Инфоурок / Биология / Презентации / "СПИД-тің белгілері" сабақ жоспары 8 сынып
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"СПИД-тің белгілері" сабақ жоспары 8 сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: СПИД-тің белгілері

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: СПИД ауруының адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлерін ашу, СПИД ауруларының белгілері туралы оқушылар білімін толықтыру
Тәрбиелік: Адамның және айналасындағылардың денсаулығын сақтауда оқушылар бойында азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: СПИД ауруының ағзаға әсерін өмірмен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық ой-өрісін, іс-әрекетін, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, тереңдету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, іздендіру, салыстыру.
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин
II. Үй тапсырмасын тексеру-10 мин
Диагностикалық тест
III. Жаңа білімді игеру-18 мин
IV. Бекіту-12 мин
V. Бағалау, үйге тапсырма-3 мин.

Сабақтың көрнекілігі:
1.слайдтар: 1.«Иммундық жүйелер»
2.«СПИД ауруының белгілері»
3.«Қазақстан Республикасындағы СПИД ауруы туралы деректер»
2.таратпа материалдар – 18

Пән аралық байланыстар: тарих —- ғылыми жаңалықтардың ашылу жылдары,
химия — жасушаның химиялық құрамы,
әдебиет — адамгершілік, ұлттық сана, тектілік, туыстан берілетін өнегелі мінез – құлық , әдептілік, ізеттілік, мәдениеттілік.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру -
1. Аудиториядағы оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеру.

II.Ұй тапсырмасын тексеру кезеңі
Диагностикалық тест
ІІІ. Жаңа білімді игеру: Слайд «Иммундық жүйе»

Иммундық жүйенің бір немесе бірнеше құрам бөлшектерінің болмауынан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендеуімен көрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді. Иммундық тапшылықты жағдайларды (ИТЖ) туа біткен (біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) деп екіге ажыратады. Салдарлық немесе жүре пайда болған иммундық тапшылықтық деп жарық дүниеге келгеннен кейін, тектік құрылымдардың өзгерістеріне тікелей байланысты болмай, сыртқы немесе ішкі ықпалдардың әсерлерінен дамитын организмнің иммундық қорғанысы бұзылуын атайды. Туа біткен ИТЖ ұрпақтан ұрпаққа тарайтын тұқым қуалайтын негізде дамиды. Салдарлық ИТЖ әртүрлі дерттер кездеріндегі организмнің өзінде пайда болған эндогендік және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен т.б. ластанулары нәтижесінде сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған экзогендік болып ажыратылады. Иммундық жүйеде тұқым қуалайтын тектік ақаулардың нәтижесінде организмнің қорғаныстық қабілетінің бұзылуынан дамитын аурулардың тобын туа біткен иммундық тапшылықтық деп атайды. ИТЖ кездерінде организмнің жұқпаларға төзімділігі азайып кетеді. Содан сәл суық тиюден, тіпті қалыпты жағдайларда дерт туындатпайтын жұқпалардың әсерлерінен жұқпалы аурулар жиі байқалады. Бұл кездерде, жұқпалы аурулармен қатар, аллергиялық серпілістер, аутоиммундық бүліністер дамиды және кейде тіпті өспелер өсуіне қаіп – қатер төнеді.

Слайд «СПИД ауруының белгілері»
СПИД вирусын жұқтырған соң адамда бірнеше жылдар бойы ешқандай симптомдар байқалмайды. Кейбір науқастарда қысқа мерзімде дене температурасының көтірілуі, лимфалық түйіндердің шошуы, әлсіздік, кейде бөртпелер болуы мүмкін. Әдетте бұл вирусты жұқтырған соң 2 апта – 3 ай арлығында байқалады. 8 – 9жылдан кейін бұл науқастарда СПИД дамиды. СПИД АИВ инфекциясының соңғы сатысы, адамның иммунды жетіспеушілігі салдарынан пайда болатын паталогиялық көріністермен сипатталады.СПИД-ке шалдыққан науқастар арасындағы летальділік 100% ке жетеді. Аурудың ерте сатысында, ешбір қосымша жұқпалар болмай ақ, дене қызыуының көтерілуі, түнде терлеу, әлсіздік, қайта қайта іш өтулер, бездердің шошуы және бас ауруы болады. Солармен бірге Капоши саркомасы, тыныс алу жолдарының жұқпалары, ауыз кандидозы мен перодонт ауруларымен көрінетін қосан-жарласқан жұқпалар дамиды. Науқас адам қатты азып, жүдеп кетеді. Жүйке жүйесінің және жан дүниесінің бұзылыстары, балалардың дамуы мен бойы өсуі баяулауы байқалады. Адам қосымша жұқпалардың әсерлерінен жан тапсырады. СПИД инфекциясына байланысты моральды – этикалық мәселелері келесі факторларға байланысты:
• СПИД – өлімділік көрсеткіші өте жоғары ауру;
• СПИД инфекциясына пандемия сипатына ие болды;
• СПИД этиологиясы адамдардың жыныстық өміріне және нашақорлыққа байланысты;
• Бұл аурудың емделмейтіндігіне байланысты қоғамда “СПИДофобия” феномені пайда болды;
• СПИД инфекциясының емі қымбат болғандықтан әлеуметтік теңсіздік мәселесіне алып келді.
• СПИДофобия – әлеуметтік деңгейде көрінетін әлеуметтік-психологиялық феномен.
• “СПИД” диагнозын естігенде көптеген адамдардың реакцисы – қорқыныш. Бұл СПИД жұқтырудан, өлімнен, қоғам мен медицинаның шарасыздығынан қорқу болып табылады.
• АИВ вирусын жұқтырған адамдардың санасында бірінші орында дискриминациядан, стигматизациядан және әлеуметтік остракизмнен қорқу тұрады.

Слайд « Қазақстан Республикасындағы СПИД ауруы жайлы деректер»
СПИД орталығының мәліметтері бойынша 2008 жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасында 11177 АИВ вирусын жұқтырған науқастар тіркелген.
• АИВ инфекциясы Қазақстанда төмендегідей таралған:

ІV. Бекіту. Шығармашылық жұмыс: Сызба нұсқамен жұмыс
Бес нәрседен қашық бол, жақсы болам десеңіз:

Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз:

Бес нәрсемен қас бол, қор болмаймын десеңіз:

Бес нәрсемен дос бол, адам болам десеңіз:

V. Бағалау, үйге тапсырма.













Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-327356

Похожие материалы

Комментарии:

1 месяц назад

спосибо большое . Үлкен рахмет .