Инфоурок Начальные классы Конспекты"Спорт - біздің досымыз" тақырыбында сынып сағаты

"Спорт - біздің досымыз" тақырыбында сынып сағаты

Скачать материал

Спортивные рамки для презентацияЖамбыл бастауыш мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Спорт біздің досымыз!

(сынып сағаты)

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Аманбаева Г.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарамеңді 2015 – 2016 оқу жылы.

Тақырыбы: Спорт біздің досымыз!

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

Сабақ барысы
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! «
Спорт-біздің досымыз!» атты спорттық шарамызды бастаймыз. Еңкейген кәріден бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғамда, мектепте жағдай жасап, денсаулықты сақтауға атсалысуы қажет. Ол үшін күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауды, жүгіруді әдетке айналдыруымыз керек, сонда ғана егеменді еліміздің мықты азаматы болып өсеміз.

Ендігі кезекте бұл сайыстың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. Топтарды ортаға шақыру
2. Әнұран
3. Сайыс 2 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Жарысайық бәріміз».
ІІ бөлім – «Кім ұқыпты, кім шапшаң».

III бөлім – Қорытынды.
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыра кетейін.

Сайысымыздың басталуы.
Таныстыру. Топтар өз топтарын таныстырады.
І бөлім «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар топтасып сайысқа түседі.

1 - ойын «Допты шапшаң бер»
Әр топтың алдыңғы жағынан 6 - 8 м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде топ басшысы допты ұстап тұрады. Жүргізушінің берген белгісі бойынша топ басшысы өз жағының 1 - ойыншысына лақтырады да, өзі жүгіріп барып саптың соңына тұрады. 1 - ойыншы қолына доп тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты келесі ойыншыға лақтырады. Ойын осылайша ақырғы ойыншыға дейін жалғасады. Топ басшысы шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Топ басшы шеңберге бұрын келген топ жеңіске жетеді.

2 - ойын «Допты домалатып тез лақтыр»
Сөре сызығынан 5 - 7м жерде параллель сызық сызылады. Белгі бойынша 1 - ойыншылар допты сызыққа дейін домалатып тура сызыққа допты тигізіп, қолына алып 2 - ойыншыға кеуде алдынан лақтырады да өзі саптың артына барып тұрады. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы соңғы ойыншыдан допты алған мезгілде ойын аяқталады.

3 - ойын «Кім шапшаң»
Ойыншылардың аяқтарына тұсау салынып, бірінің артына бірі лек түзеп, сапта тұрады. Белгі бойынша 2 - ойыншы шапшаң жүріп, белгілі арақашықтықтан айналып келесі ойыншыға қолын тигізеді. ойын осылай жалғасады.

4 - ойын «Картопты егіп кел де, жинап ал»
Ойыншылардың алдында арасы 1 м қашықтыққа түзу бойынша сызылған 10 кішкене шеңбер және топ басшының қолында дорбада 10 картоп болады. белгі бойынша топбасшылар картопты шеңберге отырғызады да шапшаң жүгіріп барып дорбаны 2 - ойыншыға береді. Ол картопты жинайды, 3 - ойыншы егеді. Ойын осылай жалғасады. Топ басшы дорбаны соңғы ойыншыдан алған мезгілде ойын аяқталады.

ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң».
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру»
Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.

2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру»
2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір – біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.

3 - тапсырма «Кім ұқыпты?»
Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

III бөлім. Қорытынды.
Төрешілер алқасының шешімі бойынша 1, 2, 3 орындар анықталып, арнайы дипломдар тапсырылады. Сол сияқты төмендегі арнайы жүлде белгіленді:
«Ең үздік» ойыншы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сараптама

 

 

Тақырыбы: Спорт біздің досымыз!

Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, достық пен ынтымақшылдыққа, инабаттылыққа, елжандылыққа баулу. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: доп, шар, кедергілер, секіртпе, арқан.

 

Сайыс сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөлдім:

1 – топ: «Қырандар»

2 – топ: «Барыстар»

3 – топ: «Бүркіт»

Келесі кезекте оқушыларды бағалайтын әділ қазылар мүшесімен таныстырдым. Одан соң әрбір топ өздерін таныстырып өтті.

Сайыс 2 бөлімнен тұрды:

І бөлім – «Жарысайық бәріміз». Бұл бөлімде топтар сайысқа түсті. Бұл бөлім 4 ойыннан тұрды:

1 – ойын: «Допты шапшаң бер».

2 – ойын: «Допты домалатып тез лақтыр».

3 – ойын: «Кім шапшаң»

4 – ойын: «Картопты егіп кел де, жинап ал».

Бұл ойындарда топ мүшелерінің барлығы қамтылды. Барлығы да берілген тапсырманы дұрыс орындап, тобына ұпай санын әкелуге тырысты. Бұл ойындарда топтардың келу ретіне байланысты бағаланды.
ІІ бөлім «Кім ұқыпты, кім шапшаң». Бұл бөлімде топтағы ойыншылар жеке – жеке сайысқа түсті. Бұнда оқушыларға 3 тапсырма берілді және әрбір топ мүшесінің орындау шапшаңдығына байланысты бағаланып отырды. Ондағы тапсырмалар мынадай болды:
1 - тапсырма «Секіргіш жіппен көзді байлап секіру». Әр топтан 1 - ойыншы шығып, секіргіш жіппен көзді байлап секіреді 30 сек ішінде. Егер ойыншы қателессе секіру тоқтатылады.
2 - тапсырма «Секіргішпен жұптасып секіру». 2 - ойыншы жұптасып секіргіш жіппен секіруі керек. Екі ойыншы бір – біріне қарама - қарсы қарап тұруы керек.
3 - тапсырма «Кім ұқыпты?». Ортаға төсеніш қойылады. Әр топтан 1ойыншыдан шығып, Еңкейіп саусағының ұшына қарап 10рет айналады да болған соң төсеніштен тоңқалаң асып допты алып серіктесі ұстап тұрған сақинаға лақтырып түсіруі керек.

Сайыс сабақты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз берілді. Олар өздерінің шешімін жариялап, жеңімпаз топты құттықтады. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша:

1 – орын: «Барыстар»

2 – орын: «Қырандар»

3 – орын: «Бүркіт» тобына берілді.

«Ең үздік» ойыншы арнайы жүлдесі Қойшыбай Сұңқарға берілді.

Сайыс сабақ жақсы өтті. Барлық оқушылар сайысқа белсенділікпен қатысты. Барлық берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, өз топтарына ұпай қосуға тырысты. Әділ қазылардың шығарған шешімімен толықтай келісіп, өз марапаттарын алды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Спорт - біздің досымыз" тақырыбында сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 452 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 9013
    • DOCX 94.9 кбайт
    • 115 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбаева Гульзат Сапарбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9260
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Рациональность и творчество в педагогике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе