Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”

“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”

Скачать материал

 

Ы. Алтынсарин ат. ЖОББ мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

“Соғыста қарумен,

 бейбіт күнде қаламмен

қызмет еттім...”

 

Ашық тәрбие сағаты

 

 

70 жыл

Дайындаған: Ташенова Г.У.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 ж

                               

Ташенова Гульнара Узакбаевна

  «Жеңіс күні» өлеңімен қатар:

Слайд№1

                                                     Шүйінші, халқым, шүйінші!

                                                      Шүйіншіге сүйінші!

                                                      Шаттан, ата-анамыз,

                                                      Шаттан, аға-бабамыз,

                                                      Кек қайтарып фашистен,

                                                      Соғыс бітті жеңіспен,

                                                      Жеңдік жауды күресте

                                                      Жасалсын той-мереке.

                                                                                  (Т. Жароков)

Слайд№2

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгер – жазушысылар ерлігін паш ету;

Ұлы Отан соғысы тарихын , кеңес адамдарының өшпес рухын дәріптеген жауынгер – жазушысылар еңбегінің мәңгілік тарихын ашып көрсету;

Оқушыларға батыр жазушылар тұлғасын таныту,олардың ерлік рухтарын үлгі ету.

Слайд№3

Мұғалім:  Балалар, биыл Жеңіске 70 жыл. Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған ұлдары- екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгерлері,      қазақтың көрнекті жазушысылары, ақындары-

-          Бауыржан Момышұлы

-          Малик Габдуллин

-          Қасым Қайсенов

-          Қасым Аманжолов

-          Әзілхан Нұршайыхов пен танысамыз.

 

Слайд№4 Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

 Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады.

 Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Слайд№5

1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.

1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты.

5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады

Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға.

 Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді.

Слайд№6

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді.

1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады.

Слайд№7

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің ауруханасында Бәукеңнің соңғы күндері өтті.

Сондағы айтқан сөзі: «Жетті, егілме. Мені ерте кетті деп өкінбеңдер. Мен өкінбеймін... Халқымыз аман болсын... Біз бәрібір жеңілмейміз... Мені қалғып кетті деңдер, шегінгенімді жау білмесін...»

Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Слайд№8

Бауыржан Момышұлының келіні –Ахметова Зейнеп Әскербекқызы ибалы, инабатты,

ата дәстүрін жалғастырған ,нағыз батырдың келіні.

Слайд№9 Малик Габдуллин (1915-1973)

1915 жылы 2 қарашада Ақмола облысының Зеренді ауданында Пухальское селосында дүниеге келген.

Слайд№10

Слайд№11

Слайд№12 Қасым Қайсенов (1918 -2006)

1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі еседі.

Слайд№13

1935 жылы он жеті жасында Өскеменге келіп саяси -ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы семья құрған. Асыл әжеміз сол жылы небары 16 жаста болған. Ол өзінің қиын қыстау өмірін қасиетті Кереку жерінен бастаған. 1938 жылы Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.

Слайд№14

1940-1941 жылдары арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін оңтүстік -батыс майданының штабына жіберіледі. 1941 жылы жау қолында қалған Украина жерін азат етуге аттандырылады.

Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды.

Қасым Қайсенов өзін өжет, тапқыр және ұйымдастыру қабілеті зор командир ретінде көрсетті. Ол басшылық еткен отряд көптеген операцияларды сәтті жүзеге асырып жауға соққы берді.

 Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен наградталды.

Қасым Қайсенов жер бетінде бұрын - соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жауды қаралай қалтыратқан Вася партизан.

«Егер дәл қазір Украинаға барып, «Қасым Қайсенов кім?» деп сұраса, ешкім де білмейді. Ал «партизан Вася» десеңіз, танымайтын, білмейтін адам жоқ». Бұл партизан - жазушы Қасым Қайсеновтың бір басылымға берген сұхбатында айтқан сөзі.

