекті «Құрдасым» әнімен қарсы алыңыздар.

Жұлдыз:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың

Нұрсұлтан: Гүлдерге толып омырау

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу салтанаты құрметпен 11 сынып оқушылары

Темірболатова арайлым мен Аминов Айбарға беріледі.

Арайлым:Бұл соңғы қоңырау үні...Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні. Кеше ғана тұлымдарымыз желбіреп, жүректеріміз лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздары едік. Көз салып қарайықшы құрдастар! Әне , балалық шағымыз біздерді үлкен өмірге ақ сол тілеп аттандырғалы тұр. Ойымыз толып, бойымыз өсіп, алтын ұя мектебімізбен қоштасқалы отырмыз. Жүректеріңіз не дейді?

Самал: (музыка әуенімен):

-Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,

Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз.

Сол бір сәттер енді қайта келер ме?

Балалығым біз өзіңді қимаймыз,

Алтын ұя мектебім мен аяулы

Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.

Қош бол енді балалығым бал дәмім

Мен өзіңді ғұмыр бойы аңсаймын.

Жұлдыз: -- Көгершіндей самғаңдар түлектерім,

Орындалсын өмірде тілектерің.

Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.

Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

Нұрсұлтан: -Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасудың вальсін айтып тұрып.

«Қоштасу вальсі».

Жұлдыз --Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі?

Жақсы ұрпақ – еліміздің шын тірегі.

Ортаға шығып қане тілек айтсын

Әр сыныптың мен деген бір түлегі.

Арай:

МҰҒАЛІМ

Сөзі бойға ексе білім қуатын,
Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.
Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,
Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтамас бар ма жан.
Ол мектептен шықпаса да қысы-жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

Бала десе ойламайды өз қамын,
Көрсем дейді күнге де қол созғанын.
Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,
Шәкіртінің өзінен де озғанын.

Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,
Аялаймын олар басқан әр ізді.
Арманым не алабына қадірлі,
Өнегелі болсам ұстаз тәрізді

(Осы арада ұстаздарға гүл шоқтарыни тапсырады)

Нұрсұлтан: Қоштасады алтын ұя мектебің,

Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн

«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,

Тілейік біз армандарға жеткенін.

(Оқушылар бір-бірден тілек айтады да шарларын ұшырып конфети шашады)

Жұлдыз:

Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады
Қымбатты менің сыныптас достарым! Біздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін-армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!

Хормен «Қош бол алтын ұя мектебім!» (фейрверг шашады)

Ф.Энгельс орта мектебі

Соңғы қоңырау сценариі

Ұйымдастырушы: 11 А, Б сыныптар

2013-2014 оқу жылы

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Мектеп директорының тәрбие оқу жөніндегі орынбасары:

Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.