 Оның өмірі өзі жаудан қорғаған украин халқымен тығыз байланысты болды. Украиндықтар Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп жақын тартады. Қазаққа тән өрлігімен, өжеттігімен, қаһармандығымен өзге елдің ризашылығына бөленген Қасым, Украина жерінің өз перзентіндей боп кеткен.

Слайд№15

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін Нұрекең өз Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа да, Қасым Қайсеновке де «Халық қаһарманы» атағын берді. Қасекең бұл лайықты атақты аса зор тебіреніспен қарсы алған еді. Ол өзінің соңғы сағатына дейін тәуелсіз мемлекетінің тынысын жырлаумен өтті.

 Еліміздегі елеулі оқиғаларға газет арқылы үздіксіз үн қосып отырды.

Жеңістерге қуанды, кемістіктерге ренжіді.

Оның шығармалары әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылды.
Қасым Қайсенов - ерлік аңсаған жас ұрпақтың ең сүйікті кейіпкері.
Қасым Қайсенов -ерлік аңсаған жас оқырманның ең сүйікті жазушысы.
Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры.

Слайд№16

Халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсенов

 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында  ауыр науқастан дүние салды.

Слайд№17Қасым Аманжолов (1911-1955)

  қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Майданнан өлеңмен жазған "Ағайыма" деген хатындағы: "Қыс. Қыстау. Атамекен Қызылдағы" дегендегі Қызыл—сол туған жері. Әкесі де сонда қайтыс болады. Жас болса да Қасым соның бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Әке-шешеден жастай жетім қалған ол біраз жыл ағасының қолында өседі.

Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді.

Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді.

1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.

 Жас ақынның көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолина бастаған бірсыпыра музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын ақ көңіл, жайсаң жанды "ерке Қасымның" Оралда болған, әсіресе 1935—1936 жылдары Оралдағы қазақ театрындағы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қызықты, қымбат шағы болып қалады. Оның бойындағы туа бітті зор таланты да осында белгі беріп, ақындық жолына біржолата бет бұрады.

1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көреді.Қасым 30-жылдардың өзінде-ақ А.Пушкиннен, М.Лермонтовтан, Т.Шевченкодан, Дж.Байроннан, В.Маяковскийден шебер аудармалар жасады. Бұл оның үлкен поэзияның сырына терең бойлап, ақындық өнерінің қыр-сырын тануына көмектесті

1939—1940 жылдар ақынның өсу жолындағы елеулі кезең болды. "Нар тәуекел", "Бурабай толқындары", "Дауыл", "Көкшетау", "Орамал", "Сұлтанмахмұт туралы баллада", "Өз елім", "Ғашық едім қайтейтін" сияқты тамаша туындылары осы жылдары дүниеге келді.

Слайд№18Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен - Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.

Слайд№19 Әзілхан Нұршайықов (1922 ж.)

Қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын белгілі қаламгер, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында Жарма ауданының Келінсүйегі деген жерінде дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітірген соң Алматыдағы тау - кен институтын, Семейдің педагогикалық училищесі мен педагогикалық институтын бітірді.

Бала күнінде ауыл тілшісі болды. "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан"), "Социалистік Қазақстан", "Екпінді", "Қазақ әдебиеті", Павлодар облыстық "Қызыл ту" газеттерінде қызмет істеді.

Жазушы 1941-1945 жылдары Қызыл Армия қатарында қызмет етті.

Әзілхан Нұршайықовтың сөзі:

        1943 жылы Жамбылдың майдандағы баласына жазған хаты әскери газеттерде «Балама хат» деген атпен өлең түрінде жарияланды. Біздің 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы деген тек қана қазақтың 18-19 жастағы жастарынан Алматы мен Ақтөбеде жасақталған Калинин майданындағы соғыстарда Великие Луки, Невель сияқты қалаларды жаудан азат етуге қатысқан жауынгерлер еді.

Әлгі айтқан Жәкеңнің өлеңіне жауап ретінде өлең жазу үшін мені бригаданың саяси бөліміне шақырды, ол кезде мен жауынгерлердің рухын көтеру үшін ылғи патриоттық өлеңдер жазып, майдандағы газеттерге жариялап тұратынмын. Бригадамызда қазақ тілінде шығатын «Сталин үшін, алға!» деген газетіміз бар еді, соның редакциясында 2-3 күн отырып, бригаданың барлық жауынгерлерінің батырлық, ерлік істерін баяндап, өлеңмен жауап жаздым.

«...Уа, қадірлі, атажан!
Ұлы жолға аттанған ұлдарыңа сеніңіз,
Жауды аямай қырамыз, тазарғанша жеріміз...»

деген жолдар болатын, мұнымызға Жамбыл ақсақал «Жүз жасаған жүректен...» деген өлеңімен былайша жауап беріпті:
«...Уа, қарағым, балалар!
Ер бол демей не дейін?!
Ереуілді майданда үстем болсын мерейің!
Жауды жеңіп, талқандап келгеніңді көрейін,
Қаһарманым, күнім деп беттеріңнен өбейін...»

 

«Майданда Мәншүк Мәметовамен бірге болдық, бірақ ол кезде Мәншүк Совет Одағының батыры атағын алмаған. Ол жайында «Невель түбінде» атты повесть жаздым.

 Соғыстан кейін Павлодарда тұрғанда Совет Одағының батыры Махмет Қайырбаев деген азаматпен араластым, ол туралы «Батырдың өмірі» деген повесть жаздым.»

Слайд№20
Соғыстан кейін 1949 жылы қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.

1956 жылы тың игерушілерге арналған "Алыс ауданда" деген очерктер жинағы басылып шықты. 1957 жылы "Тың астығы" атты очерктердің екінші жинағы жарық көрді. 

Жазушының әдеби еңбектері елге аян. Жастардың қайнаған жастық өмірі туралы атақты " Махаббат қызық, мол жылдар " романы, Б. Момышұлы туралы жазылған "Ақиқат пен аңыз" роман - дилогиясы жарыққа шықты. "Ақиқат пен аңыз" дилогиясы үшін Мемлекттік сыйлыққа ие болды. 2-дәрежелі Отан соғысы, Халықтар достығы, Құрмет белгісі, 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталды. 

Әз - ағаның өзіне қоятын басты талабы - тәртіп. Сол себептен тәртіп - адалдық арқаны деп біледі. Ұстанған өмірлік мақсаты - өзге үшін өмір сүру. Ел үшін етер ісіңді тіріңде тиянақтап, тындырып кет !" Өмір сүрудің мәні осында деп біледі.

 

Слайд№21(Қорытындылау)

Мұғалім: Сөзді тарих пәні және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  «Жеңіс күні» өлеңімен қатар:

Слайд№1

                                                     Шүйінші, халқым, шүйінші!

                                                      Шүйіншіге сүйінші!

                                                      Шаттан, ата-анамыз,

                                                      Шаттан, аға-бабамыз,

                                                      Кек қайтарып фашистен,

                                                      Соғыс бітті жеңіспен,

                                                      Жеңдік жауды күресте

                                                      Жасалсын той-мереке.

                                                                                  (Т. Жароков)

Слайд№2

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы:

“Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”

Мақсаты:Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгер – жазушысылар ерлігін паш ету;

Ұлы Отан соғысы тарихын , кеңес адамдарының өшпес рухын дәріптеген жауынгер – жазушысылар еңбегінің мәңгілік тарихын ашып көрсету;

Оқушыларға батыр жазушылар тұлғасын таныту,олардың ерлік рухтарын үлгі ету.

Слайд№3

Мұғалім:  Балалар, биыл Жеңіске 70 жыл. Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған ұлдары- екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгерлері,      қазақтың көрнекті жазушысылары, ақындары-

-         Бауыржан Момышұлы

-         Малик Габдуллин

-         Қасым Қайсенов

-         Қасым Аманжолов

-         Әзілхан Нұршайыховпен танысамыз.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 761 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2015 1690
    • DOCX 79.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташенова Гульнара Узакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташенова Гульнара Узакбаевна
    Ташенова Гульнара Узакбаевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 5819
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 75 регионов

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 90 человек из 33 регионов

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов